ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет150/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

ибн-Хальдунның мемлекет теориясы. 

Мемлекеттің пайда болуын 

ойшыл күш көрсетумен байланыстырады. Ақылды көсемі бар, күшті, 

жақсы ұйымдастырылған тайпа көрші тайпаларды тізе бүктіре бастай-

ды, оларға салық салады және бастапқы кезеңде көсем басқару үшін ол 

жаққа өзінің туыс-жақындарын жібереді – мемлекет осылай пайда бо-

лады. Билігінің күшеюіне қарай ол жақын-жуықтарын биліктен шетте-

те бастайды да, басқа адамдарды тағайындап, оларға артықшылықтар 

белгілеп, еңбектеріне жоғары ақы төлейді. Сол кезден-ақ мемлекеттің 

дағдарысы  басталады,  өйткені  сырттан  қауіп  төнгенде,  ақша  үшін 

жұмыс  істейтін  адамдар,  мемлекет  бастауы  басында  тұрған  алғашқы 

тайпалардың мүшелері сияқты, өмірлерін қия қоймайды.

Ибн-Хальдун  мемлекет  пен  өндірістің  өзара  байланысын  зерттеді. 

Оның  кейбір  идеялары  тап  бүгінгі  күндерден  көшірілгендей.  Мемле-

кет пен өндіріс табиғаты әртүрлі. Мысалы, тауарлардың бағасы оларды 

өндіруге шығындалған қаражатқа байланысты: оған көлік шығыстары, 

нарықтағы  сұраныс  және,  әлбетте,  ойшыл  дұрыс  атап  көрсеткендей, 



97

салықтар  да  кіреді.  Ал  мемлекет  салықсыз  өмір  сүре  алмайды  ғой. 

Олар билік басына келіп қалған кешегі көшпенділерге рақат өмір сүру, 

шекараларды  күзету,  саяси  қарсыластармен  күрес  жүргізу  үшін  ке-

рек.  Мемлекет,  бір  жағынан,  салықтарды  күшейте  алады,  ал,  екінші 

жағынан, ішкі және сыртқы сауда-саттыққа бақылау белгілей отырып, 

экономикаға тікелей араласа да алады.

Егер  салықтар  көлемді  болса,  онда  халық  қалжырайды  және  оны-

мен  бірге  мемлекет  әлсірейді.  Бай  адамдар  алтындарын  тиеп  алып, 

шетелге қашады. Қарапайым адамдар киім, тамақ іздеп, Ибн-Хальдун 

болжағандай,  жан-жаққа  бытырайды.  Бұл  факторлар  мемлекеттің 

күйреуіне әкеліп соқтыруы мүмкін, өйткені мемлекет – қоғамның фор-

масы, ал өндіріспен айналысатын қарапайым адамдар – оның материя-

сы. Алайда бұл мемлекет толық құрып кетеді дегенді білдірмейді. Ескі 

мемлекеттің  орнына,  өзінің  даму  кезеңінен  өткен  соң,  келесіге  жол 

беретін жаңа мемлекет пайда болады.

Ибн-Хальдунның  пікірінше,  әрбір  мемлекеттің  өмір  сүру  мерзімі 

адамдардың үш ұрпағымен өлшенеді. Бірінші ұрпақ жаңа мемлекеттің 

негізін  құра  отырып,  өзінің  жеке  мүдделеріне  қарағанда,  ортақ 

мүдделерді  көбірек  ойлап,  күш-қуатын  аямайды.  Екінші  ұрпақ 

мемлекеттің  жинақталған  байлығына  билік  етіп,  оны  өз  игілігіне 

пайдалануға ұмтылады. Үшінші ұрпақ мемлекетті түбегейлі әлсіретіп, 

оны күйреуге жеткізеді.

Сөйтіп,  мемлекет  пен  өркениеттің  пайда  болуының  себебі  –  бір. 

Олар өндірістің дамуы мен өнім молшылығының пайда болуына бай-

ланысты.


Мемлекеттер мен өркениеттердің күйреу себептері де айқын. Ибн-

Хальдунның  ойынша,  бұл  –  билеушілердің  ерекше  қымбат  тауарлар 

сатып  алуға,  өмірден  барынша  мол  ләззат  алып  қалуға  ұмтылуы,  ал 

ол, өз кезегінде, қымбатшылыққа, салықтардың өсуіне, экономиканың 

әлсіреуіне  келтіреді.  Соңғы  кезеңдерде  қоғамның  қарқынды  түрде 

моральдық  азғындауы  орын  алады.  Адамдар  бұзылады,  бір-бірлерін 

алдап,  қастық  ұйымдастыра  бастайды.  Осының  барлығы  байлыққа 

жету үшін жасалады.

Рухани дағдарысты басынан өткеріп жатқан қазіргі заманғы адам-

зат үшін Ибн-Хальдунның көптеген идеяларының әлі де өзекті екенін 

мойындағанымыз жөн болар.


жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   146   147   148   149   150   151   152   153   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау