Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 23 ќарашадаєы №414-v еѕбек Кодексі



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет10/43
Дата21.11.2017
өлшемі1,38 Mb.
#1240
түріКодекс
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43

9)  өз  өкілдері  арқылы  ұжымдық  келіссөздерге  және  ұжымдық  шарт  жобасын  әзірлеуге 

қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға; 

10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды өтетуге; 

11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға; 

12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан сақтандырылуға; 

13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне; 

14)  өзінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  заңға  қайшы  келмейтін  барлық  тәсілдермен 

қорғауға; 

15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір кемсітусіз бірдей ақы алуға; 

16)  жеке  еңбек  дауын  шешу  үшін  осы  Кодексте  көзделген  тәртіппен  рет-ретімен  келісім 

комиссиясына, сотқа жүгінуге; 

17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс орнына;  

18)  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында,  сондай-ақ  еңбек,  ұжымдық  шарттарда 

көзделген  талаптарға  сәйкес  жеке  және  ұжымдық  қорғаныш  құралдарымен,  арнайы  киіммен 

қамтамасыз етілуге; 

19) өзінің денсаулығына  немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл туралы 

тікелей  басшының  немесе  жұмыс  берушінің  өкілін  хабардар  ете  отырып,  жұмысты  орындаудан 

бас тартуға; 

20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы жөніндегі 

жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жағдайларын зерттеп 

қарауды  жүргізу  туралы  өтініш  білдіруге,  сондай-ақ  еңбек  жағдайларын,  қауіпсіздігін  және 

еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға; 

21)  жұмыс  берушінің  еңбек  және  онымен  тікелей  байланысты  қатынастар  саласындағы 

әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға; 

22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына, сондай-ақ 

еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне; 

23)  осы  Кодексте,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  заңдарында  белгіленген  тәртіппен, 

ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге; 

24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге құқығы бар. 

2. Жұмыскер: 

1)  еңбек  міндеттерін  келісімдерге,  еңбек,  ұжымдық  шарттарға,  жұмыс берушінің  актілеріне 

сәйкес орындауға; 

2) еңбек тәртібін сақтауға; 

3)  жұмыс  орнында  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау,  өрт  қауіпсіздігі,  өнеркәсіптік 

қауіпсіздік және өндірістік санитария жөніндегі талаптарды сақтауға; 

4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға; 

5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің сақталуына 

қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны туралы жұмыс берушіге 

хабарлауға; 

6)  еңбек  міндеттерін  орындауға  байланысты  өзіне  мәлім  болған  мемлекеттік  құпияларды, 

қызметтік,  коммерциялық  немесе  заңмен  қорғалатын  өзге  де  құпияны  құрайтын  мәліметтерді 

жария етпеуге; 

7) келтірілген  нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының  өзге де заңдарында 

белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті. 

3.  Жұмыскердің  осы  Кодексте  көзделген  өзге  де  құқықтары  болады  және  ол  өзге  де 

міндеттерді атқарады. 



  

23-бап. Жұмыс берушінің негізгі құқықтары мен міндеттері 

1. Жұмыс берушінің: 

1) жұмысқа қабылдау кезінде таңдау еркіндігіне; 

2)  жұмыскерлермен  еңбек  шарттарын  осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  және  негіздер 

бойынша өзгертуге, толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға; 

3) өз өкілеттігі шегінде жұмыс берушінің актілерін шығаруға; 

4)  өз  құқықтары  мен  мүдделеріне  өкілдік  ету  және  оларды  қорғау  мақсатында  бірлестіктер 

құруға және оларға кіруге; 

5)  жұмыскерлерден  еңбек,  ұжымдық  шарттар  талаптарының,  еңбек  тәртіптемесі 

қағидаларының және жұмыс берушінің басқа да актілерінің орындалуын талап етуге; 




6) осы Кодексте көзделген жағдайларда және тәртіппен жұмыскерлерді көтермелеуге, оларға 

тәртіптік жазалар қолдануға, жұмыскерлерді материалдық жауаптылыққа тартуға; 

7) еңбек міндеттерін атқару кезінде жұмыскер келтірген нұқсанды өтетуге; 

8)  еңбек  саласындағы  өзінің  құқықтары  мен  заңды  мүдделерін  қорғау  мақсатында  сотқа 

жүгінуге; 

9) жұмыскерге сынақ мерзімін белгілеуге; 

10) осы Кодекске сәйкес жұмыскерлерді кәсіптік даярлауды, қайта даярлауды және олардың 

біліктілігін арттыруды қамтамасыз етуге; 

11) осы Кодекске сәйкес жұмыскерді оқытуға байланысты өз шығындарын өтетуге; 

12)  жеке  еңбек  дауын  шешу  үшін  осы  Кодексте  көзделген  тәртіппен  рет-ретімен  келісім 

комиссиясына, сотқа жүгінуге құқығы бар. 

2. Жұмыс беруші: 

1)  Қазақстан  Республикасы  еңбек  заңнамасының,  келісімдердің,  ұжымдық,  еңбек 

шарттарының, өзі шығарған актілердің талаптарын сақтауға; 

2)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  және  жағдайларда 

жұмыскерлермен еңбек шарттарын жасасуға; 

3)  жұмысқа  қабылдау  кезінде  осы  Кодекстің 

32-бабына

  сәйкес еңбек  шартын  жасасу  үшін 

қажетті құжаттарды талап етуге; 

4) жұмыскерге еңбек шартында келісілген жұмысты ұсынуға; 

5)  жұмыскерге  Қазақстан  Республикасының  нормативтік  құқықтық  актілерінде,  еңбек, 

ұжымдық  шарттарда,  жұмыс  берушінің  актілерінде  көзделген  жалақы  мен  өзге  де  төлемдерді 

уақтылы және толық мөлшерде төлеуге; 

6) жұмыскерді еңбек тәртіптемесі қағидаларымен, жұмыс берушінің жұмыскердің жұмысына 

(еңбек  функциясына)  тікелей  қатысы  бар  өзге  де  актілерімен  және  ұжымдық  шартпен 

таныстыруға; 

7) жұмыскерлер өкілдерінің ұсыныстарын қарауға және жұмыскерлердің өкілдеріне ұжымдық 

келіссөздер  жүргізу,  ұжымдық  шарттар  жасасу,  сондай-ақ  олардың  орындалуын  бақылау  үшін 

қажетті толық және анық ақпарат беруге; 

8)  осы  Кодексте  белгіленген  тәртіппен  ұжымдық  келіссөздер  жүргізуге,  ұжымдық  шарт 

жасасуға; 

9)  жұмыскерлерге  Қазақстан  Республикасының  еңбек  заңнамасына,  еңбек,  ұжымдық 

шарттарға сәйкес еңбек жағдайларн қамтамасыз етуге; 

10)  жұмыскерлерді  жабдықпен,  аспаптармен,  техникалық  құжаттамамен  және  еңбек 

міндеттерін атқару үшін қажетті өзге де құралдармен өз қаражаты есебінен қамтамасыз етуге; 

11)  Қазақстан  Республикасының  халықты  жұмыспен  қамту  туралы 



заңнамасының

 

талаптарына сәйкес жұмыспен қамту мәселелері жөніндегі уәкілетті органға ақпарат беруге; 



12) мемлекеттік еңбек инспекторларының нұсқамаларын орындауға; 

13) егер жұмысты жалғастыру жұмыскердің және өзге де адамдардың өміріне, денсаулығына 

қауіп төндіретін болса, жұмысты тоқтата тұруға; 

14) жұмыскерлерді міндетті әлеуметтік сақтандыруды жүзеге асыруға; 

15)  жұмыскер  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  атқарған  кезде  оны  жазатайым  оқиғалардан 

сақтандыруға; 

16) жұмыскерге жыл сайынғы ақы төленетін еңбек демалысын беруге; 

17)  жұмыскерлердің  еңбек  қызметін  растайтын  құжаттардың  және  оларды  зейнетақымен 

қамсыздандыруға арналған ақшаны ұстап қалу мен аудару туралы мәліметтердің сақталуын және 

мемлекеттік архивке тапсырылуын қамтамасыз етуге; 

18)  жұмыскерге  зиянды  және  (немесе)  қауіпті  еңбек  жағдайлары  мен  кәсіптік  аурудың  болу 

мүмкіндігі туралы ескертуге; 

19)  жұмыс  орындары  мен  технологиялық  процестерде  тәуекелдерді  болғызбау  жөнінде 

шаралар  қолдануға,  өндірістік  және  ғылыми-техникалық  прогресті  ескере  отырып, 

профилактикалық жұмыстар жүргізуге; 

20)  жұмыс  уақытының,  оның  ішінде  әрбір  жұмыскер  орындайтын  үстеме  жұмыстардың, 

зиянды  және  (немесе)  қауіпті  еңбек  жағдайларындағы  жұмыстардың,  ауыр  жұмыстардың  есебін 

жүргізуге; 

21)  жұмыскердің  еңбек  (қызметтік)  міндеттерін  орындауы  кезінде  оның  өмірі  мен 

денсаулығына  келтірілген  зиянды  осы  Кодекске  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңдарына сәйкес өтеуге; 



жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау