ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет463/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

метатеориялық

  (бір  немесе  басқа  теориялық  құрылыстардың 

шектерінен  асып  кететін) 

деңгей

  танылады.  Бір  жағынан,  жалпы-

ғылыми  білім  туралы,  екінші  жағынан,  қазіргі  заман  ғылымының 

философиялық, мейлінше жалпы негіздері жайында сөз болып отыр.

Жалпығылыми білімдер туралы сөз болғанда, біз әлемнің жеке 

ғылыми да, жалпығылыми да көрінісі болатынын айтамыз. Екіншіден, 

білімнің  гносеологиялық  (танымдық),  логикалық,  әдістемелік, 

құндылықтық  негіздері  ескеріледі.  Танымның  үшінші  деңгейінің 

маңызы  логика  мен  математикада  айқын  көрінеді.  Қазіргі  заманғы 

ғылымда 


метаматематика

  және 


металогика

  деп  аталатын  мүлде 

жаңа  пәндер  пайда  болды.  Олар  әртүрлі  математикалық  және 

логикалық  теориялардың  толықтығын  және  бір-біріне  сәйкестігін, 

алға  шығарылған  тұжырымдардың  және  басқаларының  тәуелсіздігін 

зерттейді.  Әлеуметтік-гуманитарлық  пәндерде  метатеориялық 

білімдер  алға  тартылып  отырған  бір  немесе  басқа  жалпығылыми 

тұжырымдамалар түрінде болады. Дегенмен бүгінгі таңдағы ғылымда 

бәрін қамтитын ауқымды метатеориялық білімге әлі қол жеткен жоқ.

Жеке  ғылымдар  құруға  ұмтылатын  ғылыми  көрініс  туралы  ай-

тар  болсақ,  олар,  әлбетте,  олардың  іргелі,  маңызды  жетістіктерін 

қорытындылау негізінде қалыптасады. Ғылым дамуының классикалық 

кезеңінде, мысалы, әлемнің физика мен механиканың іргелі жетістіктері 

негізінде  жүзеге  асырылған  табиғи  көрінісі  басымдық  алған.  Оның 

негізінде  төмендегі  постулаттар,  яғни  дәлелдеусіз  қабылданатын 

негізгі пікірлер жатқан-ды:




308

а) 


әлемде бір-бірінен бөлінген есепсіз көп заттар өмір сүреді; олар 

әртүрлі  күштерге  (тартылыс,  тебу  және  т.с.с.)  бола,  бір-бірімен 

өзара байланысқан

;

ә) 



әлемде  болып  жататын  барлық  үдерістер  дара  кеңістік  пен 

уақыт шектерінде жүзеге асырылады

;

б) 



әлемдегі барлық өзгерістер бірбағытты заңдылықтар негізінде 

орын алады

;

в) 



бір дененің басқа денеге әсері шапшаң болады

;

г) 



әлемде барлығы да қажеттілікке бағынады, кездейсоқтық – әлі 

де терең танылып болмаған құбылыс

.

Бұл постулаттардың барлығының да И.Ньютонның механикасынан 



шыққанын түсіну қиын емес.

Әлемнің  жалпығылыми  көрінісіне  келсек,  әдетте,  оның  негізінде 

әлемнің  басымдық  алған  бір  немесе  басқа  жеке  ғылыми  көрінісі 

жатқанын  көреміз.  Ньютон  физикасы  мен  механикасының  жоғарыда 

аталған постулаттарын сол заманның ғылымы әлемнің жалпығылыми 

көрінісі  ретінде  таныған.  А.Эйнштейннің  салыстырмалылық 

теориясының  классикалық  емес  жаратылыстануында  да  физи-

ка  аясында  жасалып  шығарылған  кванттық  механика  постулат-

тары  әлемнің  жалпығылыми  көрінісінің  негізіне  алынған.  Шын 

мәнінде,  әлемнің  ғылыми  көрінісінде  ғылыми  жаратылыстану  және 

әлеуметтік-гуманитарлық ғылымдардың барлық көрнекті жетістіктері 

қорытындыланған, бұл енді философияның ерекше құқы, басымдығы 

болып табылады.

Метатеориялық  білімнің  гносеологиялық  көзқарастары  әртүрлі 

ғылымдар  аясында  жасалып  шығарылған  таным  ұстанымдарын 

біртұтас  жүйеге  келтіруге  байланысты.  Мысалы,  сәйкестік  пен 

қосымшалықтың,  физикада  жасалған  бақылау  нәтижелерінің  таным 

ахуалына тәуелділігінің, ғылыми теорияларды математикада толықтай 

түрге  келтірудің  мүмкін  еместігінің  ұстанымдары  қазіргі  заманғы 

метатеориялық құрылымдарда кеңінен пайдаланылады.

Метатеориялық  білімде  оның  аксиологиялық  (құндылықтық) 

көзқарастарына  ерекше  маңызды  рөл  бөлінеді.  Егер  ғылымның  ішкі 

құндылықтарына білімнің шынайылығы, оның нақтылығы, дәлелділігі, 

жүйелілігі  және  т.с.с.  жатқызылса,  ал  сыртқы  құндылықтарына 

алынған  білімнің  пайдалылығы,  тиімділігі,  қоғамның  зияткерлік 

әлеуетінің артуы және т.б. жатады.

Метатеориялық  білімнің  философиялық  негіздемелері  тура-

лы  айтқанда,  ғылым  ғылыми  қауымдастықтың  тұтқынына  түсіп 




309

қалатын  кезекті  метафизикалық  жүйе  құрудан  сақтандыра  отырып, 

философияның  білімнің  жалпығылыми  жиынтығына  араласуына 

позитивизмнің қарсы шығатынын атап өткен жөн.

Екінші  бір  көзқарас,  керісінше,  философияның  маңыздылығын, 

әсіресе  ғылым  тоқырауы  және  жаңа  әдістемелік  негіздемелер  іздеу 

кезеңдеріндегі  маңыздылығын  баса  көрсетеді.  Бірақ  тоқыраудан 

шыққаннан  және  зерттеудің  жаңа  жүйелерін  құрғаннан  кейін, 

ғылымның  философиялық  негіздемелері  өзінің  айқындаушы  рөлінен 

айырылады.

Философия болмыстың мейлінше жалпы заңдылықтарын зерттейтін 

болғандықтан,  жеке  ғылымдардың  жетістіктерін  қорытындылау 

арқылы ғана ол өз мақсаттарына жете алмайды. Екінші жағынан, фило-

софия постулаттарына сүйене отырып, қисынды жолмен жеке ғылымдар 

қағидаларын  туғызу  мүмкін  емес.  Алайда  ғылымның  философиялық 

негіздемелерінсіз  біз 




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   459   460   461   462   463   464   465   466   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау