құбылыстық теорияларды
құру болып табылады. Олар эмпириялық
заңдар мен бір-бірімен өзара ұштасып жатқан фактілерден тұрады (мы-
салы, Кеплердің «Аспан механикасы»).
Эмпириялық білімдердің көп жағдайда
ықтималдық
сипаты бар,
өйткені зерттелетін құбылысқа жататын барлық фактілерді түгел
қамту мүмкін емес. Бірақ ол кезде ғылым зерттеудің эмпириялық
деңгейінсіз бола алмайды.
Кез келген зерттеу эмпириялық (тәжірибелік) сатыдан, яғни
ғылыми фактілер мен мағлұматтарды жинаудан басталады. Ол үшін
зерттелетін затты (нысанды) немесе құбылысты (феномен) бақылауға
алу қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |