142
құқықтары жөніндегі уәкілді атына келіп түсетін азаматтардың шағымдары
куәландырады.
Кең ауқымды резонансты Теміртау қаласындағы балабақшада болған
оқиғасы бар бейнежазба тудырды. Бейнежазбада аталмыш мекеменің
қызметкері күш көрсету арқылы баланы ұйқыға жатқызуға тырысқан еді.
Аталмыш материал отандық БАҚ-та ғана емес, Ресей Федерациясының орталық
телевидениесінің эфирінде де жария болды.
Өкінішке орай, осындай қайғылы оқиға қалыптасқан тенденцияның
жаппай таралуын көрсетіп отыр, бұл жайлы бірқатар басқа да фактілер
куәландырады.
Мәселен, 2018 жылдың тамызында Павлодар облысының Ақсу
қаласындағы балабақшаның бейнетаспасы 23 жастағы тәрбиешінің баланы
ұрып соғуы фактісін түсіріп алды. Ол өзі баланы шапалақпен, аяқпен ұрып қана
қоймай, сондай ақ өзінің ұлы мен басқа тәрбиеленушілердің зардап шеккен
балаға қатысты осындай әрекеттерін де мадақтаған еді.
Сондай ақ таяуда Астана қаласындағы «Асыл» № 78 балабақшасында
қадағалау камерасы түсіріп алған бейнежазба әлеуметтік желілерде пайда
болды. Мұнда тәрбиеші аяқтарын айқастырып, арқаларын түзулеп, балаларды
бірқалыпты отырғызып, олардан тыныштық сақтауды талап еткен еді.
Тыңдамаған жағдайда ол балалардың басынан, арқасынан сызғышпен ұру
арқылы жазалаған еді.
Басқа бейнежазба Алматы қаласындағы «Симба» балабақшасының
тәрбиешілері кішкентай тәрбиеленушілерін тамақ жеуге зорлықпен мәжбүрлеп
жатқаны туралы еді.
Балаларға күш көрсетіп, оларды қорлау фактілері сондай-ақ орта
мектептерде де байқалады.
Қоғамның наразылығын Алматы қаласында нашар қамтылған
отбасылардан шыққан балаларға арналған мектеп-интернаттағы мұғалімнің
оқушыларға қатысты қол жұмсау туралы БАҚ пен әлеуметтік желілерде
таралып кеткен бейнежазба тудырды.
Басқа оқиға Ақтөбе қаласында орын алды: гимназияның кәмелетке
толмағандардың істері жөніндегі инспекторы профилактикалық әңгімелесу
кезінде жоғары класс оқушысына күш көрсетті.
Жоғарыда көрсетілген оқиғалар балаларға қатысты зорлық-зомбылық
проблемасының таралып кетуін ғана емес, осы заңсыз әрекеттерді
жасайтындардың жазасыздығын көрсетеді.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі Қазақстандағы БҰҰ
Балалар қорымен (ЮНИСЕФ) бірлесіп балалық проблемалар мәселелері
жөнінде бірқатар кешенді зерттеулер өткізген еді.
Аталмыш жоба нәтижелері 66,3 % бала балаларға арналған мекемелерді
зорлық-зомбылыққа тап болатынын, зорлық-зомбылықтың куәсі, құрбаны
немесе себепкері болатынын айқындады, бұл ретте 23 % сауалнамаға қатысқан
балаға күш жұмсалған, 27 % - мұғалімдер тарапынан зардап шеккен еді.
143
Зерттеулердің нәтижелері мен қорытындылары ҚР Білім және ғылым
министрлігіне жолданған еді. Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің жыл сайынғы
есептерінде балалардың құқықтарын сақтау мәселесін талдауға жеке тарау
арналған. Алайда уәкілетті орган көрсетілген ұсынымдар мен үндеулерге тиісті
назар аударылмай келуде.
Жалпы білім беру мекемелеріндегі балаларға қатысты өрескел қарым-
қатынас фактілерінің кең ауқымды географиялық және мезгілдік мазмұны
жүйелі проблемалардың бар болуын және оларды шешу бойынша тиімді
шаралардың жоқтығын айқындайды.
Аталмыш мәнмәтінде заңнама заралып отырған әрекеттер үшін
жауапкершілікті көздемейді. Бұл белгілі дәрежеде қалыптасқан жағдайды
түсіндіріп
отыр.
Балабақшалардың
әкімшілігі
көп
жағдайда
еш
жауапкершілікке тартылмай, өз қызметін бұрынғы режимде жалғастыра береді.
Жоғарыда көрсетілген оқиғалардың орын алуының бірден бір себебі
уәкілетті органның тарапынан балаларға арналған мекемелерге қатысты тиісті
бақылау жүргізбеуі деп білінеді, себебі барлық жағымсыз фактілер олармен
емес, азаматтардың шағымдары арқасында белгілі болды.
Президенттің Жолдауында балабақшалар қызметкерлеріне біліктілік
талаптарын қайта қарау туралы айтылған тапсырмасы өте маңызды және
уақытылы.
Жоғарыда баяндалғанға байланысты, мектепке дейінгі білім беру
саласында қызмет ету кезінде лицензиялауды алып тастаудың жөнділігін терең
мәнін түсініп, талдауды қажет етеді.
Көрсетілген лицензиялауды жойған нормативтік құқықтық актілерді
қабылдау бизнестің аталмыш түрін ынталандырғаны сөзсіз. Алайда қалыптасып
жатқан тенденцияға байланысты қоғам үшін зардаптар әрине одан жоғары.
Тәрбиелеу мен білім беру мекемелерінде балаларға қатысты күш көрсету
мен психологиялық зорлық зомбылық фактілерін алдын алу мақсатында
жұмысқа қабылдау кезінде кадрларды мұқият іріктеу, сондай ақ ықтимал
үміткерлерде кәсіби білімінің болуы мен олардың психологиялық
орнықтылығына тест өтуін тексеру қажет деп санаймыз. Бұл мекемелер
қызметінің ашықтығын қамтамасыз ету мақсатында мониторинг жасауда
үкіметтің емес ұйымдар мен азаматтық қоғамның өкілдерін тарту жөнді деп
санаймыз.
Баяндалғанды
назарға
ала
отырып,
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 19.09.2002 жылғы № 947 Жарлығымен бекітілген Адам
құқықтары жөніндегі уәкілдің 19-тармағын басшылыққа ала отырып, Сізден
аталмыш хатта көтеріліп отырған мәселелерді қарап, оларды шешуге
ықпалдасуды сұраймын.
Құрметпен,
ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкіл
А. Шәкіров
Достарыңызбен бөлісу: |