Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-v еңбек Кодексі (2017. 13. 06. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)



жүктеу 5,03 Kb.
Pdf просмотр
бет30/50
Дата31.01.2018
өлшемі5,03 Kb.
#8213
түріКодекс
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50

Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ 
Дата: 20.09.2017 18:07:13
 
59 
жүргізеді  және  әлеуметтік  әріптестік  пен  әлеуметтік  және  еңбек  қатынастарын  реттеу 
жөніндегі салалық комиссиялар бекітеді. 
  
118-бап. Кәсіптік даярлау, қайта даярлау және біліктілікті арттыру 
1.  Ұйымның  жұмыс  істеуі  мен  дамуы  үшін  кәсіптік  даярлаудың,  қайта  даярлау  мен 
біліктілікті арттырудың қажеттілігін және оның көлемін жұмыс беруші айқындайды. 
2.  Жұмыс  беруші  жұмыскерлерді  немесе  өзімен  еңбек  қатынастарында  тұрмайтын 
өзге  адамдарды  (білім  алушы)  кәсіптік  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  олардың 
біліктілігін арттыруды: 
1) тікелей ұйымда (жұмыс берушіде); 
2) техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан 
кейінгі білімнің оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында; 
3)  кадрларды  кәсіптік  даярлауды,  қайта  даярлауды  және  олардың  біліктілігін 
арттыруды жүзеге асыратын өзге де ұйымдарда жүргізеді. 
3. Жұмыс берушінің жолдамасы бойынша білім алушыларды кәсіптік даярлау, қайта 
даярлау  және  олардың  біліктілігін  арттыру  оқыту  шартына  сәйкес  жұмыс  берушінің 
қаражаты  немесе  Қазақстан  Республикасының  заңнамасында  тыйым  салынбаған  өзге  де 
қаражат есебінен жүзеге асырылады. 
4. Оқыту шартында: 
1)  білім  алушы  алатын  нақты  кәсіпке,  мамандыққа,  біліктілікке  және  (немесе) 
біліктілік курсының атауына сілтеме; 
2) жұмыс беруші мен білім алушының құқықтары мен міндеттері; 
3)  оқыту  мерзімі  және  оқыту  аяқталғаннан  кейін  жұмыс  берушіде  жұмыспен  өтеу 
мерзімі; 
4)  оқытуға  байланысты  шығындарды  жұмыспен  өтеудің  өтелмеген  мерзіміне 
пропорционалды түрде жұмыс берушіге өтеу тәртібі мен жағдайлары; 
5) оқытуға байланысты кепілдіктер мен өтемақы төлемдері; 
6) тараптардың жауаптылығы қамтылуға тиіс. 
Оқыту  шартында  тараптардың  келісімімен  айқындалған  өзге  де  талаптар  қамтылуы 
мүмкін. 
5.  Кәсіптік  даярлаудан,  қайта  даярлаудан  және  біліктілікті  арттырудан  өтетін 
жұмыскерлер  жұмыс  берушімен  келісім  бойынша  жұмыстан  босатылуы  не  жұмысты 
толық емес жұмыс уақыты жағдайында орындауы мүмкін. 
6.  Келісімде,  ұжымдық  және  (немесе)  еңбек  шарттарында  оқытуға  байланысты 
жеңілдіктер мен өтемақы төлемдері көзделуі мүмкін. 
7.  Жұмыс  беруші  техникалық  және  кәсіптік  білім  берудің  оқу  бағдарламаларын  іске 
асыратын  білім  беру  ұйымдарына  кадрларды  даярлауға,  қайта  даярлауға  және  олардың 
біліктілігін арттыруға жәрдемдеседі. 
8.  Жұмыс  берушілер  Қазақстан  Республикасының  білім  туралы 
заңнамасына
  сәйкес 
практикалар  базасы  ретінде  кәсіптік  практикадан  өту  үшін  орын  ұсынады,  қауіпсіз 
жағдайлар жасайды және шарттарда көзделген міндеттерді орындайды. 
  
119-бап. Дуальдық оқыту 
Дуальдық оқыту дуальдық оқыту туралы шартқа сәйкес жүзеге асырылады. 
Өндірістік практикадан өту кезеңінде білім алушыға еңбек тәртіптемесінің қағидалары 
қолданылады. 
Білім алушы өндірістік оқыту мен практикадан өту уақытында білім алушының еңбек 
өтіліне  есептелетін  белгілі  бір  функционалдық  міндеттерді  орындайды  және  сол  уақыт 
үшін өтемақы төлемі жүргізілуі мүмкін. 
Өндірістік  оқыту  мен  практикадан  өтетін  адамдарға  еңбек  қауіпсіздігі  және  еңбекті 
қорғау жөніндегі талаптар қолданылады. 
  


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ 
Дата: 20.09.2017 18:07:13
 
60 
  
10-тарау. ЕҢБЕК ШАРТЫ ТАРАПТАРЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ 
ЖАУАПТЫЛЫҒЫ 
  
120-бап. Еңбек шарты тарапының келтірілген нұқсанды (зиянды) өтеу жөніндегі 
міндеті 
1. Еңбек шарты тарапының еңбек шартының басқа тарапына келтірген нұқсан (зиян) 
үшін  материалдық  жауаптылығы,  егер  осы  Кодексте  және  Қазақстан  Республикасының 
өзге де заңдарында өзгеше көзделмесе, құқыққа қарсы кінәлі мінез-құлық (әрекет немесе 
әрекетсіздік)  және  құқыққа  қарсы  кінәлі  мінез-құлық  пен  келтірілген  нұқсан  (зиян) 
арасындағы себепті байланыс нәтижесінде келтірілген нұқсан (зиян) үшін басталады. 
2. Еңбек шартының басқа тарапқа нұқсан (зиян) келтірген тарапы оны осы Кодекске 
және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарына сәйкес өтейді. 
3.  Еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскер  мен  жұмыс  берушінің  материалдық 
жауаптылығы нақтылануы мүмкін. 
4. Нұқсан (зиян) келтірілгеннен кейін еңбек шартының тоқтатылуы еңбек шартының 
тараптарын  басқа  тарапқа  келтірілген  нұқсанды  (зиянды)  өтеу  жөніндегі  материалдық 
жауаптылықтан босатпайды. 
  
121-бап.  Жұмыскерді  еңбек  ету  мүмкіндігінен  заңсыз  айыру  арқылы  оған 
келтірген нұқсан үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 
1.  Жұмыс  беруші  жұмыскердің  алмай  қалған  жалақысы  мен  оған тиесілі  өзге  де 
төлемдерді  жұмыскер  басқа  жұмысқа  заңсыз  ауыстырылған,  жұмыскер  жұмыс  орнына 
заңсыз жіберілмеген, еңбек шартының талаптары біржақты заңсыз өзгертілген, жұмыстан 
заңсыз шеттетілген, еңбек шарты заңсыз бұзылған жағдайларда, оған өтеуге міндетті. 
2.  Еңбек,  ұжымдық  шарттарда  жұмыскерді  еңбек  ету  мүмкіндігінен  заңсыз  айыру 
арқылы келтірілген нұқсанды жұмыс берушінің өтеуінің қосымша жағдайлары белгіленуі 
мүмкін. 
  
122-бап.  Жұмыскердің  өміріне  және  (немесе)  денсаулығына  келтірілген  зиян 
үшін жұмыс берушінің материалдық жауаптылығы 
1.  Жұмыскердің  еңбек  міндеттерін  орындауына  байланысты  оның  өміріне  және 
(немесе)  денсаулығына  зиян  келтірілген  кезде  жұмыс  беруші  зиянды  Қазақстан 
Республикасының заңнамасында көзделген көлемде және тәртіппен өтеуге міндетті. 
2.  Осы  баптың  3-тармағында  көзделген  жағдайды  қоспағанда,  осы  баптың  1-
тармағында  көзделген  зиян  жұмыскердің  сақтандыру  төлемдері  болмаған  кезде  толық 
көлемде  өтеледі.  Сақтандыру  төлемдері  болған  кезде  жұмыс  беруші  жұмыскерге 
сақтандыру сомасы мен зиянның нақты мөлшері арасындағы айырманы өтеуге міндетті. 
3. Жұмыскерге кәсiптік еңбекке қабiлеттiлiгiнен айырылудың бестен жиырма тоғызға 
дейінгі  пайызды  қоса  алғандағы  дәрежесiн  белгілеумен  байланысты  зиян  келтірілген 
кезде,  жұмыс  беруші  жұмыскерге  жоғалтылған  табысын  және  денсаулығының 
зақымдануынан туындаған шығыстарды өтеуге міндетті. 
Еңбекке  қабілеттіліктен  айырылу  дәрежесін  белгілеу  кезеңінде  денсаулықтың 
зақымдануынан туындаған, жұмыс беруші өтейтін шығыстардың мөлшері төлем төленетін 
кезде республикалық бюджет туралы заңда тиісті қаржы жылына белгіленген екі жүз елу 
айлық есептік көрсеткіштен аспауға тиіс.  
Денсаулықтың  зақымдануынан  туындаған  шығыстарды  өтеу  бойынша  төлем  осы 
шығыстарды  шеккен  жұмыскер  не  тұлға  ұсынған,  осы  шығыстарды  растайтын 
құжаттардың  негізінде  жүзеге  асырылады.  Бұл  ретте,  Қазақстан  Республикасының 
денсаулық сақтау саласындағы 
заңнамасына
 сәйкес тегін медициналық көмектің кепілдік 
берілген көлеміне кіретін шығыстар өтелуге жатпайды. 
  


жүктеу 5,03 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   50




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау