Дәрістің жоспары
Сақтандыру рыногының мәні, оның құрылым.
Сақтандыру делдалдары.
Қазіргі кездегі сақтандыру рыногын жетілдіру жолдары
1. Сақтандыру рыногы дегеніміз- сақтандыру өнімі мен қызметін сату және сатып алу ортасы.
Сақтандыру рыногын қалпптастырудың объективті негізі болып ұлғаймалы ұдай өндірісті қамтамасыз етуде кездейсоқ жағдайдан болған жәбірленушіге ақшалай көмек көрсету мүмкіншілігі.
Сақтандыру рыногының қалыптасуының экономикалық заңы болып құн және сұраныс пен ұсыныс заңы болып табылады.
Сақтандыру рыногын салалық белгісі бойынша былай ажыратады:
өмірді сақтандыру рыногы
мүлікті сақтандыру рыногы
жауапкершілікті сақтандыру рыногы
жазатайым жағдайдан сақтандыру рыногы
Масштабы бойынша:
ұлттық
аймақтық
халықаралық
Ұлттық- жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы.
Аймақтық- ұлттық сақтандыру рыногы мен жеке аймақтардың өзара тығыз интеграциялық байланыстағы сақтандыру ұйымдарының бірлестігі.
Халықаралық- ұлттық және аймақтық сақтандыру рыногының жиынтығы.
2. Сақтандыру ұйымдарының арасында делдалдық қызметті сақтандыру брокері мен сақтандыру агенті атқарады.
Сақтандыру брокері- сақтандыру және қайта сақтандыру мәселелері бойынша консультациялық қызметті өз атынан және сақтанушының тапсыруымен сақтандыру шарттын немесе өз атынан және цеденттің тапсыруымен қайта сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға.
Қызметі: ерекше қызмет түрі болып табылады және мемлекеттік органнан лицензия алуы тиіс. Сақтандыру брокерінің өзі қатысып жасалатын сақтандыру шарты бойынша уәкілеттігі мен жауапкершілігін сақтандырушының талаптарымен жасалатын тиісті шарттармен белгіленеді. Сақтандыру брокерінің жарғылық капталы ең аз мөлшеріне және оның қызметінің өзге де жағдайларына қойылатын талаптар ҚР-ның заңдарымен белгіленеді. Сақтандыру ұйымының төлеу қабілеттігі болмаса, органдарға хабарлау керек.
Сақтандыру агент берілген өкілетіне сәйкес сақтандыру ұйымының атынан және тапсыруымен сақтандыру шарттарын жасасу жөніндегі делдалдық қызметті жүзеге асыратын жеке немесе заңды тұлға. Сақтандыру агентінің сақтандыру рыногында делдалдық қызметті жүзеге асыруға сақтандыру ұйымының құжаттарымен белгіленеді. Сақтандыру ұйымының өзінің атынан сақтандыру агенті, сақтандыру ұйымынан алған өкілеттік негізінде жасаған шарты бойынша қабылданған міндетерді сақтандыру ұйымының өзі қабылдаған тікеелей міндеттемелері ретінде қабылдайды.
3. Сақтандыру рыногын дамытудың негізгі проблемалары:
жеке сақтандыру, оның ішінде өмірлік сақтандыруды дамыту.
сақтандыру қызметтеріне таңдаудың жоқтығы және шектеулілігі( бұрынғы сақтандыру түрлерінің болуы)
халықтың сақтандыру мәдинетінің төмендігі
сақтандыру статаистикасындағы интегралдық жүйелердің жоқтығы
міндетті сақтандыру жүйесін дамытуға мүмкіндік беру.
сақтандыру рыногы жаңа инфрақұрылым құру мүмкіндігі
кәсіби мамандардың жетіспеушілігі
сақтандыру қызметтерін реттеу және қадағалау принциптерін жетілдіру мүмкіндіктері.
Достарыңызбен бөлісу: |