Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге


Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшiн



жүктеу 225,5 Kb.
бет3/3
Дата27.01.2020
өлшемі225,5 Kb.
#27429
1   2   3

Шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшiн
ұсынылатын құжаттар

      1. Өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.


      2. Тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, паспортының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, орталық атқарушы орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер.
      3. Тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      2) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
      4. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерi ретiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдiк маманның кәсiптiк деңгейiнiң сәйкестiгi туралы қорытындысы.
      5. Шетелдiк жұмыс берушi мен тартылатын шетелдiк қызметкер арасында жасалған еңбек шартының (мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшiрмесi (егер шетелдiк қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).
      6. Жұмысты орындауға, қызмет көрсетуге арналған келiсiмшарттың (мемлекеттiк немесе орыс тiлiндегi аудармасымен) нотариалды куәландырылған көшiрмесi (егер шетелдiк қызметкер осы Қағидалардың 14-тармағына сәйкес тартылса).
      7. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпараты.
      8. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
      9. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметiне кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екенi туралы медициналық анықтама.
      10. Медициналық сақтандыру.
      Мыналарды:
      1) осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 1-тармағында көзделген;
      2) маусымдық шетелдiк қызметкерлер тартылған жағдайда осы қосымшаның 1, 3, 4, 5, 6 және 7-тармақтарында көзделген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа


орналасуға және жұмыс    
берушiлерге шетелдiк жұмыс
күшiн тартуға рұқсат берудiң
қағидалары мен шарттарына  
8-қосымша          

Жұмыс берушiмен рұқсат берудiң ерекше шарттарын келiсу нысаны

Р/с №
 
 

Тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң Т.А.Ә.

Жұмыс берушiнiң өтiнiшiне сәйкес тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң санаты, кәсiбi (мамандығы)

Қазақстан Республикасының азаматтарын даярлау, қайта даярлау бiлiктiлiгiн арттыру, жүргiзiлетiн кәсiп (мамандық) және (немесе) құрылатын жұмыс орындарының саны көрсетiлген ерекше шарттардың атауы

Ерекше шарттарды орындау мерзiмi

1

2

3

4

5

Келiсiлдi:

_________________________________ __________________________________


        (уәкiлеттi органның атауы)     (жұмыс берушiнiң атауы)

_________________________________ __________________________________


         (қолы, тегi, лауазымы)            (қолы, тегi, лауазымы)

20 ___ ж. "____" _____________ 20 ___ ж. "____" _________________

                М.О.                         М.О.

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа


орналасуға және жұмыс    
берушiлерге шетелдiк жұмыс 
күшiн тартуға рұқсат берудiң
қағидалары мен шарттарына  
9-қосымша           

Корпоративтiк ауыстыру шеңберiнде шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат алу үшiн ұсынылатын құжаттар

      1. Ауыстырылатын қызметкерлердiң кәсiптерiн немесе мамандықтарын, паспортта немесе жеке куәлiкте көрсетiлген деректерге сәйкес тегiн, атын, әкесiнiң атын, ауыстыру мерзiмiн көрсете отырып шетелдiк заңды тұлғаның корпоративтiк ауыстыру туралы хатының және (немесе) келiсiмiнiң нотариалды расталған аудармасы (мемлекеттiк және орыс тiлдерiнде).


      2. Өткен және ағымдағы күнтiзбелiк жылдар үшiн берiлген рұқсаттардың орындалу мерзiмi келген ерекше шарттарының (олар болған жағдайда) орындалуы туралы ақпарат.
      3. Тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, орталық атқарушы орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, тартылатын шетелдiк қызметкерлер туралы мәлiметтер.
      4. Тартылатын шетелдiк қызметкерлердiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      2) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
      5. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерi ретiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдiк маманның кәсiптiк деңгейiнiң сәйкестiгi туралы қорытындысы.
      6. Кадрлардағы қазақстандық қамту туралы ақпарат.
      7. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
      8. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметiне кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екенi туралы медициналық анықтама.
      9. Медициналық сақтандыру.
      Осы Қағидалардың 18-тармағында көзделген жағдайларда осы қосымшаның 2-тармағында көзделген құжаттарды ұсыну талап етiлмейдi.

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа


орналасуға және жұмыс     
берушiлерге шетелдiк жұмыс  
күшiн тартуға рұқсат берудiң
қағидалары мен шарттарына   
10-қосымша            

____________________________________________


____________________________________________
(облыстың, Астана, Алматы қалаларының атауы)
жұмыспен қамтуды үйлестiру және            
әлеуметтiк бағдарламалар басқармасына      
кiмнен _____________________________________
(шетелдiк қызметкердiң Т.А.Ә.)    
____________________________________________
(паспорт/жеке куәлiк №, берiлген күнi   
және берген мекеме)           

ӨТIНIШ

_________________________________облысында (Астана немесе Алматы қалаларында)


_____________________________________________________________________
      (жұмысқа орналасатын лауазымын (кәсiбiн) көрсете отырып)
жұмысқа орналасуға рұқсат берудi/ұзартуды сұраймын
       (керегi сызып көрсетiлсiн)
Болжамды жұмыс орны: _______________________________________________
                   (Жұмыс берушiнiң атауы және мекенжайы көрсетiледi)

Қызметкер туралы мәлiметтер

      Мекенжайы, телефоны, факс_____________________________________
      Қоса берiлетiн құжаттар ______________________________________
____________________________________________________________________
Резидент елдегi мекенжай, телефоны _________________________________
____________________________________________________________________
"Қолданыстағы Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарымен таныстым".

Қызметкер __________________________________________________________


                       (қолы, тегi, аты-жөнi)

20__ ж. "___" _________________


      М.О.
Өтiнiш 20_жылғы "__"________________қарауға қабылданды
____________________________________________________________________
               (жауапты тұлғаның тегi, аты-жөнi, қолы)

Шетелдiк қызметкерге жұмысқа


орналасуға және жұмыс     
берушiлерге шетелдiк жұмыс  
күшiн тартуға рұқсат берудiң
қағидалары мен шарттарына   
11-қосымша          

Шетелдiк қызметкер жұмысқа орналасуға рұқсат алу үшiн
ұсынатын құжаттар

      1. Тегi, аты, әкесiнiң аты (оның iшiнде латын әрiптерiмен), туған күнi мен жылы, азаматтығы, төлқұжатының (жеке басын куәландыратын құжаттың) нөмiрi, берiлген күнi және берген орган, тұрақты тұратын елi, шыққан елi, бiлiмi, орталық атқарушы орган бекiтетiн Қазақстан Республикасында қолданылатын Басшылар, мамандар және басқа да қызметшiлер лауазымдарының бiлiктiлiк анықтамалығына, ұйымдардың басшылары, мамандары мен басқа да қызметшiлерi лауазымдарының үлгiлiк бiлiктiлiк сипаттамаларына, Жұмысшылардың жұмыстары мен кәсiптерiнiң бiрыңғай тарифтiк-бiлiктiлiк анықтамалығына, жұмысшылар кәсiптерiнiң тарифтiк-бiлiктiлiк сипаттамаларына және 01-99 "Кәсiптер сыныптауышы" Қазақстан Республикасының мемлекеттiк сыныптауышына сәйкес мамандығының, бiлiктiлiгiнiң (лауазымының) атаулары көрсетiле отырып, шетелдiк қызметкер туралы мәлiметтер.


      2. Шетелдiк қызметкердiң бiлiктiлiгiн растайтын құжаттар:
      1) Қазақстан Республикасының күшiне енген халықаралық шарттарында көзделген жағдайларды қоспағанда, Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен заңдастырылған бiлiмi туралы құжаттардың нотариалды расталған аудармалары (егер құжат мемлекеттiк немесе орыс тiлiнде толтырылған болса, көшiрмелерi);
      2) оның бұрын iстеген жұмыс берушiсiнiң ресми бланкiсiнде жазылған қызметкердiң еңбек қызметi туралы жазбаша растауы қоса берiлген қызметкердiң еңбек қызметi туралы ақпарат (тиiстi кәсiп бойынша жұмыс стажы жөнiнде бiлiктiлiк талаптары болған кезде) немесе Қазақстан Республикасында танылатын өзге де растаушы құжаттар.
      3. Жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың оқытушылары мен ғылыми қызметкерлерi ретiнде шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарды тарту кезiнде Қазақстан Республикасының бiлiм беру және ғылым саласындағы орталық атқарушы органының шетелдiк маманның кәсiптiк деңгейiнiң сәйкестiгi туралы қорытындысы.
      4. Сотты болғаны не болмағаны туралы растама.
      5. Таңдаған мамандығы бойынша еңбек қызметiне кедергi келтiретiн ауруларының жоқ екенi туралы медициналық анықтама.
      6. Медициналық сақтандыру.
жүктеу 225,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау