«Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 016 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы наурыздағы №205 Жарлығы (Paragraph)


Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту



жүктеу 1,31 Mb.
бет4/6
Дата27.01.2018
өлшемі1,31 Mb.
#7977
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6

Мектепке дейінгі тәрбие және оқыту

 

Мақсаты: Мектепке дейінгі сапалы тәрбие мен оқытуға тең қол жеткізуді қамтамасыз ету.



Нысаналы индикатор: Жаңартылған мазмұн бойынша мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтылған 3-6 жастағы балалардың үлесі

Міндеттер:

1. Мектепке дейінгі ұйымдардың педагог кадрларының сапалық құрамын жақсарту және педагог кәсібінің беделін көтеру

2020 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдардағы мамандандырылған жоғары және техникалық және кәсіптік білімі бар педагогтердің үлесін 50 %-ға дейін арттыру жоспарлануда.

Бұл көрсеткішке жету үшін «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту» мамандығы бойынша ЖОО-лар мен колледждерде педагог кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыс жыл сайын ұлғаятын болады (2015 жылы колледждерге 1 805 грант, ЖОО-ларға 295 грант бөлінді, 2019 жылы колледждерге 2 200 грантқа, ЖОО-ларға 350 грантқа дейін бөлінеді).

Сондай-ақ 2019 жылдан бастап мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі үшін педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға көшу жоспарлануда.

Жыл сайын мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы 7000-ға жуық педагог бюджет қаражаты есебінен біліктілікті арттыру курстарынан өтетін болады. Сонымен қатар мектепке дейінгі ұйымдардың педагогтері жыл сайын бюджеттен тыс қаражат есебінен біліктіліктерін арттырады.

2. Демографиялық жағдайды ескере отырып, мектепке дейінгі ұйымдардың желісін ұлғайту

Мектепке дейінгі ұйымдар демографиялық жағдайды ескере отырып, халықтың сұранысын қанағаттандыруға бағытталған сандық, сондай-ақ сапалық жағынан да дамиды.

2020 жылға қарай 186,3 мың жаңа орын (2016 жылы - 47,4 мың;

2017 жылы - 41,9 мың; 2018 жылы - 44,6 мың; 2019 жылы - 52,4 мың) ашылады, бұл балаларды, оның ішінде тұрмысы төмен отбасылардан шыққан балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамту көрсеткішін арттыруға мүмкіндік береді.

Бұл орындар жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктері есебінен жұмыс күні қысқа шағын орталықтарды біртіндеп толық жұмыс  күніне ауыстыру арқылы жұмыс күні толық мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту есебінен қамтамасыз етіледі.

МЖӘ-нің артықшылығы туралы белсенді және мақсатқа бағытталған жұмыс пен мемлекеттік тапсырысты орналастыру жекеше мектепке дейінгі ұйымдар желісінің айтарлықтай өсуін қамтамасыз етеді.

Тұрғын үй кешендерінің 1-қабаттарында орналасатын, оның ішінде МЖӘ есебінен мектепке дейінгі ұйымдарды салу және пайдалану бойынша жаңа үлгілік жобалар дамиды.

Психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттерінің саны 135 бірліктен 263 бірлікке өседі.

3. Балаларды мектепке сапалы дайындауға бағдарланған мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту мазмұнын жаңарту

2016 жылдан бастап 1 жастан 3 жасқа дейінгі балаларды ерте жастан дамытуды ескере отырып әзірленген мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жаңартылған МЖС, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың жалпы білім беретін үлгілік бағдарламасы және мектепалды даярлықтың білім беру бағдарламасы енгізілетін болады.

2017 жылдан бастап барлық мектепке дейінгі тәрбие және оқыту ұйымдарында қазақ, орыс және ағылшын тілдері оқытылатын көптілді білім беру бағдарламасының элементтері кезең-кезеңімен енгізілетін болады.

2017 жылға қарай мектепке дейінгі ұйымдарда балалардың білігі мен дағдысының дамуын қадағалайтын индикаторлар жүйесі әзірленеді және енгізіледі.

Диагностика оқу жылының басында, ортасында және соңында (бастапқы, аралық және қорытынды бақылау) жүргізіледі, нәтижелері «Бақылау парағына» толтырылатын болады. Алынған деректер негізінде баланың жеке даму картасы толтырылады.

Оқу-әдістемелік кешендер (бұдан әрі - ОӘК), оның ішінде білім беру қажеттіліктері ерекше балалар үшін кемістіктердің 8 түрі бойынша арнайы бағдарламалар әзірлеу және енгізу жұмыстары жалғастырылады.

2019 - 2020 оқу жылынан бастап 6 жастағы балалардың мектепалды даярлығы 12 жылдық мектептің 1-сыныбына ауыстырылады.

2017 жылдан бастап бюджеттен тыс қаражат есебінен «Отбасы.kz» порталы арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды күту мен дамыту бойынша ата-аналарды қашықтан оқыту тетігі сынақтан өткізіледі және енгізіледі (жыл сайын әр өңірде мектепке дейінгі ұйымдарға бармайтын 1-6 жастағы балалардың ата-анасы кемінде 2 мың).

4. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың менеджментін және даму мониторингін жетілдіру

Мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне бақылауды күшейтуге және мектепке дейінгі білім беру саласы субъектілерінің жауапкершілігін арттыруға бағытталған мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында қызметті бастау және тоқтату туралы хабарлама тәртібі одан әрі жетілдіріледі.

Жыл сайын мектепке дейінгі ұйымдардың 20 %-ы ұсынылатын білім беру қызметтерінің мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартының талаптарына сәйкестігін бақылау мақсатында мемлекеттік аттестаттау рәсімінен өтеді.

Қазақстан Республикасын әлеуметтік дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасына сәйкес білім жетістіктерін бағалау жүйесін жетілдіру жұмысы жалғастырылады.

Жыл сайын мектепке дейінгі білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы оқудан өтетін менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады. Біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламаларына білім берудің жаңа парадигмасы жағдайында көшбасшылық қасиеттерді дамыту бойынша басқарудың инновациялық нысандары енгізілетін болады.

Мектепке дейінгі ұйымдар тәрбиеленушілерінің бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

 

 



Орта білім

 

Мақсаты: сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру.



Нысаналы индикаторлар:

1) НЗМ тәжірибесі бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына өткен мектептердің үлесі (2016 жылы - 1-сынып; 2017 жылы - 2, 5, 7-сыныптар; 2018 жылы - 3, 6, 8, 10-сыныптар; 2019 жылы - 4, 9, 11, 12-сыныптар);

2) үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» оқушылардың үлесі (оқыту сапасы).

Міндеттер:

1. Педагог кәсібінің беделін және олардың сапалық құрамын арттыру

Педагогтерге қойылатын талаптарды күшейту шаралары қарастырылуда. Өздігінен білім алу және өзін-өзі жетілдіру педагог портфолиосында көрінетін педагог қызметінің ажырамас бөлігіне айналады.

Бірінші және жоғары санаттарды алу үшін жағдай жасау мақсатында педагогтердің біліктілік деңгейіне қойылатын талаптар қайта қаралатын болады.

Біліктілікті арттыру курстары білім беру саласындағы уәкілетті орган бекіткен білім беру бағдарламалары бойынша, оның ішінде 2019 жылдан бастап қашықтықтан оқыту технологиясын пайдалана отырып жүргізілетін болады.

Өткізілген біліктілікті арттыру курстарының сапасын талдау, сондай-ақ олардың тиімділігін айқындау үшін 2016 жылы педагогтердің біліктілігін арттыру курстарының тиімділігін бағалау бойынша мониторингтік зерттеу жүргізілетін болады.

2019 жылдан бастап педагог кадрларды тәуелсіз сертификаттауға дайындық және оған көшу мәселесі пысықталатын болады.

Жыл сайын менеджмент саласында біліктілікті арттыру курстарынан орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы өтетін болады.

Қазақстандық мұғалімдер TALIS зерттеулеріне қатысады, оның нәтижелері бойынша еліміздегі мұғалімдер корпусының сапалық құрамын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірленетін болады.

Педагогтің кәсіптік стандарты әзірленеді және педагогикалық мамандықтарға қабылдаудың тетіктері қайта қаралатын болады.

Жаңартылған білім беруге көшуді ескере отырып, жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламаларының мазмұны жаңғыртылады.

2017-2018 оқу жылынан бастап жаратылыстану-математикалық бағыттағы 4 педагогикалық мамандық бойынша педагог кадрлар даярлауды жүзеге асыратын 15 базалық жоғары оқу орнында жоғары оқу орындарына арналған білім беру бағдарламаларын, оқулықтар мен ОӘК әзірлеу арқылы ағылшынша оқытуға көшу жүзеге асырылатын болады.

Мектептер үшін мұғалімдерді іріктеу кезінде «білім беру магистрі» дәрежесі бар мамандар кеңінен тартылатын болады.

Мектеп педагогтерін кәсіби жағынан дамыту біліктілікті арттырудың деңгейлік курстарының бағдарламаларын жаңғырту шеңберінде жалғастырылатын болады.

2. Орта білім берудің инфрақұрылымдық дамуын қамтамасыз ету.

Авариялық жағдайдағы мектептердің орнына мектеп салу, сондай-ақ үш ауысымды мектептерді жою республикалық және жергілікті бюджеттер есебінен ғана емес, сонымен қатар МЖӘ тетігі арқылы да жүзеге асырылатын болады. Бұл 2020 жылға қарай авариялық және үш ауысымды мектептерді толық жоюға мүмкіндік береді.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен мектептерді пәндік кабинеттермен жарақтандыру жалғастырылатын болады.

Мектептегі білім беруді ақпараттандыру ақпараттық технологияларды оқытуға одан әрі енгізу шеңберінде МЖӘ тетігі арқылы жүзеге асырылатын болады.

Тұрғылықты жеріне (қала немесе ауыл) қарамастан, білім алушылардың деңгейлері, сондай-ақ білім берудің барлық деңгейлеріндегі оқытушылар арасындағы деңгейлер теңестірілетін болады. Білім беру процесін жаңғырту жылдамдығы айтарлықтай артады.

ЭЫДҰ стандарттарын енгізумен білім беру жүйесін халықаралық интеграциялау жұмыстары жалғастырылатын болады.

2020 жылға қарай Қазақстан Республикасының заңнамасында айқындалған балалардың жекелеген санаттарындағы оқушылар дәруменденді тегін ыстық тамақпен толық қамтылатын болады.

Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды инклюзивті ортада қолдау қамтамасыз етіледі.

Психологиялық-педагогикалық түзеу кабинеттерінің желісі

2019 жылы 137 бірліктен 220 бірлікке және психологиялық-медициналық-педагогикалық консультациялар 57 бірліктен 85 бірлікке дейін кеңейтіледі.

Орта білім беру ұйымдарында психологиялық-педагогикалық консилиумдар жұмыс істейтін болады.

3. Орта білім берудің мазмұнын жаңарту.

2016 жылы негізгі орта және жалпы орта білім берудің МЖС бекітілетін болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнының стандарты жиынтығы функционалдық сауаттылықты қамтамасыз ететін дағдылардың кең спектрін дамыту бойынша үздік халықаралық тәжірибеге бағытталатын болады.

Оқу бағдарламалары жаңа технологияларды, ғылыми инновацияларды, математикалық модельдеуді дамытуға бағытталған STEM-элементтерді (ғылым) қамтитын болады.

Білім беру деңгейлері бойынша оқулықтар мазмұнының сабақтастығын қамтамасыз етуге бірыңғай әдіснамалық тәсілдеме әзірленетін болады.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу жеке график бойынша жүзеге асырылатын болады.

12 жылдық білім беру оқушының жұмысын, оның жетістіктерін бағалауға мүмкіндік беретін күтілетін нәтижелерге негізделетін болады. Күтілетін нәтижелерді тұжырымдау оқушылардың оқу жетістіктерін объективті түрде бағалауға, жеке қабілетін ескере отырып әрбір оқушыны дамытудың жеке траекториясын айқындауға мүмкіндік береді, сондай-ақ олардың оқудағы білігі пен дағдыларын дамыту үшін ынтасын арттырады, білім беру процесінің сапасын жақсартады.

Жалпы білім беретін мектептерде 5 күндік оқу аптасын енгізу мәселесі пысықталатын болады.

«Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып, жаңа Негізгі және жоғары мектептің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары бойынша білім берудің оқу бағдарламалары әзірленетін болады.

«Қазақстандық бірегейлік» элективті курсы әзірленеді және жалпы білім беретін мектептер мен ЖОО-ның оқу процесіне енгізіледі.

Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу схемасына сәйкес білім алушыларды, педагогтерді және білім беру ұйымдарын өлшемшартпен бағалау жүйесіне көшу жүзеге асырылатын болады.

Білім беру саясаты оқыту сапасындағы өңірлік сәйкессіздіктерді  азайтуға бағытталатын болады.

2017 жылдан бастап Дүниежүзілік банк қарызы шеңберінде мектептегі білім берудің сапасын арттыруды және теңсіздікті азайтуды қолдау бойынша «Қазақстан Республикасында орта білімді жаңғырту» жобасы іске асырыла бастайды. Жоба 12 жылдық білім беруге көшуді қолдауды, оның ішінде мектептердің материалдық-техникалық базасын жақсартуды, базалық оқулыққа, оқулықтар сапасын көп деңгейлі сараптауға қойылатын талаптарды әзірлеуді, оқулықтар сапасын бағалау саласындағы сарапшылар біліктілігін арттыруды, орта білім берудің жаңа мазмұнының әлемдік озық білім беру жүйелері деңгейіне сәйкестігін мониторингтеуді және бағалауды енгізуді көздейді.

2017-2018 оқу жылында 5-сыныптан бастап үш тілде білім беруді кезең-кезеңімен енгізу басталады.

Қазақстан мектептерінде үш тілде білім беруді дамыту дарынды балаларға арналған 33 экспериментті мектептің, 20 НЗМ-нің және 30 қазақ-түрік лицейінің тәжірибесі бойынша жүзеге асырылады.

Оқыту технологиясының жаңа сапаға жетуін, заманауи оқу-әдістемелік және ғылыми-педагогикалық базаның дамуын қамтамасыз ететін Үш тілде оқытудың бірыңғай тілдік стандартына сәйкес тілдік пәндер бойынша отандық оқулықтар мен ОӘК әзірленетін болады.

Мектептің жоғары ыныптары үшін төрт пән бойынша (информатика, физика, химия және биология) шетелдік оқулықтар мен ағылшын тіліндегі ОӘК бейімделетін болады.

ЖМЦ-ның төрт пәнін ағылшын тілінде оқытатын педагог кадрларға және үштілділікті енгізуге деген қажеттілік:

1) білім беру ұйымдарында оқытуға тарту тетігі арқылы «Болашақ» бағдарламасы түлектерінің;

2) жоғары оқу орындарында және колледждерде мұғалімдерді мақсатты даярлау;

3) физика, химия, биология және информатика пәндерін ағылшын тілінде оқыту әдістемесі бойынша мектеп мұғалімдерінің біліктілігін арттыру;

4) студенттермен алмасу және волонтерлерді тарту бағдарламасы есебінен шешілетін болады.

Үш тілде білім беруді оқу және ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету CEFR негізінде (2016 - 2017 жылдар) тілді деңгейлеп оқыту (қазақ, орыс, ағылшын) бағдарламаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу шеңберінде жүзеге асырылатын болады.

Педагогикалық жоғары оқу орындарында НЗМ-нің педагогтердің тілдік құзыреттіліктерін дамыту бойынша кадрлар даярлау сапасына және студенттердің IELTS-ты 6.5 балдан кем емес тапсыруға талаптарды күшейту тәжірибесін енгізу тетігі қарастырылатын болады.

5-11-сынып оқушылары үшін жазғы тіл мектебін ұйымдастыру мәселесі пысықталатын болады.

2018 жылдан бастап, жергілікті атқарушы органдардың мүмкіндіктеріне қарай, пилоттық режимде ағылшын тілінде оқытатын сыныптар ашылатын болады.

ШЖМ проблемаларын шешу үшін балаларды мектепке және мектептен үйге дейін тасымалдауды ұйымдастыру жұмысы жалғасатын болады.

Тірек мектептерді (ресурстық орталықтарды) құру жұмыстары жалғастырылады. 2020 жылға қарай олардың саны 200 бірлікке дейін жеткізілетін болады. Сонымен қатар кеңжолақты интернетке қосу арқылы қашықтан оқытуды қамтамасыз ету және Интернетке қол жеткізілмеген, шалғайда орналасқан мектептер үшін электрондық контентті әзірлеу мәселелері пысықталатын болады.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына ашық білім беру ресурстары мен технологияларға тең қолжетімділік қамтамасыз етіледі, желілік өзара іс-қимыл жасау үшін жағдай жасалатын болады.

Мектептер базалық стандартқа сәйкес МЖӘ-ні тарту арқылы техникалық инфрақұрылыммен жарақтандырылатын болады.

Оқушы Интернетке шығуға болатын кез келген жерден цифрлы білім беру ресурстарының кең спектріне қол жеткізу мүмкіндігіне ие болады. Әрбір оқушы оқу қарқынын өзі белгілеп, оқыту процесін дербестендіруді қамтамасыз ету есебінен сабақтың уақыты мен мұғалімге тәуелді болмайды. Негізгі мектептен бастап кемінде екі пән онлайн ресурстарды қолдана отырып жүргізілетін болады.

Дүниежүзілік банктің орта білім беруді жаңғырту бойынша жобасы шеңберінде оқушылардың білім беру жетістіктерін тестілеу стандарттары әзірленеді, ұлттық емтихандар мен мониторингтік зерттеулер жетілдірілетін болады.

Білім беру қажеттіліктері еркеше балаларды оқыту үшін оқулықтар мен ОӘК, сондай-ақ көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтар мен ОӘК әзірленіп, бейімделетін болады.

ЖАО арнайы білім беру ұйымдары мен сыныптарды көзі көрмейтін балалар үшін рельефті-нүктелік қаріпті (Брайль қарпі) және нашар көретін балалар үшін үлкейтілген қаріпті оқулықтармен және ОӘК-мен қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жүзеге асыратын болады.

Орта білімді жаңғырту жобасы шеңберінде бағалау жүйесін жетілдіру мақсатында Дүниежүзілік банкпен бірлесіп, 2020 жылға қарай:

1) білім алушылардың ұлттық емтихандары мен оқу жетістіктерін мониторингтік зерттеулердің рәсімдері жетілдіріледі;

2) оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жетілдіріледі;

3) тест стандарттары әзірленеді;

4) білім алушылардың дағдылары мен білігін, құзыреттілігінің кең спектрін тексеру үшін тест тапсырмаларының базасы құрылады.

Қазақстан TIMSS, PIRLS, РІSА халықаралық зерттеулеріне қатысуды жалғастырады.

ҰБТ-ның қолданыстағы форматын жетілдіру мақсатында ҰБТ рәсімін мектепте қорытынды аттестаттауға және жоғары оқу орнында түсу емтихандарына бөлу, одан әрі оқуға деген қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, ағылшын тілін меңгергендігін, сондай-ақ базалық құзыреттілігін (функционалдық сауаттылық) айқындауға бағытталған тестерді пайдалануды кеңейту көзделеді.

4. Мектеп оқушыларының бойында «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының рухани-адамгершілік құндылықтарын және салауатты өмір салты мәдениетін қалыптастыру.

Адамгершілігі жоғары азаматты және өз Отанының патриотын тәрбиелеу «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясының құндылықтарын ескере отырып жүзеге асырылатын болады.

НЗМ-нің патриоттық тәрбиеге, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды дарытуға бағытталған «Шаңырақ» әлеуметтік жобасының тәжірибесі таратылатын болады.

Тұлғаның шығармашылық құзыреттіліктегі, үздіксіз білім мен тәрбиедегі, өзін-өзі кәсіби тұрғыдан айқындауындағы бәсекелі басымдықтарын қалыптастыру мақсатында балаларға қосымша білім берудің мазмұны мынадай негізгі бағыттар бойынша жаңартылатын болады: көркем-эстетикалық, ғылыми-техникалық, экологиялық-биологиялық, туристік-өлкетану, әскери-патриоттық, әлеуметтік-педагогикалық, білім беру-сауықтыру және т.б.

Орта білім беру адамгершілік құндылықтарды, ұлттық-мәдени дәстүрлерді нығайтуға және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз етуге, сондай-ақ өз Отаны үшін жауапкершілік алуға қабілетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталатын болады. Құндылықты білім беру жағдайында мектеп патриоттыққа баулу және өз елінің адал азаматы етіп тәрбиелеуге ықпал ету арқылы Қазақстан халқын біріктіретін жалпыұлттық идеяларды іске асыруға үлес қосады.

Жалпыға міндетті стандарттар мен оқу бағдарламаларының барлығына тұлғаның рухани-адамгершілік және зияткерлік қасиетін қалыптастыруға ықпал ететін компоненттер енгізілетін болады.

Оқулықтар мен мектеп дәптерлерінің форзацтарында мәтіндер жариялауды қоса алғанда, қазақстандық құндылықтарды танымал етуге және насихаттауға бағытталған мектеп құралдарының талаптары әзірленеді және бекітіледі.

Қосымша білім беру педагогтерінің біліктіліктерін арттырудың білім беру бағдарламасы жетілдірілетін болады.

Қосымша білім беру ұйымдарының желісі жергілікті бюджет қаражаты және МЖӘ тетіктерін енгізу есебінен дамитын болады.

2020 жылға дейін МЖӘ шеңберінде қосымша білім беру жүйесі объектілерін ашу жұмыстары жандандырылады.

Бұдан басқа:

1) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін тұрғын үй құрылысы кезінде 1-қабаттан орынжайларды жоспарлау;

2) балалардың бос уақытын өткізу орталықтарының жұмыс істеуі үшін мектептерден бос орынжайлар беру есебінен желілерді дамыту жоспарлануда.

Жергілікті бюджет есебінен мектептегі спорт секцияларының желісі әрбір орта білім беру ұйымында мектептің спорт лигасын құру арқылы кеңейтілетін болады.

Тұрмысы төмен және көп балалы отбасылар балаларының, жетім балалардың, девиантты мінез-құлықты балалардың бұқаралық спорт түрлерімен айналысу үшін спорт объектілеріне қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ мәдениет және спорт ұйымдарына бару мақсатында жеңілдіктер (тегін абонементтер) (ЖАО, демеушілер, меценаттар есебінен) беру көзделетін болады.

Республиканың жалпы білім беретін мектептеріндегі үйірмелер мен секциялар санының өсуі қамтамасыз етілетін болады, бұл балаларды қосымша білім берумен қамтуды 70 %-ға дейін ұлғайтуға мүмкіндік береді. Бұл үшін үйірмелер жұмысына ата-аналар тартылатын болады.

Мектептер арасында тұрақты түрде спорттық жарыстар өткізу іске асырылатын болады.

ЖАО-ның мектептер мен қосымша білім беру ұйымдарының спорт залдарын заманауи жабдықтармен жарақтандыру жұмысы жандандырылатын болады.

«Жас қыран» (7-9 жас, 2-4 сыныптар) және «Жас ұлан» (9-16 жас, 5-9 сыныптар) болып екі буынға бөлінетін «Жас ұлан» бірыңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымының (бұдан әрі - ББЖҰ) теледидар, әлеуметтік жарнама, кино, концерт, бұқаралық акциялар, экскурсиялар, саяхаттар арқылы патриоттық, волонтерлік, азаматтық-құқықтық іс-шаралар өткізу жұмысы жандандырылатын болады.

2016-2020 жылдары «Жас ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері мен үйлестірушілерінің қауымдастығы құрылады және жұмыс істейді.

Жыл сайын «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның фандрайзинг (жобалар мен бағдарламаларды жүзеге асыру үшін қаражат іздеу және жинау) режимінде қаржы ресурстарын қалыптастыру бойынша іс-шаралары өткізілетін болады.

Жыл сайын:

1) біліктілігін және кәсіби дағдыларын арттыру мақсатында «Жас Ұлан» ББЖҰ-ның тәлімгерлері үшін слеттер, семинарлар, тренингтер;

2) «Көшбасшылар мектебі» балалар мен жасөспірімдер қозғалысының белсенділері үшін семинар-тренингтер мен мастер-кластар;

3) «Ұланымыз ұлы елдің» республикалық көшбасшылар форумын ұйымдастыруға қатысу үшін жоғары курс студенттері арасынан волонтерлер тартылатын болады.

Мектеп оқушылары ізгілік, еріктілік, әлеуметтік теңдік, конфессияаралық және этникалық толеранттылық және т.б. әлеуметтік акцияларға, оның ішінде медиаресурстарды пайдалана отырып тартылатын болады.

Мектеп оқушыларының бойында тамақтану мәдениетін қалыптастыру, оның ішінде теңгерімді пайдалы тамақты насихаттау және олардың табиғи және жаңа піскен өнімдерді тұтынуын қамтамасыз ету арқылы қалыптастыру жөнінде шаралар қабылданатын болады.

5. Орта білім беру менеджментін және даму мониторингін жетілдіру.

Нәтижеге бағытталған қаржыландыру орта білім берудегі мемлекеттік шығыстарды басқару саласындағы реформалардың құрамдас бөлігіне айналады.

2020 жылға дейін әрбір толық жинақты мектепте жан басына қаржыландыруды енгізу шеңберінде сынақтан өткен пилоттық мектептердің моделі бойынша қамқоршылық кеңестер құрылады.

2019 жылы сынақтан өткізудің оң қорытындысы бойынша барлық қалалық мектептерде жан басына қаржыландыруды енгізу процесі аяқталатын болады.

Облыстардың, Астана және Алматы қалаларының ЖАО өкілдерінің қатысуымен ата-аналар қауымдастығының алдында әрбір оқу тоқсанының қорытындысы бойынша (жылына 4 рет) онлайн режимінде қоғамдық тыңдаулар (ашық баяндамалар) жалғастырылады.

Жыл сайын жалпы орта білім беру ұйымдары басшыларының 20 %-ы оқытудан өтетін басқарудың инновациялық нысанын есепке ала отырып, менеджмент саласындағы біліктілікті арттыру курстарының білім беру бағдарламалары жаңартылатын болады.

Мектептерді аттестаттау ұсынылатын қызмет сапасының деңгейі бойынша орта білім беру ұйымдарын саралау жүйесін енгізу негізінде өткізілетін болады. Мектептер үлгілі, жақсы, жақсартуды талап ететін және төмен деген төрт деңгейден тұратын өлшемшарттар мен дескрипторлар (талаптар) бойынша бағаланатын болады.

Орта білім беру ұйымдарын оқыту сапасы мен нәтижелілікті арттыруға ынталандыру мақсатында табысты мектептерді ынталандыру жүйесін құру мәселесі пысықталатын болады.

Мектептегі білім беруді басқаруға мектептердегі қамқоршылық кеңестерді дамыту арқылы қалың жұртшылық тартылатын болады.

Мектептің өзін-өзі бағалау рәсімі жетілдірілетін болады. 2020 жылға қарай өзін-өзі бағалау мен мемлекеттік бақылау нәтижелері мектептердің 40 %-ында сәйкес келетін болады.

ЖАО-ның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды отбасына (қорғаншылыққа, қамқоршылыққа алу, патронат және асырап алу) орналастыру жұмыстары жандандырылатын болады.

Жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, арнайы ұйымдарда тәрбиеленетін балалардың үлесі балаларды отбасыларға беру бойынша кешенді шаралар есебінен азайтылатын болады.

 

 



жүктеу 1,31 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау