Түсті металлургия
Түсті металлургия Қазақстан Республикасының өңдеуші өнеркәсіптің экспорттық әлеуетін қалыптастыратын өңдеуші өнеркәсіптің басты саласы. Сектор өнімдері машина жасауда, электр техникасында, құрылыста, радиоэлектроникада пайдаланылады.
Тауарлардың басым топтары бойынша ішкі нарық пен макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы тиісінше 111 және 6 718 млн. АҚШ долл. құрайды.
Өңдеуші өнеркәсіптің құрылымында түсті металлургияның үлесі 2008 жылғы 19,5%-да 2012 жылы 22,8%-ға дейін өсті, ал 2013 жылы 19,2%-ға дейін төмендеді. Жалпы қосылған құн 2008 жылғы 377,9 млрд теңгеден 2012 жылы 749,9 млрд. теңгеге өсті. 2008 – 2013 жылдар аралығында өндіріс көлемі 1,7 есе өсті. 2008 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде салада жұмыспен қамтылғандар саны 22,2 мың адамға қысқарды. 2013 жылы түсті металлургиядағы еңбек өнімділігі 107,8 мың АҚШ долл. құрды. ЭЫДҰ елдерінің осы көрсеткіші орта есеппен 147,5 мың АҚШ долл. құрады, бұл Қазақстан үшін осындай көрсеткішпен салыстырғанда 18,9%-ға жоғары. 2013 жылда түсті металлургия экспортының көлемі 2008 жылғы деңгейде қалып, 4,2 млрд АҚШ долл. құрады (1-кесте).
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер
Көрсеткіштер
|
2008
|
2009
|
2010
|
2011
|
2012
|
2013
|
Металлургия өнеркәсібіндегі үлесі
|
19,6
|
20,0
|
23,7
|
25,2
|
22,8
|
19,2
|
ЖҚҚ, млрд. теңге *
|
377,9
|
376,0
|
492,2
|
718,2
|
687,6
|
523,3
|
Өңдеу өнеркәсібі өндірісінің көлемі
|
3 359,6
|
2 946,0
|
3 844,7
|
4 801,4
|
5 446,7
|
5 882,5
|
НКИ, өткен жылға %
|
97,5
|
97,1
|
113,9
|
107,7
|
101,2
|
101,6
|
Түсті металлургия өндірісінің көлемі
|
658,6
|
596,9
|
902,4
|
1 141,5
|
1 224,0
|
1 131,4
|
НКИ, өткен жылға %
|
104,5
|
92,0
|
115,7
|
108,2
|
107,2
|
98,8
|
Жұмыскерлерді тізімдік саны
|
69 529
|
64 885
|
65 549
|
62 771
|
53 213
|
47 245
|
Кәсіпорындардың саны
|
47
|
39
|
36
|
36
|
36
|
34
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге
|
8 164
|
8 827
|
10 495
|
15 033
|
18 692
|
16 565
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
67,6
|
59,5
|
71,2
|
101,3
|
124,0
|
107,8
|
ЭЫДҰ елдері бойынша еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл.
|
131,6
|
121,7
|
141,1
|
149,6
|
147,5
|
н/д
|
Есепті жылы орташа жылдық қуаттың пайдаланылуы, %*
|
93,2
|
86,7
|
88,2
|
86,5
|
82,2
|
н/д
|
Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %
|
38,85
|
39,58
|
34,87
|
35,24
|
47,47
|
н/д
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млрд. теңге
|
109285
|
121381
|
106847
|
132061
|
133868
|
119678
|
Негізгі құралдардың жаңару коэффициенті, %
|
19,4
|
25,6
|
19,3
|
19,4
|
12,7
|
н/д
|
Жылдың соңына теңгерімдік құны бойынша негізгі құралдардың болуы, млрд. теңге
|
109 784
|
143 087
|
157 846
|
190 782
|
197 317
|
н/д
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
4 274,4
|
2 407,1
|
3 388,7
|
5636,5
|
4 343,4
|
4 230,3
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
489,8
|
299,2
|
206,9
|
364,1
|
411,9
|
3558,4
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі
1-кестеге:
Ескертпе:
* Көрсеткішті «ҚИДИ» АҚ статистикалық деректер негізінде есептеген.
Түсті металлургияның теріс серпіні жаңа технологияларға көшумен байланысты Жезқазған мыс қорыту зауытының тоқтауымен байланысты болып отыр.
Түсті металлургияның теріс серпіні «Бақыршық ТӨК» ЖШС-тің жоспарланған өндірістік объектілерінің уақытында пайдалануға енгізілмеуіне байланысты – металлургия кешенінің құрылысы мен өнімділігі жылына 1,5 млн. тонна жер асты кенішін игеру экологиялық аспектілерге байланысты технологияларды қайта пысықтау үшін жобаның қымбаттауына байланысты; «Юбилейное» ЖШС-тің құрамында алтын бар 5 млн. тонна кенді қайта өңдеу жөніндегі байыту фабрикасының құрылысы қоршаған ортаға әсерін бағалауға байланысты оңтайлы қайта өңдеу технологиясын таңдауға байланысты.
Секторды одан әрі дамыту стратегиясы отандық компаниялардың Rio Tinto Plc, Glencore International AG, ThyssenKrupp AG, Sumitomo сияқты трансұлттық компаниялармен ынтымақтастыққа негізделеді.
Сектордың басты проблемалары:
1) түсті металлдардың бай және оңай қолжетімді кендері қорларының сарқылуы, минералдық құрамдардың көп компоненттілігіне байланысты оларды байыту күрделілігі;
2) кәсіпорындардағы жабдықтардың жоғары тозу деңгейі мен моральдық ескірген жабдықтардың бар болуы, әлсіз дамыған ішкі нарық;
3) өндірістік қуаттардың төмен жүктелгендігі;
4) әлемдік нарықтағы базалық металдарға бағалардың волатильдігі және өткізу нарықтарындағы сұраныстың төмендеуі;
5) қосылған құны жоғары өнім экспортының қысқаруы және импортының ұлғаюы;
6) теміржол тасымалдарына, электр энергиясын тасымалдауға және жылу энергиясына жоғары тарифтер;
7) өнімнің жоғары энергия және еңбек сыйымдылығы;
8) көліктік-логистикалық инфрақұрылымның төмен деңгейі;
9) тиісті біліктілігі бар кадрлардың тапшылығы;
10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базаларын жаңғырту қажеттілігі.
Мақсаты
Базалық металдарды өндіру көлемдерін ұлғайту, олардан жасалатын бұйымдарды шығару жөніндегі өндірістерді дамыту және құру.
Нысаналы индикаторлар:
Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылдың деңгейіне қатысты мынадай экономикалық көрсеткіштерге қол жеткізуге мүмкіндік береді (2-кесте):
1) жалпы қосылған құнның нақты көріністе кемінде 1,3 есе өсуі;
2) еңбек өнімділігінің нақты көріністе 1,4 есе өсуі;
3) экспорт құны көлемінің кемінде 1,1 есе өсуі.
2-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлш. бірл.
|
2012 есеп
|
2013 межелі
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 жылға 2019 ж., %
|
2014
|
2015
|
2016
|
2017
|
2018
|
2019
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100,0
|
98,8
|
98,8
|
117,1
|
117,4
|
120,7
|
122,4
|
127,1
|
1,3 есе
|
2
|
Еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
111,3
|
111,2
|
130,0
|
125,4
|
131,4
|
135,2
|
140,8
|
1,4 есе
|
3
|
Экспорт
|
%
|
100
|
81,9
|
80,7
|
98,0
|
99,2
|
105,3
|
108,7
|
114,4
|
1,1 есе
|
Міндеттері:
1) жұмыс істеп тұрған өндірістердің қуаттарын кеңейту;
2) еңбек өнімділігі мен ресурс тиімділігін ұлғайту арқылы өндіріс тиімділігін арттыру үшін жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды жаңғырту;
3) кендерді кешенді өңдеуге арналған инновацияларды енгізуді ынталандыруға жағдайлар жасау;
4) қазіргі өндірісті кеңейту және аралас секторлар үшін базалық металдардан жасалған жаңа өнімдерді шығаруды игеру;
5) отандық бәсекеге қабілетті өндірісті дамыту есебінен металл өнімдері импортының көлемдерін қысқарту;
6) ішкі нарықтағы сұранысты ынталандыру;
7) экспортты және қосылған құнның жаһандық тізбектеріндегі қатысуды ынталандыру;
8) жұмыс істеп тұрған өндірістерді және инвестициялық жобаларды қажетті инфрақұрылыммен қамтамасыз ету;
9) саланы орта техникалық буынның білікті еңбек ресурстарымен қамтамасыз ету;
10) салалық институттардың материалдық-техникалық және тәжірибелік-өнеркәсіптік базасын жаңғырту.
Қызметтің басымды түрлері
Бағдарлама шеңберінде қызметтің басымды түрлері айқындалған (3-кесте).
3-кесте. Қызметтің басымды түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
Атауы
|
2441
|
Асыл (бағалы) металдар өндірісі
|
2442
|
Алюминий өндірісі
|
2443
|
Қорғасын, мырыш пен қалайы өндірісі
|
2444
|
Мыс өндірісі
|
2445
|
Өзге де түсті металдар өндірісі
|
Басымды тауар топтары
2015 - 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат сектор өнімі импортының қысқаруына және экспортының ұлғаюына ықпал ететін басым тауарларды/тауарлық топтарды өндіру жөніндегі кәсіпорындардың жаңа қуаттылықтарын құруға немесе жұмыс істеп тұрғандарын кеңейтуге бағытталатын болады (4-кесте).
4-кесте. Басымды тауар топтары, тоннамен
СЭҚ ТН
|
Атауы
|
ҚР-да өндіру
|
Импорт
|
Ресей
|
Қытай
|
Қалған елдер
|
24.44.26
|
Мыс құбырлар мен түтіктер
|
-
|
1 428,9
|
129,3
|
417,3
|
24.44.23
|
Мыс сым, мыс шыбықтар мен профильдер
|
-
|
651,4
|
82,5
|
173,3
|
24.44.24
|
Мыс тақтайлар, табақтар және жолақтар немесе таспалар
|
-
|
518,8
|
9,8
|
249,7
|
24.42.22
|
Алюминий шыбықтар мен профильдер
|
-
|
3 392,3
|
1 374,8
|
3 061,1
|
25.11.10
|
Алюминий металл құрастырмалары
|
-
|
24 616,2
|
811,5
|
1455,2
|
25.91.11
25.91.12
|
Күбілер, атанақтар, құтылар, жәшіктер және ұқсас сыйымдылықтар
|
-
|
4 903,8
|
33,2
|
452,4
|
|
Жиыны:
|
-
|
35 507,0
|
2 441,0
|
5 809,0
|
Басымды жобалар
2015 – 2019 жылдар кезеңінде елдің түсті металлургиясын дамытудағы мемлекеттік саясат алюминийді қоспағанда, базалық металдар: мыс, алтын, титан өндірісін кеңейтуге және мына бұйымдардың: илек, сым, прокат, пішін және қорытпалар, фольга, зергерлік бұйымдар, аралас салаларға арналған бұйымдар өндірісінің көлемін ұлғайтуға бағытталатын болады.
Бизнес-құрылымдардың жобаларына сәйкес инвестициялар көлемі 800 млрд. теңге болатын барынша ірі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Алматы облысында қуаты жылына 12 мың тонна алюминий профильдерінің өндірісі құрылатын болады.
Ақмола облысында өндіріс көлемі жылына 3000 тонна ККРЗМ сирек металды өндірісті ұлғайту жөніндегі жоба іске асырылатын болады.
Шығыс Қазақстан облысында 85 мың тонна мыс концентраты мен 25 мың тонна катод мысына арналған жаңа байыту қуаттарын пайдалануға енгізе отырып, Ақтоғай кенорнын игеру жобасын іске асыру жалғастырылады, металлургия кешенін салу жобасы іске асырылады және Бақыршық кенорнында катод алтынын өндіру жөніндегі жер асты кені игеріледі.
Қуаты жылына 6 мың тонна титан слябтары мен қуаты жылына 15 мың тонна ильменит концентратының өндірісін құру жөніндегі инвестициялық жобалар іске асырылатын болады.
Қазақстанда бұрын өндірілмеген никель өндірісі бойынша – «Ванюков» балқытуының технологияларын (сұйық ваннада балқыту) пайдалана отырып, қуаты жылына 40 мың тонна кобальт-никель рудаларының «Горностаевский» кенорнында металлургия комбинатын салу мәселесі пысықталуда.
Қарағанды облысында жаңа гидрометаллургиялық технологияға ауыстырумен мыс балқыту зауытын реконструкциялау жүргізілуде, бұл мысты өндіру көлемдерін сақтап, қуаты 60 мың тонна катод мысы болатын Жезқазған кенорнын пайдалану мерзімдерін ұзартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Павлодар облысында Бозшакөл кенорнын игеру жобасын іске асыру жалғасын табады.
Қызылорда облысында ванадий өндіру жөніндегі мәселе пысықталуда. Бала-Сауысқандық және Қорымсақ кен орындарында ванадийдің бірдей қорлары бар.
Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарында жылына 2,5 тоннаға дейін скандий өндіру көлемі уран ерітінділерінен скандийдің тәжірибелік-өнеркәсіптік өндірісін жасау және орналастыру жөніндегі мәселе пысықталуда.
Бастапқы алюминийді шығаруды ұлғайту жөніндегі жоба пысықталатын болады.
Мұнай өңдеу
Мұнай өңдеу нарықтық перспективаларды, экономикалық әсерді және Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін ескере отырып, өңдеуші өнеркәсіптің неғұрлым тартымды секторы болып табылады. Сектор өңдеу өнеркәсібі өндірісінің жалпы көлемінде айтарлықтай үлесті алады – 13,8 %, бұл ретте көрсеткіш серпіні бірнеше жылдар бойы жағымды болып табылады.
Қазақстанның мұнай өнімдері нарығының орта жылдық өсімі 2008 – 2013 жылдар аралығындағы кезеңде 35,7 %-ды құрап, 2013 жылы 2,4 млрд. АҚШ долларын құрады. Нақты өндіріс көлемі 20,5 % ұлғая отырып, 13,7 млн. тоннадан (2008 ж.) 16,5 млн. тоннаға дейін (2012 ж.) өсті. Импорттың орнықты ұлғаюы да байқалды, оның мәні 2013 жылы 1,8 млрд. АҚШ долл. дейін жеткен, оның ішінде 89 %-ы дистиляттар (жеңіл – 45 %, орта және ауыр – 44 %).
Сектордың бәсекеге қабілеттілігінің өсуі байқалуда. Еңбек өнімділігі 2008 – 2012 жылдар кезеңінде бір адамға шаққанда 54,7 млн. теңгеге 2,3 есе өсті. Бұл жалпы қосылған құнның 449 млрд. теңгеге дейін 2,7 есеге айтарлықтай өсуіне байланысты болды, сонымен бірге жұмыспен қамту 16 %-ға ғана артып, 9,1 мың адамды құрады. Сонымен қатар экспорттың едәуір өсуі байқалуда, ол 2008 – 2013 жылдар кезеңінде жыл сайын 9,4 %-ға артып, 4,6 млрд. АҚШ долл. құрады. Экспорттың шоғырлануы едәуір жоғары – оның ақшалай көлемінің 86 %-ы орта және ауыр дистилляттарға (67 %), сондай-ақ сұйытылған пропанға (19 %) тиесілі.
Сектор бойынша негізгі көрсеткіштер 1-кестеде берілген.
1-кесте. 2008 – 2013 жылдардағы сектор бойынша деректер
|
2008 ж.
|
2009 ж.
|
2010 ж.
|
2011 ж.
|
2012 ж.
|
2013 ж.
|
Өңдеуші өнеркәсіптегі сектордың үлесі, %
|
6.3
|
7.2
|
9.2
|
8.5
|
11.5
|
13.8
|
Мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің көлемі, млн. теңге
|
210 559
|
211 456
|
352 582
|
407 360
|
626 783
|
810 222
|
Өткен жылға % НКИ
|
103,1
|
105,0
|
114,2
|
100,9
|
100,5
|
101,4
|
ҚҚС, млн. теңге
|
183 288
|
225 387
|
354 523
|
448 541
|
499 377
|
350 017
|
Жұмыспен қамтылғандар саны, адам
|
7 860
|
8 193
|
8 686
|
9 184
|
9 130
|
9 323
|
Еңбек өнімділігі, мың теңге/адам
|
23 319
|
27 510
|
40 815
|
48 839
|
54 696
|
37 543
|
Еңбек өнімділігі, мың АҚШ долл./адам
|
193,8
|
186,5
|
277,0
|
333,1
|
366,8
|
246,8
|
Жұмыс істеп тұрған кәсіпорындар саны
|
36
|
40
|
47
|
38
|
38
|
-
|
оның ішінде:
|
|
|
|
|
|
|
Ірі
|
4
|
4
|
5
|
6
|
5
|
-
|
Орта
|
4
|
5
|
5
|
6
|
6
|
-
|
Шағын
|
28
|
31
|
37
|
26
|
27
|
-
|
Жылдың соңында бастапқы құн бойынша негізгі құралдардың болуы, млн. теңге
|
121 622
|
130 177
|
148 445
|
184 662
|
212 269
|
-
|
Негізгі құралдардың тозу деңгейі, %
|
24,2
|
27,7
|
31,0
|
28,9
|
32,6
|
-
|
Негізгі капиталға инвестициялар, млн. теңге
|
40 118
|
25 095
|
36 177
|
49 272
|
56 707
|
75 905
|
Негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті, %
|
6,9
|
4,1
|
6,7
|
2,6
|
4,1
|
-
|
Қуаттардың жүктелу деңгейі**, %
|
49,7
|
47,7
|
56,7
|
61,5
|
62,1
|
62,8
|
Экспорт, млн. АҚШ долл.
|
2 967
|
1 665
|
2 649
|
3 872
|
4 410
|
4 642
|
Импорт, млн. АҚШ долл.
|
1 747
|
895
|
539
|
1 476
|
1 659
|
1 753
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті
1-кестеге:
Ескертпе:*негізгі үш зауыт бойынша орташа межелген жүктелім
Атырау мұнай өңдеу заңыты (бұдан әрі – МӨЗ), Шымкент МӨЗ және Павлодар мұнай-химия зауыты (бұдан әрі – МХЗ) бірге сектордағы өндіріс көлемінің 90 %-дан астамын қамтамасыз етеді. Павлодар МХЗ Ресей Федерациясынан келетін батыс-сібір мұнайын қайта өңдеуге бағдарланған. Қалған екі МӨЗ отандық мұнайды қайта өңдеуге бағдарланған. Шағын МӨЗ өнімінің төмен бәсекеге қабілеттілігі салдарынан олардың мұнай өңдеу секторының жалпы өндіріс көлеміндегі үлес салмағы 5,8 %-ға дейін қысқарды, өсуі күтілмейді. Бұл мұнайды өңдеу тереңдігі мен өнім сапасын шектейтін өндірістік және техникалық ерекшелікке байланысты.
Мұнай өндірудің оң серпініне және мұнай өнімдеріне артып отырған сұранысқа қарамастан, Қазақстан МӨЗ-дің жиынтық қуаттары мен өндіру көлемінің арақатынасы көрсеткіші бойынша әлемде соңғы орындардың бірін алады. Айталық, 2013 жылы мұнайды өңдеу 15,3 млн. тонна деңгейіне дейін жетіп, өңдеу/өндіру коэффициенті 18,7 %-ды құрады.
Ішкі нарыққа жеткізуге қарағанда мұнайдың экспорттауынан неғұрлым жоғары кірістілік мұнай өңдеу өнімдері өндірісінің өсуіне айтарлықтай кедергі болып табылады. 2-кестенің деректері ҚҚТ-дегі жекелеген буындар бойынша кірістілікті бөлуде теңгерімсіздікті көрсетеді.
2-кесте. Кірістілікті сегменттер бойынша бөлу, теңге
|
Бағыт
|
Өткізу бағасы
|
Операциялық кіріс
|
Өндіру
|
экспорт
|
71 758,0
|
30 286,5
|
ішкі нарық
|
49 145,5
|
2 408,4
|
Қайта өңдеу (МӨЗ)
|
ішкі нарық
|
8 436,8
|
1 506,6
|
Көтерме сауда
|
ішкі нарық
|
71 874,9
|
316,0
|
Бөлшек сауда
|
ішкі нарық
|
54 838,7
|
3 820,5
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігі, Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі
2-кестеге:
Ескертпе:
Деректер 1 тонна мұнайдың айналымы бойынша есептеуге негізделіп алынған. МӨЗ үшін көрсеткіштер Қазақстан Республикасының Үкіметі әрбір МӨЗ үшін бекітетін тарифтерге негізделе отырып есептелген процессинг үшін орташа есептелген тариф негізінде есептелген (МӨЗ үшін көрсетілген «өткізу бағасы» процессинг мөлшерлемесін білдіреді). Көтерме нарықтағы баға – барлық мұнай өнімдері қоржынының орташа есептелеген бағасы. Бөлшек саудадағы бағасы – Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен мұнай өнімдерін өткізудің шекті бағалары негізінде есептелген саудаға салынатын позициялар бойынша (бензиндер мен дизель отыны) орташа есептелген баға.
Мұнайды қазіргі кен орындарынан ішкі нарыққа қолданыстағы келісімшарттарға сәйкес жеткізу 2030 жылға қарай үш МӨЗ-дің және Ақтау битум зауытының қажеттілігін жабу үшін жеткіліксіз болады.
Басқа кедергі Қазақстанның негізгі МӨЗ ағымдағы техникалық жай-күйіне байланысты. Сектордағы негізгі құралдардың тозу деңгейі 2012 жылы 33 %-ға дейін жетіп, оның ұлғаю қарқыны орын алып отыр, ал негізгі құралдарды жаңарту коэффициенті соңғы жылдары 2-7 % диапазонында болуда. Технологиялық артта қалушылық шикізатты өңдеу тереңдігінің жеткіліксіздігіне (3-кесте) және еңбек өнімділігінің біршама төмендігіне алып келеді, ол жақсы өсу серпініне ие болып, ЭЫДҰ елдерінің орташа көрсеткіштерінен әлі де біршама артта қалуда.
3-кесте. Негізгі үш өндірушінің өңдеу тереңдігі бойынша деректер
Атауы
|
ҚР МӨЗ, 2013 ж., нақты
|
Ресей МӨЗ
|
Батыс Еуропа МӨЗ
|
АҚШ МӨЗ
|
нақты
|
жоспар
|
Өңдеу тереңдігі, оның ішінде:
|
70%
|
71%
|
85%
|
85%
|
95%
|
АМӨЗ
|
59,8%
|
ПМХЗ
|
74,2%
|
ПКОП
|
74,4%
|
Дереккөз: Қазмұнайгаз-қайта өңдеу және маркетинг, SPG
Мақсат
Ішкі нарықты мұнай өңдеудің, газ өңдеудің және мұнай химиясының сапалы өнімдерімен қамтамасыз ету, сондай-ақ макроөңір елдеріне экспортты дамыту мақсатында Қазақстанның ресурстық әлеуетін барынша іске асыру.
Нысаналы индикаторлар
Бағдарламаны іске асыру 2019 жылы 2012 жылғы деңгейге қарағанда мынадай экономикалық көрсеткіштердің:
1) жалпы қосылған құнның нақты көріністе кемінде 1,6 есеге;
2) еңбек өнімділігінің нақты көріністе 2,3 есе өсуіне қол жеткізуге мүмкіндік береді
4-кесте. Нысаналы индикаторлар
№
|
Нысаналы көрсеткіштер
|
Өлшем бірлігі
|
2012 ж. есеп
|
2013 ж.
күтілетін
|
2012 жылға қатысты болжам
|
2012 ж. қарағанда 2019 ж.
|
2014 ж
|
2015 ж
|
2016
ж
|
2017
ж
|
2018
ж
|
2019
ж
|
1
|
Жалпы қосылған құн
|
%
|
100
|
101,4
|
103,0
|
103,1
|
103,2
|
159,8
|
160
|
160,1
|
1,6 есе
|
2
|
ЖҚҚ бойынша еңбек өнімділігі
|
%
|
100
|
99,3
|
128,8
|
152,1
|
149,6
|
231,3
|
231,2
|
231,2
|
2,3 есе
|
Міндеттер
1) ішкі нарықты сапалы мұнай өнімдерімен толық қамтамасыз ету;
2) мұнай өңдеу саласын шикізаттың тұрақты жеткізілімдерімен тұруды қамтамасыз ету;
3) мұнай өңдеу саласы қызметінің тиімділігін арттыру;
4) қазақстандық өнімнің макроөңір нарықтарына шығуы.
Қызметтің басым түрлері
Секторды дамыту басымдықтары 5-кестеде көрсетілген.
5-кесте. Мұнай өңдеу өнімдерін өндіру секторы қызметінің басым түрлері
ЭҚЖЖ-4
|
Атауы
|
1920
|
Мұнай және мұнай өнімдері
|
Тауарлардың басым топтары
Тауарлардың басым топтары Қазақстан және макроөңір нарықтарының көлемдеріне, тауарлық топтардың технологиялық «күрделілігіне», сондай-ақ оларды өндіру мүмкіндігіне (6-кесте) негізделе отырып айқындалған. Бұл ретте, экологиялық шығарындыларды азайту жөніндегі талаптар ескерілген.
6-кесте. СЭҚ ТН жіктемесі бойынша тауарлардың басым топтары
СЭҚ ТН
|
Тауарлық топтың атауы
|
Ішкі нарықтың импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.
|
Макроөңір нарықтарының импорт сыйымдылығы, мың АҚШ долл.
|
192024, 192025, 192026, 192027, 192028, 192029
|
Өзге дистилляттар мен өнімдер (ауыр дисциляттар, орта дисциляттар, мотор майлары және басқалар)
|
677 681
|
42 368 357
|
192023
|
Жеңіл дистилляттар мен өнімдер
|
793 469
|
5 133 032
|
192042
|
Мұнай битумы
|
170 245
|
2 017 956
|
192023
|
Сұйытылған пропан
|
380
|
2 004 626
|
192032
|
Сұйытылған бутандар
|
1 211
|
1 490 846
|
192042
|
Кальцийлендірілмеген мұнай коксы
|
248
|
956 939
|
192032
|
Сұйытылған этилен, пропилен, бутилен және бутадиен
|
2
|
459 502
|
192042
|
Кальцийлендірілген мұнай коксы
|
3 264
|
299 964
|
192029, 381225
|
Құрамында биодизель бар битумдандырылған жыныстардан алынған мұнай және мұнай өнімдері (шикіден басқа)
|
449
|
205 912
|
192032
|
Өзге сұйытылған мұнай газдары
|
562
|
142 165
|
192041
|
Синтез немесе басқа процестер нәтижесінде алынған, боялған немесе боялмаған өзге минералдық балауыз бен ұқсас өнімдер
|
91
|
101 247
|
Дереккөз: Қазақстан Республикасы Статистика агенттігі, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитеті, UN Comtrade
Көрсетілген талаптардың нәтижесінде басымдықтар ретінде Еуро 4 және Еуро 5 класының мотор отындарын шығару және ақшыл мұнай өнімдерін шығаруды 76-82 %-ға дейін ұлғайту айқындалған.
Басым жобалар
МӨЗ жаңғырту жобаларын іске асыруды аяқтау 2017 жылға жоспарланып отыр. Бұл ондағы мұнайды өңдеуді жылына 19,5 млн. тоннаға дейін ұлғайтуға және К4, К5 кластарының талаптарына сәйкес келетін экологиялық таза мотор отындарының өндірісін бастауға мүмкіндік береді.
Базалық майларды шығару жөніндегі жоба пысықталатын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |