ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы


мәселенің   өзінің  дұрыс  қойылуына



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет465/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

мәселенің

 

өзінің 



дұрыс  қойылуына

  байланысты  болады.  Ол  үшін  жиналған 

барлық  ғылыми  фактілерді,  ұсынылып  отырған  ғылыми  болжамдар 

мен  тұжырымдарды  қайтадан  мұқият  қарап  шығып,  мәселенің  өзінің 

мәнін айқын ұғыну керек. Бірақ шешілген мәселенің зерттелуші нысан 

туралы көзқарастарға терең бойлауға ғана келтіретінін емес, сондай-ақ 

жаңа көзқарастарды да тудыратынын әрқашан есте ұстау қажет.

ғылыми  болжам 

зерттеліп  жатқан  зат  немесе  құбылыстың 

себебіне  қатысты  белгілі  бір  ғылыми  фактілерді  зерттеу  негізінде 

жасалған 



жорамал

  болып  табылады.  Ол  өзінің  дәлелді  негізін  талап 

етеді. Алайда кейбір ғылыми болжамдар зерттеліп жатқан нысанның 

себебін  анықтаудың  нақ  осы  мүмкін  еместігіне  байланысты  пайда 




310

болады. Мысалы, ғылымда бірнеше ғана таңданарлық нәрселер бола-

ды.  Бұл,  бәрінен  бұрын,  –  біздің  алдымызда  жайылып  жатқан  шексіз 

Әлемнің,  өмірдің,  «ақыл  берілген  адамның»  өзінің  бар  байлығы  мен 

ұлылығының шығу тегіне байланысты мәселелер.

Егер  біз  аталған  мәселелердің  діни  шешімін  жақшаның  сырты-

на  шығарсақ,  онда  материалистік  философияның  өмір  сүріп  жатқан 

әлемнің  мәңгілігін  мыңжылдықтар  бойы  дәлелдеп  келгенін  көреміз. 

Алайда  мәселенің  қиындығы  бұл  әлемде  мәңгі  болуы  мүмкін  бірде-

бір заттың немесе құбылыстың жоқтығында жатыр. XX ғасырдың 70 

жылдарында  астрофизиктер  «Үлкен  жарылыс»  (Grand  Explosion)  ту-

ралы ғылыми болжамды ұсынды. Ол бұл әлемнің вакуумның «үлкен 

жарылысы»  нәтижесінде  пайда  болғаны  жайындағы  жорамалды  алға 

тартып, оның мәңгілігін теріске шығарады. Осы ғылыми болжамның 

көмегімен  «инфрақызыл  сәуленің  орын  ауыстыруы»  деп  аталатын 

«ұлғаюшы Ғалам» себебін пайыммен түсіну мүмкін болды. Көп мил-

лиард жылдардан кейін ішкі тартылыс күші нәтижесінде бұл әлемнің 

кері  тартылу  үдерісі  басталады  да,  ол  жоғалады,  бірақ  кейін  жаңа 

«Үлкен жарылыс» Ғаламның жаңа үлгісін тудырады. 

Ең таңғаларлығы, 

осы  көзқарастар  пайда  болғанның  алдында  120  жыл  бұрын  соларға 

ұқсас  идеяларды  орыс  теософы  Е.Блаватская  өзінің  «Құпия  доктри-

на» атты кітабында баяндаған.

Ал өмірге қатысты айтсақ, оның пайда болуы жайындағы көптеген 

жорамалдардың  ішінен  біздің  көңілімізге  қонымдысы  –  академик 

В.Опариннің «коацерваттық» ғылыми болжамы. Оның мәні: мұхиттың 

көптеген тұздар еріген бастапқы «жылы сорпасында» күн сәулелерінің 

көмегімен  есепсіз  химиялық  реакциялар  орын  алып,  олар  ақыр 

соңында белок қосылыстарының пайда болуына келтірді.

Адамның пайда болуы жайындағы ғылыми болжамдарды кейінірек 

қарайтын боламыз.

Жоғарыда  келтірілген  ғылыми  болжамдарды  теорияға  айналдыру 

өте қиын, өйткені олардың тамырлары миллиардтаған жылдарға кетеді. 

Бірақ  егер  біздің  алдымызда  жатқан  табиғат  пен  қоғамның  әлдебір 

үдерістері  туралы  ғылыми  болжамдарды  алатын  болсақ,  олардың 

шынайылығы  ерте  ме,  кеш  пе,  тексеруге  түседі,  өйткені  өмірдің  өзі 

олардың  бірқатарының  жалған  екенін  көрсетеді.  Мысалы,  флогистон 

немесе  эфир  идеясы  ғылымның  дамуына  орай  өзінің  жетілмегендігін 

байқатты және санаттық (ұғымдық) мәртебесін жоғалтты.

теория

  деп  шынайы  екендігі  тәжірибемен  дәлелденген,  бір-біріне 

қайшы келмейтін, өзара байланысты ұғымдарда зерттелетін заттың не-



311

месе құбылыстың ішкі маңызды байланыстарын түсіну керек. Мысал 

ретінде А.Эйнштейннің «салыстырмалылық теориясын», Ч.Дарвиннің 

«эволюциялық  теориясын»,  К.Маркстің  «қоғамдық-экономикалық 

құрылымдар теориясын» және т.б. келтіруге болады.

Теорияның  негізгі  қызметтері  – 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   461   462   463   464   465   466   467   468   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау