логика
мен
риторика
мәселелерін дамытты. Олар ұсынған сопылықтың (софизмнің) кейбір
түрлері әлі күнге дейін шешімін тапқан жоқ. Мысалы, «Өтірікші»
сопылығы: «Егер өтірікші өзінің өтірік айтатынына сендірсе, демек,
ол шындықты айтып тұр», – дейді. Ал енді осы сопылықты түсініп
көріңіз!?
Парменид болмысы туралы ілім. Зенонның апорийлері. Демо-
криттің атомизмі.
Элеядан шыққан
парменид
(б.з.д. V ғасыр) – грек философиясында
алғаш рет
болмыс, тіршілік мәселесін
көтерген адам. Нәтижесінде,
грек философиясында философияның классикалық тарауларының
бірі –
онтология (болмыс туралы ілім)
пайда болды.
Парменидтің ойы бойынша, әлем туралы шындыққа бір ғана жол
жеткізеді: бұл – «тек болмыс бар, ал болмыссыздық деген атымен
жоқ» дегенді мойындау. Аталған тұжырымнан төмендегі қорытынды
шығады:
Бар нәрселердің барлығы өмір сүреді.
Жоқ нәрселер өмір сүрмейді.
Бұрын болмағанның пайда болуы, демек, жоғалуы жоқ, болмайды.
Кеңістік (әлдебір сыйымдылық сияқты) және уақыт (оқиғалардың
кезектілігі) жоқ, болмайды.
Бар нәрсенің бәрі толған (толық).
Бардың (бар нәрсенің) құрамдас бөліктері жоқ (әйтпесе кеңістікті
мойындауға тура келер еді), ол – біртұтас бүтін нәрсе.
Бар (бар нәрсе) – біртұтас бүтін, демек, жетілген.
Қозғалыс жоқ, өйткені кеңістік жоқ.
Болмыс пайда болмайды және жойылмайды, өйткені болмыссыздық
жоқ, демек, болмыс болмыссыздықтан пайда бола алмайды. Бол-
мыс тұрақты және қозғалмайды, өйткені қозғалысты мойын-
дау болмыссыздықты мойындаумен парапар болар еді. «Осындай
қорытындыға мен ойлану-толғану нәтижесінде келдім», – дейді Пар-
менид.
Оның пікірінше, жалған жол деген де бар – ол сезімдік таным
жолы. Бұл жол бізге өмір мен өлімнің болатыны, заттардың тұрақты
өзгеретіні, бірдеңенің пайда болып, жоғалып жататыны туралы ба-
яндайды. Қозғалыс, барлығының үздіксіз қалыптасып жататыны ту-
ралы айтатын күнделікті өмір тәжірибесіне қарамастан, Парменид
оларды мойындамай-ақ қойды, ал оның қарсыластары ұтымды түрде
оны жоққа шығара алмады. Негізгі мәселе – қозғалысты адамның ойы
50
арқылы көрсетудің ерекше қиындық тудырғаны болды. Керісінше, кез
келген өзгеріс пен қозғалысты ойша жоққа шығару әлдеқайда оңай
көрінді. Ұстазы Парменидтің көзқарасын қорғаудың осындай жолына
зенон Элейский
(б.з.д. 490-430 жж. шамасы) түскен-ді.
Зенон өз заманының саяси өміріне белсене араласты. Аңыздар бо-
йынша ол озбыр билеуші Неархқа қарсы қастандық ұйымдастырған,
бірақ қамауға алынған. Қатыгез Неарх оған қарсы шыққандардың
аты-жөндерін айтуды талап еткенде, Зенон өзінің тілін қыршып алып,
озбырдың бетіне түкірген-міс. Философия тарихына Зенон «апорий-
лер» (ойдағы қиындықтар) деп аталатын түсініктері арқылы енді, сол
түсініктерінде көптіліктің және қозғалыстың жоқтығын дәлелдеуге
тырысты.
Зат жылжи отырып, кеңістіктің әлдебір нүктесіне жетуге тиіс. Бірақ
бұл мүмкін емес, демек, дұрыс емес. Неге? Себебі, зат бұл нүктеге жету
үшін, алдымен қашықтықтың жартысын, содан соң келесі жартысын
жүріп өтуге тиіс, солай шексіз кете береді. Ол кезде зат қозғалмайды.
Зенонның белгілі апорийлері – «Ахиллес пен тасбақа», «Жебе» де
осыған ұқсас тәсілмен дәлелденеді.
Зенонның көптілікті (көпшені) жоққа шығаратын апорийлері де
соншалықты қызғылықты. Көптілік көп бірліктен тұрады, ал бұл
мүмкін емес. Егер әлем көптеген заттардан тұратын болса, онда
қажеттілігімен бірге, олардың саны сомаға тең. Бірақ сома шексіздікке
кетеді, өйткені екеудің арасына тағы бірді, содан кейін екеуді және
т.с.с. орналастыруға болады. Ол кезде бір бар, ал көптілік жоқ.
Өзінің дәлелдемелерімен Зенон Логостың мағынасын жаңа деңгейге
көтерді, басқаларды қозғалыстың, кеңістіктің және уақыттың мәні ту-
ралы ойлануға мәжбүр етті.
Болмысты түсіну үшін ежелгі грек материалистері –
Достарыңызбен бөлісу: |