жұмыс мемлекеттік органдардың қадағалауымен және бақылауымен жүргізілетін және оны
орындайтын адам жеке және (немесе) заңды тұлғалардың билігіне берілмейтін немесе
тапсырылмайтын жағдайда соттың заңды күшіне енген үкіміне байланысты;
төтенше жағдайда немесе соғыс жағдайында ғана жол беріледі.
8-бап. Осы Кодекстің қолданылу аясы
1. Осы Кодекс:
1) еңбек қатынастарын;
2) еңбек қатынастарымен тікелей байланысты;
3) әлеуметтік әріптестік;
4) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі қатынастарды реттейді.
2. Осы Кодекстің күші, егер заңдарда және Қазақстан Республикасы ратификациялаған
халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан
жұмыскерлерге және жұмыс берушілерге, оның ішінде есептік тіркеуден өткен шетелдік заңды
тұлғалардың филиалдарына және (немесе) өкілдіктеріне қолданылады.
3. Жұмыскерлердің жекелеген санаттарының еңбегін құқықтық реттеудің ерекшеліктері осы
Кодексте және
Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында
белгіленеді.
4. Қазақстан Республикасының заңдары осы Кодексте белгіленген құқықтар, бостандықтар
мен кепілдіктер деңгейін төмендетпеуге тиіс.
9-бап. Еңбек саласындағы ең төмен әлеуметтік стандарттар
Айлық жалақының ең төмен мөлшері, күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы,
жыл сайынғы ақы төленетін негізгі еңбек демалысы «Ең төмен әлеуметтік стандарттар және
олардың кепілдіктері туралы» Қазақстан Республикасының
Заңына
сәйкес еңбек саласындағы ең
төмен әлеуметтік стандарттар болып табылады.
10-бап. Еңбек шарттары, әлеуметтік әріптестік тараптарының келісімдері, ұжымдық
шарттар, жұмыс берушінің еңбек саласындағы актілері
1. Еңбек қатынастары, сондай-ақ еңбек қатынастарына тікелей байланысты өзге де қатынастар
еңбек шартымен, жұмыс берушінің актісімен, келісіммен және ұжымдық шартпен реттеледі.
2. Әлеуметтік әріптестік тараптары келісімдерінің, ұжымдық, еңбек шарттарының, жұмыс
беруші актілерінің Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасымен салыстырғанда
жұмыскерлердің жағдайын нашарлататын ережелері жарамсыз деп танылады және қолданылмауға
тиіс.
3. Келісімдердің, ұжымдық, еңбек шарттарының талаптары біржақты тәртіппен өзгертілмейді.
11-бап. Жұмыс берушінің актілері
Жұмыс беруші осы Кодекске және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық
актілеріне, еңбек шартына, келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес өз құзыреті шегінде актілер
шығарады.
12-бап. Жұмыс берушінің актілерін шығару кезінде жұмыскерлерөкілдерінің пікірін
ескеру тәртібі
1. Жұмыс беруші келісімдерде, ұжымдық шартта көзделген жағдайларда жұмыскерлер
өкілдерінің пікірін ескере отырып актілер шығарады.
2. Жұмыс беруші өзінің актісінің жобасын және ол бойынша негіздемені жұмыскерлердің
өкілдеріне ұсынады. Жұмыскерлердің бірнеше өкілі болған кезде олар жұмыс берушінің актілері
бойынша пікірді есепке алу үшін сандық құрамы олар мүдделерін білдіретін жұмыскерлердің
санына пропорционалды түрде болатын біртұтас өкілді орган құрады.
3. Жұмыскерлердің өкілдері жұмыс беруші актісінің жобасын табыс етілген күннен бастап бес
жұмыс күнінен асырмай талқылайды. Жұмыскерлердің өкілдері шешімді осы Кодексте
белгіленген мерзімдерде ұсынбаған жағдайда, жұмыс беруші актіні пікірді ескерместен
қабылдауға құқылы.
4. Жұмыскерлер өкілдерінің шешімдері хаттамамен ресімделеді, онда жұмыскерлер
өкілдерінің жұмыс беруші актісінің жобасымен келісетіні (келіспейтіні) көрсетіледі, олардың
ұсыныстары болса олар жазылады.
5. Егер жұмыскерлер өкілдерінің пікірінде жұмыс беруші актісінің жобасына келісім болмаған
не оны өзгерту жөнінде ұсыныстар болған жағдайда, жұмыс беруші:
1) келіскен жағдайда жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын ескере отырып өзгертілген акт
шығарады;
2) келіспеген кезде жұмыскерлердің өкілдерімен қосымша консультациялар өткізуге құқылы.
6. Жұмыс беруші актілерін шығару үшін келісімдерге, ұжымдық шартқа сәйкес жұмыскерлер
өкілдерінің пікірін есепке алу қажет болатын олардың жобалары бойынша келісімге қол
жеткізілмеген кезде, туындаған келіспеушіліктер, жұмыс берушінің және жұмыскерлердің бір
өкілі қол қоятын хаттамамен ресімделеді, одан кейін жұмыс беруші актіні қабылдауға құқылы.
7. Егер жұмыс берушінің шығарылған актісінде жұмыскерлердің осы Кодексте, еңбек,
ұжымдық шарттарда, келісімдерде көзделген құқықтары мен кепілдіктерін бұзатын не
нашарлататын ережелер қамтылған жағдайда, оған еңбек инспекциясы жөніндегі жергілікті
органға не сотқа шағым жасауға болады.
13-бап. Осы Кодексте белгіленген мерзімдерді есептеу
1. Осы Кодексте, еңбек немесе ұжымдық шартта, келісімдерде белгіленген мерзім күнтізбелік
күнмен, жылдармен, айлармен, апталармен немесе күндермен есептелетін уақыт кезеңінің
аяқталуымен айқындалады. Мерзім басталуға тиіс оқиғаны көрсетумен де айқындалуы мүмкін.
2. Осы Кодексте көзделген жағдайларда мерзім жұмыс күндерімен есептеледі.
3. Уақыт кезеңімен айқындалатын мерзімнің ағымы оқиғаның басталуы айқындалған, оқиға
басталған күнтізбелік күннен кейінгі келесі күні басталады.
4. Жылдармен, айлармен, апталармен есептелетін мерзімдер соңғы жылдың, айдың, аптаның
тиісті күндері аяқталады. Егер айлармен есептелетін мерзімнің аяқталуы тиісті күні жоқ айға
келетін болса, онда мерзім осы айдың соңғы күні аяқталады. Күнтізбелік апталармен немесе
күндермен есептелетін мерзімге жұмыс күні емес күндер де қосылады.
5. Егер осы Кодексте өзгеше көзделмесе, мерзімнің соңғы күні жұмыс күні емес күнге келсе,
онда одан кейінгі бірінші жұмыс күні мерзімнің аяқталған күні болып есептеледі.
14-бап. Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасының бұзылуына кінәлі тұлғалар
Қазақстан
Республикасының заңдарына
сәйкес жауаптылықта болады.
2-тарау. ЕҢБЕК ҚАТЫНАСТАРЫ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
15-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің еңбек қатынастарын реттеу саласындағы
құзыреті
Қазақстан Республикасының Үкіметі:
1) еңбек, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі
бағыттарын әзірлейді және іске асырылуын қамтамасыз етеді;
2) еңбекке уақытша қабілетсіздігі бойынша әлеуметтік жәрдемақының
мөлшерлерін
айқындайды;
3) Акцияларының бақылау пакеттері мемлекетке тиесілі ұлттық компаниялардың, акционерлік
қоғамдардың басшы жұмыскерлерінің еңбегіне ақы төлеу мен оларға сыйлықақы беру шарттары
туралы
үлгілік ережені
бекітеді;
4) мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен қамтылатын ұйымдардың азаматтық
қызметшілерінің, жұмыскерлерінің, қазыналық кәсіпорындар жұмыскерлерінің
еңбегіне ақы
төлеу жүйесін
бекітеді;
5) жұмыс берушілердің
республикалық бірлестіктерімен және жұмыскерлердің
республикалық бірлестіктерімен
бас келісім
жасасады;
6) тиісті уәкілетті органдардың еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау
тәртібін
белгілейді;
7) өзіне
Конституциямен
, Қазақстан Республикасының заңдарымен және Қазақстан
Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
16-бап. Еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттік органның еңбек қатынастарын реттеу
саласындағы құзыреті