Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 10 маусымдағы n 6-i заңы



жүктеу 0,52 Mb.
Pdf просмотр
бет15/16
Дата15.05.2018
өлшемі0,52 Mb.
#13871
түріСабақ
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16

қолданысқа енгізіледі); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін 

күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      45-бап. Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын

 

               ұйымдардың атқаратын қызметтерi 



 

      Мүлiктiк құқықтарды ұжымдық негiзде басқаратын ұйым өзi өкiлi болып табылатын 

авторлық және сабақтас құқықтар иелерiнiң атынан әрi олардан алынған өкiлеттiк негiзiнде 

мынадай қызметтердi атқаруға: 

 

        1) мұндай ұйым басқарып отырған құқықтарды пайдалануға пайдаланушылармен 



лицензиялық шарттар жасасуға; 

 

        2) сыйақы мөлшерiн және лицензиялық шарттар жасалған басқа да жағдайларды 



пайдаланушылармен келiсуге; 

 

      3) бұл ұйым лицензиялық шартын жасаспай, осындай сыйақы жинаумен шұғылданатын 



жағдайларда сыйақы мөлшерiн пайдаланушылармен келiсуге (осы Заңның 26-бабы және 39-

бабының 2, 3-тармақтары); 

 

        4) лицензиялық шартта көзделген сыйақыны және (немесе) осы баптың 3) 



тармақшасында көзделген сыйақыны жинауға

 

        5) осы баптың 4) тармақшасына сәйкес жиналған сыйақыны өзi өкiлi болып табылатын 



авторлық және сабақтас құқықтар иелерiне бөлуге және төлеуге; 

 

        6) осындай ұйым басқаратын құқықтарды қорғауға қажеттi кез-келген заңды 



әрекеттердi жасауға тиiс. 

 

      



Ескерту. 45-бапқа өзгерту енгізілді - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 

      46-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын

 

               ұйымдардың міндеттері 



 

        1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымның қызметі мұндай ұйым 

өкілі болатын авторлық және сабақтас құқықтар иелерінің мүддесіне сай жүзеге асырылады. 

Бұл мақсатта ұйым: 

 

       1) авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне сыйақы төлеумен бірге олардың 



құқықтарын пайдаланғаны туралы, оның ішінде жиналған сыйақы мөлшері туралы және одан 

ұсталған сомалар туралы мәліметі бар есептер беріп тұруға; 

 

      2) осы Заңның 45-бабы 4) тармақшасының ережелеріне сәйкес жиналған сыйақыны 



авторлық және сабақтас құқықтардың иелеріне бөлу және төлеу үшін пайдалануға міндетті. 

Бұл ретте ұйым жиналған сыйақыдан өзінің мұндай сыйақыны жинауға, бөлуге және төлеуге 

кеткен нақты шығынын өтеуге қажетті соманы, сондай-ақ өзі өкілі болып табылатын авторлық 

және сабақтас құқықтар иелерінің келісімімен және солардың мүддесіне сай сол ұйым құрған 

арнайы қорларға жіберілетін соманы ұстап қалуға құқылы. Сыйақыны жинау, бөлу және төлеу 

бойынша өзінің нақты шығыстарын жабуға арналған сомалар жиналған сыйақының жалпы 

сомасының отыз пайызынан аспауға тиіс;

 

       3) жиналған сыйақы сомасын осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген сомаларды 



шегере отырып, туындылардың және сабақтас құқықтар объектілерінің нақты пайдаланылуына 

қарай барабар бөлуге және қазақстандық авторлық және сабақтас құқықтарды иеленушілерге – 

тоқсанына кемінде бір рет және осындай құқықтарды басқаратын шетелдік ұйымдарға жылына 

кемінде бір рет төлеп отыруға міндетті. Бұл ретте ұйым осы ұйым жасасқан лицензиялық 

шарттарға және сыйақы төлеу туралы шарттарына сәйкес сыйақы алуға құқығы бар құқық 

иеленушілерді белгілеу бойынша шаралар қолдануға, оның ішінде мүліктік құқықтарды 

ұжымдық негізде басқаратын басқа да ұйымдардан, Қазақстан Республикасының бүкіл 

аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарынан алынған ақпаратты осы мақсат үшін 

пайдалануға міндетті

 

       4) құқық иеленушілер туралы, оған басқаруға берілген құқықтар туралы, сондай-ақ 



авторлық және сабақтас құқықтар объектілері туралы мәліметтер қамтылған тізілімдерді 

қалыптастыруға міндетті. Заңға сәйкес құқық иеленушінің келісімінсіз жария етуге 

болмайтын мәліметтерді қоспағанда, мұндай тізілімдерде қамтылған мәліметтер барлық 



мүдделі тұлғаларға ұсынылады; 

 

       5) мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымдардың қызметі туралы 



пайдаланушыларды хабардар ету мақсатында интернет-ресурс құруға; 

 

       6) авторлық немесе сабақтас құқықтар объектісінің атауын, автордың немесе өзге 



құқық иеленушінің есімін қоса алғанда, өзіне басқаруға берілген құқықтар туралы 

ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға; 

 

      7) авторлық құқық және сабақтас құқықтар объектілерін пайдаланғаны үшін сыйақы 



жинау, бөлу және төлеу функцияларын жүзеге асыратын жер-жерлердегі өкілдерінің бар 

екендігі туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыруға;

 

      8) уәкілетті органға жіберілетін есептерді Қазақстан Республикасының бүкіл 



аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің интернет-ресурсында жария 

етуге;


 

      9) пайдаланушылармен жасалған лицензиялық шарттар туралы ақпаратты өзінің 

интернет-ресурсында орналастыруға міндетті.

 

      2. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйымға осы Заңның 45-бабының 4) 



тармақшасында көзделген сыйақы жинауға қатысты өкілеттіктерді бермеген авторлық және 

сабақтас құқықтар иелері одан жүргізілген бөлуге сәйкес өздеріне тиесілі сыйақыны 

төлеуді, сондай-ақ осы ұйым пайдаланушыларға беретін рұқсаттардан өзінің туындылары мен 

сабақтас құқықтар объектілерін шығарып тастауды талап етуге құқылы.

 

      Авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіден тиісті хабарламаны алған 



күннен бастап үш ай өткеннен кейін мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым 

олар көрсеткен құқықтарды және (немесе) объектілерді барлық пайдаланушылармен жасалған 

лицензиялық шарттардан алып тастауға және бұл жөніндегі ақпаратты Қазақстан 

Республикасының бүкіл аумағында таратылатын бұқаралық ақпарат құралдарында, өзінің 

интернет-ресурсында орналастыруға міндетті. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде 

басқаратын ұйым авторлық және (немесе) сабақтас құқықтарды иеленушіге бұрын жасалған 

лицензиялық шарттарға сәйкес пайдаланушылардан алынған, оған тиесілі сыйақыны төлеуге 

және оған есеп беруге міндетті.

 

      


Ескерту. 46-бап жаңа редакцияда - ҚР 2009.07.10 

№ 179-IV


 Заңымен, өзгерістер 

енгізілді - ҚР 2012.01.12 

№ 537-IV

 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк он 

күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi); 07.04.2015 

№ 300-V


 (алғашқы ресми жарияланған 

күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Заңдарымен.

 

      


46-1-бап. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын

 

                ұйымдарды аккредиттеу 



 

      1. Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-

тармағында көзделген ұжымдық басқару салаларындағы қызметті жүзеге асыруға уәкілетті 

органда аккредиттеу туралы куәлік алуға құқылы. 

 

      2. Аккредиттеу осы Заңның 43-бабының 3-тармағында көзделген салалардың әрқайсысы 



бойынша бөлек жүргізіледі. 

 

      Мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын ұйым осы Заңның 43-бабының 3-



тармағында көрсетілген ұжымдық басқарудың бір, екі және одан да көп салаларында қызметті 

жүзеге асыруға аккредиттеу туралы куәлікті алуы мүмкін. Мүліктік құқықтарды ұжымдық 

негізде басқаратын ұйымды аккредиттеу туралы куәліктің нысанын уәкілетті 

орган белгілейді. 

 

       Аккредиттеу туралы куәлікті алған мүліктік құқықтарды ұжымдық негізде басқаратын 



ұйым құқықтарды басқару туралы шарттар жасасқан құқық иеленушілердің құқықтарын 

басқарумен қатар мұндай шарттар жасаспаған құқық иеленушілер үшін де сыйақы жинауды 

жүзеге асыруға құқылы. 

 

      



Ескерту. 46-1-баппен толықтырылды - ҚР-ның 2009.07.10. 

№ 179-IV 

Заңымен. 

 



жүктеу 0,52 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау