6. Автор қайтыс болғаннан кейiн отыз жыл iшiнде бiрiншi рет жарыққа шығарылған
туындыға авторлық құқық туынды жарыққа шыққаннан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан
есептегенде ол жарыққа шыққаннан кейiн жетпiс жыл бойы күшiн сақтайды.
7. Егер автор қуғын-сүргiнге ұшырап, қайтыс болғаннан кейiн ақталса, онда құқық
қорғаудың осы бапта көзделген мерзiмi ақталған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан
бастап күшiне енедi.
8. Осы бапта көзделген мерзiм сол мерзiмнiң басталуы үшiн негiз болып табылатын
заңды факт болған жылдан кейiнгi жылдың бiрiншi қаңтарынан есептеле бастайды.
9. Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шарттарға сәйкес туындыға қорғау
берiлген кезде, осы Заңның 5-бабының 4-тармағына сай авторлық құқықтың қолданылу
мерзiмiн туындының шыққан елінде белгiленген мерзiмнен асыруға болмайды.
Осы бапта көзделген мерзiмдер мерзiмнiң өтуiнiң басталуына негiз болып табылатын
заңдық факт осы Заң қолданысқа енгiзiлгенге дейiнгi жетпiс жылдан әрi емес мерзiмде орын
алған барлық жағдайларда қолданылады.
Ескерту. 28-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№ 586
,
2005.11.22.
№ 90
(қолданысқа енгізілу тәртібін
2-баптан
қараңыз), 2009.07.10.
№ 179-
IV
Заңдарымен.
29-бап. Туындылардың қоғамдық игiлiкке айналуы
1. Туындыға авторлық құқықтың қолданылу мерзiмiнiң бiтуi олардың қоғамдық игiлiкке
айналғандығын бiлдiредi.
2.
(алып тасталды)
3. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды кез-келген адам авторлық сыйақы
төлемей еркiн пайдалана алады. Бұл орайда авторлық құқық, автор есiмiнiң құқығы мен оның
беделiн қорғау құқығы сақталуға тиiс.
4. Қоғамдық игiлiкке айналған туындыларды пайдаланушылар авторлардың
шығармашылық қызметiне ықпал ету, олардың материалдық-тұрмыстық жағдайларын жақсарту
мақсатында авторлардың кәсiби қорына немесе авторлардың мүлiктiк құқықтарын ұжымдық
негiзде басқаратын ұйымдарға қаржы аударуға ерiктi.
Ескерту. 29-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№
586
Заңымен.
30-бап. Авторлық құқықтың ауысуы
1. Авторлық құқық шарт бойынша және мұра ретiнде берiледi.
2. Авторлық құқық мұрагерлiк тәртiбiмен заң бойынша немесе өсиет бойынша ауысады.
3. Автордың осы Заңның 15-бабында көзделген мүлiктiк емес жеке құқықтары
мұрагерлiк бойынша ауыспайды. Автордың мұрагерлерi мүлiктiк емес жеке құқықтарын
қорғауды жүзеге асыруға құқылы. Мұрагерлердiң аталған заңды құқықтарының мерзiмi
шектелмейдi.
4. Өсиет орындаушыны тағайындайтын тәртiп бойынша автор өзiнiң мүлiктiк емес жеке
құқықтарын қорғауды жүктейтiн адамды көрсетуге құқылы. Мұндай адам өз өкiлеттiгiн өмiр
бойы атқарады. Автордың мұндай нұсқауы болмаған жағдайда автор қайтыс болғаннан кейiн
оның мүлiктiк емес жеке құқықтарын қорғауды оның мұрагерлерi, егер мұрагерлерi болмаса
немесе олардың авторлық құқығы тоқтатылған болса, Қазақстан Республикасының мұндай
қорғауды жүзеге асыратын уәкiлдiк берiлген органы атқарады.
31-бап. Мүлiктiк құқықтың берiлуi. Авторлық шарт
1. Автордың осы Заңның 16-бабында аталған мүлiктiк құқықтары толық немесе iшiнара
берiлуi, сондай-ақ айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша немесе айрықша
емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт бойынша пайдалану үшiн берiлуi мүмкiн.
Мүлiктiк құқықтарды қалай да болсын басқаға беру автордың және мүлiктiк құқықтар
берiлетiн адамның қолы қойылатын жазбаша шартпен ресiмделуге тиiс.
2. Айрықша құқықтарды беру туралы авторлық шарт осы құқықтар берiлген адамға
ғана туындыны белгiлi бiр әдiспен және шартта белгiленген шекте пайдалануға рұқсат етедi
және мұндай адамға басқа адамдардың туындыны осылайша пайдалануына тыйым салу құқығын
бередi. Егер айрықша құқықтар берiлген адам бұл құқықты қорғауды жүзеге асырмаса, басқа
адамдарға туындыны пайдалануға тыйым салу құқығын туындының авторы жүзеге асыра алады.
3. Айрықша емес құқықтарды беру туралы авторлық шарт пайдаланушыға осындай
құқықты берген айрықша құқық иесiмен және (немесе) осы туындыны сондай әдiспен
пайдалануға рұқсат алған басқа адамдармен туындыны тең жағдайда пайдалануға рұқсат
етедi.
4. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер шартта тiкелей өзгеше
көзделмесе, айрықша емес құқықтар деп есептеледi.
Ескерту. 31-бапқа өзгеріс енгізілді - Қазақстан Республикасының 2004.07.09.
№
586
Заңымен.
32-бап. Авторлық шарттың талаптары мен нысаны
Ескерту. 32-баптың тақырыбы жаңа редакцияда - ҚР 07.04.2015 № 300-V Заңымен
(алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа
енгізіледі).
1. Авторлық шартта:
1) туындыны пайдалану әдiстерi (осы шарт бойынша берiлетiн нақты құқықтар);
2) құқық берiлетiн мерзiм мен аумақ;
3) сыйақы мөлшерi және (немесе) туындыны пайдаланудың әрбiр әдiсi үшiн сыйақы
мөлшерiн белгiлеу тәртiбi, оны төлеудiң тәртiбi мен мерзiмi, сондай-ақ тараптар осы шарт
үшiн маңызды деп есептейтiн басқа да жағдайлар көзделуге тиiс.
2. Авторлық шартта құқықтың берiлу мерзiмi туралы ереже болмаған жағдайда, егер
пайдаланушыға бұл жөнiнде шарттың бұзылуына дейiн үш ай бұрын жазбаша хабарланған болса,
автор шартты ол жасалған күннен бастап бiр жыл өткен соң бұза алады.
3. Авторлық шартта құқық берiлетiн аумақ туралы ереже болмаған жағдайда шарт
бойынша берiлетiн құқықтың қолданылуы Қазақстан Республикасының аумағымен шектеледi.
4. Туындыны пайдалануға авторлық шарт бойынша тiкелей берiлмеген құқықтар
берiлмедi деп саналады.
5. Шарт жасалған кезде белгiсiз болған туындыны пайдалану құқықтары авторлық
шарт мәселесi бола алмайды.
6. Сыйақы туындыны тиiсiнше пайдалану әдiсiне сәйкес түсетiн табыс процентi
түрiнде авторлық шартта немесе, егер мұны туындының сипатынан немесе оны пайдалану
ерекшелiктерiне байланысты жүзеге асыру мүмкiн болмаса, шартта көрсетiлген сома түрiнде
не басқаша түрде белгiленедi.
7. Авторлық шарт бойынша берiлген құқықтар, егер ол тек шартта тiкелей көзделген
болса, басқа адамдарға түгелдей немесе iшiнара берiлуi мүмкiн.
8. Осы Заңның 14 және 33-баптарында көзделген жағдайларды қоспағанда, автордың
болашақта жасайтын туындыларын пайдалану құқықтары авторлық шарт мәселесi бола алмайды.
9. Автордың болашақта белгiлi бiр тақырыпта немесе белгiлi бiр салада туынды
жасауына шек қоятын авторлық шарт ережесi жарамсыз болып табылады.
10. Осы Заң ережелерiне қайшы келетiн авторлық шарт ережелерi жарамсыз болып
табылады.
11. Авторлық шарт жазбаша түрде жасалуға тиiс. Туындыны мерзiмдi баспасөзде
пайдалану туралы авторлық шарт ауызша түрде жасалуы мүмкiн.
12. Электрондық нысанда жасалған туындылардың, соның iшiнде ЭЕМ-ге және деректер
базасына арналған бағдарламаның даналарын сату кезiнде, сондай-ақ көпшiлiк
пайдаланушыларға оны пайдалануға рұқсат беру кезiнде оларға Қазақстан
Республикасының заңдарында белгiленген өзге де шарт нысандары мен оларды жасасу тәртiбiн
қолдануға болады.
13. Авторлық шартта көрсетiлген мiндеттердi орындамаған немесе тиiсiнше
орындамаған тарап екiншi тарапқа келтiрiлген залалды, соның iшiнде алынбаған пайдасын