ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет10/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   142

31

4.  Ғылым дамуындағы классикалықтан кейінгі кезең (XX ғасырдың 

ортасынан осы уақытқа дейін).

Сөйтіп, ғылым бастаулары антика дәуірінде философия аясында 

пайда  болған.  Бұл  тұжырымды  қабылдауға  болады.  Бірақ  ғылымның 

дүниеге келген орны – антикалық грекия (б.з.д. V ғасыр) деп жүрген 

пікірмен келісуге бола ма? Ал сонда Ежелгі Шығыс қайда?

Шығыста  ғылымның  алды  ғана  болған  дейтін  еуропалық  және 

ресейлік  бірқатар  ғалымдардың  пікірлерімен  келісуге  бола  қояр 

ма  екен,  сірә?  Осы  жорамалды  жақтаушылар  қандай  дәлелдер 

келтірсе  де,  бір  нәрсе  анық:  бұл  қалай  болғанда  да,  еуроцентризм-

ге,  Шығыс  халықтарының  жалпыадамзаттық  өркениет  дамуына 

қосқан  үлесін  кемсітуге  әкеп  соқтырады.  Ал  бұл  –  маңызды  мәселе. 

Олжас  Сүлейменовтің  таныс  сөздерін  басқашалап  айтқанда,  «тау-

ды  асқақтатамыз  деп,  даланы  аласартуға  болмайды».  Сондықтан 

ғылымның шығу тегіне мейлінше егжей-тегжейлі талдау жүргізіп, ол 

мәселеге келесі параграфты арнағанымыз дұрыс болар.

1.2. ежелгі Шығыста ғылым бастауларының пайда 

болуының алғышарттары туралы

Ең  бір  ежелгі  өркениеттердің  Шығыста  (Месопотамия,  Қытай, 

Үндістан,  Парсы  елдері,  Мысыр  және  т.б.)  пайда  болғаны  белгілі. 

Әдебиетте  қоғам  өмірінің  көпшілік  салаларында,  атап  айтқанда,  жер 

өңдеу,  кәсіппен  айналысу,  сауда-саттық,  қару  жасау  және  басқа  сала-

ларда б.з.д. V ғасырдағы Шығыс елдерінің басым рөлі мойындалады. 

Солай  болса  да,  ғылымның  шығу  тегіне  қатысты  көптеген  авторлар 

ғылымның  пайда  болуын  ертедегі  грек  мәдениетімен  байланыстыра 

келе, бұл жерде ғылымның жоқтығын айтады (қараңыз: Философия на-

уки. Академический проект. – М.: 2006. – 37-38-беттер).

Бізге ондай көзқарас негізсіз болып көрінеді. Кез келген танымдық 

белсенділіктің  (оның  ішінде  ғылымның  да)  тереңде  жатқан  тамыр-

лары  тәжірибеден,  қоғам  алдында  үздіксіз  туып  отыратын  нақты 

өмірлік мәселелерді шешу қажеттігінен бастау алады емес пе. Үлкен 

өзендердің  жайылуы  және  кең  алқаптарды  су  басып  жататыны  адам-

дарды бөгеттер салуға мәжбүрледі, ал бұл, өз кезегінде, жердің үстіңгі 

бетін, оның өлшемдерін мұқият зерттеуді талап етті. геометрия бас-

таулары  осылай  пайда  болды.  Сауда-саттықтың  өркендеуі  сол  бойда 

үлкен  сандармен  шұғылдануға  келтірді,  сөйтіп,  математиканың  да-

муына себеп болды. Аса үлкен инженерлік жобалар (Вавилон мұнара-



32

сы, Ұлы Қытай қорғаны, Мысыр пирамидалары, Семирамиданың аспа-

лы бақтары және басқалары) математиканың, механиканың, матери-

алдар  кедергісі  мен  басқаларының  бастау-көздерінің  пайда  болуына 

ықпал  етті.  астрономия  туралы  алғашқы  білімдер  де  (көшпенділік, 

сондай-ақ теңіз кемелері үшін жұлдыздар мен планеталардың орнала-

суына бағдарланған жолдар салу, кейіннен оларды діни салт-жораларда 

пайдалану үшін, Күн мен Айдың тұтылатын мерзімдерін анықтау және 

т.б.) сол уақытта дами бастады.

Мысалы, Мысырда б.з.д. 4241 жылы-ақ адамдар уақытты күнтізбе 

бойынша  есептеуді  білген,  жазу-сызудың  шыққанын  да  сол  кезеңге 

жатқызуға  болады.  Мысыр  пирамидалары  көптеген  геометриялық, 

математикалық  ұғымдардың  сол  кездің  өзінде-ақ  айтарлықтай 

дамығанын  көрсетеді.  Ол  пирамидалардың  ішіндегі  ең  биігі  –  Хеопс 

пирамидасын  алып  қараңыз:  ол  өзінің  алдыңғы  орнын  1889  жылы, 

Эйфелев  мұнарасы  пайда  болған  кезде  ғана  беріп  отыр.  Немесе  Ұлы 

Вавилонды  –  ежелгі  «Әлем  астанасын»  (басқа  атауы  –  «Баб  Эл  – 

Құдай қақпасы») қараңыз. Ол туралы хикаялардың тіпті қазіргі заман 

адамының да қиялын қобалжытатыны сөзсіз. Сөйтіп, Геродот бойын-

ша, ол қаланың жалпы аумағы 60 миль (квадраттың әр бетіне 15 миль-

ден келеді) құрайтын. Қабырғаларының үстіне 250 мұнара орнатылған. 

Қаланың  ішіне  жезден  құйылып  салынған  жүздеген  қақпа  арқылы 

кіруге болады.

Жеті сатыдан тұратын, шығар басына шағын ғибадатхана салынған 



Вавилон  мұнарасының  атағы  да  кем  емес.  Мұнараның  биіктігі 

қабырғаның бір бетін құрайтын ұзындыққа – тоқсан метрге тең.

Аммизадуги  патша  (б.з.д.  1646-1626  жж.)  билік  құрған  уақытта 

Вавилонда  Шолпан  планетасы  фазаларының  (белгілі  мерзім 

аралықтарында  өзгеруінің)  кестелері  жасалған.  Ол  мағлұматтардың 

дәл  болғаны  соншалық,  бұрыштық  өлшемдердегі  қателіктер 

секундтың бір үлесінен аспайтын. Қазіргі заманғы жетілген оптикасыз 

дәл сондай дәлдікке жетудің мүмкін болғаны әлі күнге дейін беймәлім 

күйінде  қалып  отыр.  Вавилон  астрономдары  осы  уақытқа  шейін 

мұсылман  елдерінде  және  Исраил  мемлекетінде  пайдаланылатын  ай 



күнтізбесін  жасаған.  есептің  алпыс  еселік  жүйесі  де  –  вавилондық 

математиктердің  еңбегі.  Олар  шеңбер  ұзындығының  диаметрге  (π 

саны) қатынасын есептеп шығарған. Пифагордың гипотенузаның ква-

драты катеттер квадраттарының сомасына тең (c

2

 = a


2

 + b


2

) деген белгілі 

теоремасына  негізделген  білімдер  вавилондықтарға  Пифагорға  дейін 

мың жыл бұрын белгілі болған. Олар сонымен қатар арифметикалық, 




33

геометриялық прогрессияны, сызықтық теңдеулер жүйелерін білген, 



дәрежеге  көбейту  және  түбір  шығару  да  қолдарынан  келген.  Оларда 

көбейту кестесі де, кері шамалар кестелері де болған. Мысалы, Мысыр 

мен Вавилон математиктері бірінші және екінші дәрежелі теңдеулерді 

шеше  алған,  үшбұрыштар  мен  төртбұрыштардың,  параллелепипедтің 

ауданын анықтай білген, цилиндрдің, конустың, пирамиданың көлемін 

олардың  формулаларын  шешу  арқылы  табуды  үйренген.  Мысыр  мен 

Парсы  елдеріне  олардың  қол  жеткен  тәжірибелері  мен  білімдерін 

үйрену үшін, ертедедегі грек ғалымдарының сапар шеккендері жалпыға 

мәлім.  Саз  балшықтан  жасалған  шағын  кестелер  вавилондықтардың 

терапия,  хирургия,  фармакология  бойынша  медицинадан  да  қомақты 

білімдері бар болғанын дәлелдейді.

Сөйтіп,  ертедегі  Шығыс  елдері  пайда  болып  отыратын  өмірлік 

мәселелер  мен  қиындықтарды  шешу  жолында  қомақты  білім 

жинақтаған. Ерте замандардағы қол жеткізілген ең үлкен жетістіктердің 

бірі  үнділіктердің  ондық  сандарды  ойлап  тапқаны  болды.  Олардың 

римдік  сандармен  салыстырғандағы  артықшылығы  бір  қарағанда-ақ 

байқалады.  Кезінде  оларды  арабтар  қабылдап,  олардан  Еуропаға  жет-

кен.  Алайда  ең  бір  таңғаларлығы  –  ежелгі  үнділіктердің  жердің  өз 



өсі бойынша және күнді айналып қозғалатынын н.коперникке дейін 

1100  жыл  бұрын  білгендігі.  Үнді  математиктері  Жердің  диаметрін 

есептеп шағарған, ал ол ғылымның қазіргі заманғы деректерінен онша-

лықты  алшақ  емес.  Бұл  ғажап  емес  пе?  Осыдан  кейін  біз  ғылым  бас-

тауларының ежелден-ақ Шығыста пайда болмағанын айта аламыз ба?

Алайда  қарсыластарымыздың  уәждеріне  құлақ  салайық.  Олар 

жинақталған білімдердің барлығы бірдей ғылымды қалыптастырмайды 

деген  даусыз  ойға  сендірмек  болады.  Ғылым  жаңа  білімдерді  туды-

ру  бойынша  арнайы  мамандандырылған  мақсатты  қызмет  болып  та-

былады.  Иә,  Шығыста  ондай  арнайы  мамандандырылған  қызмет 

болмады.  Шығыста  білімдер  тікелей  іс  жүзіндегі  тәжірибені  та-

нымал  индукциялық  (жалқыдан  жалпыға  қарай  тексеру  әдісімен) 

қорытындылау  негізінде  жасалып,  отбасы  ішінде  мұрагерлік  кәсіп-

қойлық  ұстанымы  бойынша  ұрпақтан-ұрпаққа  беріліп  отырды  (оған 

қоса, ол білімдер аталған мамандықты қорғаштаушы Құдайдан келіп 

жетеді деп жорамалданатын).

Ал  Батыста  басқаша  болып  па  еді?  Оның  үстіне,  ежелгі  заман-

нан  бастап  (Аристотель,  Ф.Бэкон)  осы  күнге  дейін  индукциялық 

қорытындылау – ғылымның маңызды әдістерінің бірі болып табылады 

және сондықтан бұл кінәнің неге Шығыстағы ғылымға бағытталатыны 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау