Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай



жүктеу 0,97 Mb.
Дата07.02.2020
өлшемі0,97 Mb.
#28531
  • Қазақстан Республикасындағы экологиялық жағдай
  •  
  •  
  • Адамзат жаһандық проблемалардың ауыр жүгін арқалап, XXI ғасырға қадам басты, олардың шешімі әлеуметтік прогресс және адамзаттың өркениетінің аман қалуына тәуелді болып тұр. Ол мәселелердің қатарындағы ең өткірі экологиялық проблема болып табылады. Адамзат үшін атомдық және химиялық әлемде өмір сүру неғұрлым қолайлы болуда, бірақ радиация, қоршаған ортаның улы қосылыстармен ластануы, химиялық қарулардың әлеуетті қаупі адамдардың денсаулығы мен өміріне қауіп төндіретін қосымша мәселелердің пайда болуына әкелді.
  • Экологиялық проблемалардың барлық түрлері тең дәрежеде Қазақстанның алдында да тұр. Алайда біздің елімізде жағдайды күрделілендіретін мәселе – Қазақстанның ұзақ уақыт бойы ядролық қаруларды сынаудың базасы болып табылуы. Қазақстандағы қазіргі экологиялық жағдайдың нашарлауы тұрғындардың өміріне қауіп төндіруде. Әскери полигондардағы сынақтарды, өнеркәсіптік кәсіпорындарды пайдаланып болған соң, улы өнеркәсіптік заттарды тонналап қоршаған ортаға тастауынан, ал ауыл шаруашылығы арам шөптер мен құрт-құмырсқаларды жою үшін улы химиялық заттарды пайдалануынан Республика аумағының төрттен бір бөлігі өмір сүруге жарамсыз. Жердің шөлге айналу салдарынан жайылымдардың тең жартысы пайдалануға келмейді, суармалы жердің 75% сортаң жерлерге айналған. Жекелеген аудандарда адамдардың орташа өмір сүру ұзақтылығы дамыған елдерге қарағанда 15-20 жылға қысқарды.
  • Бүгінгі күнде Қазақстанда ғылыми зерттеу жұмыстарының көбі қоршаған ортаны қорғау саласына ерекше назар аударуда. 2007 жылы 9 қаңтарда ҚР Экологиялық кодексі қабылданды.

Семей полигоны

  • Еліміздің тарихындағы ең қайғылы парақтардың бірі - Семей ядролық сынақ полигонының өмірге келуі Алғашқы атомдық жарылыс дауысы 1949 жылы тамыздың 29-ы, таңғы сағат 7-де естілді. . Семей ядролық полигоны ауданында 450-ден астам жер үсті және жер асты ядролық сынақтарының өткізілуі нәтижесінде атмосфераға, гидросфераға және литосфераға өте үлкен мөлшерде радиоактивті материалдар шығарылды

Ядролық сынақтар

  • Семей ядролық полигонындағы сынақтардың жалпы саны 456 ядролық және термоядролық жарылысты құрады. Олардың 116-сы ашық болды, яғни жер бетіндегі немесе әуе кеңістігінде жасалды. Семей полигонында әуеде және жер бетінде сынақтан өткізілген ядролық зарядтардың жалпы қуаты 1945 жылы Хиросимаға тасталған атом бомбасының қуатынан 2,5 мың есе көп болды.

Каспий теңізі

  • Каспий теңізінің алып жатқан географиялық орнына байланысты (шөл зонасы) еліміздің шаруашылық саласында атқаратын маңызы өте зор. Сонымен қатар сол маңдағы шөлді алапқа ылғал әкелуші су айдыны ретінде де үлкен рөлі бар. Солтүстігіне құятын Еділ өзенінде бөгендердің салынуы, мұнай кәсіпшілігінің өркендеуі теңіздің экологиялық жағдайын нашарлатты. Соңғы жылдары бұл аймақ мұнай мен газды өндірудің маңызды экономикалық ауданына айналды. Теңіз деңгейінің көтерілуіне байланысты бұл аймақ табиғи апат жағдайына ұшырады. Табиғи қорларын игеруде де, бұл аудандағы табиғат компоненттерінің өзгеруіне байланысты мынадай проблемалар туындауда:
  • экологиялық апатты аймаққа жататындықтан, негізгі әрекет етуші Капустин Яр, Азғыр полигонының ұзақ уақыт бойы жұмыс істеуіне байланысты тұрғын халықтардың денсаулығының күрт нашарлауы;
  • мұнай мен газдың өндірілуіне байланысты тіршілік дүниесінің өзгеруі, балықтардың (бекіре) қырылуы, уылдырық шашатын көксерке балықтарының кеміп кетуі;
  • осы теңізге ғана тән (эндемикалық) итбалықтың мезгіл-мезгіл қырылуы;
  • аңызақ жерлердің шаруашылыққа тигізетін кері әсері (жел эрозиясы).

АРАЛ ТЕңізі

  • Бұл проблеманың тууына себепші болған - адам әрекеті. Ұзақ жылдар бойы Аралға құятын ірі өзендер Әмудария мен Сырдарияның суын теңізге жеткізбей, түгелдей дерлік егістіктерді (мақта, күріш) суландыруға пайдаланылып келді. Буланушылық дәрежесі жоғары болатын шөл зонасында орналасқан теңіз суының көбірек булануы оның тартылуына әкеп соқты. Қазіргі кезде Арал теңізі екі су айдынына Үлкен және Кіші теңізге бөлінген. Арал теңізіндегі суы тартылған бөліктің ауданы 30 мың км² жетеді. Ғалымдардың есептеуі бойынша, теңіз табанынан атмосфераға жылына 200 млн тоннаға дейін тұзды шаң-тозаң ұшады. Теңіз суының шегінуінен оның жағалауындағы 800 гектар тоғай, жануарлар дүниесі жойылып, теңіз айналасы бұл күнде тіршілігі жоқ құмды, сортаң жарамсыз жерлерге айналды. Теңіз суының тартылуынан мұнда теңдесі жоқ Барсакелмес қорығы жойылды.
  • Экологиялық проблемаларды шешу тек мемлекеттің ісі ғана болуы мүмкін емес. Әрбір адамның бойында осыған деген өз қатысын, елінің экологиялық болашағы үшін азамат ретіндегі оның жауапкершілігі туралы түсінігін қалыптастыру қажет. Сондықтан студенттерге экологиялық тәрбие беруді отаншылдық тәрбие берудің құрамдас бір бөлігі ретінде қарастыруға болады.
  • НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА РАХМЕТ!!!

жүктеу 0,97 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау