Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылық министрлігі


Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - мүліктік сақтандырудың ішкі саласы



жүктеу 0,61 Mb.
бет29/62
Дата20.04.2020
өлшемі0,61 Mb.
#29872
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62
лекции всее

Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - мүліктік сақтандырудың ішкі саласы. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру - мүліктік сақтандырудың ішкі саласы. Мұнда кәсіпкердің сақтанушы ретінде іс-қимыл жасайтын келісімшарт жасасушы агенттерінің өз міндеттемелерін бұзуы себепті кәсіпкерлік қызметтен болған залалдар тәуекелін немесе кәсіпкерге байланысты емес жағдайлармен осы қызмет шарттарының өзгеруінен болған залалды өтеу көзделеді, соның ішінде күтілген кірісті толық алмай қалу қатері сақтандырылады. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру шарты бойынша тек сол сақтанушының кәсіпкерлік тәуекелі және тек соның пайдасына ғана сақтандырылуы мүмкін. Кәсіпкерлік тәуекелді сақтандыру түрлері:

  • өндірістегі үзілістен сақтандыру;

  • инвестицияны сақтандыру;

  • депозитті сақтандыру;

  • қаржы кепілдіктерін сақтандыру

  • төлем төлеңбеу қатерін сақтандыру,

  • экспорттық несиені сақтандыру т. б.

Кез-келген кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру кезінде кәсіпкерлер міндетті түрде тәуекелдерге барады. Себебі, жалпы экономиканы басқарудың барлық деңгейінде белгілі-бір шешімдерді қабылдау процесі соңғы нәтижелердің белгісізділік жағдайында іске асырылатыны белгілі. Соған байланысты кәсіпкерлік қызметтің кез-келген түрін жүзеге асыру әртүрлі тәуекелдермен тығыз байланысты деп айта аламыз. Экономикалық тұрғыдан алып қарағанда тәуекел – бұл «жоғалту қауіпі», «жоғалту ықтималдылығы» деп түсіндіріледі. Сондықтан да күнделікті өмірде тәуекелді әртүрлі материалдық және моралдық шығындардың пайда болуына әкелетін кейбір қолайсыз жағдайлардың пайда болу ықтималдылығы деп қарастыруға болады.

Кәсіпкерлік қызметті жүргізу кезінде оған қатысушы барлық тұлғалар көптеген объективті және субъективті себептерге байланысты әртүрлі тәуекелдерге барады. Тәуекелді белгілі-бір жағдайлардың болуы да, болмауы да мүмкін деп қарастырсақ және осы жағдайлардың біреуі іске асқан кезде кәсіпкерлік қызметке қатысушы тұлғалар мынандай экономикалық нәтижелерге қол жеткізуі мүмкін:

– оң нәтиже – пайданың көбеюі, шығындардың азаюы немесе белгілі-бір тиімділікке қол жеткізу;

– теріс нәтиже – салынған ақша қаражаттарының жартысын жоғалту, жеткілікті мөлшерде табыс алмау немесе қосымша шығындардың пайда болуы;

– нөлдік нәтиже – кәсіпкерлік келісімге қатысушылардың қаржы-шаруашылық нәтижелерін көрсететін көрсеткіштерге әсер етпеуі.

Тәуекелдерді төмендетудің тиімді жолдарын іздестіру экономиканың кез-келген саласы үшін өзекті мәселе болып табылады.

Бүгінгі күні кәсіпкерлік қызметтерге тән типтік тәуекелдерді жіктеу кезінде, оның бір түрі ретінде серіктестік тәуекелін енгізу қажет деп ойлаймыз. Себебі, біз кәсіпкерлік қатынастарды ең алдымен серіктестік қатынас ретінде қарастырамыз. Серіктестік тәуекелі кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы тұлғалар арасындағы келісім қатынастарына негізделеді. Серіктестік тәуекелі, әдетте кәсіпкерлік қатынасқа қатысушы бір тұлғамен келісім-шарт бекіткен оның серіктесі белгілі-бір себептермен өз міндеттемелерін орындаудан бас тартуы мүмкін жағдайларда пайда болады.

Серіктестік тәуекелі кәсіпкерлік қатынастарға қатысушы барлық тұлғалардың жүргізетін операцияларымен өте тығыз байланысты. Тәуекелдің осы түрін басқару мынандай екі факторға тәуелді: кәсіпкерлік қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне және бекітілген келісім-шарттардың өмірлік кезеңдеріне. Кәсіпкерлік қызмет түрлерінің ерекшеліктеріне байланысты кәсіпкерлік субъектілерінің арасындағы серіктестік қатынастар әртүрлі болады.

Бекітілген кәсіпкерлік келісім-шарттардың өмірлік кезеңдерін үшке бөліп қарастыруға болады:

– келісімді бекіту (тәуекелді таңдау),

–келісімді іске асыру (міндеттемелердің орындалуын үнемі қадағалау),

– келісімнің жабылуы (міндеттемелердің толық орындалуы).

Келісімдерді дайындау және бекіту кезеңінде серіктестерінің сенімділігіне, сапасына және сонымен бірге, олардың келісімдерді іске асыру кезінде өзгеру ықтималдылықтарына талдау жүргізіледі. Серіктесінің сапасы ең алдымен, оның қаржылық жағдайымен, айналысатын қызмет түрінің болашағымен және елдегі немесе белгілі-бір саладағы жалпы макроэкономикалық жағдайлардың өзгеруімен анықталады. Ал, серіктесінің сенімділігін талдау және бағалау кезінде, оның қай елде орналасқаны, қандай салада жұмыс істейтіндігі, беделі, несиелік тарихы, төлем қабілеттілігінің болашағы және т.б. көптеген факторлар ескерілуі қажет.

Кәсіпкерлік келісім бекітілгеннен кейін, осы келісімге қол қойған барлық тұлғалар серіктестерімен қатынастарының өзгеру мүмкіндіктеріне байланысты тәуекелдерді үнемі қадағалап отыруы керек. Қадағалауды әрбір субъект өздерінің қызметтерінің ерекшеліктеріне байланысты әртүрлі ұйымдастырады.      




жүктеу 0,61 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   62




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау