Фторсутекті қышқыл өндірісінде зиянды заттардың қауіпті өндірістік факторлары мен шекті рұқсат етілген концентрациясы
Рет саны
№
|
Зиянды химиялық
заттардың, қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың атауы
|
МЕМСТ
12.1.005-88 бойынша қауіптілік сыныбы
|
Адам ағзасына әсерінің сипаттамасы
|
Өндірістік факторлардың шекті рұқсат етілген концентрациясы (мг/м3)
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
1.
|
Еріткіш шпаттық концентрат
|
3
|
Фторлы кальций шаңдарының жоғарғы концентрациялары ұзақ уақыт әсер етуі кезінде тыныс жолдары ауруы пайда болуы мүмкін
|
2,5
|
2.
|
Әк тас
|
3
|
Адам терісін және тыныс жолдарының жұмсақ терілерін қабындырады
|
6
|
3.
|
Күкірт қышқылы
|
2
|
Дем алған кезде күкірт қышқылы жоғарғы тыныс жолдарының жұмсақ терілерін қабындырады. Адам терісіне тиген кезде химиялық түрде күйдіреді
|
1,0
|
4.
|
Барий карбонаты
|
1
|
Адам ағзасына түскен кезде бас миын қабындырады, жүрекке әсер етеді
|
0,5
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
5.
|
Фторсутекті қышқыл
|
1
|
Булары (аэрозолдары) адамның жоғарғы тыныс жолдарына және көз бен мұрынның жұмсақ терілерін қабындырады. Сұйық түрінде адам терісіне өтіп кетеді
|
0,5/0,1*
|
6.
|
Фторлы гипс (өндіріс қалдықтары)
|
3
|
Адам бойындағы ашық терілеріне тиген жағдайда химиялық және
термиялық күйдіруі мүмкін
|
|
7.
|
Фторлы алюминидің шаңы
|
3
|
Фторлы алюминий шаңдары адам ағзасына тыныс жолдары арқылы түскен кезде өте қатты уландыруы мүмкін. Ұзақ уақыт әсер ету барысында адам ағзасын жалпы уландырады, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларын тудырады, қан кетуі мүмкін, бауыр, орталық жүйке ауруларын тудыруы мүмкін, тіс эмалдарын қиратады, остеосклероз ауруын тудыруы мүмкін
|
0,5
|
8.
|
Кальций содасы, техникалық
|
3
|
Майда бөлшектері адам ағзасының тыныс жолдарына түскен кезде адамның жоғарғы тыныс жолдарын қабындырады, асқазан – ішек ауруларын тудыруы мүмкін
|
2,0
|
9.
|
Өндірістік шуыл
|
|
|
5 ДБА
|
10.
|
Жалпы діріл
|
|
|
6 дБ
|
Алымында – ең жоғары ШРК, бөлімінде – ауысымдағы орташа мәні.
Фторсутекті қышқылдын өндірісі мынадай қауіпті және зиянды өндірістік көрсеткіштермен сипатталады:
1) қозғалыстағы машиналар мен механизмдер, өндірістік жабдықтардың жылжымалы бөліктері;
2) жұмыс аумағындағы ауаның шамадан тыс газдануы және шаңдануы;
3) жабдықтар мен материалдардың бетінің жоғарғы температурасы;
4) жұмыс орнындағы шуылдың шамадан тыс деңгейі;
5) дірілдің шамадан тыс деңгейі;
6) электр тогының зиянды әсері.
Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларына
2-қосымша Бастапқы материалдарға қойылатын талаптар
Фторсутекті қышқылды өндіру кезінде мынадай материалдар мен жартылай дайын өнімдер қолданылады: 1) еріткіш шпаттық концентрат (фторлы кальций), МЕМСТ 29219-91. Ұнтақ түріндегі, сусымалы, қатты өнім. Адам ағзасына әсері бойынша үшінші сыныпты қауіпті заттардың қатарына жатады. Фторлы кальцийдің жоғарғы концентрацияларымен өте ұзақ қатынаста болған кезде қызметкерлерде кәсіби тыныс жолдары аурулары пайда болуы мүмкін;
2) күкірт қышқылы, МЕМСТ 2184-77.
