Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
21
Шетелдік заңды тұлға филиалының немесе өкілдігінің басшысы осы заңды тұлға
атынан жұмыс берушінің барлық құқықтарын жүзеге асырады және барлық міндеттерін
атқарады.
20-бап. Жұмыскерлердің өкілдері және олардың өкілеттіктері
1.
Жұмыскерлердің
мүдделерін
«Кәсіптік
одақтар
туралы»
Қазақстан
Республикасының
Заңына
сәйкес кәсіптік одақтар органдары, ал олар болмаған кезде
сайланбалы өкілдер өздеріне берілген өкілеттіктер шегінде білдіреді.
2. Кәсіптік одақ мүшесі болып табылмайтын, жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерін
сайлауға қатыспаған жұмыскерлер кәсіподақ органдарына, жұмыскерлердің сайланбалы
өкілдеріне өздерінің мүдделерін білдіруге құқық беруге құқылы. Кәсіподақ органдары,
жұмыскерлердің сайланбалы өкілдері жұмыскердің жазбаша өтініші негізінде оның
мүдделерін білдіруді қамтамасыз етеді.
3. Жұмыскерлердің сайланбалы өкілдерінің:
1) жұмыскерлердің еңбек құқықтары мен мүдделерін білдіруге және қорғауға;
2) жұмыс берушімен жобаларды әзірлеу және ұжымдық шарттарды жасасу бойынша
ұжымдық келіссөздер жүргізуге;
3) ұжымдық шарттарға сәйкес қалыпты еңбек жағдайларын зерделеу және қамтамасыз
ету жөнінде шаралар қолдану үшін жұмыс орындарына баруға;
4) жұмыскер мен жұмыс берушінің арасындағы еңбек дауларын осы Кодексте
белгіленген тәртіппен реттеуге қатысуға құқығы бар.
21-бап. Еңбек қатынастарының туындау негіздері
1. Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда,
еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес
жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.
2. Қазақстан Республикасының заңдарында, құрылтай құжаттарында, жұмыс
берушінің актілерінде белгіленген жағдайларда және тәртіппен еңбек шартын жасасу
алдында:
1) лауазымға сайлану (сайлау);
2) тиісті лауазымға орналасуға арналған конкурс бойынша сайлану;
3) лауазымға тағайындау немесе лауазымға бекіту;
4) Қазақстан Республикасының заңдарымен уәкілеттік берілген органдардың
белгіленген квота есебімен жұмысқа жіберуі;
5) еңбек шартын жасасу туралы сот шешімін шығару рәсімдері болуы мүмкін.
3. Заңды тұлғаның атқарушы органының басшысымен еңбек қатынастары осы
Кодекске, Қазақстан Республикасының заңдарына, құрылтай құжаттарына және еңбек
шартына сәйкес жүзеге асырылады.
22-бап. Жұмыскердің негізгі құқықтары мен міндеттері
1. Жұмыскердің:
1) осы Кодексте көзделген тәртіппен және жағдайларда еңбек шартын жасасуға,
өзгертуге,
толықтыруға, тоқтатуға және бұзуға;
2) жұмыс берушіден еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарын орындауды
талап етуге;
3) еңбек қауіпсіздігіне және еңбекті қорғауға;
4) еңбек жағдайлары мен еңбекті қорғаудың жай-күйі туралы толық және анық
ақпарат алуға;
5) еңбек, ұжымдық шарттардың талаптарына сәйкес уақтылы және толық көлемде
жалақы
төленуіне;
6) бос тұрып қалғаны үшін осы Кодекске сәйкес ақы төленуіне;
7) тынығуға, оның ішінде жыл сайынғы
ақы төленетін еңбек демалысына;
Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ»
Документ: ҚР 2015.23.11 № 414-V ЕҢБЕК КОДЕКСІ
Дата: 20.09.2017 18:07:13
22
8) егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, кәсіптік одақ
құру, сондай-ақ оған мүше болу құқығын қоса алғанда, өзінің еңбек құқықтарының
берілуі мен оларды қорғау үшін бірігуге;
9) өз өкілдері арқылы ұжымдық келіссөздерге және ұжымдық шарт жобасын әзірлеуге
қатысуға, сондай-ақ қол қойылған ұжымдық шартпен танысуға;
10) еңбек міндеттерін орындауға байланысты денсаулығына келтірілген зиянды
өтетуге;
11) міндетті әлеуметтік сақтандырылуға;
12) еңбек (қызметтік) міндеттерін орындау кезінде жазатайым оқиғалардан
сақтандырылуға;
13) кепілдіктерге және өтемақы төлемдеріне;
14) өзінің құқықтары мен заңды мүдделерін заңға қайшы келмейтін барлық
тәсілдермен қорғауға;
15) бірдей еңбегі үшін қандай да бір
кемсітусіз бірдей ақы алуға;
16) жеке еңбек дауын шешу үшін осы Кодексте көзделген тәртіппен рет-ретімен
келісім комиссиясына, сотқа жүгінуге;
17) еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптарына сәйкес жабдықталған жұмыс
орнына;
18) Қазақстан Республикасының заңнамасында, сондай-ақ еңбек, ұжымдық шарттарда
көзделген талаптарға сәйкес жеке және ұжымдық қорғаныш құралдарымен, арнайы
киіммен қамтамасыз етілуге;
19) өзінің денсаулығына немесе өміріне қауіп төндіретін ахуал туындаған кезде, бұл
туралы тікелей басшының немесе жұмыс берушінің өкілін хабардар ете отырып, жұмысты
орындаудан бас тартуға;
20) еңбек жөніндегі уәкілетті мемлекеттiк органға және (немесе) еңбек инспекциясы
жөніндегі жергілікті органға жұмыс орнындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау
жағдайларын зерттеп қарауды жүргізу туралы өтініш білдіруге, сондай-ақ еңбек
жағдайларын, қауіпсіздігін және еңбекті қорғауды жақсартуға байланысты мәселелерді
тексеру мен қарауға өкілдік етіп қатысуға;
21) жұмыс берушінің еңбек және онымен тікелей байланысты қатынастар
саласындағы әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым жасауға;
22) біліктілігіне, еңбектің күрделілігіне, орындалған жұмыстың саны мен сапасына,
сондай-ақ еңбек жағдайларына сәйкес еңбегіне ақы төленуіне;
23) осы Кодексте, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында белгіленген
тәртіппен, ереуілге құқықты қоса алғанда, жеке және ұжымдық еңбек дауларын шешуге;
24) жұмыс берушіде сақталатын дербес деректерінің қорғалуын қамтамасыз етуге
құқығы бар.
2. Жұмыскер:
1) еңбек міндеттерін келісімдерге, еңбек, ұжымдық шарттарға, жұмыс берушінің
актілеріне сәйкес орындауға;
2) еңбек тәртібін сақтауға;
3) жұмыс орнында еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өрт қауіпсіздігі,
өнеркәсіптік қауіпсіздік және өндірістік санитария
жөніндегі талаптарды сақтауға;
4) жұмыс берушінің және жұмыскерлердің мүлкіне ұқыпты қарауға;
5) адамдардың өмірі мен денсаулығына, жұмыс беруші мен жұмыскерлер мүлкінің
сақталуына қауіп төндіретін ахуал туындағаны, сондай-ақ бос тұрып қалу туындағаны
туралы жұмыс берушіге хабарлауға;
6) еңбек міндеттерін орындауға байланысты өзіне мәлім болған мемлекеттік
құпияларды, қызметтік, коммерциялық немесе заңмен қорғалатын өзге де құпияны
құрайтын мәліметтерді жария етпеуге;
7) келтірілген нұқсанды осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де
заңдарында белгіленген шектерде жұмыс берушіге өтеуге міндетті.