ҚазаҚстан Республикасының білім және ғылым министРлігі а и. артемьев, с.Қ. мырзалы ғылым таРиХы және ФилОсОФиЯсы



жүктеу 2,22 Mb.
Pdf просмотр
бет487/660
Дата19.04.2022
өлшемі2,22 Mb.
#38219
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   660
ғылым тарихы мен философиясы

сұрақ тарихын

 есімізге түсірейік.

Жалпылай айтқанда, дерексіздендіру деп шындық туралы түсінікті 

құру  мақсатында  шындықтың  (болмыстың)  әлдебір  қырларын  ойша 

бөліп қарауды түсіну керек. Платон мен оның шәкірттері, өздерінің «екі 

әлем»  туралы  тұжырымдамаларына  сәйкес,  дерексіздендіруді  «идея-

лар әлемінде» бар құбылыстарды танып білу деп қарады. Оларға қарсы 

тұрған  Аристотельдің  ойынша,  егер  біз  математикалық  денелерді  өз 

бетінше, дербес өмір сүретін болмыстар деп қарасақ, онда шындықпен 

де, дұрыс мағынамен де қайшылыққа келген болар едік.

Ортағасырлық номиналистер (Р.Бэкон, У.Оккам) де біздің алдымыз-

да жатқан әлем сезімдік болмыстан басқа ештеңе де емес: онда бір зат 

екінші затқа ұқсамайды, сондықтан дерексіздік – ол заттардың атауы 

ғана деп сендіре отырып, платонизмге қарсы шыққан.

Концептуалистер 

платонизмнің 

де, 

номинализмнің 



де 

біржақтылығын  жеңуге  ұмтылды.  Олар  ұғымдардың  нақты  өмір 

сүретінін мүмкін емес деп санағанмен, дегенмен дерексіздік – ол атау 

ғана  емес,  нақты  өмір  сүретін  жалпының  бұл  әлемнің  заттарына  тән 

бейнесі екеніне сенімді болды.

Дерексіздендіру  туралы  айтқанда,  біз  тағы  бір  пікірге  кезігеміз: 

дерексіздіктер  шындық-болмысқа  жақын  болған  сайын,  құндырақ 

болмақ.  Бұл  жағдайда  оларда  зерттелетін  нысандардың  ортақ 

қасиеттері  көбірек.  Барынша  ортақ  дерексіздіктер  өз  ауқымына  ба-

рынша мол заттарды қамти отырып, сонымен бірге мағынасыз да бола 

береді.



324

Дерексіздіктердің  өздері  білдіретін  болмысқа  қаншалықты  сәйкес 

келетініне  қатысты  қиын  сұрақ  күтіп  тұрғанына  көз  жеткізу  қиын 

емес. Жауап ретінде төмендегіні айтуға болады: осы әлемдегі кез кел-

ген  зат  нақты  бір  жағдайда  өмір  сүреді  және  қалыптасқан  жағдайлар 

шектерінде  басқа  денелер  және  құбылыстармен  өзара  әрекеттерге 

түсіп,  өздерін  соларға  сәйкес  көрсетеді.  Оның  үстіне,  біреулері 

өздерінің сапаларын, қасиеттерін айқынырақ көрсетсе, екіншілері сол 

уақыттағы жағдайға қарай мүлдем көрінбей қалуы да мүмкін. Ал бұл 

көбінесе  тәжірибелік  танымда,  яғни  біз  бір  затты  бақылауға  алып, 

оны іс жүзінде нақ сол кезде айқын көрінген қасиеттерге теңестірген 

кезімізде, сол заттың басқа қасиеттерінің көлеңкеде қалып қойғандай, 

ескерілмеуіне  әкеліп  соқтырады.  Нәтижесінде,  ондай  бақылаудың 

қорытындылары дерексіздендірудің негізіне алынады.

Сонымен бірге орын мен уақыттың нақты жағдайларында зат өзінің 

кейбір сапалары мен қасиеттерін көрсете алады, ал өзгерген жағдайда 

бұрын  байқалған  қасиеттердің  кейбірі  жоғалып,  ал  кейбірлері  қалуы 

мүмкін. Соңғыларды нақ осылай жинақтап қорыту – дерексіздендірудің 

жоғарғы деңгейіне келтіреді.

Зат немесе құбылыс басқалармен өзара әрекеттескенде, өзін қашанда 

өзгеше көрсетеді. Сол себепті зерттеушінің назары заттың өзіне емес, 

оның әртүрлі қарым-қатынастарда қалай көрінетініне бағытталуы ке-

рек.

Дерексіздендірудің  кез  келгенінің  өз  шектері  бар.  Сондықтан 



танымның  белгілі  бір  деңгейінде  бір  немесе  басқа  дерексіздіктің  та-

ным  мүмкіндіктерінің  сарқылғаны  анықталады.  Мысалы,  ғалымдар 

микроәлемге енген алғашқы сәттерде өзгеше қиын жағдайға тап бол-

ды,  өйткені  классикалық  физикада  пайда  болған  бұрынғы  ұғымдар 

бірқатар  жаңа  шындық,  нақтылықты  зерттеу  барысында  енді  жарам-

сыз  болып  қалды.  Денелердің  координаттары  мен  импульстерінің 

макроәлемде  айқындалған  арақатынас  заңдылықтары  микроәлем 

үдерістерін  зерттеуде  өздерінің  эвристикалық  мағыналылығынан     

айырылды.  Егер  қарапайым  бөлшектің  координаттары  анықталса, 

онда импульс күшін дәл анықтау мүмкін болмай қалады, ал егер им-

пульс  күші  анықталса,  онда  оның  координаттарын  анықтау  мүмкін 

болмайды.  Осы  және  басқа  жағдайлар  бұрынғы  санаттардың  шектері 

сарқылғанын  және  ғылымның  алдында  жаңа  санаттық  құрал  жасау 

қажеттігі туғанын көрсетті.




жүктеу 2,22 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   483   484   485   486   487   488   489   490   ...   660




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау