ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет84/142
Дата23.11.2018
өлшемі2,22 Mb.
#24383
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   142

251

мүмкіндіктері  бұл  жерде  барынша  тарылған.  Ал  соның  негізінде 

қоғамдық  гуманитарлық  пәндерді  ғылым  аясынан  шығарып  тастау  – 

өзгеше  ағат  қадам  болар  еді.  Бұл  қисынды  позитивизмнің  елеулі 

кемшіліктерінің біріне жатады.

Әлеуметтік-философиялық  көзқарастарға  қатысты  айтсақ,  олар 

қоғамда қандай да бір объективтік заңдылықтардың бар екенін теріске 

шығарады.  Сөйтіп,  Б.Рассел  адамның  іс-әрекеттері  көбінесе  оларға 

ырықсыз сезімдер мен құмарлықтардың әсер етуімен түсіндіріледі деп 

санайды. Алайда ол адамның еркіндікке ұмтылуын жоғары бағалады 

және  сол  тұрғыдан  тоталитаризмнің  (сталинизм  мен  фашизмнің 

де)  барлық  формаларын  тұлғаны  (адамды)  мемлекеттің  құлына 

айналдырғаны үшін қатаң сынға алды. 

Қисынды  позитивизмнің  бір  түрі  лингвистикалық  философия 

болып  табылады,  ал  оның  негізін  салушы  –  людвиг  фон  Витген-

штейн  (1889-1951).  Ойшылдың  «Логикалық-философиялық  трактат» 

атты  еңбегінің  негізіне  «барлық  тілдердің  ортақ  логикалық  формасы 

бар,  одан  өзге,  ол  –  әлемге  де  ортақ  форма»  деген  сенім  алынған.  Іс 

жүзінде бұл ортақ форма сөйлемдерге бірдеңе «айтуға» мүмкіндік те 

береді. Сөйлемнің айтқаны – оның әлемнің қисынды суретін салғаны 

болып  табылады.  Сөйлемді  әлемнің  суреттері  деп  түсінудің  өзі  – 



көрсету мен айтудың арасын ажыратуға келтіреді. Сөйлемдер әлемнің 

суретін  береді,  бірақ  олар  өз-өздерінің  суреттерін  беруге  қабілетсіз. 

Олар  өздеріне  де,  әлемге  де  де  ортақ  форманы  көрсетеді,  бірақ  айта 

алмайды.  Сөйлемдердің  өздерінің  қисынды  формасын  ғана  көрсете 

алатын  себебі  –  оны  айтуға  мәжбүрлеу  әрекеті  тілді  мағына  шека-

расынан  асырып  жібереді.  Витгенштейннің:  «Менің  тілімнің  шека-

расы  менің  әлемімнің  шекарасын  құрайды»,  –  дегені  бүгінгі  күні  де 

өзектілігін  жойған  жоқ,  өйткені  кез  келген  тіл  сол  тілдің  иесі  болып 

табылатын  халықтың  әлемді  сезінуі,  әлемді  қабылдауы  және  әлемді 

танып білуінің негізінде жатыр. Қазір ол «халықтың ділі» деп атала-

ды. Л.Витгенштейннің негізгі идеясы – ғылыми ізденістерімізде және 

күнделікті  өмірімізде  сөздерді  құнттап,  мұқият  зерделеп  пайдалану 

керек,  әйтпесе  адам  дерексіз  ұғымдардың,  алуан  түрлі  қиялдардың 

тұтқынына түсіп қалуы мүмкін.



сараптамалық (аналитикалық) философия да таным теориясының 

ары қарай дамуына өз үлесін қосты. Философиялық мәселелерді шешу 

үшін,  оның  жолын  қуушылар  тілді  логикалық  және  лингвистикалық 

талдау әдістерін кең қолданды. 




252

Сараптамалық философияның бастапқы мәселелері мен түсініктері 

неміс философы Готлоб Фрегенің «Мән мен мағына» (1892) мақаласында 

баяндалған.



г.Фреге  (1848-1925)  логика  құралдары  арқылы  математика-

ны,  әсіресе  әртүрлі  тосын  пікірлер  мен  қарама-қайшылықтарға 

толы  математикалық  дәлелдеулерді  жетілдіруге  ұмтылған  көптеген 

зерттеушілердің  бірі  болды.  Ал  ол  үшін,  оның  ойынша,  логиканың 

өзін айтарлықтай жетілдіру, кемшіліктері көп табиғи тілді лайықты ау-

ыстыра алатын, бір түрге келтірілген тіл жасау керек.

Бірақ  Фреге  сараптамалық  философияның  негізгі  идеясын  ғана 

белгілеп берді, ал нақты іске асуы Англияда (Кембридж) орын алды. 

Оның  негізін  қалаушылар  –  Джордж  Эдуард  мур  (1873-1958)  және 

бертран Рассел болды.

Мур  сыртқы  нысандардың  тәуелсіз  өмір  сүруін  және  олардың 

танылатын  нысанға  тікелей  берілуін  мойындайтын  ағылшындық-

американдық  неореализмнің  негізін  қалаушылардың  да  бірі  болды. 

Неореализм  неогегельшілдіктің  дара  идеализміне  және  американдық 

прагматизмнің  эмпиризміне  қарсы  болды.  Дж.Мурдың  нақ  сол 

«Идеализмді  терістеу»  (1903)  деген  еңбегінде  ағылшын  неореализмі 

айқын көрініс тапты.

Ал  алдында  айтылып  кеткен  Бертран  Рассел  де  логикалық 

талдаудың  негізін  салушы  болды.  Оның  математикалық  логика  және 

математика  негіздері  бойынша  жаңашыл  идеялары  мен  еңбектері 

XX  ғасырдың  ғылыми  ойы  мен  философиясын  дамытуда  маңызды 

мәселеге айналды. Ол – «Батыс философиясының тарихы» деген тама-

ша еңбектің де авторы.

Егер  Расселдің  назары  қарапайым  логиканың  және  математика 

негіздерін  зерттеудің  сараптамалық  мүмкіндіктеріне  бағытталса,  ал 

Мурдың  көңілі  философиялық  ұғымдар  мен  мәселелерді  қарапайым 

тіл және дұрыс мағына құралдары арқылы талдауға ауды.

Сараптамалық  философияның  барлық  өкілдері  философияның 

қандай  да  бір  нақтылық  туралы  мазмұнды  ғылым  еместігіне,  басты 

екі  мақсатты  көздейтін  іс-әрекеттің  бір  түрі  екеніне  сенімді.  Ол  іс-

әрекеттер:

–  ғылымнан барлық жалған мәселелерді және тілді дұрыс қолдан-

баудан немесе идеологиядан шыққан ой-пікірлерді алып тастау;

–  математикалық  логика  құралы  көмегімен  жете  ойластырылған 

ой-пікірлердің  мақсат-мұратқа  сай  үлгісін  құруды  қамтамасыз  ету. 

Жаңа философияның негізі осындай болмақ.



253

XX ғасырдың 50 жылдарынан бастап, неопозитивизмнің әдебиетте 



постпозитивизм  деген  ат  алған  соңғы  бағыты  пайда  болды.  Оның 

негізгі  өкілдері:  карл  Раймунд  поппер  (1902-1994),  томас  самуэль 



кун  (1922-1996),  имре  лакатос  (1922-1974),  пол  Фейерабенд  (1924-

1994).


Поппер  Венада  дүниеге  келіп,  білімді  де  сонда  алды,  1928  жылы 

«Ойлау  психологиясының  әдісі  туралы»  деген  тақырыппен  дис-

сертация  қорғады.  Австрия  мен  Германияның  қосылуы  (аншлюс) 

қарсаңында,  еврей  болуы  себепті  оған  Жаңа  Зеландияға,  ал  кейіннен 

Англияға  қоныс  аударуға  тура  келіп,  онда  ол  «Король  қоғамының» 

мүшелігіне өтті.

Жаңа  Зеландияда  ол:  «Тарихтың  қайыршылығы»,  «Ашық  қоғам 

және оның жаулары» деп аталатын аса көрнекті шығармаларын жазды, 

бірақ  оларды  Екінші  Дүниежүзілік  соғыс  аяқталған  соң,  1945  жылы 

ғана жарыққа шығара алды. 

Ғылым  философиясы  бойынша  өз  зерттеулерінің  нәтижелерін  ол 

екі  томдық  «Ұсыныстар  және  терістеулер»  (1963)  және  «Объективтік 

таным» (1972) атты еңбектерінде жариялады.

Осы  және  басқа  жұмыстарында  Поппер  өз  философиялық 

ұстанымын  –  сыни  критицизмді,  неопозитивистердің  эмпиризміне 

қарама-қарсылық (антитеза) ретінде ғылыми білімді жетілдіру теория-

сын құрды.

Поппер  қазіргі  заманғы  ғылыми  білім  дамуындағы  верификация 

қағидасының  жеткіліксіздігін  көрсетеді.  Бір  немесе  басқа  ғылымның 

дамуы барысында пайда болатын кез келген теория «соңғы кезеңдегі» 

шындық болып табылмайды. Қайсыбір реті келген күні теория теріске 

шығарылуы мүмкін. Ал ғылым тарихы ондай мүмкіндікті көрсете ала-

ды. Олай болса, ғылыми пікірлердің терең табиғаты – олардың ғылыми 

болжам  бола  алатындығында,  яғни  қателердің  жіберілуі  мүмкін 

екендігінде.  Оны  ол  фаллибилизм  деп  атайды.  Сондықтан,  ғылым 

дамуы тұрғысынан алғанда, болжамдардың көп санын және олардың 



бұрмалануын  алға  шығару  қажет.  Жалпы  түрде  бұл  қағида:  ғылыми 

теорияларға олардың әлеуетті бұрмалаушыларын анықтау мүмкін бо-

латындарды,  яғни  оларға  қайшы  келетін,  шынайылығы  тәжірибелер 

жасаудың  жалпыға  бірдей  шаралары  көмегімен  ғана  анықталатын 

ережелерді  жатқызу  керек.  Бұл  мәселені  шешу  барысында  Поппер 

индуктивизмді  теріске  шығарды,  логикалық  позитивистердің  тар 

импиризмінен және білімнің дара айқын негізін іздеуден бас тартты.

Оның  теориясына  сәйкес,  білімнің  эмпириялық  және  теориялық 

деңгейлері  өзара  байланысты;  батыл  болжамдарды  алға  тарту  және 



жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   142




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау