106
оқу сәтті өтті. Қазіргі уақытта бұл заң жобасын ҚР Парламент Сенаты қарап
жатыр.
2019 жылы Қазақстан адам құқықтары саласындағы жағдайды жақсарту
және БҰҰ Әмбебап мерзімдік шолуының үшінші кезеңі шеңберінде
халықаралық міндеттерін орындау бойынша мемлекет қабылдаған шаралар
туралы баяндама жасайды.
Қазіргі кезеңде Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл мекемесі азаматтық,
саяси, экономикалық және әлеуметтік құқықтардың барлық спектрі бойынша
адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау және ынталандыру
бойынша жұмысын жалғастырады.
Қорытындылай келе, Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл Парламент
депутаттарына, Конституциялық Кеңеске, Жоғарғы Сотқа, Бас прокуратураға,
Үкіметке және мемлекеттік органдарға, сондай-ақ халықаралық және үкіметтік
емес ұйымдарға адам мен азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғау
бойынша бірлескен қызметке қосқан үлесі үшін алғыс білдіреді.
107
Қосымша
1. Үндеу хаттар
Қазақстан Республикасының
Президенті
Н.Ә. Назарбаевқа
Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!
Қолданыстағы заңнаманың талаптарына сәйкес Сіздің назарыңызға 2017
жылға арналған Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі
уәкіл мекемесінің қызметі туралы Есепті ұсынып отырмын.
Есеп беру кезеңінде Қазақстанда құқық қорғау мәнмәтінінде үлкен
маңызға ие бірқатар маңызды оқиғалар орын алды.
Конституциялық реформа, соның ішінде Адам құқықтары жөніндегі
уәкілге конституциялық мәртебе берген реформа елдің құқықтық жүйесінде
оның рөлін айтарлықтай нығайтып, оның мандатын іске асыру үшін анағұрлым
кең ауқымды мүмкіндіктер берді.
2017 жылы Омбудсменнің мекемесі жеке және заңды тұлғалардан 1474
жеке және ұжымдық өтініштерді қарады, барлығы 2147 адам біздің атымызға
жүгінді.
Мемлекеттік органдардағы тиіссіз әкімшілендіруге қатысты шағымдар
санының азаюы өздеріне назар аударуда, бұл белгілі бір жағдайда мемлекеттік
баскқару саласында институттьқ реформаларды іске асырумен байланысты.
Сонымен бірге, өткен жылмен салыстырғанда құқық қорғау
органдарының, соттардың қызметіне, сондай-ақ әлеуметтік, еңбек және тұрғын
уй құқықтарының бұзылуына қатысты арыздардың айтарлықтай өсуін атап
өткен жөн.
Өткен жылдардағыдай, арыздардың ең үлкен тобы құқық қорғау
органдарының, соның ішінде пенитенциарлық мекемелері қызметкерлерінің іс-
әрекеттеріне және әрекетсіздігіне (38,2%) тиесілі. Аталмыш мәнмәтінде
азаптаулар мен қатыгездік қарым-қатынасты қолдануға қатысты шағымдардың
өсуін атап өткен жөн (2016 жылғы 7,3% -дан 2017 жылы 11,9% -ға дейін), бұл
соның ішінде ұлттық ұлттық алдын алу тетігінің (ҰАТ) қызметі аясында
ашықтылықтың кең өріс алуымен түсіндіріледі.
Азаматтардың сот шешімдерімен келіспеуі туралы арыздарының өсу
тенденциясы сақталуда (23,6%).
Омбудсмен мекемесінің 2017 жылы жүргізген мониторингтік қызметі
әлеуметтік мекемелерге: балалар үйіне, психоневрологиялық диспансерлерге,
қарттар үйлеріне, дағдарыс орталықтарына баруға бағытталды.
108
Жұмыстың осы компоненті сондай-ақ ҰАТ аясында нығайтылды, бұл
500-ден астам алдын ала болулардың нәтижесінде мандатпен басқарылатын
мекемелерге азаматтардың бұзылған құқықтарын қалпына келтіру бойынша
қажетті шаралар қабылдауға мүмкіндік береді.
216 балалар институционалдық мекемелерін қосу арқылы ҰАТ
мандатын кеңейтуді көздейтін заң жобасы бірінші оқылымда ҚР Парламенті
Мәжілісінде мақұлданды.
Жалпы, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің мекемесі арыздарды қарау
барысында 20,7 % жағжайжа азаматтардың құқықтарының бұзылуын анықтап,
құқықтарын қалпына келтіре алады.
Есепті жыл ішінде Омбудсмен кең қоғамдық резонанс тудырған барлық
дерлік құқық қорғау мәселелері бойынша өз ұстанымын жаппай жариялаған
еді.
Осыған байланысты Омбудсменнің ұсынымдарына мемлекеттік
органдардың тиісті және уақытылы жауап беруінің тұрақты тенденциясын атап
өту қажет.
Жоғарыда аталғандарға көрнекі мысал ретінде 2017 жылдың қаңтарында
Омбудсменнің тұрғылықты мекен-жай бойынша азаматтардың уақытша
тіркеудің болмағаны үшін айыппұлдарды өндіріп алуды 3,5 айга кейінге
қалдырып өтпелі бір кезеңді енгізу туралы ұсынысымен Үкіметтің келіскені
болды.
Премьер-Министрге балалардың құқықтарын қорғаудың екі өзекті
мәселелері бойынша ұсынымтар жіберілді.
Мәселелердің бірі интернет желісінде таратылған ойындар үшін
кәмелетке толмағандар арасында өзін-өзі өлтіру оқиғаларына қатысты
балаларды теріс ақпараттық ортадан қорғауға байланысты болды.
Омбудсменнің нақты ұсыныстары, атап айтқанда интернет–контентті жас
бойынша жіктеуді және олардың провайдерлері мен құқық иеленушілеріне
тиісті жауапкершілікті енгізу бойынша ұсыныстары Балалардың денсаулығы
мен дамуына зиян келтіретін ақпараттан оларды қорғау мәселелері бойынша ҚР
Заң жобасын пысықтау кезінде өз көрінісін тапты.
Тағы бір маңызды мәселе балалар үйлерін жаппай жауып және балаларды
отбасыларға орналастырудың балама түрлерімен ауыстыру (асырап алу,
патронат, қамқоршылық) мәселесі болды. Жалпы аталмыш үрдісті қолдай
отырып, алайда патронаттыққа немесе қамқорлыққа берілген баланың әрбір
төртіншісі, әдетте балалар үйіне қайта оралып, екінші қайтара жетімдікті бастан
кешіруіне байланысты үдерісті жылдампау ұсынылды.
Қоғамдық резонансты тудырған мектеп түлектері арасында мемлекеттік
бiлiм беру гранттарының дұрыс таратылмауы ҚР Білім және ғылым
министрінің атына үндеу жолдаудың мәні болды. Ведомстволық нормативтік
құқықтық актілерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес келтіру аталған
гранттарын беру үдерісінің ашықтығын қамтамасыз ету ұсынысы белгілі
деңгейде мүдделі мемлекеттік органдар әрекеттерінің үйлестірілмегендігінің
салдарын жоюға мүмкіндік берді.
Достарыңызбен бөлісу: |