Қазақстан Республикасында бiлiм берудi дамытудың
2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын iске
асыру жөнiндегi 2011 - 2015 жылдарға арналған iс-шаралар
жоспарының орындалуы
«Балапан» бағдарламасының орындалуы
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 28 мамырдағы №488 «Балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және оқытумен қамтамасыз ету жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған «Балапан» бағдарламасын бекіту туралы» қаулысын іске асыру бағытында облыстағы мектепке дейінгі ұйымдарда бірқатар жұмыстар атқарылды.
Облыста 2010 жылдың 1 қазанында 293 мектепке дейінгі ұйымда 18607 бала тәрбиеленіп, 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы- 54,2 пайызды құраған болатын.
Мектепке дейінгі ұйым желісі 2010 жылдың 1 қазанынан бүгінгі күнге дейін 157–ге өсіп, соған сәйкес мектепке дейінгі ұйымға қамтылған бала саны 11128–ге өсті.
2012 жылы 1120 орындық 4 балабақша республикалық бюджет есебінен, 320 орындық 3 балабақша құрылысы облыстық бюджет есебінен салынды, қазіргі таңда 1-і іске қосылған.
Сондай-ақ балабақшалар желісі 52-ге, шағын орталық желісі 105-ке өсті. Ал жекеменшік балабақша саны 33- ке өсті.
Бүгінгі таңда облыс бойынша 450 мектепке дейінгі ұйым жұмыс жасайды, онда 29735 бала тәрбиеленуде. 450 мектепке дейінгі ұйымның 222 -і балабақша (140–мемлекеттік, 1-ведомствалық, 81-і жекеменшік), 228-і шағын орталық (221-і мемлекеттік, 7-і жекеменшік).
Облыстағы 1-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы 38,0 пайызды, ал 3-6 жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйымға қамтылуы 75,2 пайызды құрайды.
Жалпы білім беретін мектептер бойынша
Облыс бойынша жалпы білім беретін 290 (247 орта, 26 негізгі, 17 бастауыш) мектеп жұмыс жасайды. Оқыту тілі бойынша 259 қазақ тілінде, 4 орыс тілінде, 27 аралас тілде оқытатын мектеп бар
2011-2012 оқу жылында жалпы білім беретін мектептің саны 2-ге өсті.
2011 жылдың қаңтар айында Қазалы ауданындағы 1200 орындық №266 мектеп-лицейі жаңадан ашылды. Сонымен қатар Сырдария мөлтек ауданындағы №264 мектеп-лицей берілді.
2012 жылдың қаңтар айында Жаңақорған ауданындағы №110 мектеп 1200 орындық жаңа ғимаратқа кірді.
№110 мектеп «мектеп-лицей» атауын алып, 1 сыныптан ағылшын тілін оқытуды енгізіп, жаңа тұрпатта жұмыс жасайтын мектептер қатарын көбейтуде.
Жаңадан берілген мектептер инновациялық мектептер желісін көбейтіп, олардың саны 25-ке өсті. Облыс бойынша 17 мектеп-лицей, 8 мектеп-гимназия жұмыс жасайды.
Сонымен бірге мемлекеттік бағдарламаға сәйкес облыста физика-математикалық бағытта оқытатын сыныптар мен мектептер желісін ұлғайту, оқушыларды бейімдеу жұмыстары атқарылуда.
2012-2013 оқу жылында 37 мектепте 85 сынып комплектісінде 2053 бала 1 сыныптан ағылшын тілін оқуда. Алдағы уақытта барлық мектепте ерте жастан ағылшын тілін оқыту толық орындалатын болады.
2012 жылдың желтоқсан айында 500 орындық (500 орындық жатақханасымен) қазақ-түрік лицейі жаңадан берілді.
Лицейде IPAD технологиясын меңгеру, оқушыларға үйрету сыныбы ашылды.
Облыстағы шағын жинақталған мектептердің өзіндік проблемаларын шешу мақсатында тірек мектептерін (ресурстық орталықтар) ашу жоспарлануда.
Алдағы уақытта облыс бойынша 8 ресурстық орталық болатын болса, қазіргі таңда Қызылорда қаласындағы №187 мектеп базасын ресурстық орталыққа айналдыру жұмыстары ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар 2010-2011 оқу жылында 18 мектептің (14-і жергілікті бюджет, 4-і республикалық бюджет есебінен), 2011-2012 оқу жылында 11 мектептің құрылысы беріліп (3-і республикалық бюджеттен) апаттық жағдайдағы мектептер мен 3 ауысымда оқитын мектептердің қатарын азайтуда.
Қызылорда облысы бойынша шағын жинақталған мектептер жайлы мәлімет
Облыс бойынша барлығы: 36 шағын жинақталған мектептер бар. Оның ішінде 17 бастауыш мектеп, 15 негізгі мектеп, 4 орта мектеп және 1 девиантты мектептер тіркелген.
Қармақшы, Сырдария аудандарда шағын жинақталған мектептер жоқ. Шағын жинақталған 36 мектепте 1160 оқушыға 407 мұғалім білім береді. Барлық жинақталған шағын мектептер ауылдық жерлерде орналасқан.
2011 жылдың қараша айында «Білім беруді жаңарту жағдайында негізгі орта және шағын кешенді мектептердің проблемалары мен даму болашағы» тақырыбында облыстық форум өткізілді.
Форумда облыстағы шағын жинақталған және негізгі мектептер бойынша соңғы 3 жылдағы атқарылған жұмыстар мен білім сапасының көрсеткіштері талқыланып, талдау жасалып,ұсынымдар қабылданды.
Шағын жинақталған мектептердің проблемасын шешу мақсатында 8 ресурстық орталық ашу жөнінде жұмыстар ұйымдастыруда төмендегі проблемалар өз шешімін табу керек.
Проблемасы: Ресурстық мектептің материалдық-техникалық базасы ерекше бай, қасында жатақханасы бар, асханасы толық жабдықталған, оқушыларды тасымалдайтын автокөлігі болуы шарт. Ең өзекті мәселе мектеп базасын ресурстық орталық жасауға қаржы көзін қарастыру мәселесі туындайды.
Қызылорда облысы бойынша 12 жылдық білім беруге дайындық, жоспарлар
2015 жылы облыстағы 1,5,11 сыныптар бойынша жобамен 34000 мыңдай оқушы болады деп күтілуде. Шамамен жалпы оқушылардың 27 пайызын құрайтын болады.
Бұл сыныптар бойынша барлық мектептерде 12 жылдық білім беруге көшу жоспары кезең-кезеңімен орындалатын болады.
2015 жылы 12 жылдық білім берудің бірінші кезеңіне көшу барысында облыста стратегиялық жоспарға сәйкес аудандар мен Қызылорда қаласы бойынша 8 ресурстық орталық ашу жоспарланған. Алайда қажеттілікке қарай Қызылорда қаласындағы №187 орта мектеп базасында және Арал ауданындағы №262 мектеп-гимназияда, Қазалы ауданындағы №266 мектеп-лицейде, Жалағаш ауданындағы №202 мектепте, Шиелі ауданындағы №244 орта мектепте, Жаңақорған ауданындағы №110 мектеп-лицейде, Сырдария ауданындағы №35 мектеп-лицейде және Қармақшы ауданындағы №250 мектеп-лицейде «ресурстық орталықтар» ашу жұмысы ұйымдастырылуда.
Сонымен қатар облыс көлемінде 2015 жылға дейін 4, 2020 жылға дейін 29 барлығы 33 «Бейіндік мектеп» құрылысын жүргізу жоспарлануда.
Аудандар мен Қызылорда қалалық білім бөлімдерінің мәліметі бойынша 39 мектепке тасымалдау ұйымдастыруды қажет етеді. Осыған орай 39 «Мектеп автобусы» қажеттілігі бар.
Аудандар мен Қызылорда қаласының білім ұйымдары бойынша СЫЗБАЛЫҚ КАРТА жасалды. Әрбір аудан және Қызылорда қаласы бойынша қажеттіліктер («Бейіндік мектеп», ресурстық орталық, қажетті құрылыстар, мектеп жанындағы интернат, оқушыларды тасымалдау т.б.) көрсетіліп, ҚР Білім және ғылым министрлігіне ұсынылды.
41-тармақ бойынша: Бiлiм беру ұйымдарындағы қамқоршылық кеңестерiнiң жұмыс iстеуiн сынақтан өткiзу.
Қызылорда облысы бойынша 184 мектепте Қамқоршылық Кеңес Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2007 жылғы 22 қазандағы №501 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасынының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 12 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне №4995 болып енгізілген Қамқоршылық Кеңес қызметінің және оның сайлау тәртібінің үлгілік ережелеріне сәйкес құрылған, оның ішінде тек қана Арал ауданындағы 3 «Қамқоршылық кеңес» заңды тіркеуден өткен. Тіркелмеген Қамқоршылық Кеңестері тәжірибе алаңдары ретінде мектеп жанында ұйымдастырылып, жоспарға сәйкес жұмыстарын жүргізуде.
66-тармақ. Әрбiр аудан орталығында психологиялық- педагогикалық түзеу кабинетiнiң және облыс орталықтарында оңалту орталықтарының жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
2012 жылғы 1 қазанға анықталған даму мүмкіндігі шектеулі балалардың саны 4697 баланы құрайды, оның ішінде 3634 баланың 327-сі арнайы түзету мектептері мен сыныптарында оқиды, 728 бала үйден оқытылады, жалпы білім беретін мектептерде – 1105, кәсіптік лицейлер мен колледждерде – 30 бала білім алуда, оңалту орталықтарында - 364, түзету кабинеттерінде - 294 бала қамтылған, 269 балаға 13 логопункттер қызмет көрсетуде.
2012 жылы арнайы білім беру ұйымдары саны көбейіп, 17-ні құрайды, оның ішінде 5 психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК), 6 психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері (ППТК), 3 оңалту орталығы, 3 арнаулы түзету мектеп-интернаттары жұмыс жасайды. 2012 жылғы сәуір айынан бастап, №6 арнайы түзету мектеп-интернаты екіге бөлініп, көзі нашар көретін және құлағы нашар еститін балаларға иарналған мектеп-интернаттар болып, қайта құрылды.
Жалпы білім беру мекемелерінде инклюзивті білім беруді енгізу бір мәселенің түрі болып қала береді. Білім ұйымдарында инклюзивтік білім алу әлсіз енгізілген. 2012-2013 оқу жылында тек 1 мектепте ғана эксперимент ретінде Сырдария ауданында №36 мектепте инклюзивті білім беру ұйымдастырылып отыр.
2012 жылдың ақпан айына мектеп жасына дейінгі балалардың тең білім алуы мақсатында жаңадан ашылған 4 балабақшаларда инклюзивтік білім алуға мүмкіндіктер жасалып, онда 60 бала қамтылған.
93-тармақ. Үйде бiлiм алатын мүгедек балалардың жеке ерекшелiктерiн, мүмкiндiктерiн, қажеттiлiктерiн ескере отырып жұмыс орындарын компьютерлiк техника және бағдарламалық қамтамасыз ету кешендерiмен, осы орындардың Интернетке қосылуын қамтамасыз ету
2011 жылы үйден оқытылатын мүмкіндігі шектеулі балаларға республикалық бюджеттен 107,0 млн тенге қаралып, 159 үйден оқитын мүгедек балалар бағдарламалық–техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді. 2012 жылы кезеңімен 127 үйден оқытылатын оқушылар бағдарламалық–техникалық жабдықтармен қамтамасыз етілді.
95-тармақ. Тиiстi мектептер жоқ елдi мекендерде тұратын балаларды мектепке жайлы жеткiзудi ұйымдастыру және мектеп автобустарын сатып алу
Үстіміздегі оқу жылында облыс бойынша 2698 оқушы тасымалдауды қажет етеді, оның 85,0%-ына тасымал ұйымдастырылған.
2012 жылы мектептерге қосымша 5 автокөлік алып берілген. 2011 жылы 14 автокөлікпен тасымалдау ұйымдастырылса, 2012 жылы облыс көлемінде 19 автоколік оқушыларды тасымалдауды ұйымдастыруда.
96-тармақ. Мектепте тамақтандыруды ұйымдастыруды мониторингтеу жөнiндегi өңiрлiк ведомствоаралық сарапшылар тобын құру және жұмыс iстеуiн қамтамасыз ету
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру және мектептердегі ыстық тамақтың берілуін ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсатында басқарманың 29.07.2011ж. №154/1 бұйрығымен мониторинг жүргізетін сарапшы топ құрылып, бекітілген іс-шараға сәйкес жұмыстар атқаруда.
Мониторинг жүргізетін сарапшы топ құрамы төрағасымен барлығы 5 адамнан құрылды (Құрамы: Төрағасы - облыстық білім басқармасы бастығының орынбасары, мүшелері – басқарманың бөлім бастығы, маманы, ОблСЭС бөлімінің бастығы, Балалар құқықтарын қорғау департаментінің бөлім бастығы). 2012 жылғы мамыр айында 5 аудан бойынша зерделеу жұмыстары жүргізіліп, тиісті шаралар ұйымдастырылды. Нәтижесінде 2012 жылы Шиелі ауданынан басқа барлық аудандар мен Қызылорда қаласында 1-сынып оқушылары түгел тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етіліп отыр.
97-тармақ.Аз қамтылған отбасыдан шыққан мектеп оқушыларын ыстық және дәруменденген тамақпен тегiн қамтамасыз ету
2012 жылы жалпыға міндетті оқу қоры облыс көлемінде – мектепті ұстауға бөлінген қаржының 2,9%-ын құрайды. 2012 жылы Қорға бөлінген 675257,0 мың теңге қаржының 514152,4 мың теңгесі, яғни 74,6%-ы әлеуметтік тұрмысы төмен отбасы балаларына тегін ыстық тамақ ұйымдастыруға қаралған. Бүгінгі күні облыс көлеміндегі әлеуметтік тұрмысы төмен отбасында тәрбиеленетін 20222 баланың 100%-ы тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген.
98-тармақ. Бiлiм беру және iшкi iстер органдарының "Мектепке жол", "Қамқорлық" акцияларын, "Түнгi қаладағы балалар" рейдтiк iс-шараларын, оқытумен қамтылмаған балаларды анықтау бойынша аулаларды аралауды өткiзуi
2012 жылғы тамыз-қыркүйек айларында «Жақсылық жасауға асығайық» үндеуімен республикалық «Мектепке жол» акциясы өткізілді.
Акцияның қорытындысымен облыс бойынша 27 982 балаға барлығы 181 377,7 теңге қаржы көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Оның ішінде, бюджет қаражаты есебінен 17 091 балаға 139 428,9 теңге және бюджеттен тыс көздерден 10 891 балаға 41 948,8 теңге көлемінде қаржы жұмсалды.
Сондай-ақ, акция барысында балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау мәселесімен айналысатын және басқа да мүдделі органдар мен ведомстволардың қатысуымен Қызылорда облысы бойынша балалар арасында қылмыстылық пен құқық бұзушылықтың алдын алуға байланысты, қадағалаусыз және панасыз жүрген жасөспірімдерді, қаңғыбастық пен кезбелікке салынып оқудан бой тасалап жүрген балаларды, сонымен бірге кәмелетке толмағандардың еңбегін заңсыз пайдалану фактілерін анықтау мақсатында профилактикалық рейдттер жүргізілді.
Нәтижесінде, облыс көлемінде 935 рейдтік іс-шаралар жүзеге асырылып, оған барлығы 1581 адам қатыстырылды. Оның ішінде ішкі істер органдарынан - 373, білім беру органдары өкілдерінен – 937, қоғамдық бірлестіктердің өкілдері – 45, ата-аналар жұртшылығынан – 132 адам қатысты. Жүргізілген рейдтер барысында барлығы 16 кәмелетке толмағандар (тұрмысы қолайсыз отбасылардан 6, тұрмысы қолайлы отбасылардан 4) және 6 баланың мектептен жалтарып, сабаққа бармағандығы анықталып, қазіргі таңда 5 бала мектепке кері қайтарылды.
99-тармақ_._Ата-анасының_қамқорлығынсыз_қалған_балаларды_асырап_бағу_үшiн_қамқоршыларға_(қорғаншыларға)_ай_сайын_ақшалай_қаражат_төлеудi_жүзеге_асыру'>99-тармақ. Ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды асырап бағу үшiн қамқоршыларға (қорғаншыларға) ай сайын ақшалай қаражат төлеудi жүзеге асыру
2012 жылы қорғаншылық (қамқоршылық) тәрбиесінде облыс бойынша 597 жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған бала бар, оның 524-іне жәрдемақы төленді. 2012 жылы қорғаншыларға (қамқоршыларға) 95993,0 мың теңге көлемінде қаржы аударылып, оның 99 пайызы игерілген.
99-тармақ. Девиантты және деликвенттi мiнез-құлықты балалармен жұмысты күшейту
Облыстық ішкі істер департаментімен бірге ішкі істер органдарында есепте тұратын 419 баланың және 454 қолайсыз отбасы балаларының тізімі толықтырылды. Мектепішілік бақылаудағы бала саны анықталды. Бүгінгі күні облыс мектептерінде әртүрлі себептермен 623 бала есепке алынды. Облыстық комиссия отырыстарында облыс білім мекемелеріндегі қадағалаусыз, панасыз жүрген балалардың отбасын зерттеу, әлеуметтік жағдайын анықтау, әлеуметтік қолдау қажеттілігі проблемаларын шешу және оларды орналастыру жұмыстарын жүргізу мақсатында осыған дейін ауданда бірде-бір әлеуметтік педагог штаты енгізілмеген Жалағаш ауданына және қажеттілігі бар басқа да аудандарға жергілікті бюджеттен шешу жөнінде тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, облыста балалар мен жасөспірімдердің құқықтары мен мүдделерін қорғайтын мамандар штатын көбейту ұсынылды.
Панасыз, қадағалаусыз, бақылаусыз қалған балаларды қабылдап, оларды тиісті орындарға, отбасыларға орналастыру жұмыстарын жүргізетін облыстық кәмелетке толмағандарды бейімдеу орталығы жұмыс істейді.
2012 жылғы 12 айда орталыққа 257 бала қабылданды. Осы айлар ішінде қиын жағдайда қалған 18 тәрбиеленушінің 6-ы облыстық девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатқа, 3-і жетім, ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мектеп-интернатқа, 3-і қамқорлыққа, 1-і Қызылорда қаласындағы № 189 мектеп жанындағы интернатқа, 5-і қонақжай отбасына орналастырылды. Қазір орталықта 11 бала тәрбиеленуде.
Облыста девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернат 2005 жылдан бастап қызмет атқарады. Мектеп-интернат жұмысы 2012 жылғы наурыз айындағы облыстық комиссия отырысында жан-жақты қаралды. Жыл басынан бері 27 тәрбиеленуші қабылданып, бүгінгі күні онда 12 бала тәрбиеленуін жалғастыруда. Девиантты мінез-құлықты балаларға арналған мектеп-интернатпен аудандық, қалалық білім бөлімдері, жергілікті комиссиялар, қорғаншылық кеңестері тығыз байланыста жұмыс жасайды.
Қазір білім мекемелерінде тәрбие жұмыстарын жүргізіп, балалар құқықтарын қорғайтын 103 мектеп полиция инспекторлары, 319 мектеп директорларының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 437 мектеп педагог-психологы, 80 әлеуметтік педагог, 283 тәлімгер жұмыс істейді.
Мұғалімдер корпусының кәсіби біліктілік деңгейін жетілдіру мақсатында «Назарбаев зияткерлік мектебі» мен Кембридж университетінің бірлесіп жасаған бағдарламасы бойынша Астанадағы педагогикалық шеберлік орталығында 55 және облыстық білім жетілдіру институтында 450 екінші санатты мұғалім ІІІ деңгейлі, Алматы қаласына 20 мұғалім ІІ деңгейлі 3 айлық курсты аяқтады.
2013 жылы ІІІ деңгейлі біліктілік арттыру курсынан 1111, ІІ деңгейлі біліктілік арттыру курсынан 44 мұғалімді, Қазақстан Республикасы білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық қызметкерлерінің біліктілігін арттыратын республикалық институттың жоспарына сәйкес 2013 жылдың І тоқсанында 68 педагог қызметкерді біліктілікті арттыру курстарынан өткізу жоспарланып отыр.
Сонымен қатар, "Үздік педагог" атағын алғандар үшін айлық есептік көрсеткіштің мың есесі деңгейінде ауқымды мемлекеттік грант берілетіні білім заңында көрсетілген. Облысымыздан ұсынылған 8 үміткердің 3-і жүлдегер атанды.
Елбасының игі ісі облыс көлемінде де қолдау табуда. Мұғалімнің ісіне, шығармашылығына қанат бітіру мақсатында облыстық білім беру қызметкерлеріне жыл сайын 24 мұғалімге 200 мың теңге, 150 мың теңге, 100 мың теңге көлемінде сыйақысы тағайындалады. 2008 жылы басталған бұл дәстүр былтыр жаңа жаңалықтармен толықтырылды, 3 мұғалімге 1,0 млн. теңгеден бас жүлде қоса берілетін болды. Сонымен қатар, білім беру саласы қызметкерлерінің шетелде тәжірибе алмасуын ұйымдастырылуда. Биыл 25 мұғалімнің шетелде білімін жетілдіруіне жолдама беріліп, 2012 жылдың 5-17 қараша аралығында Түркия мемлекетінде тәжірибе алмасу семинарына қатысты.
Биылғы жылдың басты жаңалығы – мұғалімдер олимпиадасы. Биыл Өскенмен қаласында химия пәні мұғалімдерінің съезіінің ұстанымдарына сәйкес Республика бойынша біздің облысымызда алғашқы рет химия – биология пәні бойынша облыстық олимпиада өтті. Олимпиада жеңімпаздарына бас жүлдеге жеңіл автокөлік, І орынға 500000 теңге, ІІ орынға 300000 теңге, ІІІ орынға 200000 теңге сыйақы берілді.
Достарыңызбен бөлісу: |