Ќазаќстан республикасы


-дәріс. Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер



жүктеу 1,19 Mb.
бет2/2
Дата14.11.2017
өлшемі1,19 Mb.
#406
1   2

5-дәріс. Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер

Дәріс сұрақтары:



  1. Ағын сулардың көздері және классификациясы

  2. Жаңа заман сатысындағы иіру цехының және тоқыма өндірісінің экологиялық

мәселелері

  1. Мата өндіру кезіндегі экологиялық қиындықтар


Дәрістің мақсаты: Тоқыма өнеркәсібіндегі экологиялық мәселелер мен экологиялық қиындықтармен таныстыру

Өндірістік ағын сулар ластану дәрежесі бойынша қатты ластанған және аса ластанбаған болып бөлінеді. Жаңа заман тоқыма комбинаттарыкүрделі су шаруасына ие. Өндірістік су жабдықтаудың жабдықтар құрамына аудандық  су өткігіш техникалық судан, су дайындау резервуарынан, насосты станциядан, су ағынды ғимараттан, құбырлар торынан құралады. Шаруашылық жүйесі - өртке қарсы сумен қамту суды қалалық су құбырынан алады.Өндірістік жерасты құбыры ішкі цехтық  қондырғыны  аз ластанған ағын суды қайта қолдану үшін  талшық аулағыштар және ағын сулар құрамындағы химиялық заттарды тұндырғыштар, оларды қайта тазалауға қондырғылар ,насосты стнация және құбырлар  қолданылады.

Ағын сулар өзімен күрделі гетерогенді жүйені құрайды, олардың ластануы еріген, колоидты және ерімеген жағдайда болады. Колоидты және ерімейтін заттар  тұрақты дөрекі және жіңішке дисперсті суспензияны және эмульсияны  түзуге қабілетті.Ағын суларда әртүрлі қатынаста әрқашан ластанудың органикалық және бейорганикалық қоспалары болады. Органикалық ластануға жануартектес және өсімдіктектес заттардан басқа органикалық синтездің әртүрлі заттары жатады- бояғыштар,өңдеу қоспалары,синтетикалық ПАВ.

Қалаларда өндірістік ғимаратты орналастырғанда  олардың өндірістік ағын суларын қалалық жерасты құбырына аэрация станциясында тазалануы үшін қосқан дұрыс. Жерасты жабдықтары бұзылмас үшін  өндірістік ағын сулар  өзінің құрамымен  жобалаудың нормасына сәйкес болуы тиіс, негізгілері келесідей болады:

1) өндірістік суларда ауыр және ерітінді болмауы тиіс,олар колекторды және жерасты құбырының жабдықтарын тотықтырады

2) олар құбырлар және  қондырғылардың материалдарына агрессивті болуы тиіс.

ХХІ ғасыр адамзатқа көптеген жаңалықтар алып келді, олар ғылыми –техникалық прогресс болып табылады, алайда сонымен қоса Жерді экологииялық бұзылудың  шегіне әкеліп қойды.

Жаңа заман  даму сатысында экология мәселелері  қоғамның дамуына аса мән берілмейді, экономикалық дамуға қарағанда.Экология экономика сияқты  өмір сүреді және өзінің объективті заңдарымен дамуда.

Әрбір елдің экономикалық мәселелері  көптеген өзара байланысқан себептермен байланысты, олардың ішінде физика - географилық, экономикалық жағдай, мемлекеттің әлеуметтік – саясаттық орнласуы.

Тоқыма өнеркәсібі соңғы жылдары үлкен айналымдарға ие.фабрикалардың басшыларының жоспары бойынша Қазақстан нарығында, ТМД және жақын шетелдерде өздерінің бұйымдарының шығатынын болжап отыр. Тоқыма кластері табысты және өзінің профилі бойынша бәсекеге қабілетті.

Тоқыма фабрикаларының мәселелері майда мамық және минеральді, жануартектес шаңдар болып отыр.шаңмен күрес желдету және жүйелік шаң тазалау көмегімен жүргізілуде.

Әрбір кәсіпорын  кез-келген салада  тек пайданы ғана емес  өндірілетін шикізаттан шығатын қалдықтардың, қондырғының қоршаған ортаға зияны жайлы да ойлануы тиіс.

Грек тілінде «экос»-«үй», «логос»-«ғылым».Экология – үй, өмір сүретін орын  жайлы ғылым.Барлық Жерт жаны барлар үшін үй болып табылады.

Тоқыма өндірісінде экологиялық мәселелер тудыратын 2 мәселе түрі бар. Мата өндіру кезінде және бұйымды қолданумен байланысты қиындықтар.

Зауыттар жұмысы барысында мата өндіру кезінде негізгі мәселе– улы заттар, қоршаған ортаға және ағын суларға түсетін заттар болып табылады. Егер зауыт матаны бояу және өрнек түсірумен айналысатын болса, олардың улы заттарға қоса, жағымсыз иіс те бөледі. Желдеткіштен бөлінген заттардың құрамында еріткіштер буымен, әртүрлі химиялық қосылыстары. Еріткіштер кейде жиналып, тазаланып екінші рет қолданылуға алынады.

Үлкен бөлшектер сүзгіштік тәсілімен алынады. Газда тазалау тәсілі суда ерігіш ұшып кететін қосылыстарда, метанол сияқты қолданылады. Тез жанатын заттарды өртеуге болаы, бірақ ол қымбатырақ түседі. Алайда, негізгі мәселенің шешімі өндірісте аз мөлшерде улы заттар бөлінетін материалды қолдану болып табылады.

Ағын суларды ластау экологиялық мәселе ретінде адам, жануар өміріне қауіпті және табиғат көрінісі де көзге түсетін ластау болып табылады.

Бояу кезінде бояғыш заттың - 90%, матаға түр алу кезінде 60%-ке жететіні анық. Бұл химиялық бояғыштың 1/3 бөлігі ағын суға кеп түсетіні белгілі. Ал бояғыштың тағы бір бөлігі торды барабанды алу кезінде ағын суға кеп құйылады. Көп елдерде ағын сулар құрамындағы ластау заттарына лимит қойылған, бірақ оны жақсы тазарту құралдарынсыз жүзеге асырады.



6- дәріс. Тігін цехтың құрал-жабдықтары

Дәріс сұрақтары:

1. Дайындау цехы туралы жалпы мағлұмат

2. Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті қондырғылар


Дәріс мақсаты: Тігін цехтің құрал-жабдықтарымен дайындау цехі туралы жалпы мағлұматтармен танысу
Киімді дайындау барысында тігін машиналар негізгі технологиялық құрал-жабдықтар болып саналады. Барлық тігін машинала сырып тігетін, арнайы және жартылай автоматты деп бөлінеді.

97 кл. ОЗЛМ машинасы жұқа маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

997 кл. ОЗЛМ машинасы көйлектік маталы бұйым бөлшектерді екі жіпті тігіспен шөлмекті тоқымамен сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 5500 мин-1; тепшім ұзындығы — 5 мм.

51-А кл. ПМЗ торлау машинасы бөлшек қималарын торлау үшін арналған. Екі жіпті және үш жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 1,5-4 мм.

«Паннония» фирмасының С8 761-2 кл. Машинасы көйлектің етегін тігу үшін арналған. Машинамен орындалған тігіс оң жағынан жасырынды көрінбейді, бір жіпті. Басты біліктің айналу жиілігі — 3500 мин-1; тепшім ұзындығы — 2-8 мм.

«Минерва» фирмасының 337 кл.машинасы зигза тәріздес тігіспен шілтірлерді бұйымға сырып тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 4000 мин-1; тепшім ұзындығы — 3 мм.

«Текстима» фирмасының 8630 машинасы төрт инелі жұқа маларға және тоқыма кездемелерге жібек жіптермен кесте тігу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 300 мин-1; тепшім ұзындығы — 4 мм.

«Текстима» фирмасының 8607 машинасы барлық түймелердің түрлерін, яғни екі және төрт көзді түймелерді, дөңгелекті және тіктөртбұрышты тоғаларды (кнопка), ілгектерді (крючки) тігуге арналған. Басты біліктің айналу жиілігі — 1500 мин-1.



ПМЗ В-241 кл. машинасы шөлмекті тігіспен тігілген бүрмелерді кесу үшін арналған. Басты біліктің айналу жиілігі 1800-2200 мин-1; үстінгі тепшім ұзындығы — 10 мм, астыңғы тепшім ұзындығы —4 мм.

Дайындау цехының негізгі мәселесі – маталарды сапалы және саны бойынша қабылдау, матаны пішуге дайындау (енін, ұзындығын өлшеу, полотнадағы тоқыма ақауларын белгілеу), кішігірім маталарды минималды.

Цехта материалдарды қабылдау, бұмадан шешу, сапасын тексеру жұмыстары орындалады. Сонымен бірге матаның ұзындығы мен енін өлшейді, жайма жасайды, матаның пайдалануын есептейді, және матаны төсемге іріктеп алады.

Тігін фабрикаға мата контейнер ішінде кесек немесе бума тәрізді түрінде келіп түседі. Жүкті түсіріп болған сон, оны бума шешетін және бумадан босатылған мата сақтайтын учаскеге апарады. Матаны жолдама құжаттар бойынша қабылдайды (есеп-фактура, тізім бойынша). Әр бір партияға өлшеу ведомость жазылады, ал әр бір мата кесегіне реттік нөмер беріледі.

Содан кейін мата жарамдылығын тексеру бөлмеге түседі, бұл жерде матаның сапалығы мен санын анықтайды, ол дегеніміз матаның әр кесегінің ұзындығы мен енін анықтап, матаның сұрыпын (сапасын) белгілейді. Осы жұмыстар ПРС-140 сияқты машина арқылы бір мезгілде орындалу мүмкін. Бұл машина болмаған жағдайда, кәдімгі, ұзындығы 3 метр столды қолданады. Сапасы тексерілген матаны бір тіндеп немесе топтастырып қатар сөрелерде сақтайды. Мата сақталатын бөлменің іші құрғақ, жақсы желдетілетін, ауаның салыстырмалы ылғалдығы 60-65%, температура 16-20 °С градус болу керек.

Мата кесегін тиімді пайдалану үшін матаны алдын ала төсемге есептейді. Төсем есебін мамандандырылған машинада және арнайы бағдарлама көмегімен компьютерде орындауға болады.

Дайындау цехында қолданылатын көтерме-көлікті көтерме-көлікті қондырғылар екі үлкен топқа бөлінеді, олар: құрылысы жағынан қоймамен байланысқан құрал-жабдықтар (скаттар, тельферлер, элеваторлар және басқалар); қоймамен байланыспаған құрал-жабдықтар, яғни қоймада еркін қозғалады (рельсіз механикалық және қолды көлікті саймандар. Роликті конвейердің роликтері осі бойынша жылжымайтын рамада бекітілген. Роликтер өзінің осі бойынша еркін жылжиды. Роликтер әртүрлі металдардан жасалғандықтан оның жылжуы жұмсақ және дыбысы төмен.

Станционарлы таспалы конвейер бекітулі таспа болып келеді. Конвейер таспасының ені 300-1200 мм болады. Станционарлы таспалы конвейердің ұзындығы 5-20 м және биіктігі 1,3-7 м болады, таспаның жылжу жылдамдығы 0,63-4 м/с.



Еркін қозғалатын қондырғылыар. Еркін қозғалатын көтерме-көлікті қондырғыларға әртүрлі механикалық және қол арбалар, электрокарлар, электроштабелерлер және басқалар жатады.

Қол арбалар бірнеше типті болып шығарылады. Олар: Көтерме платформасы бар ТПП арбасы, У24-71 арбасы, түбі бар ТШП-94 арбасы.

Электроштабелерлер көтерме-көлікті машиналарға жатады. Оның ерекшелігі ол өзінің айыры бар жүккөтергішпен арнайы арбаға жүкті көтеріп апарады.

Қозғалмалы таспалы конвейер кипті маталарды және басқа жүктерді автокөліктен дайындау цехға дейін тасымалдайды.

ТШП-82 жүк тасығыш рельсті өзі жүретін арба болып келеді. Жүк тасығыш орама маталары бар немесе дайын бұйымдары бар әмбебапты конвейерлерді тасымалдау үшін арналған.

Жер асты жүк тасушы - КШП 53 жүйелі блокты және тоқ сымды жазық платформалы өзі қозғалатын релісті арба болып табылады, онда тоқты двигателін алу үшін шлейфті кабель орналасқан. Жүк тасуды басқару дистанционды, сонғы орында автоматты тоқтатытуды қамтамассыз етеді.

Штабелелер ТШП 89 көтергіш платформалы, өзі қозғалатын бағытталуы бойынша ауыстрылатын арба болып табылады. Платформада жұмысшы оператор орналасады. Оператор рулондарды жүктеу және мата рулондардың стелажға жүктелуі бойынша әр түрлі жұмыстарды орындайды. Оперетордың қауіпсіздігі үшін платформаларда сақтау қоршауы бар.

7-дәріс.Эксперименталды цехтың жалпы сипаттамасы

Дәріс сұрақтары:

1. Лекалдарды дайындауға қойылатын технологиялық талаптар

2. Лекалдарды дайындауға арналған құрал-жабдықтар


Дәріс мақсаты: Эксперименталды цехтің технологиялық талаптарымен және құрал-жабдықтармен таныстыру
Экспериментальді цехтің мақсаты өндіріске модельдерді сапалы дайынау, оған мыналар кіреді:

- жаңа модельдерді конструкторлы және технологиялық дайындау;

- технологиялық процестің тиімді режимдерін жасау;

- бұйымды жасауға пайдаланатын материалдардың шығындарын нормалау;

- лекалдарды, трафареттерді дайындау;

- модельге техникалық құжаттаманы дайындау;

Экпериментальді цехтің функцияларына мыналар кіреді:

- өндіріске енгізілген авторлық моделдергеқадағалауын іске асыру;

- тиімді және пайдаланған материалдарды бақылау;

- сән бағытына қарай және тұтынушылардың сұранысы бұйым ассортиментін жаңалау;

- бұйымның конструкциясын және технологиясын үнемі жетік пайдалану;

- бұйымның, модельдің, жабдықтардың жаңа түрлерімен танысуға цехтарға көмек көрсету;

Экпериментальді цехта келесі топтар жұмыс істейді:

- модельді-конструкторлы топ;

- өндірістің технология және ұйымдастыру тобы;

- нормалау тобы;

- лекалды жасау тобы.

Модельді-конструкторлы топ әртүрлі модельдер мен конструкцияларды өңдеу және оларға лекалдарды дайындайды; бұйымның әртүрлі жаңа силуэттерінің негізгі конструкциясын өңдейді, осы бұйымдардың лекалдарын пайдалану жөнінде пішушілерге көмек көрсетеді, ортақ пішу үшін бөлшектерді унификациялау.

Сән бағытын ескере отырып алдағы маусымға жаңа коллекция модельдерін жасайды; көрмелерде жаңа модельдерді көрсетеді; пішушілерге семинарларды өткізеді. Топ құтамына суретші-сәнгерлер мен конструкторлар кіреді.Технология және өндірісті ұйымдастыру тобы киімді дайындаудағы технологияны толық жетілдіру, бұйымды өңдеудің жаңа әдістерін енгізуді бөлек операцияларды механизациялайды, өндіріс цехтарында арнайы қондырғыларды пайдалана отырып еңбекті бөлу схемасын және өңдеудің тиімді әдістерін жасау және енгізу; жаңа модельдерді, техниканы және технологияны, маталарды оқып білу үшін жұмысшылар оқытудағы тәжірибелік көмек көрсетеді, өндіріс жұмысшыларына мамандық бойынша жаңа әдебиеттер туралы алда келе жатқан өндірістердің жұмыс істеу әдістері туралы ақпараттар береді.

Сонымен қатар технологиялық топқа модельдердің үлгілерін және бөлек түйіндерді дайындайды. Дайындалған киім модельдерінің үлгілерінің негізінде экпериментальді цехтың лобаранттары өңдеу әдістері және арнайы қондырғыларды пайдалану бойынша инструкциялы карталарды құрастырады.

Нормалау тобы негізгі және көмекші материалдарды пайдалану әдістерін тиімді енгізумен айналысады. Топ жұмысшылары барлық модельдерге маталар шығынын, нормаларын орнатады. Олар фотоэлектронды ИЛ машинасында лекалдар ауданын өлшейді, бұйымның өлшем және бойдың анықталған жинағын (сочетание) пайдалана отырып экспериментальді жаймаларды орындайды.

Материал шығынның нормасын анықтағаннан соң арнайы жылжымалы көшірме ПКУ қондырғы көмегімен жайманы суретке түсіреді. Лекалды топ картоннан лекалдарды дайындайды және барлық модельдердің лекалдарын көбейтеді. Жинақтағы әрбір модельге лекал дайындайды.

Лекалдар сызбасы бөлшектердің құрылысын, пішінін, өңдеу және пішу үшін техникалық шарттардың анықтаудың техникалық құжат болып табылады. Лекалдар сызбасының құрастыруы салалық стандарттарды ұсынылған нормативті-техникалық құжаттары негізінде орындалады.

Лекалдар сызбасын құрастыру үшін бастапқы мәліметтер ретінде бұйымның үлгілік ерекшеліктері тұрғызылған. Техникалық сызба, бұйымды дайындауға ұсынылатын маталар қасиеттері, технологиялық өңдеу тәсілдері пайдаланылады.

Арнайы міндетіне байланысты лекалдар келесі түрлерге бөлінеді:

- оригинал лекалы;

- эталон лекалы;

- жұмысшы лекал;

- көмекші лекал.

Оригинал лекалы бұйымның негізгі өлшеміне дайындалған үлгісіне сәйкес болып келеді.

Эталон лекалы градация (көбейту) арқылы барлық бой өлшемдер үшін лекал-оригинал негізінде дайындалады. Эталон лекалдары жұмысшы лекалдардың сапасын тексеру үшін қолданылады.

Жұмысшы лекалдары эталон-лекалы бойынша дайындалып, бұйымның пішу шамасын орындау, мата шығынын анықтау және пішілген бөлшектердің сапасын тексеру үшін қолданылады.

Бөлшектердің қималардың сәйкестігін тексеру үшін көмекші лекалдар дайындайды.

Жалпы лекалдарды безендіру барысында бұйымның бөлшектердің негізгі және туынды бөлшектерге бөледі.

Негізгі бөлшектерге негізгі матадан пішілетін: артқы бой, алдыңғы бой, жең жатады.

Негізгі бөлшектер негізінде өңделетін бөлшектер туынды болып аталады. Бұл бөлшектер бұйымды безендіру немесе пішінді қалыптастыру үшін қолдануымыз мүмкін.

Туынды бөлшектерге келесі бөлшектер жатады.

1) Негізгі матадан – өңір астары, жоғарғы жаға, қалта, жапырақша, қақпақша, әдіптер, белдік.

2) Астарлы матадан – артқы бой, алдыңғы бой, жең, шалбар астары, майда бөлшектер.

3) Астарлық матадан – өңір аралығы, иық көтергіштері.

4) Желімділік (қатырма) аралықтан – алдыңғы бойдың қатырмасы, жырықтың қатырмасы, стегінің қатырмасы, жоғарғы жағаның қатырмасы және т.б.

Туынды бөлшектердің лекалдарын негізгі бөлшектер лекалдар бойынша технологиялық өңдеу тәсілдері есебімен орындайды.

Астарлы маталардың пішіндері қалыптастыру қасиеттері төмен, сондықтан бұл маталардан пішілетін бөлшектер де көлемдік пішіні құрылыстық тәсілдер арқылы пайда болады (бүкпелер, құрылыстық сызықтар).

Көмекші лекалдар дегеніміз бұйымды өңдеу барысында, мыс.- қалтаның орналасу жерін белгілеу үшін қолданылатын лекалдар.



Лекалдарды безендіру үшін қойылатын талаптар.

Тігін бұйымдарының лекалдар жинағына келесі мәліметтерді белгілейді:

- лекалдар аталуы (оригинал немесе эталон);

- бұйымның аталуы (бір негізді бөлшекте белгілер қойылады);

- үлгінің номері;

- лекалдардың арнайы (негізгі, түйінді, көмекші) міндеті;

- бөлшектердің аталуы (артқы бой, алдыңғы бой, өңір астары);

- бұйымның өлшемі, см (Т1-Т16-Т19).

Бір негізгі бөлшектің лекалына қосымша мәліметтерді жазып шығады:

- ұсынылатын өлшемдер;

- құрастырушының аты-жөні;

- өңдеу күні.

Оригинал лекалдарда келесі құрылыстық бөлшектердің өлшемдерін белгілеп шығады. (бақылау сызықтар):

- артқы бойдың ені;

- алдыңғы бойдың ені;

- бұйымның кеуде деңгейіндегі ені;

- бұйымның бел тұсындағы ені;

- бұйымның бөксе тұсындағы ені;

- жеңнің ені, ұзындығы;

- бұйымның ұзындығы.

Бір негізгі бөлшекте лекалдар жиынтығының кесте түрінде тізімін ұсынады (бөлшектер спецификациясы)

Бұйымның бөлшектерін пішу үшін лекалдарда келесі шартты белгілерді қойып шығады:

- негізгі типтік бағыты (нЖ);

- негізгі типтік бағытынан ауытқуы (%, һ см);

- бақылау керітпелер (қималарды сәйкестіру үшін қолданылады).

Өндірісте жұмыс лекалдары эталон лекалдар бойынша айсайын тексеріліп тұрады.

Негізгі жіптің бағыты мемлекеттік стандарттар бойынша белгіленеді (әр бөлшекте жеке түрінде қойылады). Мысалы, артқы бойдың н.ж. ортаңғы сызығына параллель бағытта түседі. Негізгі жіптің бағытынан ауытқу шамасы пішу жаймасын орындау кезінде бөлшектің бағытын қай шамаға өзгертуге болатынын көрсетеді. Ауытқу шамасы бөлшектің түріне байланысты пайыз бойынша беріледі.

Лекалдарды дайындау бір ізділігі келесілерден тұрады:

1. Берілген ұзындық бойынша картон парақтарын кеседі. Бір пакет үшін 3-6 дана картон парақтарын кеседі. Парақтардың біреуіне фигуралы тесіктердің орнын көрсетуімен лекал контурларын сызады.

2. Парақтар пакетін машиналы тізбекті бір жіпті тепшіммен бекітеді. Тепшімді лекалдарды жасаған кезде бөгет болмау үшін бекітеді.

3. Сыртқы контур бойымен лекалдарды кеседі.

4. Үлкен емес фигуралы тесіктерді теседі, мысалы түймелікті торлау үшін.

5. Ішкі контур бойымен лекалдарды кеседі.

6. Лекалдардың контуры немесе қималары бойынша таңбалайды.

Рулоннан картон лекалдарды кесу үшін РЛЗ-2 машинасы арналған. Картонды лекалдар пакетін бекіту үшін 226 кл тігін машинасы арналған. Лекалды сыртқы контур бойымен кесу үшін ВЛН-1 машинасы арналған. Лекалда фигуралы тесіктерді тесу үшін ВЛО-1 машинасы арналған. Лекалды ішкі контур бойымен кесу үшін ВЛВ-1 машинасы арналған (бүкпе, қатпарлар және т.б.). Лекалдарды таңбалау үшін КСЛ-1 машинасы арналған. Лекалдар станционарлы кронштейндерде немесе бір немесе екісөрелі тізбекті ілмекті конвейерде ілініп сақталынады. Лекалдар сақтайтын бөлмеде температура 18-20 °С және ауаның ылғалдығы 60-70% болады.
8-дәріс. Пішу цехы жөнінде жалпы мағлұмат

Дәріс сұрақтары:



  1. Матаның жаймасы

  2. Маталарды қолмен төсеу

  3. Маталарды машималы төсеу

  4. Пішу машиналары


Дәріс мақсаты: Пішу цехында орындалатын жұмыстардың реттілігімен және жұмыс машиналарымен танысу
Кәсіпорнының барлық жұмыстарының бір қалыптығы пішу цехтын жұмысын ұтымды ұйымдастыруына байланысты.

Пішу цехта келесі жұмыстар орындалады:

- матаны төсеу – маталарды белгілі ұзындығы мен ені бойынша қабаттап төсеу, шеттерін, жиектерін түзелеу. Төсемді қол мен немесе арнайы төсем жасайтын машина көмегімен орындайды;

- матаны пішу - өндірістің өте маңызды кезеңі болып табылады.

Бұл жұмыс екі тәсілмен орындалады:

а) жылжымалы арнайы пішу машиналарды (мысалы ЭЗДМ-3, ЭЗМ-3, С3-529, 530 және т.б.) қолдана отырып төсемді бөлшектерге бөледі, және үлкен бөлшектерді шамалап жарым-жартылай қиып алады.

б) жылжымайтын ленталы пішу машиналар (мысалы РЛ-3, РЛ-4 және т.б.) көмегімен төсемнің жеке бөліктерінен бұйымның бөлшектерің қиып алу;

в) бақылау лекалдар арқылы пішілген бөлшектердің сапасын тексеру;

г) пішу бөлшектерді нөмерлеп, жинақтау. Бір бұйымның барлық бөлшектерінде бірдей номір болуға тиіс. Бөлшектерді бумаға бір модель, өлшем бойымен бұйым бойынша жинақтайды;

д) пішу бөліктерді сақтау – жинақталған пішу бөліктердің бумаларын көп қатарлы сөрелерде сақтайды. Тігін цехтардың ұзілмей жұмыс істеуіне пішу бөлшектердің 1,5 күнге жететін қоры болуға қажет.

Жайма дегеніміз – ол лекалдардың мата бетіне немесе қағазда орналасқан көшірмесі. Егер де лекалдардың қағаз немесе клеенка бетінде орналастырып, содан кейін бөлшектер қималарың тесіп шықса оны трафарет деп атайды. Пішу кезінде төсемнің ең үстінгі қабатына лекалдар жаймасы салынады. Трафаретті қолдану кезінде төсемнің үстінгі қабатына лекалдар орналасқан сүретті трафарет тесіктер арқылы бор немесе синьканы себіп түсіреді. Трафаретті дайындау үшін крафт деген қалын қағазды, орау арналған қағазды, немесе арнайы клеенканы қолданады. Ең сапалы, төзімді кездеме крафт қағаз болады.

Кездемелердің жаймасы «бетін төмен қаратып» және «бетке бет» төсеу болады. Жайманың бірінші әдісі барлық маталар түрлеріне қолданады. Кездемелердің төсеу саны тақ және жұп болады. «Бетпе бет» төсеу әдісі төсеу жұп кездемелердің оң бетін ішке қаратып төсейді. Бұндай жағдайда жұп бөлшектер, мысалы артқы бойдың екі бөлігі, алдыңғы бойдың екі бөлшегі екі кездемеден пішілуі мүмкін. Нәтижесінде олардың пішін үйлесімі және өлшемдері үлкен нақтылықты береді.

Пішу цехында бір есептеу картасы бойынша маталарды жайма столдарына орналастырады. Маталарды төсеу маталар орамдарынан немесе алдын ала белгілі ұзындыққа кесілген маталардан болуы мүмкін.

Маталарды төсеу төсеу машиналар көмегімен орындалады немесе маталарды жаймалардың шеттерін қысатын сызғышы бар құралған столға қолмен төсейді.

Түкті маталарды және суреті бар маталарды түктің және суреттің бағытымен, әрбір тақ кездемені 180° бұрып «бетпе бет» төсейді. Жолақтары немесе тор көздері бар маталарды «бетпе бет» жаймаға төсеген кезде әрбір кездемеде жолақтары немесе тор көздері бір біріне сәйкес болуын қадағалайды. Кейбір жағдай осы шартты орындау үшін кездеменің шетін жатық боялған жерін сәл көбірек жылжытады.

Әр түрлі суреттері ұзына бағытталған маталарды, сонымен қатар тоқыма кездемелерді пішу кезінде лекал аралық аралықтарды азайту үшін лекалдарды бір бағытға бағыттап орналастырады. Маталарды төсеген кезде матаның ақауларын дайын бұйымға түспеуін қадағалайды.

Маталардың жаймасы бір ізді немесе параллельді әдісті болуы мүмкін.

Есептеу картаға сәйкес бір ізді әдісі кезінде бірінші төсем орындалады сосын екінші төсем және солай сияқты орындалады. Бұл әдісті әр түрлі орамнан маталарды төсеу үшін орындайды.

Алдын ала есептеу картасында қарастырылған параллельді төсеу әдісі кезінде жаймаларды бір уақытта орындайды. Осы әдісті орындау үшін бірнеше төсем столдарды пайдаланады. Бірінші столда мата орамын төсейді, қалған мата орамды екінші столға төсейді. Бір столдан екінші столға мата орамын жылжыту үшін КШП-116 және ТШП-84 құралдарды пайдаланады.

Төсем столдың ұзындығы және ені алдын ала төсемге дайындаған матаның ұзындығы мен еніне байланысты. Маталардың ені бойынша кесі үшін және кездеменің шетін бекітіп ұстау үшін ОПН машинасы арналған. Бұл машина әр түрлі енді жұқа жібек матадан қалың жүн матаға дейін маталарды төсеу үшін қолданады.

КД-1 сақиналы сызғыш маталарды қолмен төсеген кезде кездемелерді кесу үшін пайдаланады. Кездеменің екінші шетін тегістеп қысып ұстау үшін ЛП-1600 және ЛП-1300 сақиналы сызғыштар қолданылады. Егер төсем столда әр түрлі ұзындықты кездемелерге МЛ-1 сызғышын пайдаланады.

Маталарды төсеу үшін екі типті машиналар болады:

- орамды маталарды немесе маталарды төсем стол бойымен жылжыту үшін арналаған электр жетегі бар арбалар;

- маталарды төсем стол бойымен тарту үшін арналған арбалар.

Берілген сызықтар бойымен маталарды кесу физикалық процесс болып саналады. Бұл процесс әр түрлі типті пышақтар көмегімен орындалады. Пішу құрал-саймандарды екі топқа бөлінеді: маталарды әмбебапты құрал-саймандармен пішу және маталарды арнайы құрал-саймандармен пішу.


9-дәріс.Бұйымның тігу технологиясы

Дәріс сұрақтары:



  1. Матаны пішуге әзірлеу әдістері

  2. Өңдеу әдістерін таңдау

  3. Алғашқы өлшеу

  4. Бөлшектерді әзірлеу


Дәріс мақсаты: Бұйымдарды дайындау әдістерімен және технологиясымен таныстыру
Матаны пішуге әзірлеу әдістері. Жұмыс жасайтын жерде ыңғайлы үстел және құралдар болуы керек. Матаны пішу үшін үлкен тік бұрышты арнайы үстел қажет. Егер үстел болмаса, тазалап сүртілген тегіс еденге пішуге болады. Үстел жанында жұмыс істеген кезде, оның үстінде сәукеленің бөлшектері болу керек.

Үстелден басқа, үтіктеуге арналған үлкен тақта (немесе қалың мата төселген және жең қалыбы бар үстел), үтік бастыратын маталар (дәке, немесе жұмсақ мата қиындысы, мысалы 80 х 80 см мақта матысы) керек.

Жұмысты бастамастан бұрын үстел үстінде тек қажетті заттар тұруы керек. Сол жақта пішілетін нәрсе, оң жақта – қайшы, сызғыш, бор немесе сабын, ине, жіп, түйреугіш, оймақ, суырылатын жіптерді алып отыратын істік болуы қажет. Барлық уақытта жұмыс істегенде болу керек нәрселер: сантиметрлік таспа, кестілтер (ұштары өткір және қайралған), негізгі және қосымша бөлшектерді сызуға арналған қағаз, лекало, қию ұшін жапсырма қағаз және орама қағаз, сызықтарды тексеруге арналған калька.


  1. Матаның енің, ұзындығын және ақауларын тексереді.

  2. Бояуы мен суретін тексереді

  3. Матаның оң және теріс бетін анықтайды.

  4. Кішкентай мата кесіндісіне судың әсерін, үтіктің қызу температурасын, матаның отыру дәрежесін, қыртысталуын тексереді.

  5. Матаны жайып, енін бүктеп немесе бетпе - бет орналастырады.

6. Матаның сетінегіштігін, созылмалы қасиетін тексереді.

Өңдеу әдістерін таңдау. Дайын бұйымның сапасы көп жағдайда бұйымды өңдеу жүйелілігінің дұрыстығы мен әдістеріне, яғни технологиясына байлансты. Технология грек тілінен аударғанда өнер, шеберлік денен сөз. Технология-өндірістің тиісті құралдары арқылы шикізатқа,материалға әсер ету әдістері, сондай-ақ шикізаттан және материалдардан белгілі бір бұйым жасаудың жүйелілігі туралы ғылым. Бұйымды құрастыруға, яғни матадан пішілген барлық бөлшектерді (алдыңғы бой, артқы бой, және т.б.) бір-біріне қосуға кіріспестен бұрын, бұл бөлшектерді сәйкесінше әзірлеу қажет. Бөлшектерді әзірлеу-әрбір бөлшекті өңдеуге арналған операциялар, оларды басқа бөлшектермен қосуға дейін аяқталуы тиіс. Бұйым бөлшектерін құрастыру белгілі бір жүйелілікпен жүргізіледі. Алайда бұйымды әзірлеу жөнінде қатып қалған бір жүйелілік жоқ. Өйткені ол үлгіге және өңдеужолдарына байланысты бірнеше рет өзгеруі мүмкін.

Алғашқы өлшеу. Өлшеу кезінде: түйреуіштер, бор, сантиметрлік таспа, 50 см сызғыш керек. Өлшемдерді өткізу адам денесінің оң жағынан жүргізеді. Егер тұлға симетриялы болмаса, онда екі жағынан бірдей өлшейді.

Өлшеудегі міндет киімнің пропорциясына,адам денесіне үйлесімділік, сызықтарына-көлемі мен ара қатынасы дұрыс келтіре білуге тырыс.



Бөлшектерді әзірлеу. Барлық ұсақ және өңдеу бөлшектерін әзірлеу: жаға, қаттама, қалталар және т.б. Бөлшектерді әрлеп үтіктеп, осы күйінде құрастырып жинағанға дейін, сақтап қою керек.

  1. Артқы бойды әзірлеу: бүкпелерді, бедерлі сызықтарды және т.б. өңдеу.

  2. Алдыңғы бойды әзірлеу: бүкпелерді, қатпарларды өңдеу және т.б. бастыра тігу.

  3. Бұйымды әрлеп үтіктеу

  4. Фурнитураны қадау.

Фурнитура – бұйымды әшекейлеу және киім киген кезде қолайлы болу үшін қолданатын көмекші материалдар. Кез келген бұйымды тігер кезде оны әзірлеу жөнінде алдын ала жоспар жасау керек.
10-дәріс.Ақау емес маталар қоймасы

Дәріс сұрақтары:



  1. Матаны сандық қабылдау

  2. Ақаулы маталарды сақтау қоймасы. Конфекциялау


Дәріс мақсаты: Ақау емес маталарды және ақаулы маталарды сақтау қоймалары, конфекциялау туралы мәліметтерге сипаттама беру
Ақаулы емес мата қоймасы.Тігін өндірісі жұмысын үзіліссіз жүргізуде оны матамен және басқа да маталармен қамту үшін ақаулы емес мата қоймасында артығымен сақталуы өндірістің сұранысына тең маталар тұрады.

Қойма өлшемі – тігін өндірісінің мүмкіншілігіне жабдықталу шартына, өндіріс алаңының өлшеміне баланысты болады.

Негізгі принципі қойманың тиімді орналасуы болып табылады: жүктің тасу жерінің тік сызықтығы және оның созылуының максималды қысқаруы, жүкті тасмалдау ыңғайлылығы және көтеру жолының ең жақсы байланысы, қойманың өндіріс цехында ең жақсы қызмет көрсету үшін жақындығы, өрт қауіпсіздігі талабын қамтамассыз ету. Ақаулы емес маталар қойманың орналасу орны цехтың аймақтық орналасуна байланысты. Ол өндіріс мекемесінің өлшемінің төменгі аумағында да және сыртында орналасуы мүмкін. Маталы ашылған киптер контейнерлер немесе стелажда сақталады. Стелаждар стоционарды және қозғалмалы механикаландырылған болуы мүмкін.

Стоционарды стеллаж қарапайым сөрелер немесе ұялы сөрелер биіктігі бойынша бірнеше қабаттарда орналасқан болып келеді.

Көп қабатты стеллаждың секциясы темірлі каркасты екі немесе үш сөреден тұрады: биіктігі мен ені мынадай стеллаж секциясының есеппен таңдалады, яғни маталардың еркін орналасуы қамтылсын. Сиымдылығын жүк көтеру транспорты құрал-жабдықтарының рулон салмағы мен оның өлшемі, есебімен санайды.

Стационарды түрдегі стеллажға шырша түріндегі стеллаж жатады, олар мата рулондарын жүктеу және жүктемеу және жүктеме үдірісінің механикаландырылған шарты кезінде сақтау үшін қолданылуы мүмкін.

Көп қабатты стеллажды қоймалар тоқты жүктеушілермен, штабелермен немесе кранды штабелермен қызмет көрсетеді.

Қоймаға қабылданған маталар сақтау тәртібі бойынша орынында ұстап матаны қоймада ыңғайлы орналасуын қамтиды. Оның сақтау орны және қойма операциясын орындауымен орналастырады. Осындай тәртіп кезінде келесі негізгі ережелер сақталады:

- сақтаудың әрбір орнында, стеллаждың әрбір сөресінде, әрбір штабелде, әрбір атаулы бір енді және бір түсті, бір артикулді маталар сақталу қажет;

- маталар мынадай жерде және мынадай жағдайда, яғни осы маталардың физико-механикалық қасиетін нашарлатпай және олардың сандық және сапалық сақталуын ең тиімді түрде қамтамасыз етуімен орналастырады;

- мата, мақта, аралық матаны бір штабелде немесе бір қатарда сақтауға жіберілмейді, өйкені олар бір-біріне зиянды әсерлер (кірленген талшықтармен, боялған және т.б.) беруі мүмкін;

- көп сұранысты қолданылатын маталар, сонымен қатар өлшемі және салмағы бойынша ең ауырлары, берілетін орнына жақын орналастырылады (мұндай маталарды стеллаждың төменгі сөрелерінде сақтайды).

Қоймаға түсетін әрбір жаңа маталарды бөлек орналастырады. Стеллаждармен сөрелер маталардың орналасуы үшін әріпті немесе әріпті –цифралы болып белгіленеді. Әріпті - цифралы жүйеде стеллаждың қатарын әріппен, ал стеллаж секциясын, сөресін цифрамен белгілейді.

Маталарды сандық қабылдау.Киімдерді дайындау үшін қолданылатын матаның немесе басқа да матаның сандық өлшемі болып 1 см-ге дейін (жуықтаусыз) дәлдікпен өлшенетін ұзындығы мен ені табылады.

Матаның ұзындығы мен енінің соңғы өлшемі барлық тігін өндірісі үшін міндетті болып табылады. Матаның сандық дұрыс анықталуы кішігірім маталардың қалдықсыз есеп әдісін қолдану үшін қажет.

Матаның ұзындығы мен енін өлшеу. Кішігірім матаның ұзындығы сол матаның басы мен соңы арасының қашықтығымен, ал ені – матаның екі шеткі жиегінің арасымен анықталады.

Кішігірім мата өлшемін өлшеу көлденең өлшенетін үстелде өлшенетін сызғышпен орындайды. Өлшейтін үстелден басқа өлшейтін ақаулы машинаны қолданады, оның қателік өлшемі өлшенетін үстелде өлшенген нәтижелерімен салыстыру бойынша ±0,3 % құрайды.

Барлық маталардың оң бетімен өлшейді, рулонға өлшенгеннен кейін оң бетін ішіне қарата орайды.

Түксіз маталардың ұзындығын өлшеуді былай жасайды, өйткені өлшенгеннен кейін және матаны рулонға өндірістік тоқыма белгісін сыртында қалдырып орайды.

Тігін өндірісіндегі мата енінің өлшеу қажеттілігі тоқыма өнеркәсібінде болатын шығарылатын матаның ені бойынша, жіберілетін ауытқу шкаласына негізделеді. Бүл операция алдағы уақытта матаны пішу кезінде жақсы қолдануға мүмкіндік береді. Кішігірім мата енін әрбір 3 м сайын өлшейді.

Тігін бұйымдарына материалдарды дұрыс таңдау үшін, технологиялық жабдықтардың жұмысының оптималды режимін және операцияның орындалуының техникалық шартын қамтамасыз ету үшін текстиль материалдарының конфекциялаудың негізгі міндеттерін білу қажет.

Киім пакетіндегі текстиль материалдарын конфекциялау дегеніміз, бұл материал жүйесіндегі белгілі көрсеткіштер қасиетімен материалдарды таңдау, мұндағы олардың көрсеткіштері алдын – ала анықталған немесе болжамдалған болуы мүмкін.

Текстиль материалдарының конфекциялауы 2 түрлі әдіспен орындалуы мүмкін:

1.эмпириялық берілгендер негізінде осы материалдардан қасиеттер көрсеткішінің пакетінің белгілі қасиеттер көрсеткішінен материалдар таңдау жолымен. Материалдардың жарамдылық туралы қорытындысы, осылардан пакетті зерттегенненкейін беріледі.

2.осы пакетті құратын берілген материалдар қасиетінің көрсеткіштері негізінде киім пакетінің қасиеттерін болжамдау негізінде. Бұл тажырма модельді оптимизациялық бірізділігімен жалғасатын үдірісті математикалық модельдеумен шешіледі. Материалдар жарамдылығының қорытындысы осы пакетті зерттегенге дейін беріледі.

Материалдардың конфекциялау мақсаттары

Бірінші әдіспен киім пакетіндегі материалдарды таңдауда 4 негізгі мақсаты қолданылады:

Бірінші мақсаты киім пакеті мен берілген материалдардың қасиеттер көрсеткіштерінің бірліктері арасындағы көлемдік байланысын бағалау мен бекітіледі.

Конфекциялау әдісінің екінші түрі берілген материалдар қасиеттерінің білу арқылы пакет қасиетін болжамдауға негізделген.

Екінші мақсаты әртүрлі қасиеттері бар материалдардан алынған киім пакетінің сапасын субъективті критериялық көмегімен «өте жақсы», «жақсы», «қанағат», «жаман» баға беруден тұрады.

Материалдарды таңдауға нұсқау көбінесе кесте түрінде беріледі. Ол материалдар пакетінің қасиеттерін және олардың сапасының бағалануы тәжірибелік нәтижесінде ұсынылады.

Үшінші мақсаты пакеттегі берілген n материалдар қасиеттерінің зерттелуі негізінде киім пакетіндегі материалдарды біріктіру әдістерінің біреуін қолдануды бағалауға мүмкіндік береді.

Төртінші мақсаты: эксплуатациялық факторларының нақты шарттарға қарағандағы интенсивтілігі жоғарырақ болған кездегі пакет материалдарының көрсеткіштер қасиетінің зерттелуіндегі өзгеруіне негізделген.

Оларға жылу, ылғал, механикалық және басқа да факторлар әсерінен болатын тез қартаюы немесе бүліну әдістері жатады. Бұл әдісті қолданудағы міндетті шарты интенсификациялық зерттелуі әсерінің болмауы болып табылады. Эксплуатациялық шарттарды модельдеу үйлесімділігінің бұл әдістері материалдар жүйесінің тәртібінің ерекшілігін бағалау үшін қолданылады.

Қасиеттер көрсеткіштерін болжамдау – бұл көрсеткіштер туралы берілгендерді қолдану негізінде материалдар жүйесінің қасиеттер көрсеткішін болжамдау (айту); берілген материалдар қасиеттерінің материалдар жүйесінің зерттелуі және алынуға дейінгі немесе материаладар жүйесінің алынуы туралы берілгендер негізінде.

Берілген текстиль материалдарының қасиеттері көрсеткіштері туралы берілгендер ретінде кез келген химиялық, физикалық, механикалық қасиеттері, сондай–ақ құрылымдық сипаттамасын және беттік сипаттамасының көрсеткіштерін қолдануға болады.

Материалдар жүйесін алу шарты туралы берілгендерге технологиялық үідірістің параметрлері қызмет етеді.

Материалдар жүйесінің қасиеттер көрсеткіштерінің болжамдалу әдістері келесі белгілер бойынша классификацияланады:

1.жүйеге кіретін бөлек материалдар, барлық берілген материалдар, сондай – ақ материалдар жүйесінің өзі зерттелу объектісі ретінде болуы мүмкін;

2.болжамдау мақсаты мен тапсырмаларынан алынған зерттеушілермен анықталатын зерттеу түрі бойынша;

3.киімді даярлаудан немесе оны эксплуатациялаудан технологиялық шарттарға жақындатылған, коршаған ортаның нормальды шарттарынан пайда болатын зертеудің шарттары мен параметрлері болуы мүмкін;

4. зерттелген көрсеткіштер арасындағы функционалдық құрамымен немесе басұа байланыстың болуы.


11-дәріс. Тоқыма талшықтардың классификациясы

Дәріс сұрақтары:



  1. Әрлеу материалдары

  2. Киім фурнитурасы


Дәріс мақсаты: Тоқыма талшықтардың классификациясы, әрлеу материалдары мен

киім фурнитурасы жайлы мәліметтер алу


Тоқыма талшықтары деп иірімжіп және тоқыма бұйымдарды дайындағанда қолданылатын ұзындығы шекті, көлденең кесілген аз өлшемді, жіңішке, иілгіш және берік талшықтарды атайды.

Тоқыма талшықтары қарапайым (элементарлы), кешенді (техникалық) және штапельді болып бөлінеді.



Қарапайым талшықтарға тоқыма талшықтар - мақта және жүн жа- тады.

Кешенді (техникалық) талшық бір-бірімен байланысқан қарапайым талшықтардан тұратын талшық (зығыр).

Штапельді талшықтар ұзындығы шектелген қарапайым талшық болып есептеледі.

Тоқыма талшықтардан жасалынып алынған иірімжіптердің және жіптердің өңдеу үдерісінде, олардың нақты ұзындығы, беріктігі, созылғыштығы, сызықтық тығыздығы және иілгіштігі, ылғал сақтағыштығы болуы қажет. Сонымен қатар киімді пайдаланғанда әр түрлі жағдайда бұйымды қолдану мүмкін болу үшін, бұйымға түскен әртүрлі күштің әсерінен бұзылудан сақтайтын, белгілі бір механикалық қасиеттерге, сондай-ақ киімде ыңғайлы (жылу өткізгіштік, су өткіз- гіштік, ауа сіңіргіштік) және сыртқы ортаның (түстік тұрақтылық) шар- тына қарсыласуын қамтамасыз ететін физикалық қасиеттері тұрақты болу керек.

Жаратылысы бойынша тоқыма талшықтары екі класқа бөлінеді: табиғи және химиялық. Табиғи талшықтарға өсімдіктекті, жануартекті және минералды, ал химиялыққа - әртүрлі физикалық және химиялық үдерістердің көмегімен жоғары молекулярлы заттардан (табиғи және синтетикалық) жасанды жолмен адам жасаған талшықтар жатады.

Талшықтардың әрқайсысы органикалық және бейорганикалық талшықты шағын кластарға бөлінеді.

Органикалық табиғи талшықтардың шағын класы табиғи шығу тегіне байланысты өсімдік және жануар текті топтарға бөлінеді.

Өсімдік текті талшықтардың тобына мақта, зығыр, кенеп, кендір целлюлозды талшықтардың шағын топшасы жатады.

Жануар текті талшықтар жүн талшығынан және табиғи жібектен құралған, ақуызды талшықтар топшасынан тұрады.

Табиғи бейорганикалық минералды талшықтарға - минералды ас- бест талшығы жатады.

Химиялық талшықтардың бөлінуі өте күрделі болып келеді. Органикалық шағын кластағы химиялық талшықтар екі үлкен топқа бөлінеді: ол - жасанды және синтетикалық талшықтар. Табиғи жоғары молекулярлы қосылыстардан химиялық жолмен алынған талшықтарды жасанды химиялық талшықтар, ал синтезделген жоғары молекулярлы заттардан алынған талшықтарды синтетикалық талшықтар деп аталы- нады.

Жасанды органикалық талшықтар химиялық құрамына байланы- сты гидратцеллюлозалы, вискозды (полинозды, мыс-аммиакты), эфи- роцеллюлозалы (ацетатты, үшацетатты) және ақуызды (казеиндік) талшықтар топшасы болып бөлінеді.

Синтетикалық органикалық талшықтар полиамидті (капрон, анид, энант), полиэфирлі (лавсан, терилен), полиуретанды (спандекс), полиакрилонитрильді (нитрон, орлон), поливинилхлоридті (хлорин), поливинилспиртті (винол) және полиолефинді (полипропилен, полиэ- тилен) талшықтардан жасалатын топшадан тұрады.

Химиялықбейорганикалық талшықтарға минералдыталшықтардың екі түрі жатады металдық және шынылық.

Тоқыма талшықтардың негізгі түрлерінің классификациясы

1- сызбада көрсетілген.

Тігін өндірісінде қолданылатын тоқыма материалдар - маталар, тігін жіптері, ызба, бау және басқалары - негізінен тоқыма талшықтарынан тұрады.

Тоқыма талшықтары өте жіңішке, олардың ұзындығы миллимет- рмен өлшенсе, онда жіңішкелігі миллиметрдің жүздеген және мыңдаған үлестерімен өлшенеді.

Талшықтарды иірімжіпке, матаға өңдеу және тоқыма материалдарға, бұйымдарға қажетті қасиеттермен қамтамасыз ету үшін, олар нақты ұзындыққа, жіңішкелікке, беріктікке, созылу қабілетіне, иілгіштікке, жабысқақтыққа және сыртқы ортаның әсеріне қарсыласуға ие болу керек.

Тоқыма өндірісінде қолданылатын талшықтың ұзындыгы - ең маңызды көрсеткіштердің бірі болып есептелеінеді. Талшықтардан үздіксіз жіп алу үшін, оның белгілі ұзындығы болуы керек, талшық ұзын болса, онда жіптердің арасындағы байланысы күшейіп, беріктігі жоғары жіп алынады.

Талшықтың жіңішкелігі өте жоғары бағаланады, себебі, талшық жіңішке болса, одан жұмсақ және иілгіш жіп алуға болады.

Талшықтың беріктігі олардың үзілуге қарсыласу қабілеттілігі, ол иірімжіп пен матаның сапасының және тоқыма өндірісінің үдерісінің көрсеткіші болып табылады.

Талшықтың ұзаруы (созылуы) олардың күш түскенде ұзару қабілеттілігі, бұл талшық сапасының маңызды көрсеткіші болып есептелінеді. Талшықтың ұзару қабілеттілігі одан өндірілген иірімжіпке беріледі және оның жалпы бұзылуына қарсыласуын жоғарылатады.

Егер талшық серпімді, яғни күштің алынуынан кейін бастапқы ұзындығын қайта қалпына келтіру қабілетіне ие болса, ол талшықтардан өндірілген маталар серпімді болады, мыжылмай- ды, ал одан дайындалған бұйымдар өзінің пішінін ұзақ уақытқа сақтайды.

Талшықтың иілгіштігі иіру үдерісіне, матаның сапасына және оның жұмсақтығына, күлтеленуіне үлкен әсер етеді.

Талшықтардан мықты жіп жасап алу үшін талшықтардың иілгіштік қасиеті жоғары болуы керек.



Ылгал тартқыштық талшықтың ылғалды сіңіру қабілеттілігі. Ол киімге қойылатын гигиеналық талаптарды қанағаттандыруға қажет, өндірістік үдерістің жақсы жүруі және матаның терді жақсы сіңіруіндегі маңызды қасиетінің бірі болып табылады.

Талшықан алынған материалдардың сыртқы ортаға қарсыласу әсері - суға, ауаға, жарыққа және механикалық күшке - берілген талшықтардың киюге төзімділігін анықтайды.


Тоқыма талшықтары

1-сызба. Тоқыма талшықтарының классификациясы



Әрлеу материалдары. Әрлеу, сәндеу материалдарына таспалар, ызбалар, баулар, шілтерлер, гипюр, стеклярус жатады. Алуан түрлі тігін бүйымдарын әрлеу үшін маталар, тері, үлбір, күдері, түймелер қолданылады.

Тағайындалуы бойынша әрлеу материалдары үш топқа бөлінеді: қолданбалы-бүйымның ішкі бөлімдеріның тігістерінің шеттерін бекіту және көмкеру үшін таспалар және ызбалар, сәндік қолданбалы киімнің сыртын сәнді көмкеру үшін арналған таспалар, ызбалар, баулар, сәндік- киімді сәндеуге арналған және эстетикалық функцияларды орындай- тын таспалар, эмблемалар, ызбалар, баулар және шілтерлер.



Таспа - бүл ені әр түрлі болатын мата қиындылары, олар екі түрлі көлденең жіптерді тоқитын станоктар мен машиналарда өңделеді. Таспалар матаға үқсас бір түсті және атластан майда өрнекті болып тоқылып, әр түрлі матадан, түкті және шілтерленген түрлері болады.

Таспаның талшықтық қүрамы әр түрлі, олар кардалық және тарақтық мақта матадан, вискозды, штапельді, синтетикалық көлемді иірімдерден, қүрамдас вискозадан, ацетатты, жай капроннан және көлемді жіптерден, табиғи жібек жіптерден, сонымен қатар эластика- лы таспалар үшін резиналы жіптерден қүралынады. Аз мөлшерде та- спаларды зығырдан, жүннен және лавсанды иірімдерден шығарылады. Киімге қолданылатын таспалар әрлеуіш және қолданбалы болып бөлінеді.

Тігін өндірісінде қолданылуына байланысты қолданбалы таспалар келесі түрлерге бөлінеді:

Өңірлік жиек таспа - жартылай зығыр, жаймалық өрім, өңделмеген, ені 9-12мм, созылуын азайту үшін өңірдің, қиықтың жиектеріне салы- нады.

Шалбарлық таспа- мақта жіппен, жартылай капрон немесе капрон жіптерден жаймалық және саржалық айқаспамен «шыршаға үқсас» жиек салып тоқылады ені-15мм, шалбардың төменгі қиық жиегін бекіту үшін қолданылады.

Корсаждық таспа- жатық боялған, өңделмеген түсті мақта жібінен жаймалық айқаспамен тоқылған, ені 40,50, 60 мм болады.

Киперлік таспа- саржалық өріммен және «шыршаға үқсас» өріммен тоқылған, жіптері ағартылған, өңделмеген, табиғи түсінде немесе тегіс боялған, киімдер және басқа да бүйымдарды біріктіру үшін пайдала- нылады, ені 11,12,13,14,15,16,18 мм болады.

Иілгіш таспалар-өңделген мақта, ағартылған вискоза жіптеріне резеңке талшықтар немесе спандекс жіптерімен араластырады, үстағыш ретінде қолданылады, ені 8-10 мм болады. Сәндік-қолданба- лы таспаларға мыналар жатады:

Аспабау таспалар- жартылай жібек, вискозды, капронды, эла- стик араласқан капрон жіптерінен жаймалық атластық, майда өрнекті өріммен тоқылған, ширатқанға төзімді, ені 5-16 мм болады.

Сәндік иілгіш таспалар- штапель жіптерінен, жолақты ала тоқылған, таспалы резеңке талшықтардың тартып түруының арқасында бет жағында ілмектері бар, ені 25-30 мм, шомылу костюмдері және шаңғышылар костюміне қолданылады.

Иілгіш таспа- вискозды жібектен резина талшықтарын немесе спандекс жіптерін араластырып, іш-киімдік бүйымдар мен плавкілерге қолданылады.

«Гофре» иілгіш таспа- вискозды жібектен, екі жағынан резина талшықтары өтетін ортасы гофреге үқсас, іш киімдік бүйымдар және плавкілер үшін қолданылады, ені 7-15 мм болады.

Жиектік таспа- мақта немесе жүн аралас жіптерден саржалық және жалған репстік айқаспамен тоқылады, ағартылған және тегіс боялған, тігістердің қиылған жерлерін тегістеу үшін қолданылады, ені 13-16 мм болады.

Сәндік таспаларға мыналар жатады:



Іш киімдік бейка - мақта мата таспаға түрлі-түсті вискоза жіптерінен жаккрдтық өрнектер салынған, ала тоқылған, балалар бүйымдарында қолданылады, ені 9-15 мм болады.

Әрлеу тасмпалары- түрлі енді вискозды қүрамдас жіптерден жасалатын әр түрлі енді майда өрнекті, жаккардты өрімді, түрлі- түсті суретті түрі жиі кездеседі, әйелдер және балалар киімдеріне қолданылады.

Үлдір таспа- жүқа, мережкаға үқсас суретті болып келеді, негіз жібі капрон жіптерден және арқауы мақта қағазды, жүн жіптерден және текстурленген жіптерден дайындалады.

Эмблема таспасы- жаккардтық, тақырыптық суретті (штурвал, якорь, аңдар, геометриялық орнаменттер, өрнектер), вискозды қүрама жіптерден және иірілген штапель жіптерден жасалады және балалар, спорттық бүйымдарға қолданылады, ені 90-100 мм болады.

Таспалар іш-киімге, әйелдер көйлектеріне, балалар бүйымына қолданылады. Ақ жаймалар үшін арнайы ақ жайма іш-киім бейкала- ры, 12.1 - суретте көрсетілген, аспабау үшін таспалар, көмкерме үшін өңіржиекті таспалар, әйелдер көйлектері үшін - түрлі әрлеу таспалары, шілтері тоқылған таспалар, 12.2., 12.3., 12.4 - суреттерде көрсетілген, Ляке таспалары, шілтерлі таспалар, спорттық киімдер үшін - қарапайым және түкті эластикалы таспалар қолданылады.


Қолданбалы таспа ретінде өңірлік көмкермені, корсажға арналған таспалар, шалбардың төменгі жағына жиектеме ретінде қолданылады.

Ызба. Ызбалар (тесьма) көп жағдайда өрілген болып келеді, ал тоқылған түрі сирек кездеседі.

Өрілген ызбада өрілген жіптері бір-біріне зигзагқа үқсас қырларына бүрыш болып орналасады. Осы қүрылым арқасында ызба үзындығы және ені бойынша жақсы созылады және онымен тігіс шеттерін, күрделі конфигурациялы бөлшектерді жеңіл тігіледі. Ызбаны әйелдер және балалар бүйымдарында әшекейлі әрлеу ретінде қолданылады.

Өрілген ызбаны түрлі енді (2,5-25мм) мақта матадан немесе штапельді иірімдерден, қүрамдас вискозды жіптерден және резеңке жіптерден класстарға бөлінетін ызба қүрауға қатысатын жіптерінің са- нына байланысты таспа тоқитын машиналарда дайындалады. Өрілуіне байланысты ызбаны бір шалымнан кейін өрілетін жіптерден бір өрімді, екі шалымнан өрілетін екі өрімді, үш жіп арқылы- үш өрімді болады. Қырларды тігуге арналған бір түсті ызбалар бүйымның түсіне байла- нысты таңдалады, әрлеу ызбасы тегіс боялған және екі, үш, одан да көп түстерден ала тоқылған түрлері болады.

Өрілген әрлеу ызбаларының түрлі үршықтардың жіптерінің тартылысының өзгеруіне байланысты пайда болатын толқынға үқсас өрілген жолаққа үқсайтын кең тараған түрі «вьюнчик» ызбасы болып саналады.

Әрлеу ызбаларының жаңа түрлерін өрімге түрлі суреттер және қүрылымды бауларды қосу арқылы алынады. Тоқылған әрлеу ызбасы тегіс боялған болып келеді, бірақ тегіс боялған және ала тоқылған екі, үш және одан көп түсті болады.



Тоқылған ызба- мақта матаның иірімінен, вискозды штапельді және қүрамдас жіптерден тоқу машиналарында түрлі енді болып шығарылады. Ызба жасайтын бүл машиналарды үршық санына бай- ланысты кластарға топтайды. Өрімдерге байланысты ызбаларды бір өрімді, екі өрімді түрлері болады.

Әр-түрлі енді тоқылған ызбалар арқау тоқитын машиналарда шығарылады. Ол бір түстімен қатар түрлі-түсті, шілтерлі әсерлі және рельефті қүрылымды көлемді жіптерден, штапельді вискозды және лавсанды иірімдерден пайда болады.



Баулар - өрілген және оралған болады.

Өрілген бауларды ызбаға үқсас тоқыма машиналарында дайындай- ды. Өрілген баулар вискозды, капронды, мақта матадан және штапельді иірімдерден - қүрамдас жіңішке жіптерден өрілетін, бірнеше мақта ма- тадан қалың жіптерден (жүректі) өрімдерден пайда болады.

Әрлеуіш тоцылган бау-сутаж бау ортасында, өрім арасында қуыс пайда болып, сыртынан қүрамдас вискоза жіптерінен өрілген ені 2-3,5 мм екі қалың мақта матадан ширатылған өрімнен пайда болатын әрлеуіш өрілген бау болады. Сутаждың сыртқы өрімі бір түсті және әр

түрлі түсті болады. Сутажды әйелдер және балалар көйлектеріне, со- нымен қатар балалар костюмдерін әрлеу үшін қолданылады.



Тоқылған бау арнайы дөңгелек тоқыма машинасында алынады (ШВМ), олар түрлі енді және формалы болады. Негізінен балалар киімдері үшін әрлеу ретінде қолданылады.

Диаметрі 2 мм шамасындағы мақта матадан өрілген өңірлік баулар- ды рельефті ілгекке астар үшін қолданылады.

Ілгекті өрілген баулардың ортасы мақта маталы, сыртынан вискоз- ды және капронды жіптерден өрілген болып келеді. Олардың диаметрі 4мм шамасында болады.

Оралган бауларды мақта матадан, вискозды және жүн жіптерден- ширатылған бірнеше өрімдерден алады, кейбір кезде әрлеу бауларына мишура (металлдан жасалған жіптер) қосылады.

Шілтерлер - деп жіптерден дайындалған мөлдір тор өрнекті қолмен немесе машина әдісімен орындалатын бүйымдарды атайды.

Қол шілтерлері өрілген, филейные (тігілген) және тоқылған, жиек формасында, тақырыпты, кейбір кезде жеке бүйымдарда - жағаларда, ендірмелерде болады. Шілтеріні әйелдер және балалар іш-киімдеріне, көйлектер және блузкаларда қолданылады.

Жиек- қарсы беті тісті, тігілетін матаға бірдей болып келетін шілтерлі жолақ.

Бастыра тігу- екі бүйымның арасына тігілетін бірдей жиекті шілтерлі жолақ.

Тақырыпты- шақпақ, овал, дөңгелек формасындағы шілтерлі ендірме.

Қол жүмысымен өрілген шілтерлер бағалы болып келеді, олардың өндірісі Вологодский, Рязанский және Ресей Федерациясының басқа аудандарында дамыған көркемөнер саласы.

Өрілген шілтерлерді мақта матадан, дөрекі зығыр және жіптерден алынады. Қол жүмысы үдерісі өте күрделі және қиын болып келеді, жастықшаға цилиндр пішінді өрнек салынған қағазды түйреуіштермен қадап бекітеді. Ұршықтың көмегімен- бір жағына жіп байланған, бір жағы үстау үшін арналған үшталған ағаш таяқшалардың көмегімен жіпті түйреуіштің айналасына орап белгілі бір мөлдір өрнекті қүрап тоқиды. Бүл жолмен шағылысқан шілтерлер алынады. Тізбекті шілтерді дайындағанда бірінші үршық көмегімен өрнекті дайындайды, содан кейін ілгек қүрайтын сирек тормен бір-біріне жалғайды. Шілтерлер аса күрделі емес, қайталанбалы суретті, тура саналған жіптердің са- нымен жасалатын айқаспалы болып келеді. Шілтерлер санаулы жіптер санының айқаспасымен дайындалатын күрделі емес, қайталанатын суретті болады.

Филейные (тігілген) шілтерлерді қалың жіпті торда өрнектерді инемен кестелеу арқылы пайда болады. Тоқылған шілтерлер кроше жіптерінен ілгек арқылы тоқиды.

Машиналы шілтерлер іш-киімдер және көйлектерді әрлеу үшін жи- ектеме түрінде, сонымен қатар той киімдері және блузкалар үшін бүтін шілтерлі жайма ретінде шығарылады. Шілтерлерді арнайы шілтерлі ма- шиналарда өру машиналарында дайындалады. Олар өрілген, тоқылған және кестеленген болады.

Өрілген шілтерлер (басонные) - ауыр, массивті, анық бедерлі суретті қалың өрнекті (көмкерме) жіптердің көмегімен жасалады. Екі жіптер жүйесінің өрім көмегімен (негізгі және өрнекті) ілгекті жаккардты ма- шиналарда мақталы, вискозды және текстурленген жіптерден пайда болады. Сонымен қатар қалың өрілген шілтерлер шығады, олар қолдан тоқылған шілтерге үқсайды.

Тоқылған шілтерлер негіз тоқитын көп тарақты шілтерлі машина- ларда шығарылады. Өрілген шілтерден айырмашылығы, грунт бойын- ша квадратты немесе алты қырлы үяшық (тюль) арқылы тығыз емес өрнек өтеді. Суреттері геометриялық немесе өсімдікті өрнектер, өте күрделі, жаккардтты болады.

Тоқылған шілтерлерді тоқыма автоматтарында, тегіс тюлде неме- се тоқыма жаймада (жіңішке мақталы немесе капронды) сурет пайда болады. Суреттері әр-түрлі, вискозды немесе мақта маталы жіптерден дайындалады.

Кесте жайма бойымен керекті жолақ енімен арнайы машиналарда кесіледі. Кестеленген шілтерлер трикотаж бүйымдарын әрлеу үшін қолданылады.

Машиналы шілтерлі және шілтерлі жаймаларды мерсерленген ширатылған мақта маталы иірімдерден, вискозды және капронды қүрамдас жәптерден, ал сирек жағдайда штапельді, лавсанды немесе жүн иірімдерден шығарады.

Жаккардты аппаратты шілтерлі машиналарда үш жүйелі жіптерден түратын шілтерлер мен шілтерлі жаймалар дайындалады ол: негізгі, өрнекті, арқаулы болады. Шілтер ені 12,7 мм болатын арқау жіптерінщ санына байланысты шілтер машиналары 7 - 16 топтарға бөлінеді.

Шілтерлі машиналарда арнайы шілтерге біріктіру жіптерінің енгізу арқылы, соңғы әрлеу кезінде шығарып 50 -300 дейін дайын шілтер жолақтарын (еніне байланысты) шығарылады.

Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтердің негізгі түріне

1 - кестеде көрсетілген, жіңішке (валансьен), жіңішке енді (малин), жіңішке рельефті (бретон), рельефті енді (брабант), орыстың (торшон) түрлері жатады.

Өрілген (басонные) шілтерді мақта маталы иірімді, вискозды және капронды қүрамдас жіптерден өрнекті екі жіптің жүйелі айқасынан дайындайды.

Кестеленген шілтерлер тегіс боялған мақта маталы немесе жіңішке трикотаж жаймамен, ал сирек капронды маталарда кестелеу автоматта- рында кестеленеді. Әр түрлі суреттерді кестелеу автоматтарында мақта

маталы, вискозды жіптерден орындайды. Кесте бүкіл жайма бойы- мен өңделеді, оны арнайы машиналарда керекті енді жолақтарға кесіледі. Бүл шілтерлерді әйелдер трикотаж іш-киімдеріне қолданылады.



Гипюр (ауалы кесте). Кесте мата бойымен мақта маталы иіріммен орындалады, ал кейін оны алып тастайды, соның арқасында кестелен- ген сурет фонсыз қалады. Кестені термоөңдеуден және механикалық әсерден кейін алып тасталынатын, алюминий түздары сіңген мақта маталы матада кестелеу автоматында орындалады. Жіңішке гипюрді өңдеу кезінде ерітіп жіберілетін табиғи жібек матасынан кестелеп жа- сайды. Гипюр - ауыр, массивті шілтер, блузка және көйлектерді әрлеу үшін қолданылады.

Тюль (тор) - ағартылған немесе түрлі-түсті алты қырлы немесе төрт қырлы үяшықты формалы тор жайма. Қолданылатын шикізатқа байланысты тюль мақтақағазды, жартылай жібек (вискозды жіптермен) және синтетикалық болады. Тюль тегіс және өрнекті, суреті бар бо- лып бөлінеді, тюльді іш киімді, көйлектерді, блузкаларды әрлеуге қолданылады.

Кесте 12.1 - Шілтерлі машиналарда шығарылатын шілтерлер Атауы

Ені, мм

Сипаттамасы

Жіңішке (валансьен)

10-40

Ромбты торда торға қарағанда (12.5-сурет,а) қалыңдатылып қой- ылған өсімдікті өрнектер мен геомет- риялық фигуралардан күрделі емес өрнектерден ширатылған мақта мата- лы иіріммен дайындалған.

Енді жіңішке (малин)

40-120

Алты қырлы үяшықты торда мақта маталы тарақты ширатылған иірімнен немесе капронды қүрамдас жіптерден өтетін өрнек. Шілтер жеңіл, өте мөлдір болады

Бедерлі жіңішке (бре- тон)

10-40

Мақта матадан жасалған анық белгіленген фон және сурет.

Бедерлі енді (брабант)

45-100

Бедерлі сурет сипаттамасы жіңішке шілтердегіге үқсас болады

Орыстың (торшон)

15-100

Мақта маталы иірімді бедерлі суретті шілтер қолдан өрілген шілтерлерге үқсас болады


Тігісті - арнайы машинада дайындалған кестеге қосылған тесіктері бар ағартылған жіңішке мата жолағы. Тігісті түрін жиек және басып тігілген түрінде шығарылады, әйелдер және балалар бүйымдарын әрлеу үшін қолданылады. Тігісті түрін әрлеуіш мата түрімен шатастыр- мау қажет, олар тігіс түріне үқсас кестелі болып келеді, бірақ өлшенген жайма түрінде шығады.

Фурнитуралар-тігін өндірісіне қажетті көмекші бүйым. Фурниту ра тігін бұйымдарын түймелеу, бекіту, осы бүйымдардың бөлшектерін жеңілдету, сонымен қатар киімнің кигенде ыңғайлы болуы үшін қолданылады. Тігін өндірісінің фурнитураларына: түймелер, сыдыр- малар, кнопкалар, ілгектер, ілгіштер және қапсырмалар жатады.

Түймелер түймелеу үшін, сонымен қатар киімді әрлеу ретінде қолданылады. Түймелерді келесі түрлерге бөледі ол: - материалы бойынша-пластмассалы, металлдан жасалған, керамикалық, аралас, бекіту элементтері бойынша- тесікті, қүлақшалы, дайындау әдісі бой- ынша- қүйылған, пресстелген, механикалық өңделген, штампталған, жиналған, әрлеу бойынша-қорғағыш сәндік жабындысыз және фоль гамен тығыздалған болады. Пластмассалы түймелерді дайындауына байланысты келесі топтарға бөледі ол: әйелдер, ерлер және балалар киімдері, жейделер, іш киімдерге қолданылады.

Киімдерге арналған түймелер келесі классификацияларға бөлінеді:

- Дайындалуы бойынша - пальтолық, костюмдік, көйлек- тік,шалбарлық, іш- киімдік, формалық, балалар киімдеріне арналған түймелер;

- Түйме диаметрі мм;

- Өңделген материалына байланысты галалитті, акрилатты, целлу- лоидты, металдан жасалған, әйнекті, түмсықты, сүйекті, перламутрлі, ағаштан және пресстеп жасалған;

- Сыртқы түріне байланысты, пішініне қарай- домалақ, сопақ, со- зылған, дөңгелекке үқсас, жартылай дөңгелекке үқсас, иілген, б) беткі қабатына қарай -тегіс және бедерлі; в) боялуы бойынша- қара, ақ, түрлі-түсті, ала, тасбақа тәрізді, рубин тәрізді, янтарь тәрізді болады;

- Киімге бекітілуі бойынша түймелер түйменің ортасында орна- ласқан екі немесе төрт тесікті, бүтін, нүктелі немесе түйменің төменгі жағы сым темірлі ілгекшемен болады. Өндіріс түймелердің әр түрлі өлшемдерін шығарады, ол 2- кестеде көрсетілген.


Кесте 12.2 - Түймелер өлшемдері Түймелердің өлшемі мм (диаметр)

Тесіктер

өлшемі

Тесіктер ортасының ара- қашық тығы

Қүлақша биіктігі

7

1,6

2,5

3,5

9-12

1,8

3

3,5

13-17

1,8

3,5

3,5

18-22

2

4

4

23-30

2,5

4,5

4,5

30-дан жоғары

2,5

5

5

Шалбарлық ілгіштер мен ілгектері бірнеше бірнеше типте өңделеді. Ең көп тарағаны 12.10- суретте көрсетілген. Шалбарлық ілгектер мен ілгіштерге шикізат ретінде диаметрі 1,6мм төменкөміртекті болат не- месе 1,6мм қалыңдықты суық прокатты болат таспа қолданылады. Әрленуі бойынша шалбарлық ілгектер мен ілгіштер көйлектік сияқты лакталған, оксидтелген, фосфатталған болады. Шалбарлық ілгектер мен ілгіштер шалбар белдігінде, пәлтелерде қолданылады.

Көйлектік, шалбарлық ілгектер мен ілгіштердің сапасы сыртқы түрі негізгі тексерудегі нәтижелеріне байланысты, механикалық қасиеттерінің коррозияға төзімділігі арқылы анықталады.

Ілгектер мне ілгіштер дүрыс формада тегіс, түзу, дат баспаған болуы керек. Лакталуы тегіс, түйіршіксіз болуы керек. Ілгек ілгішке жеңіл, тез кіруі қажет. Ілгекшелер қүлақшалары үшталмаған қырлары жіптерді кеспеуі керек. Коррозияға төзімділігін 96%-98% ылғалдылықтан, температурасы 18-25°С болатын коррозиялық камерада анықтайды. Камерадан 24 сағаттан кейін лакталған, никельденген, күмістенген бүйымдарда, оксидтелген-15сағ кейін коррозияға үшырамауы керек.

Механикалық қасиеттерінің төзімділігі келесі әдіспен анықталады. Түймеленіп түрған қүлақты бір жүпты қатты бекітілген қүлақша диаметрі ілгек пен ілгішке сәйкес болат шпилькаға кигізіледі. Басқа жүпқа 0,5 кг жүк ілінеді және жүкті біртіндеп қажетінше көбейтеді. Жүкті алғаннан кейін ілгек пен ілгішті деформацияға түспеуі керек. Көйлектік ілгек ілгішке (МемСт 547-54) шектелген жүк салмақ №2- 12 кг, №3-7,5кг, №5-4,5, №6-3,5кг, №7-1,5кг сәйкес болуы қажет.

Шалбарлық ілгектер мен ілгіштер (МемСт 7093-54) типтегі шектелген жүк салмақ -17кг болуы керек.



Қапсырмалар, рамкалар, сақиналардъі болат сымнан, таспадан не- месе болат және жез жапырақшалардан дайындайды. Қапсырмалар формасына және өлшемдеріне байланысты 100-250 даН, рамкалар- 40-250 даН және сақиналар -15-200даН сақтауы күшті көтере алулары қажет.

12-дәріс. Киімдерді өңдеу және жобалау

Дәріс сұрақтары:



  1. Киім туралы жалпы мәлімет және киімнің негізгі қасиеттер

  2. Адам бейнесінің  өлшемдік  сипаттамасы

  3. Киімнің технологиялық өңдеулері


Дәріс мақсаты: Киім туралы жалпы мәліметтер мен негізгі қасиеттерімен және

технологиялық өңдеулерімен танысу


Жалпы киім ұғымы адамдардың уақытқа және қоғамдық жағдайларға сәйкес сұлулық туралы белгілі бір ұғыммен бейнелейтін сәнмен тығыз болады. Қай заманда болмасын адамзат алдындағы ұлы мұрат-міндеттердің ең басты-өз ісін, өмірін жалғастыратын, салауатты ұрпақ тәрбиелеу. Ал ойлы- пайымды, білімді, мәдениетті, іскер, еңбекшіл азамат тәрбиелеуді адамзаттың ақыл-ойымен мәдениетінің дамуындағы бағалы байлықтың бәрін игере отырып,  оны бүгінгі ұрпақтың санасына ұстаздық шеберлікпен біртіндеп сіңіру  арқылы ғана жүзеге асыруға болады. Адамзат қоғамы дамыған сайын бұл көзқарастар өзгереді, яғни сәнде үнемі жаңарып отырады.Киімді әркім өз бетінше таңдайды,  таңдау барысында адам жеке талғамы мен сән ағымына сүйенеді. Жақсы киіне білуде өнер. Киім таңдаудағы жақсы талғамды білдіретін кең тараған анықтамалардың бірі-әдемілік, сәнділік. Сәнділік ұғымы ең алдымен киім түсі мен сәніне қарай дұрыс құрай білуге тікелей байланысты, киімге деген талғампаздық адамның өзіне сын көзбен қарай алатынының белгісі болып табылады. Киімді жарасымды етіп пішу-қонымды киімдердің кепілі екенін ұмытпауымыз керек. Сонымен қатар киім адамды қоршаған ортаның табиғаттың түрлі әсерлерінен қорғайды оны тұтыну мәні мен бірге қызмет ететін маңызы бар. Киімнің шығуы адам еңбегінің ерекшелігіне қоғамдық өндіріс пен мәдениеттің дамуына тығыз байланысты. Алғашқы кезде киімді қазақтар мал терісінен илеп жүнен тоқып тігіп киетін болған киін бертін келе матаға жүн салып сыратын болды. Қазіргі кездегі киімдер мынадай түрлерге бөлінеді: ерекше маталарды қажет ететін өндірістік, арнайы киімдер, жұмысқа, қыдыруға, саяжай мен куроттарға, әскери адамдардың, теміржолшылардың, спорттық   деп және тағы басқа. Киім-утилитарлық  және эстетикалық қызыметтерді атқаруға, адам денесін сыртқы әсерден қорғауға арналған бұйымдардың жиынтығы. Киім сөзімен мағыналас қолданылатын<<Костюм>> ұғымы кең мағынаны қамтиды. Қазіргі кездегі костюмнің атқаратын қызметі сан алуан ол ең бірінші қажеттілік болып табылады. Өйткені киім адам ағзасын табиғаттың және өндірістің ортаның әртүрлі зиянды әсерлерінен қорғайды.  Қазіргі заманғы барлық киімдер екі классқа бөлінеді тұрмыстық және өндірістік .

        Тұрмыстықтың өзі келесі класстарға бөлінеді: сырт киім, жеңіл киім, корсетті бұйымдар, бас киім. Сырт киімге- пальто, жәкет, тон, шекпен, бешпент, плащ, куртка жатқызылады. Жеңіл киім- көйлек, жейде, болузка, қалат, белдемше тағы басқа. Бас киімдерге- құлақшын, фурашка, күнқағар, телпек, қалпақ, тақия, бөрік  жатады. Тұрмыстық киімдерді былайша ажыратуға болады: жасына және жынысына қарай бөлінеді. Және ерлер мен әйелдер киімдері үш түрлі жас молшерін кіші, орта, аға топтар болып ажыратылады. Киімдер маусымдық мерзіміне қарай  жаздық, қыстық, маусымдық және мерзімде кис беретін киімдер болып та бөлінеді.Қазіргі заманғы жастардың талап-талғамын елеп-ескере отырып, сән жаңа стильге көшіп отыр.Сән ешқашан да ескіні мүлде жоққа шығармайды.Ол бүгінгі таңда көпшілік көңілінен шыққан үлгілерді пайдалана отырып оларды уақыт талабына сай талғаммен жетілдіре түседі. Оларды пішу және тігу аса күрделі болғандықтан оны осы заманғы өнеркәсіп орындары ғана шығара алады. Қазіргі кезде жастар арасында сәнге деген көзқарас өте айқын байқалады. Олардың көпшілігі сәннен алған біршама үлгілерді пайдаланады. Мысалы : 60-шы жылдары кең өріс алып жастар үлгісіне айналған, қысқа тар етекті белдемшелер қазірде сәнің биік сатысынан көрінеді. Оны орнықты кию тазалықты, әдемілікті, көріктілікті талап етеді. Осындай сәндегі киімдерді тігу, елімізде жылдан- жылға дамып келеді. Киімнің негізгі қасиеттері деп ауа өткізгіштігі, төзімділігі, зиянды заттардан қорғауы, гигеналық тағы басқада қасиеттері бар. Киімнің ауа өткізгіштік қасиетті деп адам денесіне ыңғайлы, суықты, жылыны бірқалыпты ұстауын айтамыз. Төзімділік қасиеті деп киімнің тозуын айтамыз яғни киімнің шыдамдылығын, көпке шыдауын. Мысалға: жуған кезде киімнің оңып, созылып кетуі, кожа киімдерінің суыққа төзімді болуы тағы басқа. Зиянды заттардан қорғауы күннің сәулесінен, ыстықтан, суықтан, шаң тозаңнан, кейбір химиялық заттардан қорғау жатады. Гигеналық  қасиеті деп киімнің адам денесінен бөлініп шығатын тер бөлініп шығатын заттарды соруы денені құрғақ әрі таза ұстауға пайдасы өте мол . қоғамдық дамудың қазіргі сатысында киім деп өсімдік, малтектес және жасанды  матерялдардан тігіп адамды қоршаған ортаның қолайсыз әсерлерінен қорғайтын,  ағзаның қалыпты және сақтайтын температурасын   сонымен бірге оған әртүрлі көрік беретін заттар жиынтығын айтады .   Киім қасиеттері ол тікелей  матаға және киілетін орынға байланысты өйткені күн ыстық кездері ауа өткізбейтін болғандықтант адамға ыңғайсыздық тудырады. Киімнің тағы бір қасиетті жуған кезде тар немесе қысқа болып қалатындығын ескеген жөн. Көбіне төзімді киімдерге дженсилік маталардан тігілген киімдер жатады .



Адам бейнесінің өлшемдік сипатамасы. Киім конструкциясын кез-келген есеп  әдісімен  құру үшін ең алдымен ол туралы бастапқы деректерді толық білу керек.  Осы бастапқы деректердің  бірінші және негізгі  бөлігі болып өлшемдік белгілер табылады.  Олар адам дене бітімін көлемі мен пішіміне қарай сипаттады, яғни оның өлшемдік сипаттамасын ұғындырады. 

Адам денесі мен оның (антропометриялық) бөліктерін өлшеудің үш

тәсілі бар: 

-бірінші тәсіл арқылы тік немесе көлденең жазықтықтағы кез-келген

нүктелер арасының арақашықтық проекциясын өлшейді:

-екінші тәсіл арқылы екі нүкте аралығының ең қысқа қашықтығын

өлшейді:

-үшінші тәсіл арқылы дене бітімінің үстін өлшейді,

        Анықталған нүктелер антропомериялық нүктелер деп аталады. Адамды өлшеу барысында 16 антропометриялық нүкте қолданылады. Оларға қысқаша сипатама: 

Бой –Б. Еденнен құлақүсті нүктесіне дейінгі аралық.

Жартылай мойын айналымы-ЖАм. Мойынның толық айналымын өлшейді. Өлшеу барысында мойын пішініне және орналасуы мен ерекшеліктеріне назар аударуы қажет: ұзын – қысқалығына алдымен артына иілуіне, жетінші мойын омыртқасы айналсын май басуына.

Кеуденің бірінші жартылай айналымы-ЖАк1.  Бұл айналым толық айналымда өлшенеді.

Кеуденің екінші жартылай айналымы-ЖАк2. Арқаға сантиметірлік таспаны көлденеңнен қолтық асты ойындысының астымен өлшейді.

Кеуденің үшінші жартылай айналымы-ЖАк3. Бұл өлшемен кеуденің толық үшінші айналымын өлшейді.

Жартылай бел айналымы-ЖА бел. Белдің толық айналымын  өлшейді. Өлшем өлшегенде өлшемнің жартысын  алады. 

Жартылай мықын айналымы-ЖА мық. Мықын айналымын толық өлшейді. Таспа тұлғаны айналдыра шығынқы нүктелерге: артынан-жамбасқа,алдынан қарынға жайғастырады. Өлшемнің жартысы жазылып алынады.

Кеуде ені-Ек. Әйеледрден кеуде бездерін тігінен қоса есептегендегі қолтық асты шұңқырларының алдыңғы бұрышын өлшейді. Жарты өлшем жазылып алынады.

Артқы бел сызығынан мойын негізделу нүктесіне дейінгі аралық- Ұар.б.б. Артқы бел сызығынан мойын негізіндегі иықтық тігістің жоғарғы нүктесіне дейінгі аралықты омыртқаға параллель өлшейді.

Мойын нүктесінен алдыңғы бел сызығына дейінгі аралық- Ұал.б.б.Мойыннан кеуденің шығыңқы нүктесі арқылы өтетін белге дейінгі аралық.

Кеуде биіктігі –Бк. Мойынның негізгі нүктесінен кеуденің шығыңқы нүктесіне дейінгі аралық.

Арқа ені-Еар. Жауырын бойымен қолтық асты шұңқырларының артқы бұрыштары арасындағы арақашықтықты өлшейді. Өлшеудің жартысы алынып жазылады.

Бұйым ұзындығы-Ұбұй. Шартты қабылданған типтік талаптағы қалыптағы қалаған ұзындығына дейінгі арақашықтықты өлшейді.

Иық белдеу ені-Еи. Жобаланған иық тігісі негізгі нүкетесін негізгі мойын ақырғы нүктесіне дейін өлшейді.

Жең ұзындығы-Ұжең. Иық нүктесінен түсірілген жең ұзындығының арақашықтығы.

Иық айналымы –Аи. Айналымды иық осіне перпендикуляр өлшейді.

 Киімнің сыртқы пішіні мен  конструкциясының сипаттамасы.

Киімнің сыртқы пішінінен мынадый факторлар әсер етеді:

-матаның фактурасы, түр-түсі,әшекейлер,әрлеулер, көрінетін тігістер:

-адам ден бітімінің әр түрлі нүктелеріндегі киімнің қонымдылық дәрежесін

көрсететін оның еркінділік дәрежесі:

-пішіннің геометриялық ішкі сипаттамасы ретіндегі құрылымы.

Киімнің сыртқы пішінінің сипаттамсы.Түрлі ассортименттегі киім конструкциясының негізгі түрлі пішіндерге ие.Киім пішіні құрастыру және сәндік деп бөлінеді.Көп жағдайда осы сызықтармен анықталады. Сондай-ақ сэлуэттік депте сипатталады.

       Сэлуэттік сызықтар  киімнің көлемдік пішіні мен оның сыртқы пішінімен кескінінің пропорциясын сипаттайды.

       Киімді модельдеуде әртүрлі жастағы, өлшемдік және толықтық жетекші сэлуэттер болып табылады.

       Құрастыру сызықтары  киім бетіндегі бөлек бөліктерге бөлінеді. Ең көп кездесетіндері мынадай бөліктер артқы бой, алдыңғы бой, жең, жаға тағыда басқа. Киімнің негізгі  бөліктерінің тігістерін өзара қосады. Киімдегі әшекей құрастырушы деп те айтуға болады.

Сәндік сызықтарға әртүрлі әрлеу сызықтарын сондай-ақ бөлік шеттерінің контур сызықтарын жатқызады.

Киім пішімі деп киімнің конструктиптік құрлымының жалпы сипаттамасы түсіндіріледі.

     Қосымшалар  негізінде сыртқы иықты киімдерге және жеңіл киімдерге қосылатын қосымшалар болып бөлінеді. Сыртқы киімге қосылатын қосымша көп болады. Олар :



Пг -көкіректің жарты орамына берілетін қосымша4см.

Пт –белдің жарты орамына берілетін қосымша 1,5см.

Пб –бөксенің жарты орамына берілетін қосымша 1 см.

Пшгор –мойының жарты орамына беріледі 1см.

Пдтс –белге дейінгі берілетін қосымша 0,5см.

Пспр- қолтық  ойындысына берілетін қосымша 2,5см.

Пшп-көкірек еніне берілетін қосымша 0,5см.

Пдтп-алдыңғы бойдың белге дейінгі үзындығы 0,5см.

    Екі тігісті жең. Екі тігісті жең алдыңғы және артқы жеңнен тұрады.Ортаңғы тігіс немесе бүкпелі жеңде мұндай жағдайда жең болмайды.Бұл 2 тігісті жең сызба үлгісі реглан жеңге ұқсас пішімдегі формалар бұл  жең түптері бедерлі  тігіспен немесе көмкерілген толықтырылады.Бүл ұлгі пішіні реглан немесе қондырма жеңдер негізінде пішіледі.Тігілетін сырт киім костюм жең үсті тігісінде жарымалы болады.Осы жеңді тігістер кезінде жең үсті,жең асты деп екіге бөлінеді.Жең  дайындаудан бұрын жең бауыр астына қарайтын машинаға тігіп арнайы жең үтіктеуге арналған жең формасыны келтірілген ағаш тақтайға саламыз.Жеңнің астарын жең аузына тігеміз.Бұл астарда үстіңгі және астыңғы жеңге салынып пішіледі.Осылай пішілген жеңді , алдымен жең асты қосып содан кейін жең үсті тігісін қосып тігіп береміз.Жеңнің астарын аузына тігеміз.Осылай дайындалған жең үсті,жең асты  тігісітерді беттестіріп,бормен белгілеп дәлме –дәл нтіп,жең ауыздарын тігеміз,егер бұл ек ім арасында бүкпесі бар киім болса  жарманың түзу тігіспен тігеміз,жең асты күспеге салып  тігеміз.

    Жаға. Жағалар формасы жағынан әртүрлі болады. Оларды формасы жағынан 5 түрге бөлуге болады:

1.Бұймның жоғарғы тұсына дейінгі түймеленетін жаға.

2. Лацканға дейінгі түймеленетін жаға(шәль және пиджак ).

3. Алдыңғы  және артқы бойлықпен тұтас пішілген жаға.

4.  Фантазиялық  (бүрмеленген ).

5. Кесіндісі бар тік жағалар. Яғни бұл менің курстық  жобамдағы костюмнің жағасы болғандықтан қысқаша сипаттама берсек. Негізінде тік жаға түймелігі жоғары мойын ойындысына дейінгі жоғарлығы жатады. Тік жағаны құру үшін мына есепті пайдаланамыз.

  Тік жағаны сызу үшін, жаға ені және жаға ұзындығы алынады. Оларды мына әріптермен белгілейміз енін ОВ, ал ұзындығын ОА деп белгілейміз. Тік жаға негізінде булузка, пиджактарда, костюмдерде тігіледі. Мысалы, костюмімнің жаға есебі.

        Жаға ені ВО= 6см

       Жаға ұзындығы ОА=20см

 

Киімнің технологиялық өңдеулері

    Жағаны бұйыммен оптачканың арасына  қосу         

      Дайын болған жаға   үлгісі

    Жеңді қолтықтың ойындысына қосу

       Жеңнің иық жағын майда тігіспен бүру

       Киімнің қолтық ойындысымен жеңді қосу

      Дайын болған жең



Борт

      Бортты өңдеу үшін киімнің алдыңғы бөлігі керек.

                                1-2 борт сызбасы

                                2-3 мойын сызбасы

                                3-4 иық сызбасы

                                4-5 қолтық сызбасы

                                5-6 бүйір сызбасы

                                6-1астыңғы сызбасы

 Борт 2 бөліктен тұрады .Борты алдыңғы бөлікке қойып    тігіледі,иық  жағы 30-40 мм ,астыңғы жағы  60-80 мм.Бортқа қатырма жабыстырымыз.Бортқа түйме және түймешелік торланады.

         Оптачка

        Оптачканы өңдеу үшін киімнің  артқы бөлігі қажет. Ол көпнесе сыр киімдерде тігіледі. Ол алдыңғы өңірге байланысты болып пішіледі. Киімнің мойын  ойындысына қосылып тігіледі

 

13-дәріс. Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының  сипаттамасы

Дәріс сұрақтары:

1. Костюмге жалпы сипаттама

2. Іс тігуге пайдаланылатын құрал-жабдықтар
Дәріс мақсаты: Киімнің сыртқы пішіні мен конструкциясының сипаттамасы және іс тігуге пайдаланылатын құрал-жабдықтарына сипаттама беру

Костюмді тігуге кеткен мата және де ұсақ- түйек материалдар  жиыны болды.

1,5 м мата түсі қанық көк 1800тг

0,5 м қызыл түсті мата 800тг

1,5м астарлы мата 400тг

1м  қатырма  325тг

12 дана ілмек 150 тг

2 дана плетчик 120тг

4 дана тас 500

3 түрлі шынжыр 0,5 м-ден 400тг

1 дана машина жіп 35 тг қанық көк

Бұл қатаң стильдегі костюмдерідң бірі. Ол әскери формаға ұқсас жартылай қынамалы, ұзындығы бөкседен түсетін тік жағалы. Артқы бөлік:

-қақ ортасынан  тігіс түскен және  2 иық тұсынан кант түсіріп тігілген.

- бүйір тұсынан ойық етіп басқа матадан тігілген.Ойық астынан  тағы бір ойық түскен.Осыған кант түсірілген.

-артқы бөліктің ортасынан белдікті өткізуге арналған төртбұрыш мата жапсырылған.оған кант берілген

 Алдыңғы бөлік:

-дәл артындағыдай етіп  2 ойық түсірілген.Осы 2 ойықты тігіп болған соң жан тігістерін қосамыз.2 жан тігісін тігіп болған соң иықты қосамыз. Бұл киімнің кеуду бөлігінің біткені .Кеуде бөлігін тігіп болған соң деңді қосамыз

-қолтық астынан 2 қымтыма түсірілген.Алдыңғы бөлікті  артқы бөлікке қоспас бұрын тігіп аламыз

-жең бұл 2 тігісті болып келеді .Жеңдң қоспас бұрын жең нүктесін тауып аламыз.Сосын барып қосамыз. Содан соң жағаны қосамыз. Жағасына кант  берілген.2 иығынан пагон қойылған.Содан соң плетчик қоямыз. Астар кең етіп пішілнді.Ол адамның қимыл –қозғалысына ыңғайлы болу үшін пішіледі. Астарды тікпес бұрын жеңін етегін қайырып  астарды сосын барып тігеміз.Астарды ең алдымен қосу үшін жеңінен бастап  тігеміз. Қосар алдында жеңінен не болмаса жанынан тігіп жатқан кезде ашық тастап кетмеіз.Ол астарды киімге теріс қаратып тігу үшін керек. Астарды тіккенде жеңнен кейін жанына яғни бортқа қосамыз. Сосын астын қосамыз. Барлық бөлшектерді тігіп біткен соң сәндеу жұмыстарына кіргіземіз. Ол бұйымды әдемі етіп көрсету үшін тігіледі. Костюмді белдікке. Өңірдің астыңғы бөлігіне білінбейтін етіп ілмек тігілді белдікке де, ілмек тігілді. Жағасына екі жанынан шынжыр ілдім, сәнді көріну үшін. Ең соңында бұйымды үтіктейміз.

1.ине


2.жіп

3.сымтаспа

4. оймақ түрлері

5.қайшы


6.түйрегіш

7.бор


 8.сызғыш

Ине ;ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болмаған.Бұдан 600 жыл бұрын инелер болаттан жасала бастады.Инелер қол инесі және іс машинасының инесі болып екіге бөлінеді.Қол инесінің диаметрі,ұзындығы  әр түрлі.Қайс тігетін 3 нөмірімен қалың матаны нөмір,ал таралмайтын 3 нөмір,кестетігетін 0,2 нөмір болады.Іс машинасының инелері жуандығына қарай бөлінеді. Қол инесі мен іс машинасының инелері мата түріне қарай сай тігу керек.

         Жіптер; қазіргі  заманғы жіптер саласы әр түрлі синтетикалық жіптер төзімді мықты келеді.Жібек жіптер қасиеті жағынан тігін машинасына жарамды.Сонымен қатар жібек жіп сырт киімнің бедері тігістерінде түйме  торлағанда өте қолайлы .Бұл тігісі машинасына жарамсыз.Себебі үзілгіш өңгіш №10,20,30,40,50-түрлері бар. Ине ежелгі дәуір адамдарының мата туралы түсінігі болған жоқ. Олар киімді жануарлардың терісінен жасады. Аң терісін тігу үшін балықтың сүйегін қыздырып біз ретінде пайдаланды. Кейін біздің ұшын бұрғылап көз жасады. Содан біздер алғашқы инелер есебінде қолданылды. Сүйек инелерден кейін қола, сосын темір, күміс инелер пайда болды инелер негізінен екіге бөлінеді қол инесі және машина инесі. Қол инесінің диаметрі мен ұзындықтары әр алуан, он екі номері бар. Ал машина инелерін тек жуандығына қарап ажыратады іс тігетін ине түзу сырты жылтыр үшкір болып келеді.

        Жіптер ерте кезде жіпті сол тігілетін бұйымның матасының ұзын бойынан жыртып алған. Пішілген бұйымды көктемей бірден тіккен. Сонымен қатар көркем тігіс түрлерін де пайдаланған. Ретіне қарай жөрмелеу тігісі, қайып тігісі,шаша қайып тігісі пайдаланған. Жібек жіптер қасиеті жағынан жарамды. Тігілетін киімнің өңіне байланысты жай

жіптерді пайдалануға болады.

        Сантиметрлік таспа дитциметрлік, миллиметрлік бөліктерден тұрады. Таспаны өлшеу алдында жаңа таспамен тексерген жөн немесе мүмкіндік болса жаңа таспа пайдаланған жөн.



14-дәріс.Ұлттық қолөнер мен киімдер тігу

Дәріс сұрақтары:



    1. Кесте және көркемдеп тігу

    2. Киім композициясының басты заңдылықтары


Дәріс мақсаты: Кесте және көркемдеп тігу туралы мәліметтер және киім композициясының басты заңдылықтарына тоқталу

Кесте және көркемдеп тігу ою-өрнекті әшекейлеудің ертеден келе жатқан элементтерінің басты түрі. Кестені бізбен және жай инемен әшекейлеп тігу барлық халықтарға да ортақ өнер. Кесте өнері  нағыз халықтық, алуан әдісті, таңдауы көп өнер. Кесте өнерінің қазақ халқына тән байырғы көне түрлері: біз кесте, айқас тігу, айқыш-үйқыш тігу, басып тігу, қайып тігу. Біз кестенің шым кесте және әредік кесте деп аталатын екі түрі бар.



Біз кесте дөңгелек немесе төрт бұрышты етіліп кергіш ағашқа керілген материалдың бетіне түсірілген ою-өрнек бойынша қарамақты бізбен өткермелеп шалу арқылы кестеленеді.

Шым кесте деп тігілетін материалдың ашық жерін қалдырмай немесе ашық орынды өте аз қалдырып, тұтас кестелеген шымқай кестені айтады.
Әредік кестеде материалдың әр жері өшекейленіп, бөлек-бөлек өрнек салынады.
Шым кесте, тұс киіз, сандыққап, мақпал шапан, орамалдың алақаны, жастық жапқыш, кежім, сәукеле сияқты басқа да көптеген заттарға төгіледі немесе бөлек материалға төгіп қондырылады. Әредік кесте тақия, балақ, өңір, жаға, етекке және кең қоныш етіктердің бұрыш-бұрышы, перделердің шеттері сияқты заттарға төгіледі немесе бөлек төгіп қондырады.

Айқас (крестеп) тігу де инемен тігілетін кестенің ең көп тараған түрі. Мұнда өрнек ізімен біркелкі төрт бұрышты етіп, бір жіптің үстінен екінші жіпті крест түрінде айқастыра бастырып отырады. Бұл қазір кесте тігудің ең қолайлы түрі деп танылып жүр.

Тесіп торлап тігуде өрнектелетін материалды өрнек мәнеріне қарай тесіп алады да, оны торлай және ортасын кереге көздеп, санап отырып шалу арқылы түрлі өрнек салады. Тесік аралығын кереге көздеу әдісінде кестенің тесік аралығындағы жіптерін өрмелеп шалып тоқу түрі де қолданылады. Мұндай тесіп, торлап өрнектеу әдісімен көбінесе жастық тысының беті, жастық жапқыштар, төсек жапқыштар әйелдердің іш көйлектерінің кеудесі, етегі, гүл қойғыш төсеніштер, дастарқандар мен диван жапқыштар, үйдің қабырғасына керіп қоятын маталар кестеленеді.

Кестені бедерлеп тіккенде кестеленген материалда әр түрлі ою-өрнек, мәнерлі бұдырлар өрнектеледі. Мұндай тігу түрін орындағанда әуелі үлгі бойынша сызылып алынған өрнектердің үстіне мақта, мата қиындылары, қағаз, картон салынып, кестенің жіптерін, сол заттарды бастыра шалып тігеді. Соның нәтижесінде матаның бетіндегі өрнектер бұдырланып бедерленеді. Бедерлеп тігу әдісіне де өрнектің мәнері мен шебердің шешіміне қарай бірнеше түсті жіптер қолданылады. Бедерлеп тіккен кестені көп жуа беруге болмайды.


Кестелеп тігу ісіндегі әдемілік пен көрнектілік жағынан ерекше көзге түсетін түрлерінің бірі көпіртіп тігу. Көпіртіп тігу кестесі де әзірленген өрнек үлгісінің ізімен тігіледі. Мұнда материалдың үстіңгі бетіне бүлдіргеленген жіп селпеулері қалдырылып отырады. Кестенің жібі бірнеше түсті болуы мүмкін. Бедерлеп тігу әдісімен алма, жүзім, бүлдірген, қарақат, қауын-қарбыз түйнектері сияқты түрлі жемістерді салуға болады. Көпіртіп кестеленген бұйымдар жуыла да өтектеле де береді, бірақ өтектен шыққан соң оларды қағып, сілкіп бүртіктерін тірілту керек.

Кестені түктеп тіккенде бізбен шалынған жіптің үстіңгі жағында (өң бетінде) кейде 1, кейде 2 сантиметрдей бүлдіргі қалып отырады. Шебер кестені тігіп болғаннан кейін әлгі қалған бүлдіргілерді тегістеп қырқады. Жиі шаншылып, қалың түсірілген бүлдірге жіптері қырқылып тегістелген соң, кәдімгі кілемнің түгі сияқты түрлі түсті болып құлпырып тұрады (түкті кілем). Кейде бүлдіргілердің астына ширатқан жуан жіпті ширатқан шүберекті, жұмсақ металл шыбықтарын мүйіздеп, ою өрнегіне келтіріп салып тігеді де, тігіп болған әлгі тігіс астына салынған заттарды үстінен тіліп алып тастайды. Мұндай әдіспен түктеп тігілген өрнектер мінсіз және түгінің биіктігі біркелкі шығады.
Алтындап, күмістеп тігу сән-салтанат бұйымдарына тән. Бұл үшін кебінесе барқыт, плюш, атлас, қырмызы сияқты бағалы материалдар пайдаланылады. Мұндай тігістерге, әсіресе, өзіне арналып жасалған алтын және күміс жіптер қолданылады. Кейде алтын, күміс түстес жіңішке жиек саулары (зер) пайдаланылады. Бағалы затты ысырапсыз пайдалану үшін оның өрнегі мен тігіс жіптерін санап білу керек. Өйткені бұл жұмыс өзге тігістерден гөрі ауыр келеді.

Алтындап тігуге көбінесе бедерлі, бедерсіз басып тігу әдісін қолданады. Алтындап тігу кестесіне маржандап тігуді де аралас жүргізеді. Мысалы, қыздардың қамзолдарының омыраулары, өңірлері және тағы да сол сияқтылар осылай тігіледі.


Алтын кестелі тон, шапан, айыр қалпақ, кемер белбеу, сал шалбар, сәукеле әдемілік әшекейінің ең асылы және бағалысы болып есептеледі.

Мал өрісінің жаздық, күздік жайылымы жағдайына қарай қоныс қуалап, көшпелі өмір сүрген қазақ ауылы онеркәсіп орталығынан қашық жатты. Олар күнбе-күнгі тұрмыс қажеттерін өздерінде бар мүмкіншіліктермен ғана өтеді. Сондықтан матадан, теріден, өрмек өнімінен жасалатын киім-кешектерді, саба, торсық, үйге жабатын киіз сияқты заттардың барлығын да қол инемен тікті. Қолмен тігу семья мұқтажын өтеумен қатар, заттарды көркемдеп тігуде де тиімді әдіс саналды. Соған қарағанда киімдерді төсек-орын жабдықтарын қол инемен кестелеп тігудің алуан түрлері туды.

Қолмен тігуде негізінен жуалдыз (тебен ине), жуан ине, жуантық (жөндем) ине, бәсең ине, жіңішке ине қолданылды. Жуалдызбен түйенің жабуы, қалың сырмақ, былғары тоқым сияқты заттарды сыриды. Жуан инемен сырмақтың жиегін, үйдің киіздерін, тері киімдерді және киіз байпақтарды тігеді. Жуантық инемен қап, шекпен, күпі, тымақ сияқты заттарды, ал бәсең инемен түйме, ілгек қадайды, матадан жасалған жүқа киімдерді тігеді.

Жіңішке инемен жібек, торғын сияқты жұқа материал-дарды, оларға салынатын кестелерді тігеді. Осыларға керекті жуан, жіңішке жіптерді де халық шеберлері суыртпақтай отырып өздері дайындайды. Ол үшін керекті жіптің түсіне ұқсас матаның шетінен жалпақтығы 3—4 см, ұзындығы — 30—40 см кенересін жыртып алады. Осындай жіп суыруға арналған бір бөлек жыртынды матаны шеберлер суыртпақ деп атайды. Суыртпақтан жіп суырып алудың да әдісі бар. Әуелгі жіпті сетінетіп суырады да, суыртпаңтың шеті шашақтанған соң оны ептеп саумалап отырып тура тартып суырады. Өйткені шет шашағы молайған сайын суыртпақ тез сетінемей, суыратын жіптер шашақтарға оралып үзіле береді. Суырып алынған жалаң қабат жіптерді керегіне қарай екіден, үштен, төрттен қабаттап ширатады. Ол үшін жіптің бір ұшын тістеп тұрып, екінші ұшын бармақ пен сұқ қолдың басымен, не екі алақанның арасына салып ширықтыра бұрап еседі. Мұны жіп ширату деп атайды. Суыртпаққа көбінесе сирек тоқылған, түксіз маталар пайдаланылады. Жіпті шудадан, жүннен, мақтадан, торқадан, кендірден қолмен иіріп алып пайдалану тәсілі де көп қолданылады.

Қазақ халқының қол тігістері өзінің тігілу әдісі мен мәнеріне қарай бірнеше түрге бөлінеді де, олардың әрқайсысы өз атауларымен аталады.

Батырып тігу. Бұл былғары, киіз, көрпе сияқты қалың заттарға ғана қолданылады. Оның үстіңгі өң жағы өте жиі шаншылып, ал астыңғы жібі қатты тартылып алыс шаншу арқылы үстіңгі жіпті сіңіріп отырып тігіледі. Шебер неғұрлым жіптің өң бетте көрінбей тұруын қарастырады.

«Бұзау тіс», тұмарша орындалу жағынан қарапайым, жүрдек тігістер. Бұзау тіс екі жапсарды қосатын тігіс. Бұл әдіспен көбінесе қалың киіз, жабағы сияқты заттарды шеттестіріп тігеді. «Бұзау тіс» тігісі заттың шетін кезек түйреп алып, жапсардан өткізіп отыру арқылы орындалады. Тұмарша тігісін көбінесе орамалдың шетін жинауға қолданады. Бұл тігіс матаның шетін бекітіп, соның ізімен қайта жөрмеу арқылы орындалады.



Бүрме тігіс әр түрлі желбірлерді, қос етектерді бүре жап-сырғанда, бүрмелі жағаларға, етіктің басын қалыпқа салып ұлтарақшаға жапсырғанда, бір заттың шетін жинай тіккенде қолданылады. Бүрме тігістер көбінеее екі қатар жүргізіледі. Мұнда иненің әрбір шаншымы сиректеу келеді де, жіптің бүре тартылуымен жиырыла тігіледі. Бүрмелердің қатпар жасалып, тізбелей жиырыла тігілуі мүмкін.

Есіп жөрмеу — көбінесе су таситын қарын, мес, матадан, кенептен тіккен сондай ыдыс қапшықтардың шеттерін тіккенде, кейде орамалдың шетін бүге тіккенде қолданылады. Ондай заттардың қусырындысын, шеттерін сол қолдың көмегімен ширата бүктемелеп отырып жөрмеп тігеді. Сонда шет бүктесін тігісі ескен сияқты болып өз-өзіне кіріге жұмырланып түседі.

Жапсырма тігу — бір заттың бетіне жамау салып жапсырғанда, әдіптердің шетін тіккенде, әдіп орнына лента сияқты кенерелі заттарды бастырғанда қолданылатын әдіс. Мұндайда жапсырылатын материалдың шетін түйреп шыққан ине астыңғы материалдың үстінен (жапсырмаға, жамауға соқпай, тек оның іргесінен ғана) төмен шаншылады да, үстіне қарай жапсырманы қоса түйреп шығып, алғашқы бағытын қайталай береді. Бұлай етіп тіккенде жапсырылған заттың шеті жинала басылып отырады.

 «Қабырға» тігіс қол инемен көркемдеп тігу әдісінің бір түрі. «Қабырға» тігісімен ұзынды-қысқалы жарыса тігілген ұзын сызықтар арқылы ендірме, бастырма, қабырға өрнектері тігіледі. Қабырға тігісі екі сызықтың арасымен немесе матаның бетіндегі төқыманың белгілі бір жолағымен үнемі біркелкі етіп көлденең өрай шаншып отыру әдісі арқылы тігіледі.


Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс өдістерінің түрлері қолданылады.

Қайып тігу әрі беріктік, әрі әдемілік үшін қолданылады. Бұл тігістің бет жағы кәдімгі тігін машинасының тігісі тәрізді тізіліп түседі. Сондықтан қаю киімдердің етек-жеңін, жағасын, тақияны, кимешек-жаулықтарды, аяқ киімдердің күлшіндерін, кебістің шажамайын тігуге қолданылады. Қайып тігу әдісінде астына шаншып алған инені ілгері шаншып үстіне шыгарған соң, оны шегіндіре әкеліп манағы шанышқан ізбен қайтадан астына түсіреді де, тағы ілгері шаншып, үстіне шығарады. Осылай орындалған тігістің бет жағында жіпсіз босаралық қалмайды.

Тон, шалбар, тымақ сияқты теріден тігілген киімдерді тігуде тебе тігу тәсілі қолданылады. Тігістің жалпы көрінісі тепшуге ұқсас. Бірақ тепшу сияқты түйреп алып тігуге келмейтін тұтқыр материалдарды сол қолмен шымшып ұстай отырып, оң қолдағы инені екі саусақпен әрлі-берлі өткермелеп отырады. Тігіс жібі тепшуге қарағанда жиірек түседі.



Тепшу де ең көп қолданылатын тігістің бірі. Мұны киімнің шеттері мен қоспаларын, жұқа маталардың бүгістерін тігуде қолданады. Тепшуді материалдың қалың-жұқалығына, ширақтылығына қарай инемен 3—4 рет түйреп алып бірақ тартады.

Киімнің бойын, шалбардың балағын, жеңді, олардың екі шетін жалғастыра тігу ісін қусыру деп атайды. Мұндай тігістерде жөрмеу, тепшу, қаю, өбістіру, тебе тігу сияқты тігіс әдістерінің түрлері қолданылады.

 «Таңдай» тігіс — бұл да көркемдеп тігу істерінде қолданылатын әдіс. Оны үш сызықтың үстімен, үнемі қиғаш шаншып тігілетін «қос қабырға» мәнерімен орындайды. Мұндай кестелі тігістермен кимешектің жақтарын, жаға-қақпаларды, жеңнің аузын, кестеленген материалдардың шеттерін өрнектеген.

 «Тышқан із» тігісі үш сызық арасымен, не шаршы сызықтар арасымен тігіледі. Алғашқы шаншымында инені төменгі сызықтан жоғары кетеріп үстіңгі сызықтан шаншып матаның астына түсіреді. Бұл кезде сол қолдың бармағымен ине жібін өзіне қарай тарта басып, іркінді ілмек жасайды да, инені босаңдау тартады. Ине үшінші шаншымында орталық сызық бойымен екі шаншым ілгері аттап іркіліп тұрған ілмек арасынан шығады. Инені келесі кезекте тартқанда ілмек ортасында сопақтау үш бұрыш жасалады. Тігіс осылайша қайталана береді.

Сөйтіп, қазақтың әр алуан әдістермен, неше түрлі мәні бар қол тігістерінің көптеген түрлерінің ішінде көркем тігіс үлгілерінің  көрдік.

Киім композициясының басты заңдылықтары

Киім дегеніміз – адам денесін мүшелеп немесе тастай бүркеп тұратын жабындылар жиынтығы болып табылады.Адам мен киімді бір-бірінен бөліп қарастыруға болмайды.Сонау көне заманнан бері киім адамның тұрақты серігі болып келеді..

Композиция – деген ұғымды костюм композициясы деп түсіндірсек, онда костюм өзіне тән амалдармен жасалатын әдістер бар екенін білдіреді.Композиция латын тілінен аударғанда «composito»-шығару, құрастыру дегенді білдіреді.Әр елдің , әр ғасырдың өзіне тән композициясы болған.Киімді құрастырғанда мына заңдылықтарды ұстанған жөн:

Ритм – ол элементтердің жүйелі түрде бірінен соң бірінің қайталануы. Ритмнің екі түрі бар: статикалық және динамикалық.

Контраст – пішіннің, түстің, өң сипатының ерекшелігін анықтайды.

Нюанс – элементтердің бір-бірінен кішкене ерекшелігін атайды, киімдегі құрастыру сызықтарында, бөлшектерінде, түстерінде, өң сипатында бірдей пішіннің өлшем айырмашылығында кездеседі.

Тождества - пішіннің, түстің, өң сипатының, өлшемдерінің бір-бірімен сай тепе-теңдігі.

Симметрия – элементтерінің заңды түрде тең орналасуы. Симметрия түрлері: классикалық, орталық осьті симметрия, ассиметрия.

Силуэт – («silluett»-француз сөзі-кез келген нәрсенің сыртқы сұлбасы, көлеңкесі) ұзындығы мен ені бойынша адам мүсінінің пропорциясына жақындау келетін геометриялық фигуралармен (тікбұрыш, трапеция, үшбұрыш) сипатталады.Силуэт ұғымын киімді құрастыруда қолданылатын үлгі, фасон, пішім деген сияқты ұғымдармен шатастыруға болмайды. Силуэттің мынадай түрлері болады:

Тіке силуэт – «әмбебап», оны барлық жастағы адамдарға ұсынуға болады.Етегіне қарай сәл кеңейтілсе трапеция түріне ауысады. Киімді етегіне қарай көбірек кеңейтсе немесе керісінше, иық тұсында үшбұрыш құрылады.Бұл ұзын, әрі арық адамдар үшін жақсы көрінеді.

Қынама силуэт – бір-біріне «қарсы» тұрған трапеция немесе үшбұрыштардан құралған.

Сопақша силуэт сәнде сирек ұсынылады және ұзақ тұрақтамайды, себебі ол адам денесінің табиғи пропорциясына қайшы келеді.

Костюмнің силуэті силуэттік сызықтармен көрсетіледі. Силуэтке кіретін сызықтар белгілеуі бойынша келесі түрлерге бөлінеді:

Фасондық немесе үлгілі сызықтар-силуэттің ерекшелігін көрсетеді.

Конструктивтік сызықтар-костюмнің берілген силуэтке сай формасын және адам денесіне қонымдылығын бейнелейді.

Декоративтік сызықтар-әрлеу бөлшектерін бейнелейді.Бұл сызықтарды костюмнің фигураға қонымдылығын көзбен қабылдауды өзгерту қасиеттері бар.

Пішім – бұйымның ойластырылған үлгісін жасауға мүмкіндік беретін пішім сызықтары (бел сызығымен кесілген көйлек, реглан үлгісіндегі жеңдер, драпталған көкірекше, тұтас пішілген жең және т.б.).

Пропорция – көйлектің ұзындығы мен енінің, кеудешенің мен белдемшенің ұзындығының, бұйымның тұтас көлеміне қарай әр бөлшек мөлшерінің ара қатынасы.Ұлттық дәстүр киімі сәндік пен салтанаттың өлшемі.Костюмнің тұрпатындағы негізгі ой-адамның сұлу мүсіні, судай ағымдығы алынады.Пифагор мектебінің көзқарасы бойынша адам денесі, дене мүшелері белгілі бір матеметикалық заңдылыққа бағынған. Үйлесімділікті түсінбей сұлулықты түсінуді елестету мүмкін емес, ал үйлесімділікті түсіну үшін өлшемділікті, тұтастықты, пропорциялықты түсіну керек. Костюмді модельдегенде барлық құрылым негізінде тепе-теңдік және бірдейлік ұғымы жатыр.Адам денесі мен оның мүшелері осы сәйкестілік заңына бағынған. Пропорция бейнені ғана айқындап қоймайды, сондай-ақ бүтіннің құрылымдылығына, конструкциясы мен технологиялық процестеріне де тәуелді.Киімде пропорцияның маңызын түсіндіру арқылы адамның ойлау, салыстыру сезімдерін дамытуға болады.

Киімді ашып көрсететін құралдардың бірі ол – түс.Ол адамдардың сезіміне, көңіл-күйіне, жағдайына әсер етеді.Мысалы: қызыл түс-күннің, оттың, қанның, өмірдің символы. Ол әдетте қуанышты, әдемілікті, мейірімділікті, жылуды бейнелейді, бірақ сонымен қатар қауіпті, өмірге қатер бар екенін де көрсетеді.Бұрынғы уақытта адамдар киімнің түсін, материалын және пішімін өздерінің қоғамдағы орындарына сай, қызмет түріне байланысты таңдап киген. Қазіргі уақытта да «түстер заңы» қолданылады. Мысалы: ұлттық киімдерде түстер дәстүрге сай таңдалынады.

Қазіргі заманғы киімдерде алуан түрлі түстер мен реңдер, тондар қолданылады.Түстер мен түстітану туралы үлкен ғылым бар. Оның өз заңдылықтары бар.Костюмді дайындау барысында міндетті түрде түстің қасиеттерін ескеру керек. Ашық, таза, жылы түстер затты жақындатады және ұлғайтып көрсетеді, сонымен қатар оны жеңіл қылады.Қою, салқын түстер затты алыстатады және кішірейтіп көрсетеді, бірақ ауырлық береді.Барлық адамның өзіне тән сыртқы бейнесі болады, соның ішінде шашының, көзінің, терісінің түстерінің үйлесімділігі.Таңдаған киімнің түсі адамның сыртқы бейнесімен гармонияда болуы керек.



15-дәріс. Дәрістерге шолу

      


                     
жүктеу 1,19 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау