«Балапан» бағдарламасы әзірленді. 2010-2014 жылдарда бағдарламаны іске асыру шараларын қаржыландыру көлемі 216 283,5 млн. теңгені құрайды.
Бағдарламаның мақсаты - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту ұйымдарында сапалы қызмет көрсету бойынша халықтың сұранысын қанағаттандыру.
Қазақстанда қойылған мақсаттарға жету үшін мектепке дейінгі ұйымдардың ғимараттарына арналған бюджеттік және бюджеттен тыс қаржыға салынған, сатып алынған және коммуналды меншікке берілген, мектепке дейінгі ұйымдарды жөндеу және қайта құру арқылы мектепке дейінгі ұйымдарға 300 мыңнан астам орын енгізу жоспарлануда.
2011 жылы республикада 7 591 мектепке дейінгі мекеме жұмыс істейді (2010 ж.- 6446 бірлік), оларда 538,5 мың бала тәрбиеленеді (2010 ж. - 446,4 мың).
3-6 жастағы балалардың қамтылуы 65,4%-ды (2010 ж. - 55%) құрайды. Мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың жоғарғы көрсеткіштері Қарағанды (97,1%), Қостанай (93,1%), Шығыс Қазақстан облыстарында (92,3%).
Мектепке дейінгі мекемелермен қамтудың төмен көрсеткіштері Оңтүстік Қазақстан (35,4%), Алматы (46,8%) облыстарында байқалады, бұл демографиялық және көші-қон үрдістеріне байланысты мектепке дейінгі жастағы (1-6 жас) балалар санының өсуінен туындайды.
«Балапан» бағдарламасын іске асыру шеңберінде 2010 жылмен салыстырғанда жүйе 1 145 бірлікке көбейді (330 балабақша, 815 шағын орталықтар). Жүйенің өсуі:
-53 балабақша (11,9 мың орын) құрылысы;
-815 шағын орталықтың (36,9 мың орын) және 102 жекеменшік балабақшаның (10,7 мың орын) ашылуы;
-бұрын жекеменшіктендірілген 175 балабақшаның қайтарылуы, тұрғын үйлердің 1-қабаттарында ашылуы, мектепке дейінгі мекемелерді ашуға жарамды коммуналды меншікті бөлек орналасқан ғимараттарды босату, жалға алынған, басқа ғимараттар мен бөлмелерді беру (32,4 мың орын) есебінен қамтамасыз етілді.
«Балапан» бағдарламасы аясында республикалық бюджет қаражатынан жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастару жекеменшік балабақшалардың желісін 102 бірлікке немесе 22,7%-ға арттыруға мүмкіндік берді және олардың саны 449 бірлікті құрады.
Жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдардың ашылуы Оңтүстік Қазақстан (15), Қызылорда (16), Алматы (22) облыстарында және Алматы қаласында (31) тиісті деңгейде шешілуде.
Мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған балалар үлесі 2015 жылға қарай 74 пайызды, 2020 жылға қарай 100 пайызды құрайтын болады.
Бұл ретте, 5-6 жастағы барлық балалар білім беру ұйымдарында мектепалды дайындықпен қамтылмақ.
Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға білім беруді дамытудың мемлекеттік бағдарламасында мектепке дейінгі тәрбиеге үлкен назар аударылады.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға арналған мемлекеттік бюджет шығындарының үлесі соңғы жылдар ішінде жалпы ішкі өнімнің (одан әрі - ЖІӨ) шамамен 0,1%-ын құрайды. Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымының (одан әрі – ЭЫДҰ) мүшесі болып табылатын елдерде - ЖІӨ-ден 1%-дан 2%-ға дейін.
Мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға мемлекеттік шығыстар жыл сайын артуда.
Қазіргі уақытта мектепке дейінгі тәрбие және оқытуға шығыстардың үлесі 2007 жылмен салыстырғанда екі есеге таяу өсті және білім беруге жалпы шығыстардан 7,9%-ды құрады.
Орта білім беру
2011-2012 оқу жылында Білім және ғылым министрлігінің мәліметі бойынша республикамызда:
-7 465 күндізгі мемлекеттік жалпы білім беретін мектеп;
-84 кешкі мектеп;
-112 мемлекеттік емес мектеп;
-2 008 әртүрлі пәндерді тереңдетіп оқытатын мектептер, оның ішінде 147 гимназия мен 76 лицей жұмыс істейді.
Республикада оқытылуы 3 тілде жүргізілетін 33 мектеп бар.
Күндізгі жалпы білім беретін мектептердің 2011-2012 оқу жылында түрлері бойынша тарату
№
|
Облыстар атауы
|
Оның ішінде:
|
Барлығы
|
Бастауыш мектептер
|
Негізгі мектептер
|
Орта мектептер
|
1
|
Ақмола
|
637
|
101
|
161
|
375
|
2
|
Ақтөбе
|
449
|
65
|
93
|
291
|
3
|
Алматы
|
738
|
69
|
51
|
618
|
4
|
Атырау
|
197
|
13
|
15
|
169
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
718
|
83
|
127
|
508
|
6
|
Жамбыл
|
456
|
65
|
40
|
351
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
415
|
95
|
71
|
249
|
8
|
Қарағанды
|
564
|
63
|
90
|
411
|
9
|
Қостанай
|
582
|
112
|
127
|
343
|
10
|
Қызылорда
|
291
|
17
|
27
|
247
|
11
|
Маңғыстау
|
122
|
11
|
4
|
107
|
12
|
Павлодар
|
416
|
55
|
72
|
289
|
13
|
Солтүстік Қазақстан
|
601
|
115
|
138
|
348
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан
|
1017
|
125
|
112
|
780
|
15
|
Астана қ.
|
69
|
3
|
0
|
66
|
16
|
Алматы қ.
|
180
|
0
|
2
|
178
|
|
Республикалық ұйымдар
|
7
|
0
|
0
|
7
|
|
ҰЗМ
|
6
|
0
|
0
|
6
|
|
Барлығы__7465__992__1130__5_343'>Барлығы
|
7465
|
992
|
1130
|
5 343
|
Күндізгі жалпы білім беретін мектеп оқушыларын 2011-2012 оқу жылында түрлері бойынша тарату
№
|
Облыстар атауы
|
Оның ішінде:
|
Барлығы
|
Бастауыш мектептер
|
Негізгі мектептер
|
Орта мектептер
|
1
|
Ақмола
|
105 301
|
1 403
|
8 064
|
95 834
|
2
|
Ақтөбе
|
114 487
|
1 019
|
5 435
|
108 033
|
3
|
Алматы
|
293 669
|
1 765
|
4 108
|
287 796
|
4
|
Атырау
|
93 550
|
385
|
1 765
|
91 400
|
5
|
Шығыс Қазақстан
|
171 263
|
1 834
|
6 376
|
163 053
|
6
|
Жамбыл
|
180 501
|
1 938
|
5 045
|
173 518
|
7
|
Батыс Қазақстан
|
88 660
|
1 019
|
3 972
|
83 669
|
8
|
Қарағанды
|
171 856
|
685
|
5 505
|
165 666
|
9
|
Қостанай
|
101 377
|
3 180
|
7 049
|
91 148
|
10
|
Қызылорда
|
126 405
|
167
|
1 885
|
124 353
|
11
|
Маңғыстау
|
93 338
|
2 952
|
804
|
89 582
|
12
|
Павлодар
|
89 504
|
629
|
2 684
|
86 191
|
13
|
Солтүстік Қазақстан
|
75 515
|
1 016
|
6 127
|
68 372
|
14
|
Оңтүстік Қазақстан
|
530 147
|
7 764
|
23 619
|
498 764
|
15
|
Астана қ.
|
76 591
|
715
|
0
|
75 876
|
16
|
Алматы қ.
|
159311
|
0
|
532
|
158 779
|
|
Республикалық ұйымдар
|
3 550
|
0
|
0
|
3 550
|
|
ҰЗМ
|
4 019
|
0
|
0
|
4 019
|
|
Барлығы
|
2 479 044
|
26 471
|
82 970
|
2 369 603
|
Адам дамуының индексі (АДИ)
ЮНЕСКО-ның барлығы үшін білім беру мониторингі жөніндегі жыл сайынғы баяндамасының мәліметтері бойынша Қазақстан Білім беруді дамыту индексі бойынша (БДИ) көшбасшы елдердің алдыңғы төрттігінде.
Достарыңызбен бөлісу: |