«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. Жалпы ережелер
1. «Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызметі (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес жергілікті атқарушы органдар белгілейтін мемлекеттік білім беру тапсырыстары есебінен балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын мемлекеттік қазыналық коммуналдық кәсіпорындар болып табылатын балаларға қосымша білім беру ұйымдарында көрсетіледі.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 1-бабының 38-1), 39) тармақшаларына; 4-бабының 19) тармақшасына; 5-бабының 44-5) тармақшасына; 6-бабының 2-тармағының 14) тармақшасына; 6-бабының 3-тармағының 5), 10) тармақшаларына; 6-бабының 4-тармағының 5), 9) тармақшаларына; 23-бабының 3-тармағына; 26-бабының 12-тармағына; 40-бабының 4-тармағына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат балаларға қосымша білім беру ұйымдарында орналастырылған стендтерде, сондай-ақ, білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі қосымша білім беру ұйымына осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес баланың заңды өкілі мен балаларға қосымша білім беру ұйымдарының арасында жасалған шарт негізінде қабылданғаны туралы бұйрық немесе мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет 3 жастан 18 жасқа дейінгі жеке тұлғаларға (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтінішті қарастыру 3 жұмыс күнін құрайды (балалардың музыкалық, көркемөнер, шығармашылық және спорт мектептері үшін 15 жұмыс күні);
2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алу үшін күту (тіркелу кезінде) уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсету уақытының барынша ұзақтығы – 30 минуттан артық емес.
8. Мемлекеттік қызметті алушы жеке өтініш берген жағдайда мемлекеттік қызметті өтініш түскеннен бастап 3 жұмыс күні ішінде балаларға қосымша білім беру ұйымдары жұмыстарының белгіленген кестесіне сәйкес жауапты тұлға жүзеге асырады.
9. Мемлекеттік қызмет жұмыс күндері демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген кестеге сәйкес түскі үзіліспен 9.00- ден 18.00-ге дейін көрсетіледі.
Алдын ала жазылу және қызметті жедел ресімдеу қарастырылмаған.
10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде даму мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға қызмет көрсету жағдайлары қарастырылған балаларға қосымша білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы балаларға қосымша білім беру ұйымдарына мынадай құжаттарды тапсыруы керек:
1) балаларды қосымша білім беру ұйымдарына тіркеу туралы заңды өкілдерінің өтініші;
2) баланың туу туралы куәлігінің, жеке басын куәландыратын құжатының (бар болған жағдайда) көшірмесі;
3) бала мен ата-анасының мәліметтері бар сауалнама;
4) қызмет көрсету талаптары көрсетілген шарт (қажеттілігіне қарай);
5) қажеттілігіне қарай денсаулығы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі балаларға қосымша білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ қосымша білім беру ұйымдарының уәкілетті органының ресми сайтында орналастырылады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті ұсынуға жауапты тұлғаның кабинетіне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға өтінішті алу мерзімі мен нөмірі, құжаттарды қабылдап алған адамның тегі, аты, әкесінің аты, қызметті алу мерзімі көрсетіліп қолхат беріледі.
15. Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижесі туралы ақпаратты алу үшін мемлекеттік қызметті алушы өтініш түскеннен кейін 3 жұмыс күні өткен соң бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жауапты тұлғаға жеке өзі баруы тиіс.
16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық ұсынбауы мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға негіз болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Қызметті ұсынудың негізгі қағидаттары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну; 3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген уақытта алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;
5) сыпайылылық және әдептілік болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділігі көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігі қарай балаларға қосымша білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген аудандық және қалалық білім бөлімдері уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.
21. Шағымдар пошта арқылы жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде, не кеңсе арқылы қолма-қол қабылданады.
Шағым беру барысында қажетті құжаттардың тізбесіне еркін үлгіде жазылған өтініш кіреді.
Жұмыс және қосымша білім беру ұйымдары мен бөлімдер басшыларының қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
22. Мемлекеттік қызмет сапасыз ұсынылған және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым осы стандарттың 4-қосымшасында мекенжайы көрсетілген тиісті жергілікті атқарушы органдардың білім бөлімдеріне жолданады.
23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
24. Жоғары тұрған органдарға шағым жолдау үшін мемлекеттік қызметті алушының еркін үлгіде өз қолымен жазған арызы беріледі.
Қажет болған жағдайда мемлекеттік қызметті алушы арызға сапасыз қызмет көрсетілгенін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар білім бөлімдерінің кіріс ақпараттар журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
__________________________________
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
ҚОСЫМША БІЛІМ БЕРУ ҰЙЫМЫ МЕН
БАЛАНЫҢ АТА-АНАСЫ АРАСЫНДАҒЫ
ҮЛГІ ШАРТ
____________қаласы "___"___________ 20__ ж.
Балаларға қосымша білім беру ұйымы ______________________________________
_________________________________________________________________________,
(атауы)
Бұдан әрі ҚБҰ деп аталатын _______________________________________________
атынан ҚБҰ Жарғысының негізінде әрекет ететін директор ______________________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
бір жағынан және бұдан әрі _____________________________________________________
_____________________________________________________________________________
(баланың тегі, аты, әкесінің аты; туған жылы)
«Ата-анасы» деп аталатын анасы (әкесі, оларды алмастыратын тұлғалар) _____________________________________________________________________________
(анасының, әкесінің, оларды алмастыратын тұлғалардың тегі, аты, әкесінің аты)
екінші жағынан, төмендегілер туралы осы шартты жасады:
1. ҚБҰ міндеті:
1.1. ______________________________________________________________ негізінде
(қабылдау туралы құжаттың атауы)
баланы ____________________________ үйірмеcіне/секциясына тіркеу
(атауы)
1.2. Ақысыз білім беру қызметтерін қамтамасыз ету ___________________________
(құрылтайшы, демеушілер
________________________________________________________________________
қаржысынан төленетін ақылы білім беру қызметі түрлерінің атауы)
ақылы білім беру қызметтері _________________________________________________
(ата-ана қаржысынан төленетін
________________________________________________________________________
қызмет түрлерінің атауы)
оның шығармашылық қабілеттерін дамыту;
балаға оның даму ерекшелігіне қарай жеке ықпал етуді жүзеге асыру;
баланың эмоционалдық қолайлылығына қамқор болу.
1.3. Баланы_________________________________________________________________
(бағдарлама атауы; бағдарламаны бекіткен органның атауы)
бағдарламасы бойынша оқыту.
1.4. Баланың жас, жеке ерекшеліктеріне, білім бағдарламасының мазмұнына сәйкес оқу жұмысын ұйымдастыру.
1.5. Баланы келесі жас ерекшелігі тобына ауыстыру
__________________________________________________________________________
(ауыстыру уақыты)
1.6. Осы шартты орындау.
2. "Ата-ана" міндетті:
2.1. ҚБҰ Жарғысын және осы шартты орындау.
2.2. ҚБҰ-ғабалаға қызмет көрсеткені үшін _____________________________мерзімде
_______________________________________________сомада ақы төлеу.
2.3. Баланы 16-жасқа толмаған басқа адамға сеніп тапсырмай, баланы тәрбиешіге өзі тапсыру және алып кету (немесе басқа жағдайлар).
2.4. Баланы қосымша білім беру ұйымына ұқыпты күйінде; таза киім және аяқ киіммен алып келу
_______________________________________________________________________
(баланың жергілікті; маусымдық; жас; жеке ерекшеліктеріне
__________________________________________________________________________
қарай қосымша білім беру ұйымдарының басқа талаптары)
2.5. ҚБҰ-ға баланың келе алмайтыны, оның ауырып қалғаны туралы хабарлау.
2.6. Баланы оқытудың барлық бағыттары бойынша ҚБҰ-мен бірлесіп әрекет ету.
2.7. ҚБҰ-ға Жарғылық міндеттерді ске асыру бойынша қолдан келетін көмек көрсету
________________________________________________________________________
(бала өмірін қорғау; сауықтыру; гигиеналық;
__________________________________________________________________________
мәдени-эстетикалық; экологиялық тәрбие;
__________________________________________________________________________
Отбасы жағдайындағы түзету жұмыстары; басқалары)
3. ҚБҰ-ның:
3.1. ҚБҰ-да әрі қарай баруға кедергі болатын бала денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытынды болған жағдайда баланы ҚБҰ-дан шығаруға;
3.2. "Ата-ананың" өтініші бойынша ҚБҰ-да балаға қызмет көрсеткені үшін төлемдердің мерзімін ұзартуға;
3.3. Баланы отбасында тәрбиелеу ісін жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуге;
3.4. "Ата-ана" өз міндеттерін жүйелі түрде орындамаған жағдайда, "Ата-ананы" алдын ала ______күн бұрын ескертіп, осы шартты бұзуға құқығы бар.
4. "Ата-ананың":
4.1. ҚБҰ Педагогтер кеңесі жұмыстарына кеңесші дауысы құқығымен қатысуға;
4.2. балалармен жұмысты жақсарту және қосымша қызметтерді ұйымдастыру бойынша ұсыныстар енгізуге;
4.3. ҚБҰ-да балалармен жұмыста қолданылатын білім беру бағдарламаларын таңдауға;
4.4. ҚБҰ-да ұсынылатын қосымша қызметтер түрлерін таңдауға.
4.5. ҚБҰ-да баланың бейімелу кезеңінде онымен _____ күн; _____ сағат; басқа жағдайларда ________________ бірге болуға;
4.6. ҚБҰ-ға балаға қызмет көрсету үшін төлемақының мерзімін ұзарту; қосымша қызметтер үшін төлемақы жөнінде белгіленген мерзімінен _____ күн кешіктірмей өтініш білдіруге;
4.7. ҚБҰ Жарғысы мен осы шарт міндеттерінің орындалуын талап етуге.
4.8. Топтағы балалармен жұмыс жөнінде қосымша білім беру ұйымының директоры мен мұғалімдерінің есебін тыңдауға.
4.9. Осы шартты бір жақты тәртіппен ҚБҰ-ны бұл жөнінде алдын ала ____ күн бұрын ескерту арқылы бұзуға құқығы бар.
4.10. Шарт қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және екі жақтың келісуі бойынша мерзімі ұзартылуы; өзгертілуі; толықтырылуы мүмкін.
5. Шартқа өзгерістер, толықтырулар қосымша нысанда енгізіледі.
6. Тараптар міндеттердің тиісті деңгейде орындалуына немесе дұрыс орындалмауына жауапты. _______________________________________________________________
(екі жақтың жауапкершіліктері)
8. Шарттың қолданылу мерзімі: ________201_ ж бастап __________ дейін.
9. Шарт екі данада жасалған:
Бір данасы ҚБҰ-да баланың жеке құжатында, екіншісі - «Ата-анада» (оларды алмастыратын тұлғаларда).
Осы Шартқа қол қойған тараптар:
Қосымша білім беру ұйымы Ата-ана: анасы (әкесі, оларды
№ ___________ алмастыратын тұлғалар)
Мекенжайы: _________________ _____________________________
(индекс, қала, аудан, ауылдық округ, көше, үй) (тегі, аты, әкесінің аты)
____________________________________ Мекенжайы: _________________
Төлқұжат деректері: _________
________________________________________________________________________
жұмыс орны;
_______________________________________________________________________
лауазымы;
________________________________________________________________________
үй, жұмыс телефоны)
Қолы ______________________ Қолы ______________________Мөр
___________________________________
«Балаларға қосымша білім беру бойынша қосымша білім беру ұйымдарына құжаттар қабылдау және оқуға қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және
тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы
мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
_____________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет стандарты
Жалпы ережелер
1. «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыру ұсыну үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1, 2-қосымшаларға сәйкес аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 24 қазандағы Заңының 6-бабы 2-тармағының 19) тармақшасына, 3-тармағының 21) тармақшасына, 4-тармағының 14) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі туралы толық ақпарат осы Стандарттың 3, 4-қосымшаларында тізбесі көрсетілген облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың білім басқармаларының фойелерінде орналасқан стендтерде, сондай-ақ облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың әкімдіктерінің және білім басқармасының интернет-ресурстарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылған.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандарттың 5-қосымшасына сәйкес жалпы білім беретін мектепте тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілгені туралы анықтаманы қағаз түрінде бере отырып, жалпы білім беретін мектептерде оқушылар мен тәрбиеленушілердің жеке санаттарына тегін ыстық тамақ беру немесе қызмет көрсетуден бас тартатыны жөнінде дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік мекемелердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы):
1) мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан шыққан балаларға;
2) жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі өмір сүру деңгейінен төмен, мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан балаларға;
3) отбасыларда тұратын жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға;
4) төтенше жағдайлардың нәтижесінде шұғыл көмекті қажет ететін отбасылардан шыққан балаларға;
5) білім беру ұйымдарын басқарудың алқалық органдары айқындайтын өзге де санаттағы балаларға көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызмет көрсетудің мерзімдері:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш беру бес жұмыс күнін (өтініш түскен мерзімнен бастап бес күн ішінде) құрайды;
2) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызметті алуға дейінгі күтудің барынша шекті уақыты (тіркеу кезінде) – 30 минуттан аспайды;
3) өтініш беруші жүгінген күні сол жерде көрсетілетін мемлекеттік қызмет алушыға қызмет көрсетудің барынша шекті уақыты – 30 минуттан аспайды;
8. Мемлекеттік қызмет тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет оқу жылы бойы көрсетіледі:
белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес жұмыс және мереке күндерін қоспағанда, түскі үзіліспен сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.
Алдын ала жазылу және жедел ресімдеу қарастырылмаған.
10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсету үшін жағдай жасалған облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалар мен астананың жергілікті атқарушы органдардың қарамағындағы жалпы білім беретін мектептердің ғимараттарында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызмет көрсетудің тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы жалпы білім беретін мектепке мынадай құжаттарды тапсыруы қажет:
1) осы стандарттың 6-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
2) осы стандарттың 6-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген адамдар санаты үшін табысы туралы мәліметтер (ата-аналардың немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
3) осы стандарттың 6-тармағының 3) тармақшасында көрсетілген отбасыларда тәрбиеленетін адамдар санаты үшін, уәкілетті органның жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға қорғаншылықты (қамқоршылықты), патронаттық тәрбиелеуді бекіту туралы шешімі;
4) осы стандарттың 6 тармағының 4) және 5) тармақшаларында көрсетілген адамдар санатын отбасының материалдық-тұрмыстық ахуалын зерделеу негізінде алқалық орган айқындайды. Алқалық орган қажет болған жағдайда көрсетілген санаттарға қаржылай және материалдық көмек көрсету туралы шешім қабылдау үшін қажетті құжаттарды сұратуға құқылы.
12. Мемлекеттік қызметті алуға арналған өтініштің үлгісі және қажетті құжаттар тізбесі жалпы білім беретін мектептердің фойесінде орналастырылады, сондай-ақ жалпы білім беретін мектептің қызмет көрсетуге жауапты қызметкерінен алуға болады.
13. Осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар аталған қызметті көрсетуге жауапты жалпы білім беретін мектеп қызметкерінің кабинетіне тапсырылады.
14. Мемлекеттік қызметті алу үшін барлық құжаттарды тапсыру кезінде мемлекеттік қызметті алушыға осы стандартқа 7-қосымшаға сәйкес қызметті алатын күнін көрсете отырып, қолхат берген жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты, өтінішті қабылдап алған күні мен нөмірі көрсетілген қажетті құжаттарды қабылдап алғаны жөнінде қолхат беріледі.
15. Мемлекеттік қызметті алушыға мемлекеттік қызметтің нәтижесі жалпы білім беретін мектептің жауапты қызметкері мемлекеттік қызметті алушының өзі немесе оның өкілі өтініш берген жағдайда (ресми бекітілген тиісті құжаттар болған жағдайда) өтініш түскеннен бастап 5 күн өткен соң беріледі.
16. Мемлекеттік қызметті ұсынудан бас тартуға мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттарды толық тапсырмауы негіз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |