Қазақстан республикасыбілім және ғылым министрлігі


«Сіз», «Біз» деген жылы сөз



жүктеу 1,12 Mb.
бет12/15
Дата04.12.2017
өлшемі1,12 Mb.
#3118
түріСабақ
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

«Сіз», «Біз» деген жылы сөз.


«Сіз», «Біз» деген жылы сөз Жақсылық билеп, жанды тез,

Жылытады жүректі. Оятады игі тілекті.

Біреуге біреу жақсылық, Баршаға жетер жақсылық,

Тілесе, әр кез жаны ашып, Қызғанбай бөліп алыңыз!

Осы бір шырын –тәттілік, «Сіз», «біз» деген жылы сөз

Тұрмай ма жанға жарасып! Жақсылықтың мейірі.

Баршаға керек жақсылық! Бір-біріне болып көз,

Жақсылық сүйер ханымыз, Кең болсын адам бейілі.

(Ө.Тұрманжанов)

8-тапсырма. Мәтінді мәнерлеп оқып, ризашылық тақырыбында «Кісі болар баланың кісіменен ісі бар, кісі болмас баланың кісіменен несі бар» деген тақырыпта шығарма жазыңыз.

Ризашылық білдіру
Халық арасында ризашылық - алғыс, бата беру түрінде беріліп жатады. Біреудің көрсеткен еңбегіне, көмегіне, кішіпейілділігіне, азаматтығына алғыс білдіру -әдептілік, мәдениеттілік.Алғыс, баталар адамдардың жас ерекшеліктеріне байланысты беріліп отырған. Адамдар ризашылығын ерекше ілтипатпен, әдептілікпен білдіруге тырысқан. «Ризашылық-әдептің әліппесі»,-дейді А.Байтұрсынов.

«Алдын ойлаған азамат-елдің алғысын алар»-дейді халық даналығы.


9-тапсырма. Досыңызбен сұхбаттасыңыз, қазақ халқының әдет-ғұрып рәсімдерін еске түсіріңіздер.

-«Сіз» деген сөзді қазақтар кімге айтады?

-Жасы үлкен адамдармен әңгімені қандай сөзбен бастауға болады?

-Өзіңізден жасы кішілермен қалай сөйлесесіз?

-Ініңізді (қарындас, сіңіліңізді)еркелетіп көріңіз.

-Сынау, қанағаттанбау туралы не айтасың?


10-тапсырма. Сөйлемдерді аяқтаңыздар, бұлардың хаттамалық мәнде екеніне назар аударыңыздар.

Кеңеске қатысушылар өз ұсыныстарын.... .2.Күн тәртібіндегі мәселелер бірауыздан.... .3.Жиналыста доцент Г.Қ.Дәркенбаеваның есепті баяндамасы... .4.Мәжіліс төрағасының ұсынған жаңа бағдарламасын бекіту жөнінде... .5«Әйел және саясат» тақырыбына арналған Орталық Азия әйелдерінің үшінші халықаралық конференциясына АҚШ Президентінің зайыбы Хиллари Клинтон.... .


Бақылау сұрақтары


1. Директорлар Кеңесінің мәжілісі қалай жүргізіледі?

2. Құттықтау, мадақтау рәсімдері қалай жүргізіледі?

3. Ризашылық білдіру әдебі дегеніміз не ?


10-тақырып. Іскерлік кездесулер.Бейвервальдық тілдік қатынас құралдары.



Тірек сөздер: іскерлік байланыс, шартқа отыру, кездесу, ұсыныс, талап, жақсарту, орнату, дөрекі, бағыт, шайқап, байқап, тәжірибе, алмасу, шарт, қарағым, ізеттілік, қажеттілік, инабат, адамгершілік, қасиет, қалыптасқан, көңіл, туыстық, жақындық, ілтипат.

Тәжірибелік сабақты өткізу үшін қолданылатын әдебиеттер тізімі: Ақанова Д.Х., Алдашева А.М... Ресми-іскери қазақ тілі. Алматы., 2002. –408б., Әлмұрзина Г. М. Іскерлік қазақ тілін деңгейлік оқыту курсының бағдарламасы: мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларына арналған. – Өскемен, 2003. – 56 б.

Сөз этикеті


Адамдардың өзара қарым-қатынасына қатысты орныққан әдеп ережелерінің жиынтығы ғылымда этикет деген арнайы терминмен айтыла бастағанына аса көп уақыт өткен жоқ. Осы әдеп ережелері жиынтығының бейверальды жағы деген арнайы атпен ерекшеленіп атала бастады. Қазіргі кезде жұртшылық арасында этикет дегенді қонақ күту, сыпайы сөйлесу, театрда болу деп білетін стеоретип түсінік пайда болған. Шындығында, этикет тек қана осы аталған іс- әрекеттерді жүзеге асырудың ережесі емес, адамдар арасындағы алуан түрлі қарым-қатынастың нормасы. Әдеп – тәртіп деген сөз. Әдеп сақтаудың әлеуметтік мәні зор. Әдептілікті бұзған адамға кез – келген қоғам мүшесі (жасына , нәсіліне қарамай ) өз пікірін айтып , өз ұсыныстарын білдіруге ерікті, өйткені әдеп сақтау – әлеуметтік дәстүр.

Оны бұзу – үлкен айып, зор күнә. Әдеп сақтау – әдептілік, яғни мінез-құлық пен адамгершілік қарым- қатынастың қалыптасқан халықтық ережесін мүлтіксіз орындау. Әдептілік бұзылса, халықтық дәстүр де бұзылады, ұлттық намысқа нұқсан келеді. Әдеп сақтау ұлттық тәртіпке, ережеге амалсыз бағыну емес, қайта сол заңдылықты құрметтеу, қастерлеу, адамгершілікті борышты өтеу.

«Әдептілік – әдемілік» дейді халық. Қазақта «Қоянды қамыс өлтіреді , ерді намыс өлтіреді» деген мақал бар. Намыстық сезім адамның арын қалыптастырады. Ұяттан намыс, намыстан ар пайда болады. Халқымыз; «Малым – жаным садағасы , жаным – арым садағасы » деп, арды жаннан да биік қояды. Ар – адамгершілік пен адамдық құлықтың аса маңызды негізі. Арды сақтау – адамдықты сақтау . Арды бұзу – қылмыс. Адамның адамдығы ардан, еңбектен көрінеді.

Сөйтіп, қоғамның ұжымның, жеке адамдардың рухани ахуалынан сау-саламат болуына, сөз жоқ, септігін тигізіп отырады. Жаңадан тәуелсіздігін алып, егемен ел болып жатқан осы бір кезеңде республика жұртшылығының рухани ахуалының сау болуы, қоғам мүшелері арасындағы қарым-қатынастың оң бағытта болуы осы бейверальды тіл нормасының дұрыс қалыптасуынан екені сөзсіз.


Мәтін бойынша сұрақтар:

1. Әдеп ережелерінің жиынтығы қалай аталады?

2. Айтуға ұят, мазмұны нашар, дөрекі сөздермен сөйлейтін адамдар кімдер ?

3. Үлкен кісілердің Мәке,Сәке, Жәке деген қысқартуларды қолдануы неліктен деп ойлайсыз?


1-тапсырма. Сөйлемді тексеріп, дұрыс жазыңыз.


Мен

іскерлік сапарға

барады

Мен

әуежайға билетке

барасыз

Сен

іскерлік сапарға

барасың




Сіз

ақша айырбастауға

барасыз

Ол

құжаттарын рәсімдеуге

бармақ

Біз

Астанаға

барамыз


2-тапсырма . СҰХБАТ.

-Жолыңыз болсын.Сіз қайда бара жатырсыз?

-Мен іскерлік сапармен Қытайға бармақпын. Өзіңіз ше?
-Мен қызмет бабымен Түркияға кетіп барамын.

-Түркияда әріптестеріңіз күтіп ала ма?

-Иә, біздің фирмамен байланыс жасайтын фирманың өкілдері күтіп алады.

-Іскерлік сапарыңыздың негізгі мақсаты қандай?

-Іскерлік сапардың негізгі мақсаты-білім беру саласында тәжірибе алмасу.
3-тапсырма. Диалог құраңыздар.

-Сәлеметсіз бе?

-Сәлеметсіз бе!

-Менің фамилиям Бектасов.Мен «Адал» фирмасының өкілімін.

-Өте жақсы. Мен осы кәсіпорынның мүдірімін.

-Қандай шаруамен келдіңіз?

-Біз сіздермен іскерлік байланыс орнатқымыз келеді, себебі сіздердің өнімдеріңіз бізге ұнайды. Олар өте сапалы және таза.

-Сіздерге біздің өнімнің қай түрі қажет?

-Әсіресе, ауылшаруашылығы өнімдерінен жасалған азық-түліктер.

-Өте жақсы. Біз сіздермен ынтымақтастық қарым-қатынас жасауға

қарсы емеспіз.

-Егер мүмкіндігіңіз болса, келесі айдан бастап, шартқа отырсақ.

-Келістік.

4-тапсырма. Сөздіктерді пайдаланып,мына сөздердің аудармасын жазыңыз.

Срок


командировки-
Интересовать-

Проводить переговоры-

Перевод-
Верить-
Доверять-

Удостоверять-

Получать-

Поставить-

Печать-

Обещания-




жүктеу 1,12 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау