Ќазаќстан Республикасыныѕ 2015 жылєы 23 ќарашадаєы №414-v еѕбек Кодексі



жүктеу 1,38 Mb.
Pdf просмотр
бет26/43
Дата21.11.2017
өлшемі1,38 Mb.
#1240
түріКодекс
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43

8.  Жұмыс  берушілер  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы 

заңнамасына

  сәйкес 

практикалар  базасы  ретінде  кәсіптік  практикадан  өту  үшін  орын  ұсынады,  қауіпсіз  жағдайлар 

жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды. 



  

119-бап. Дуальдық оқыту 

Дуальдық оқыту дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 

Өндірістік  практикадан  өту  кезеңінде  білім  алушыға  еңбек  тәртіптемесінің  қағидалары 

қолданылады. 

Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек өтіліне 

есептелетін  белгілі  бір  функционалдық  міндеттерді  орындайды  және  сол  уақыт  үшін  өтемақы 

төлемі жүргізілуі мүмкін. 

Өндірістік  оқыту  мен  практикадан  өтетін  адамдарға  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті  қорғау 

жөніндегі талаптар қолданылады. 

  

  



10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 

  

120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі мін деті 

1.  Еңбек  шарты  тарапының  еңбек  шартының  басқа  тарапына  келтірген  нұқсан  (зиян)  үшін 

материалдық  жауаптылығы,  егер  осы  Кодексте  және  Қазақстан  Республикасының  өзге  де 

заңдарында  өзгеше  көзделмесе,  құқыққа  қарсы  кінәлі  мінез-құлық  (әрекет  немесе  әрекетсіздік) 

және  құқыққа  қарсы  кінәлі  мінез-құлық  пен  келтірілген  нұқсан  (зиян)  арасындағы  себепті 

байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады. 

2.  Еңбек  шартының  басқа  тарапқа  нұқсан  (зиян)  келтірген  тарапы  оны  осы  Кодекске  және 

Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 

3.  Еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскер мен  жұмыс берушінің  материалдық  жауаптылығы 

нақтылануы мүмкін. 

4.  Нұқсан  (зиян)  келтірілгеннен  кейін  еңбек  шартының  тоқтатылуы  еңбек  шартының 

тараптарын  басқа  тарапқа  келтірілген  нұқсанды  (зиянды)  өтеу  жөніндегі  материалдық 

жауаптылықтан босатпайды. 

  

121-бап.  Жұмыскерді  еңбек  ету  мүмкіндігінен  заңсыз  айыру  арқылы  оған  келтірген 

нұқсан үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 

1.  Жұмыс беруші  жұмыскердің  алмай  қалған  жалақысы  мен  оған тиесілі  өзге  де төлемдерді 

жұмыскер басқа жұмысқа заңсыз ауыстырылған, жұмыскер жұмыс орнына заңсыз жіберілмеген, 

еңбек  шартының  талаптары  біржақты  заңсыз  өзгертілген,  жұмыстан  заңсыз  шеттетілген,  еңбек 

шарты заңсыз бұзылған жағдайларда, оған өтеуге міндетті. 

2.  Еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскерді  еңбек  ету  мүмкіндігінен  заңсыз  айыру  арқылы 

келтірілген нұқсанды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі мүмкін. 

  

122-бап.  Жұмыскердің  өміріне  және  (немесе)  денсаулығына  келтірілген  зиян  үшін 

жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 

1.  Жұмыскердің  еңбек  міндеттерін  орындауына  байланысты  оның  өміріне  және  (немесе) 

денсаулығына  зиян  келтірілген  кезде  жұмыс  беруші  зиянды  Қазақстан  Республикасының 

заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті. 

2.  Осы  баптың  3-тармағында  көзделген  жағдайды  қоспағанда,  осы  баптың  1-тармағында 

көзделген  зиян  жұмыскердің  сақтандыру  төлемдері  болмаған  кезде  толық  көлемде  өтеледі. 

Сақтандыру төлемдері болған кезде жұмыс беруші жұмыскерге сақтандыру сомасы мен зиянның 

нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 

3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға дейінгі 

пайызды қоса алғандағы дәрежесiн белгілеумен байланысты зиян келтірілген кезде, жұмыс беруші 

жұмыскерге жоғалтылған табысын және денсаулығының зақымдануынан туындаған шығыстарды 

өтеуге міндетті. 

Еңбекке қабілеттіліктен айырылу дәрежесін белгілеу кезеңінде денсаулықтың зақымдануынан 

туындаған,  жұмыс  беруші  өтейтін  шығыстардың  мөлшері  төлем  төленетін  кезде  республикалық 

бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу айлық есептік  көрсеткіштен 

аспауға тиіс.  




Денсаулықтың зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеу бойынша төлем осы шығыстарды 

шеккен  жұмыскер  не  тұлға ұсынған,  осы  шығыстарды  растайтын  құжаттардың  негізінде  жүзеге 

асырылады. Бұл ретте, Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласындағы 

заңнамасына

 

сәйкес  тегін  медициналық  көмектің  кепілдік  берілген  көлеміне  кіретін  шығыстар  өтелуге 



жатпайды. 

  

123-бап.  Жұмыс  берушіге  нұқсан  келтіргені  үшін  жұмыскердің  материалдық 

жауаптылығы 

1.  Жұмыс  берушіге  нұқсан  келтіргені  үшін  жұмыскердің  материалдық  жауаптылығы  осы 

Кодексте,  Қазақстан  Республикасының  өзге  де  нормативтік  құқықтық  актілерінде  және  жұмыс 

берушінің актілерінде көзделген жағдайларда басталады. 

2.  Егер  нұқсан  еңсерілмейтін  күштің  не  аса  қажеттіліктің,  қажетті  қорғаныстың,  сондай-ақ 

жұмыс  берушінің  жұмыскерге  берілген  мүліктің  сақталуы  үшін  тиісті  жағдайларды  қамтамасыз 

ету  жөніндегі  міндеттерді  орындамауы  салдарынан  туындаған  болса,  жұмыскердің  жұмыс 

берушіге келтірілген нұқсан үшін жауаптылығы жойылады. 

3. Жұмыскер жұмыс берушіге келтірілген тікелей іс жүзіндегі нұқсанды өтеуге міндетті. 

4.  Тікелей  нақты  нұқсан  деп  жұмыс  берушінің  қолда  бар  мүлкінің  шынайы  азаюы  немесе 

көрсетілген мүліктің (оның ішінде, егер жұмыс беруші осы мүліктің сақталуы үшін жауаптылықта 

болса, үшінші тұлғалардың жұмыс берушідегі мүлкінің) жай-күйінің нашарлауы, сондай-ақ жұмыс 

беруші үшін мүлікті сатып алуға немесе қалпына келтіруге шығын шығару не артық төлем жүргізу 

қажеттілігі түсініледі. 

5.  Жұмыскерге  қалыпты  өндірістік-шаруашылық  тәуекел  санатына  жатқызылуы  мүмкін 

нұқсан үшін жауаптылық жүктеуге жол берілмейді.  

6.  Жұмыс  беруші  жұмыскерлерге  қалыпты  жұмыс  және  оларға сеніп  тапсырылған  мүліктің 

толық сақталуын қамтамасыз ету үшін қажетті жағдайлар жасауға міндетті. 

7.  Жұмыскерлерге  берілген  мүліктің  және  басқа да  құндылықтардың  сақталуын  қамтамасыз 

етпегені  үшін  толық  жеке  немесе  ұжымдық  (ортақ)  материалдық  жауаптылық  туралы  шарт 

жасалуы  мүмкін  жұмыскерлер  атқаратын  немесе  орындайтын  лауазымдар  мен  жұмыстардың 

тізбесі,  сондай-ақ  толық  материалдық  жауаптылық  туралы  үлгілік  шарт  жұмыс  берушінің 

актісімен бекітіледі. 

8. Мынадай: 

1) жұмыскерге толық материалдық жауаптылықты өзіне алу туралы жазбаша шарт негізінде 

берілген мүліктің және басқа да құндылықтардың сақталуы қамтамасыз етілмеген; 

2) жұмыскер біржолғы құжат бойынша есебіне алған мүліктің және басқа да құндылықтардың 

сақталуы қамтамасыз етілмеген; 

3)  алкогольдік,  есірткілік  немесе  уытқұмарлық  масаңдық  (оларға  ұқсас)  жағдайда  нұқсан 

келтірілген; 

4)  материалдар,  жартылай  фабрикаттар,  бұйымдар  (өнімдер),  оның  ішінде  оларды  әзірлеу 

кезінде,  сондай-ақ  жұмыс  беруші  жұмыскерге  пайдалануға  берген  құрал-саймандар,  өлшеуіш 

аспаптар,  арнайы  киімдер  мен  басқа  заттар  кем  шыққан,  қасақана  жойылған  немесе  қасақана 

бүлдірілген; 

5) жұмыс беруші үшін  нұқсан келтіруге әкеп соққан, бейбәсекелестік туралы талап бұзылған 

жағдайда; 

6)  еңбек,  ұжымдық  шарттарда  ескерілген  өзге  де  жағдайларда  жұмыс  берушіге  келтірілген 

нұқсанның толық мөлшеріндегі материалдық жауаптылық жұмыскерге жүктеледі. 

  

  

11-тарау. КЕПІЛДІКТЕР МЕН ӨТЕМАҚЫ ТӨЛЕМДЕРІ 

  

124-бап. Жұмыскерлер  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  міндеттерді  орындаған  кезде 

берілетін кепілдіктер 

1.  Жұмыс  беруші  Қазақстан  Республикасының  заңдарында  көзделген  жағдайларда 

жұмыскерлер  мемлекеттік  немесе  қоғамдық  міндеттерді  орындауға  тартылған  уақытта  оларды 

жұмыс орнын (лауазымын) сақтай отырып, еңбек міндеттерін орындаудан босатады. 

2. Жұмыскерге мемлекеттік және қоғамдық міндеттерді орындағаны үшін жалақы көрсетілген 

міндеттерді  орындайтын  жері  бойынша,  бірақ  жұмыс  орнындағы  орташа  жалақысынан  төмен 

болмай төленеді. 



жүктеу 1,38 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   43




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау