115
Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту
туралы Ережесіне (2012 жылғы 26 маусымдағы № 856 ҚР Үкіметінің қаулысы)
(бұдан әрі – Ереже) 2017 жылғы енгізілген өзгерістерге сәйкес санитарлық-
эпидеомиологиялық талаптарға сай келмейтін тұрғын үйде отбасы тұрып
жатқан жағдайда, оларға санитарлық-эпидеомиологиялық қорытынды беру
тәртібі анықталған.
Оған сәйкес өтініш беруші есепке тұру үшін:
-
отбасы
тұратын
тұрғын
үй
белгіленген
санитариялық-
эпидемиологиялық талаптарға сай келмеген жағдайда, санитариялық-
эпидемиологиялық қызмет ұйымы жүргізген санитариялық-эпидемиологиялық
сараптаманың
нәтижелері
бойынша
халықтың
санитариялық-
эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы уәкілетті органның аумақтық
бөлімшесі
берген
санитариялық-эпидемиологиялық
қорытындының
түпнұсқасын
- отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген техникалық талаптарға сай
келмеген жағдайда, сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы
аттестатталған сарапшының техникалық қорытындысының (тұрғын үйді
техникалық зерттеп-тексеру нәтижелері бойынша) түпнұсқасын қосымша
ұсынады;
Жергілікті атқарушы органдар өз жұмысында Ережеге 2017 жылы енген
өзгерістерді басшылыққа алуы қажет, түсіндірме жұмыстары мақсатында
ағымдағы жылғы 27 сәуірде Министрлікпен жергілікті атқарушы органдарға
жоғарыда аталған Ережені қолдану бойынша қосымша хат жолданды.
Қазақстан
Республикасының
Премьер-Министрі
Б.Ә. Сағынтаевқа
Құрметті Бақытжан Әбдірұлы!
Ү.ж. сәуірінде Омбудсмен мекемесі ҚР Үкіметінің атына азаматтардың
тұрғын үйге берілетін құқықтарын қамтамасыз етудің жекелеген мәселелері
жөнінде үндеу хат жолдаған еді (2018 жылғы 10 сәуірдегі № 01/261-И), бұл
мәселе Экономикалық, әлеуметтік және мәдени құқықтары туралы
халықаралық пактін орындау туралы екінші кезеңдік баяндаманы Қазақстанның
БҰҰ тиісті Комитетінде алдағы уақытта қорғауы аясында ерекше өзектілікке
ие.
Аталмыш хатта Үкіметтің ұсынған жауабы (2018 жылғы 5 мамырдағы №
04-1-22/Д-1614//17-11/985-И)
көтерілген мәселелер бойынша ақпаратты
қамтымаған еді, осыған орай құқық қорғау мекемесі оларды анағұрлым пәнді
қарау туралы өтінішімен қайтадан жүгінді. Алайда, кезекті жауап (2018 жылғы
116
27 шілдедегі № 04-1-22/26917-И) нысаны жағынан да, мазмұны жағынан да
алаңдатушылық білдіріп отырған азаматтардың мүдделерін қанағаттандыра
алмайды.
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана»
атағын алған көп балалы аналардың мемлекеттік тұрғын үй қорынан бірінші
кезекті тәртіпте тұрғын үй алу құқығын іске асыруға қатысты.
Қолданыстағы заңнамамен жоғары көрсетілген санаттағы аналар үшін
нақты әлеуметтік кепілдіктер көзделген. Атап айтқанда, «Мемлекеттік
наградалар туралы» 1995 жылғы 12 желтоқсандағы ҚР Заңының 36-бабына
сәйкес аналар белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй алаңымен бірінші
кезекте қамтамасыз етіледі.
Ал «Тұрғын үй қатынастары» 1997 жылғы 16 сәуірдегі ҚР Заңының 74-
бабына сәйкес бұл құқық тек Ұлы Отан соғысының мүгедектері мен
қатысушылары, сондай-ақ жетiм балалар, ата-анасының қамқорлығынсыз
қалған балалар үшін ғана көзделген.
«Алтын алқа» алқасымен наградталған немесе бұрын «Батыр ана» атағын
алған көп балалы аналар «көп балалы отбасы» санатына қосылған. Сол
себептен, тұрғын үйге мұқтаж есебіне тұру туралы өтінішін 1997 жылғы
16 сәуірден кейін бергендер, бірінші кезекте тұрғын үйді алуға құқығынан
айырылған.
Үкіметтің ұсынған жауаптарында біздің тиісті сұрату хатымыз бойынша
Астана қ. прокуратурасы растаған құқықтық қайшылықтар тудырған мәселені
шешу бойынша негізделген ұстаным жоқ.
Осылайша, Үкіметтің бізге берген жауаптар екі дәлелді қамтиды:
1.
«Көп балалы отбасы» санатына мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғын үй алудың бірінші кезекті құқығы жөнсіз деп саналады, себебі басқа
санаттағы азаматтардың коммуналдық тұрғын үй алуға ұзақ уақыт бойы ала
алмауына әкеледі, ал бұл кезекте тұрғандардың арасында әлеуметтік
теңсіздікке әкеледі. Аталмыш ұстаным, Омбудсмен мекемесінің пікірі
бойынша, құқықтық бағалауға қатысы жоқ және қойылған сұраққа нақты
жауап бермейді.
2.
«Құқықтық актілер туралы» ҚР Заңының 12-б. 3-т. сәйкес бір
деңгейдегі нормативтік құқықтық актілердің нормаларында қайшылықтар
болған кезде қолданысқа кешірек енгізілген акт нормалары қолданылады.
Түсіндірушілік жұмыс пен тиісті құқықтық тетіктің болмауынан ұлттық
құқық қорғау мекемесіне «Алтын алқа» алқасымен наградталған, 1997 жылы
қабылданған жоғарыда аталған Заңның әрекетке енгеннен кейін мемлекеттік
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтажда есебіне қойылған көп балалы
аналардың шағымдары келіп түсуде.
Қалыптасқан жағдай осы санаттағы көп балалы аналардың тұрғын үйді
бірінші кезекте алу құқығын іске асыруда екі ұштылығын тудыруда, себебі
жергілікті атқарушы органдардың осындай құқықты беруден бас тартуымен
келіспеуін білдіре отырып, олар «Мемлекеттік наградалар туралы» 1995 жылғы
117
12 желтоқсандағы ҚР Заңында олардың мүдделерін қорғайтын ережелерді
басшылыққа алып отыр.
Аталмыш мәселе бойынша сот шешімдері көрсетілген санаттағы көп
балалы
аналардың
талаптарының
негізділігі
бар
екендігі
туралы
кәландыратынын атап өткен жөн. Осылайша, Астана қаласы сотының
азаматтық істері бойынша сот алқасының 2017 жылғы 6 қаңтардағы
қаулысымен С.Б. Макатоваға «Мемлекеттік наградалар туралы» ҚР Заңына
сәйкес көп балалы ана ретінде тұрғын үйді алуға оның басымды құқығын
есепке ала отырып, оған тұрғын үйдің берілмеуі бойынша Астана қаласы
әкімдігінің әрекеттері заңсыз деп танылды (тұрғын үйге мұқтаждардың
тізімінде 2013 жылғы 22 ақпанынан бастап тұр). Сот С.Б. Макатованың заңды
мүдделері пайдасына құқық бұзушылықтарын жоюды белгіледі.
ҚР Жоғарғы Сотының азаматтық істері жөніндегі сот алқасының 2017
жылғы 27 ақпандағы қаулысымен Астана қаласының әкімдігінің аталған сот
қаулысын қайта қарау талабынан бас тартылды. Осындай шешімдер ел
аумағында жалғыз емес болар.
Бұл жайттар аталмыш санаттағы көп балалы аналар уәкілетті мемлекеттік
органдарда мәселенің шешімін таба алмай, «Мемлекеттік наградалар туралы»
ҚР Заңында бекітілген тұрғын үй құқығын қорғау үшін сотқа жүгінуге мәжбүр
екенін кәуландырады. Бұл Мемлекет басшысының халыққа мемлекеттік қызмет
көрсетудің сапасын арттыру мен сот органдарындағы жүктемелікті азайту
туралы тапсырмаларына қарама-қайшы болып тұр.
Осылайша, қалыптасқан жағдай мемлекеттік тұрғын үй қорынан
халықтың әлеуметтік осал топтарына тұрғын үйді бірінші кезекті беру кезінде
біркелкі амалын белгілеуде заңнамалық реттеу қажет екенін көрсетеді.
Тұрып
жатқан
тұрғынжайы
белгіленген
санитариялық-
эпидемиологиялық және техникалық талаптарға сай келмейтін азаматтарды
есепке тұрғызу туралы
«Тұрғын үй қатынастары туралы» ҚР Заңының 69-бабына сәйкес,
тұрақты пайдалануында коммуналдық тұрғын үй қорынан берілген
тұрғынжайы жоқ Қазақстан Республикасының азаматтары өздерінің тұрып
жатқан тұрғынжайы белгіленген санитариялық-эпидемиологиялық және
техникалық талаптарға сай келмесе мемлекеттік тұрғын үй қорынан
тұрғынжайға мұқтаж деп танылады.
Көрсетілген нақты заңнамалық норма бола тұрса да, ұзақ уақыт бойы оны
іске асырудың тетігі болмады. Осындай жағдайға байланысты, Омбудсменнің
мекемесі ҚР Инвестициялар және даму министрлігімен бірлесіп көрсетілген
кемсітушіліктерді толықтыру бойынша жұмыс жасады. Жасалған жұмыс
нәтижесінде 2017 жылғы 17 ақпанда ҚР Үкіметінің қаулысымен мемлекеттік
тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті
атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының
азаматтарын есепке қою қағидаларына өзгерістер енгізілді (ҚР Үкіметінің 2012
жылғы 26 маусымдағы қаулысымен бекітілген).
Достарыңызбен бөлісу: |