Түссіз, мөлдір, сұйық майға ұқсас, жанбайтын, өткір, жағымсыз иісі бар сұйықтық, тығыздығы 1,84 г/см3. Адам ағзасына әсері бойынша екінші класты қауіпті заттардың қатарына жатады. Оның буымен дем алған кезде жоғарғы тыныс алу жолдарын қабындырады және күйдіреді. Адам терісіне тиген жағдайда химиялық күйдіру туғызады;
3) реактивтер. Фторсутекті қышқыл. Техникалық шарттары. МЕМСТ 10484-78.
Тығыздығы 1,13…1,18 г/см3, мөлдір, жанбайтын, өткір, жағымсыз иісі бар сұйықтық. Адам ағзасына әсері бойынша бірінші класты қауіпті заттардың қатарына жатады. Фторсутекті қышқылдың булары мен ауадағы түйіршіктері жоғарғы тыныс жолдарына, көз және мұрынның жұқа қабаттарына әсер етіп, қабындырады. Ұзақ уақыт әсер ету барысында ақзаны жалпы уландырады, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларын тудырады, тіс эмальдарын қиратады. Сұйық түрінде адамның бүтін терісінен де өтіп кетеді. Адам терісіне тиген жағдайда химиялық күйдіреді, жазылуы қиын жара пайда болады;
4) барий карбонаты, МЕМСТ 2149-75.
Ақ кристалл түріндегі ұнтақ. Адам ағзасына әсері бойынша бірінші сыныпты қауіпті заттардың қатарына жатады. Адам ағзасына түсетін болса, миға және жүрекке әсер етеді;
5) фторлы гипс, фторсутекті қышқылы өндірісінің қалдығы болып саналады. Қатты сусымалы, құрамында күкірт қышқылы мен фторлы сутек қалдықтарының болуына байланысты өткір қабындырғыш иісі болады. Пештен түсіргенде температурасы 200С-қа дейін болады. Адам ағзасына әсері бойынша екінші класты қауіпті заттардың қатарына жатады. Құрғақ залалсыздандырылғаннан кейін бейтарап гипс – төртінші класты қауіпті заттар қатарына жатады. Фторлы гипс адам терісінің ашық жерлеріне тисе химиялық және ыстық күйдіреді;
6) әк тасы (кальций карбонаты), МЕМСТ 23671-79.
Ұсақ түйіршік түріндегі өндірістік материал, майдаланған соң, шығарылған фторлы гипсті құрғақ залалсыздандыру үшін қолданылады. Адам ағзасына әсері бойынша үшінші сыныпты қауіпті заттардың қатарына жатады, адам терісін және тыныс жолдарын қабындырады;
7) кальций содасы, техникалық, МЕМСТ 5100-85.
Ұсақ ақ түсті кристалл түріндегі ұнтақ. Адам ағзасына әсері бойынша үшінші сыныпты қауіпті заттардың қатарына жатады. Онымен дем алған кезде жоғарғы тыныс жолдарын қабындырады, асқан-ішек ауруларын тудыруы мүмкін. Аз көлемде төгілген қышқылдарды залалсыздандыруға қолданылады;
8) фторлы алюминий, техникалық, МЕМСТ 19181-78.
Қызғылт – ақ түсті ұнтақ зат. Адам ағзасына әсері бойынша үшінші класты қауіпті заттардың қатарына жатады. Ұзақ уақыт әсер ету барысында адам ағзасын жалпы уландырады, жүрек-қан тамыры жүйесінің ауруларын тудырады, қан кетуі мүмкін, бауыр, орталық жүйке ауруларын тудыруы мүмкін, тіс эмалдарын қиратады. Жоғарғы тыныс жолдарын, теріні, көз бен мұрынның жұмсақ терілерін қабындырады.
Достарыңызбен бөлісу: |