Тау-кен металлургия кешені
Тау-кен металлургия кешенін дамыту саясаты өндіру көлемін ұлғайтуға, одан әрі қайта бөлуді дамытуға және қосылған құнды ұлғайтуға бағытталады.
Ресурстық базаны кеңейту және инвестициялық тартымдылықты арттыру мақсатында инвесторлардың құқықтарын сақтауды кепілдендіру, олардың капиталын қорғау, әкімшілік рәсімдерді түбегейлі жеңілдету бөлігінде жер қойнауын пайдаланудың нормативтік-құқықтық базасы жетілдірілетін болады. Геологиялық барлау жұмыстарының нәтижелері, минералды ресурстар мен минералды қорлар туралы жария геологиялық есептілікті толығымен халықаралық стандарттарға көшіру жүзеге асырылатын болады.
Жер қойнауын пайдалану саласында деректердің толықтығын, сенімділігі мен ашықтығын қамтамасыз ете отырып, инвесторларға арналған геологиялық ақпарат жүйелендірілетін Ұлттық деректер базасы құрылатын болады.
Геологиялық барлауға және өндіру мен өңдеуді технологиялық дамытуға инвестициялар тарту үшін және өндіру саласының кадрлық әлеуетін қамтамасыз етуге және шикізат базасы мен өндіруді дамытуға технологиялар трансфертін экономикалық және фискалдық ынталандыру көзделетін болады.
Шетелдік инвесторларды тарту мақсатында АХҚО шеңберінде шағын және жаңа жер қойнауын пайдаланушылар үшін («junior miners») бөлек биржа алаңы құрылатын болады.
Тау-кен жабдықтарын пайдалануды оңтайландыру, қауіпсіздікті, ішкі логистиканы арттыру, сондай-ақ өнімділік пен энергия тиімділігін арттыру мақсатында «Индустрия 4.0» санатындағы кешенді мамандандырылған ақпараттық жүйелерді енгізу белсенді түрде ілгерілетілетін болады.
Еңбек өнімділігі мен өндірістің экологиялылығын арттыру мақсатында дәстүрлі жүйе құратын металлургиялық салаларды қайта құрылымдау мен жаңғырту жалғастырылатын, машина жасау, құрылыс, мұнай-газ секторы мен көлік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін өнімдер шығаруға маманданатын, қуаттылығы 0,3-2,0 млн тонна шағын зауыттарды (шағын металлургия) іске қосу арқылы саланы әртараптандыру күшейтілетін болады.
Қара металлургияны дамыту болат алу үшін жоғары сапалы шикізат өндіру, жаңа буынды ферроқорытпалар, болаттың жаңа түрлерін өндіру мен жоғары легірленген болат ассортиментін кеңейту бойынша басым бағыттарды іске асыруға бағытталатын болады.
Түсті металлургияны дамыту базалық металдар өндіруді және номенклатураны кеңейтуге, атап айтқанда, өнеркәсіптік құрылыс үшін, жоғары технологиялық өнімдер мен терең өңдеу өнімдерінің көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |