ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет468/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

әртүрлі  құралдар

 

түсініледі.  Ф.Энгельсті  еске  түсірейік:  адам  өзінің  шығу  тегі  үшін 



еңбек құралдарының жасалуына және олардың жүйелі түрде пайдала-

нылуына қарыздар.

Кейінгі  жылдары  біз  «техника»  сөзіне  қарағанда,  «техноло-

гия»  сөзін  көбірек  қолданатын  болдық.  Үйреншікті  сана  деңгейінде 

олар  теңмағыналы  ретінде  қолданылады.  Алайда  олардың  арасында 

айырмашылықтар  да  бар.  Егер  біз 



техникаға

  әртүрлі  материалдар-




312

дан  жасалған  барлық  құралдарды  жатқызсақ,  онда 



технологияға

  бір 


немесе  басқа  жасанды  заттарды  әзірлеудің 

тәсілдері

  мен 


тәртібін

 

жатқызамыз.  Ал  бұл  бізді  гректің  «технесіне»  кері  бұрады.  Жоғарғы 



технология негізінде әзірленген зат сапалырақ болады.

Технология  түсінігі  алдымен  өндірісте  пайда  болып,  содан  кейін 

кеңірек  тарала  бастады  да,  біз  бұл  түсінікті  қоғамның  тіршілік 

қарекетінің  басқа  салаларында  қолдана  бастадық.  Мысалы,  қазіргі 

заманғы  саясатта  «пиар-технологиялар»  деп  аталатындар  кеңінен 

пайдаланылады,  өйткені  бұқаралық  ақпарат  құралдарында  бір  не-

месе  басқа  мәселеге  қатысты  қоғамдық  пікірдің  қалыптасуы  тиісті 

«ақпараттық  технологияны»  қажет  етеді,  педагогикада  біз  оқытудың 

«кредиттік  технологиясы»  туралы,  денсаулық  сақтау  саласында 

«медициналық технологиялар» жайында және т.б. айтамыз.

Ал  енді  адамның  негізгі  еңбек  қызметтерін  қисынды  түрде  қайта 

құрып көрейік. Кез келген затты жасау үшін, шикізат тауып, оны өндіріс 

орнына  жеткізу 

(көлік)

  қажет,  содан  кейін  ол  шикізатты  өңдеп,  оған 

ойластырылған  пішін  беру 

(технология)

  керек,  осының  бәрі  белгілі 

бір күш 

(энергия)

 шығындауды қажет етеді, осы аталғандарды шешім 

қабылдаусыз  және  оған  қадағалау  жүргізусіз 

(бақылау)

  іске  асыру 

мүмкін  емес.  Алыс  тарихымыздың  басында  адам  осы  іс-әрекеттердің 

барлығын  өзі  орындады.  Бірақ  уақыт  өте  келе,  жан-жануарларды 

үйрету  арқылы  оларды  көлік  құралы  ретінде  пайдалана  бастады. 

Тұрғын  үй  құрылысында  ауыр  тастарды  жоғарыға  көтеріп  шығару 

қажет болды, ол үшін адам барлық мүмкін болатын құралдарды ойлап 

тапты,  содан  кейін  олардың  ішкі  мәнін  ашты,  сөйтіп,  механика  бас-

таулары  пайда  болды.  Техниканың  қалыптасуындағы  маңызды  кезең 

болып алғашында жел диірменінің, соңынан су диірменінің шыққаны 

саналды.  Адам  су  доңғалағын  ойлап  тауып,  енді  су  ағынының  энер-

гиясын  пайдалана  бастады.  Бұның  маңызын  асыра  бағалау  мүмкін 

емес,  өйткені 

алғашқы  технологиялық  машина  пайда  болды

.  Онда 


қозғаушы  күш,  күш  беру  құрылғысы,  жұмыс  механизмдері  бірге 

берілді. Ғасырлар бойы осылардың барлығы бірте-бірте бір-бірлерінен 

алшақтады:  қозғаушы  механизмдер,  күш  беру  құрылғысы  және 

технологиялық машиналар енді бөлек-бөлек өмір сүре бастады. XVIII 

ғасырда  технологиялық  машиналар  жасауда  нағыз 

төңкеріс

  орын 


алды: 


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   464   465   466   467   468   469   470   471   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау