Сақтандыру сыйлықақысы Сақтандырушартындабелгіленеді.
Сақтандырушы шарты 12 ай мерзімге немесе Сақтанушы мәлімдеген басқа мерзімге жасасылады.
Сақтандыру жағдайы
Сақтандыру жағдайы болып мүлікті сақтандыру кезінде төмендегідей оқиғалардың салдарынан мүлікті жоғалту (оның опат болуы) немесе оның зақымдалуы танылады:
1) өрт, жарылыс;
2) найзағай соғуы;
3) дүлей апаттар (жер сілкіну, боран, құйын, дауылды (боранды) жел, су басу, сель, жанартаудың атқылауы немесе жер асты отының қозғалысы, көшкін, көшкіннің түсуі (оның ішінде қар көшкіні), қара құйын, су тасу, бұршақ, топырақ асты суларының қозғалысы, сел ағынының түсуі, мұздың зақымдауы, мұздың қалыптасуы (қызылсу мұзының қалыптасуы);
4) судың зақымдауы (бұзылған су құбыры, канализация, жылу жүйелерінің зиян келтіруі, Сақтанушыға бөтен үй-жайлардан судың өтуі), оның ішінде автоматты өрт сөндіру құрылғыларының (спринклерлі құрылғылардың) жалған ісе қосылуы. Спринклерлі құрылғылардың жалған іске қосылуы деп бұл жағдайда спринклерлі құрылғыға тікелей қатысты құрылғы мен жабдықтың оларды пайдаланудың белгіленген нормаларына қарамастан кенеттен іске қосылуы түсіндіріледі;
5) үшінші тұлғалардың құқыққа қарсы әрекетері: олардың ішінде бұзып ұрлау, тонау, қарақшылық;
6) басқарылатын ұшу аппараттарының және олардың сынықтарының құлауы
Сақтандыру сыйлықақысының мөлшері шарттың талаптарынан және тәуекел деңгейінің бағамынан шыға отырып, сақтандыру тарифтеріне сәйкес есептеледі.
Сақтандыру шартының әрекет ету мерзімі тараптардың келісімі бойынша белгіленеді.
Мүліктік және кәсіпкерлік тәуекелдер азаматтық-құқықтық жауаптылықты қоса алғанда, оларға байланысты мүдделерді сақтандыру мүліктік сақтандыруға жатады. Мұндай сақтандыру кезінде мүліктің жоғалу қаупі, жетіспеуі немесе бүлінуі және өзге де мүліктік игіліктер мен құқықтар сақтандырылады. Сақтанушының немесе пайдаланушының мүліктері сақтандыруға мүддесі болмаған жағдайда жасалған мүліктік сақтандыру жарамсыз болады.
Мүліктік сақтандырудың кез келген түрі бойынша келісім жасау әдістемесі аталған келісімнің түрлі бөлімдерін сипаттайтын модульдердің стандартты жиынтығы болып табылады.
Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру - жауапкершілікті сақтандырудың ішкі саласы. Объектісі: сақтанушынын заң бойынша зиян келтірілуі мүмкін үшінші тұлғанын алдын дағы жауапкершілігі. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша зардап шегушілерге (жеке және заңи тұлғаларға) сақтанушының кінәсынан болған жазатым оқиғадан олар мертіккен немесе қаза тапқан, опат болған мүлкіне зақым келтірілген жағдайда азаматтық қуыным бойынша өндіріп алынған ақшалай сома мөлшерінде зардап шегушілердің (Немесе олардын құқықтық мирасқорларының) пайдасына төлем енүге тиіс. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру автокөлік құралдарының иелеріне, өнеркәсіп орындары мен қауіптілігі жоғары басқа да көздерге, сондай-ақ айласына зиян келтіруі мүмкін белгілі бір кәсіптермен айналысушы адамдарға қолданылады. Көптеген елдердің заңнамасьшда көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін міндетті турде сақтандыру көзделген. Бұл сақтандыруды сондай-ақ үйлердін, ойын-сауық мекемелерінің, сауда кәсіпорындарының, құрылыс ұйымдарының иелері, жеке кәсіппен айналысушы адамдар - дәрігерлер, заңгерлер, бухгалтерлер де (Мысалы, кәсіби қателіктер жағдайына) пайдаланады. Жазатайым оқиға еңсерілмейтін күш салдарынан болса немесе сақтанушының қасақы әрекеттерінен туындаса, Азаматтық жауапкершілікті сақтандырудың күші қолданылмайды.
Жауапкершілікті сақтандыру- сақтандыру саласы, мұнда сақтандыру объектісіне сақтанушының қандай да бір әрекетінен немесе әрекетсіздігінен зиян келтірілуі мүмкін үшінші жақтар (заңды ұйым және жеке ұйым) алдындағы жауапкершілігі жатады.
Жауапкершілікті сақтандыру сақтандыру қызметінің дербес түрін көрсетеді, мұнда сақтандырудың объектісі болып, заң бойынша не үшінші тұлғаның алдында оларға зиян келтіргені үшін келісімді міндеттеме түріндегі жауапкершілік танылады. Туындаған сақтандырушылық құқықтық қарым-қатынастардың күшінде сақтандырушы сақтанушы тарапынан үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына және мүлкіне келтірілген зиянның салдарынан туындаған міндеттемелер бойынша жауапкершілік тәуекелін өзіне алады. Жалпы жауапкершілікті сақтандыруда азаматтық жауапкершілікті сақтандыру, кәсіби жауапкершілікті сақтандыру сияқты маңызды сақтандыру түрлерін ажыратып көрсетуге болады. Азаматтық жауапкершілікті сақтандыру қатынастарында құқықтық қарым-қатынастар орын алады, сақтандыру объектісі болып азаматтық жауапкершілік танылады. Бұл заңмен не мемлекеттік мәжбүрлеу шараларымен құқық бұзушының есебінен зардап шегушінің бұзылған құқығын қалпына келтіру мақсатында қамтамсыз етіледі. Мысалы Қазақстанда азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандырудың ең көп тараған түрі – көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру. Азаматтық жауапкершілік мүліктік сипатқа да ие. Яғни зиян келтірген тұлға үшінші тұлғаға, зардап шегушіге келтірген зиянның орнын толығымен толтыру керек. Сақтандырудың осы түрі бойынша шарт жасау арқылы бұл міндет сақтандырушыға толығымен өткізіледі. Келтірілген зиян үшін сақтанушы қылмыстық, әкімшілік, жауапкершілікке тартылып, үшінші тұлғаға қатысты өзінің құқық бұзушылық әрекеті үшін заңмен қудалануы да мүмкін, алайда келтірілген мүліктік , қаржылық шығындардың орнын сақтандырушы толтырады. Әлемдік сақтандыру тәжірибесінде ең көп таралған жауапкершілікті сақтандыру түрі – көлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігін сақтандыру болып табылады, бұл заңды түрде бекітілген міндетті түрдегі сақтандыру. Мұнда сақтандыру объектісіне автокөлік құралдары иелерінің азаматтық жауапкершілігі жатады. Бұл жауапкершілікті олар заң алдында жол-көлік оқиғасы жағдайында зардап шеккен үшінші тұлға алдында атқаруы тиіс.
Қазақстан Республикасының 2000 жылғы 18 желтоқсандағы N126 «Сақтандыру қызметі туралы» Заңына сай автомобиль көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, әуе көлігі иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, су көлігі иелерінің азаматттық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру сияқты түрлері көзделген көлік құралдары иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, тасымалдаушының азаматтық-құқықтық жауапкершілігін қоса алғанда, үшінші тұлғаларға өзі көлік құралын пайдалануға байланысты келтірген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы болып табылады.
Азаматтық-құқықтық жауапкершілікті сақтандыру осы аталғандарды қоспағанда, барлық тәуекелдерді сақтандыру салдарынан үшінші тұлғаларға келтірілген залалды өтеу міндетіне байланысты тұлғаның мүліктік мүдделеріне келтірілген залалды ішінара немесе толық өтемі мөлшерінде сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру көзделетін сақтандыру түрлерінің жиынтығы. Азаматтық- құқықтық жауапкершілікті сақтандыру бойынша аудиторлар мен аудиторлық ұйымдардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, жеке нотариустардың азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, туроператорлар мен турагентердіңазаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру, қызметі үшінші тұлғаға зиян келтіру қауіптілігіне байланысты объект иелерінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру ҚР-да міндетті болып табылады.
Сақтанушылардың бұл түрінің ерекшелігі- мүліктік және жеке сақтандыру шарттарының бірлігі болып табылады, өйткені оған алдын-ала нақты сақтандыру жағы немесе мүлігі, сақтандыру сомасының мөлшері орнатылмайды. Сақтандыру тәуекелдігінің жоғары болуына және материалды зиянды өтеуінің жоғары әлеуетті деңгейіне байланысты, сақтандыру қорының мөлшері көп сақтандырушылармен жүргізіледі.
Кәсіби жауапкершілікті сақтандыру өздерінің кәсіби міндеттерін атқарудағы және қызмет көрсетудегі заңды және жеке тұлғаларға қойылатын мүліктік талаптар қою мүмкіндігімен байланысты. Заңды және жеке тұлғаларға қойылатын мүліктік шағымдар кәсіби іс-әрекетте не қызметтегі салақтықпен , ұқыпсыздықпен, қателіктермен байланысты.
Ұқыпсыздық пен салақтық жіберіп алу бойынша аталған мүліктік талаптар мен шағымдарды қанағаттандыру сұрақтарымен толығымен сақтандырушы айналысады. Кәсіби жауапкершілікті сақтандыруды тағайындау, белгілі кәсіп төңірегіндегі тұлғаларды клиенттер тарапынан болатын заңды шағымдардан сақтық қорғаудан көрінеді.
Жауапкершілікті сақтандыру шетелдік сақтандыру тәжрибесінде көптен бері қолданылады. Жауапкершілікті сақтандыру түрлері бойынша үшінші тұлғаға байланысты сақтандырушының міндеттемелерінің пайда болуының орнын толтыру зияндары заңмен маңызды ерекшеленеді:
-Сақтандырушылардың қызметтерінің салаларымен және ондағы жұмыс істейтін жұмысшылардың және басқа адамдардың денсаулықтарына келтірген зиянның мөлшеріне;
-Сақтандыру жағдайларынан болатын қолайсыз құбылыстар мен мүмкін болатын зардаптарының болуы тәуекеліне;
- Мүмкін шығынның сипатына, мөлшеріне, құрамына;
- Сақтандыру жағдайының орын алуын ескерту мүмкіндіктеріне, не өзге тұлғаларға зиянды келтіруді болдырмауға.
Жауапкершілікті сақтандырудың субъектілері болып сақтанушы, сақтандырушы жәнепайда алушы танылады. Үшінші тұлғаға зиян келтіргені үшін жауапкершілікті сақтандыруда сақтанушы түрінде әрекет қабілетті жеке адам не заңды тұлға таныла алады.
Жауапкершілікті сақтандыру объектісі болып сақтанушының (сақтандырылған адамның)заңға қызмет барысында келтірген зиянның орнын толтыру үшін міндеттемелеріне сай туындайтын мүліктік қызығушылықтары танылады.
Жауапкершілікті сақтандыру келісімдерінің көпшелігі бойынша сақтандыру сыйақысы сақтандыру сомасының сақтандыру тарифіне көбейту жолымен анықталады. Сақтандыру келісіміндегі франшизаны бекіткен жағдайда сақтандыру сыйақысы сақтандыру сомасынан франшиза шамасын алып тастағандағы осы әдіс бойынша анықталады. Сақтандыру сыйақысы тараптардың келісіміне сай бір мезгілде не кейінге қалдырылған түрде нақты ақшамен не сақтанушымен сақтандырушының есеп шотына қолма- қолсыз ақшаны аудару арқылы төленеді. Сақтандыру тарифтері тәртіпке сай сақтандырудың тәуекелді түрлері үшін әдіс бойынша есептеледі, мұнда мысалы автокөлік иелерінің жауапкершілігін сақтандыруда жеңіл автомобилдердің салмағына, көлеміне, қуаттылығына, сақтандыру сомаларына байланысты тарифтер бекітіледі. Бағаның инфляциялық өсуі есебін жүргізу мақсатында сақтандыру сомасын бекітіп, және сақтандыру сыйақысын АҚШ долларында не доллардың курсына сай есептейді.
Жауапкершілікті сақтандырудың келісімнің күшіне енуі сақтанушыға (сақтандырылған тұлғаға) және сақтандырушыға белгілі міндеттер мен жауапкершіліктер жүктейді, заңға сай және келісімде бекітілгендей қажетті құқықтармен қамсыздандырады.
Мысалы сақтанушы сақтандыру жағдайының туындаған жағдайында міндетті:
Сақтандыру жағдайы туралы сақтандырушыға тез арада хабарлау қажет, егер жауапкершілікті сақтандыру келісімінде хабарлаудың мерзімі мен әдісі көрсетілген болса, бұл талаптарды сақтандырушы бұлжытпай орынау қажет.
Сақтандыру жағдайынан туындайтын шығындарды төмендету бойынша қалыптасқан жағдайда тиімді және қажетті шешімдер қабылдау, бұл ретте сақтанушы сақтандырушының шешімдерін орынау қажет.
Сақтандыру жағдайы туралы олардың құзіреттеріне сай органдарға хабарласу, IIM, Төтенше жағдайлар министрлігіне, авариялық-құтқару қызметіне.
Сай келетін құзырлы органдардан қажет болған жағдайда өзге органдардан заңды және жеке тұлғалардан қажетті құжаттар, анықтамалар, дәлелдеме құжаттар, сақтандыру жағдайының келуінің себептерін, үшінші тұлғаға келтірілген зиянның мөлшерін анықтау қажет
Сақтандыру жағдайынның туындау себептерін мойындауы үшінші тұлғаға келтірілген зиянның көлемін және оларға дайындығы туралы сақтандырушымен қабылданған шешімдерді келісусіз қабылдамайды.
Кәсіпкерлік іс-әрекетті сақтандыру пәніне көбінесе мыналарды жатқызуға болады.
Кәсіпкерлік құрылымының құрылуы мен қызмет етуі, яғни пайда болуы барысында қалыптасқан кәсіпорынның, ұйымдардың, мекемелердің, жеке кәсіпкерлердің мүлкі;
Несиелер мен зайымдарды уақытынан кешіктіріп төлегені не толық төлегені үшін, шығарылған облигациялар бойынша пайыздарды төлемегені үшін, міндеттемелерді, кәсіпкерлік құрылымды құру кезінде инвестиция көзі ретінде пайдаланған артықшылықты акциялар бойынша дивиденттерді өтемеген үшін кәсіпкердің азаматтық жауапкершілігі;
Инновациялық жобалар және олардың соңғы нәтижелері;
Жалпы алғандағы өндірістің элементтері мен жүйелерінің жұмыс қабілеттілігі және өндірістін тоқтап қалуынан зардап шегу;
Өндірістік қызметтің не басқа да іс-әрекеттердің салдарынан орын алған жарылыстар, зиянды заттарды төгу және т.с.с. нәтижесінде үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіргені үшін кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігі;
Кәсіпкерлік қызметін жүзеге асыруда өндірістік қызметтің не басқа да іс-әрекеттердің салдарынан орын алған жарыластар, зиянды заттарды төгу және т.с.с. нәтижесінде үшінші тұлғаның өміріне, денсаулығына, мүлкіне зиян келтіргені үшін кәсіпкердің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандыру маңызды болып саналады. Өйткені көп жағдайларда шаруашылық процесінде және кәсіпкерлік өндірістік іс-әрекеттерде зақым алу, әртүрлі техникалық авариялар, еңбек қауіпсіздігі ережелерін сақтамау нәтижесінде туындайтын келеңсіз оқиғалар жиі орын алып отырады.
Өзге тұлғаға зиян келтіру азаматтық құқық мен міндеттемелердің туындауына негіз береді, құқығы бұзылған тұлға материалды және материалды емес сипаттағы құқықтарының бұзылғаны үшін сақтандыру жағдайының пайда болуына кінәлі тұлғадан шығынның орнын толтыруды талап етуге қақылы.
Кәсіпкерлік – шаруашылық процесінде азаматтық жауапкершілікті сақтандыру қаатынастарының субъектілері болып мұнда сақтанушы- басқаларға қауіп төндіру мүмкін қауіптілік көзіне ие заңды тұлға, сақтандырушы-заңды тіркелген, сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған және белгіленген тәртіпте қауіптің қайнар көзі кәсіпкерлік-шаруашылық процесінде азаматтық жауапкершілікті сақтандыруды жүргізуге лицензиясы бар заңды тұлға қатынаса алады.
Сақтандыру келісімдері мұнда зардап шегушіге сақтанушымен әкелінетін зияндардың орнын толтыруға қаржылық кепілдеме ұсыну мақсатында құрылады және осы сақтандыру келісімдерінің ерекшелігі ол үшінші тұлғаның - зардап шегушінің пайдасына құрылады. Сақтандыру келісімдері бойынша зардап шегушіге зиян келтірумен байланысты шығындар, яғни оның мүлкінің жойылуы не бұзылуы, жіберілген пайда қайтарылады.
Егер шаруашылық процесіндегі келеңсіз оқиғалар, келген зияндар алдын-ала болжанбаған және алдын-алуға болмайтын жағдайлардың салдарынан келгені дәлелденсе, онда басқа жағдайлардың барлығында мысалы көлік құралдарын қолдану, жоғары қуаттағы электр энергияларымен жұмыс, механизмдермен жұмыс жүргізу, т.с.с қоршаған ортадағы қауіпті іс-әрекеттер барысында кәсіпорындар азаматтық жауапкершілігін сақтандыра алады.
Сақтандыру сыйақысының көлемі, келісім бойынша сақтандырушымен алынған міндеттемелердің көлеміне, сақтандыру тәуекелдерінің түрлері мен дәрежесіне, сақтандыру жауапкершілігінің шегіне, сақтандыру мерзіміне байланысты анықталады.
Достарыңызбен бөлісу: |