3. Жұмыс қағидаттары
17. Қызмет көрсетудің негізгі қағидаттары:
1) Қазақстан Републикасының заңнамасын сақтау;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну;
3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметті уақытында ұсыну;
5) сыпайылық және нақтылық.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызмет көрсетудің нәтижелері осы стандарттың 8-қосымшасына сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәндері жыл сайын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының қызметкерлері уәкілетті лауазымды тұлғаның іс-әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға көмек көрсетеді.
21. Шағым жазбаша нысанда пошта арқылы немесе қолданыстағы заңнамада көзделген жағдайларда электронды түрде не облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті білім беру органдарының кеңселері арқылы аталған стандарттың 3, 4-қосымшаларына сәйкес жұмыс күндері қолма-қол қабылданады.
Шағым беру кезінде қажетті құжаттардың тізбесіне еркін нысанда жазылған өтініш және қызмет көрсету үшін мемлекеттік қызметті алушы ұсынған құжаттардың көшірмелері кіреді.
22. Мемлекеттік қызмет көрсетудің сапасы бойынша наразылық болса, қызмет дөрекі көрсетілген жағдайда шағым Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетіне мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, «Министрліктер үйі» әкімшілік ғимараты, 11-кіреберіс, 945-кабинет.
23. Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушы заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқылы.
24. Облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарына шағым беру үшiн мемлекеттік қызметті алушы өтінішті еркiн нысанда өз қолымен жазады.
25. Қабылданған шағым облыстардың, аудандардың, республикалық, облыстық маңызы бар қалалардың және астананың жергілікті атқарушы білім беру органдарының кіріс хат-хабарларды есепке алу журналында тiркеледi және «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңында белгiленген мерзiмде қаралады. Мемлекеттік қызметті алушыға өтiнiштiң күнi мен уақыты, қабылдаған адамның тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiлген талон берiледi.
26. Шағымды қарау нәтижесi мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта немесе электронды пошта арқылы хабарланады.
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет
стандартына 5-қосымша
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету туралы анықтама үлгісі
Осы анықтама ___________________________
(Т.А.Ә.) 20__ - 20__ оқу жылында тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгендігі туралы берілді.
М.О.
Мектеп директорының қолы, күні
________________________________
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет
стандартына 6-қосымша
Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарын тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етуге
өтініштің үлгісі
№ _____________ мектеп директорына
(мектептің аты)
____________________________
( ______ ауданның, _________облыстың)
________________________
(директордың Т.А.Ә.)
_______________________
(өтініш берушінің Т.А.Ә.)
мына мекенжай бойынша тұратын:
____________________________
(елді мекен атауы, тұрғылықты
мекен-жайы, телефоны)
Өтініш
Менің кәмелеттік жасқа толмаған (Т.А.Ә. туған күні) (мектеп № және сынып литерін көрсету) оқитын баламды (оқу жылын көрсету) тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етілген оқушылар мен тәрбиеленушілердің тізіміне енгізуіңізді сұраймын.
Күні, қолы
___________________________________
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет
стандартына 7-қосымша
Тұтынушыдан құжаттарды алғаны жөніндегі қолхаттың үлгісі
________________________ мектеп (мектептің № немесе атауын көрсету)
_______________________________________________________
(елді мекеннің, ауданның, қаланың және облыстың атауы)
Құжаттың алынғаны туралы № _______ қолхат
_________________________________ мынадай құжаттар алынды:
(тұтынушының Т.А.Ә.)
1. Өтініш
2. Өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар тарапынан ұсынылатын мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті тұтынушылар қатарына жататынын растайтын анықтама
3. Табысы туралы мәліметтер (жұмыс істейтін ата-аналарының немесе оларды алмастырушы тұлғалардың еңбекақылары, кәсіпкерлік және басқа да қызмет түрлерінен түскен табыстары, балаларға төленетін алимент түріндегі және қарауындағы басқа да адамдардың табыстары);
4. Отбасыларда тәрбиеленіп жатқан жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың қорғаншылықта (қамқоршылықта), патронаттық тәрбиеде екендігін растайтын уәкілетті органның шешімі
5. Материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеру актісі.
6. Басқа __________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
Қабылдады_________ (қолы)
20__ ж. "__" _____________
___________________________
«Жалпы білім беретін мектептерде білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін тамақтандыруды ұсыну үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік қызмет
стандартына 8-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және
тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы
мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
_________________________
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2012 жылғы « »
№ қаулысымен
бекітілген
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандарты
1. «Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызметін (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) осы стандартқа 1-қосымшаға сәйкес облыстардың, Астана және Алматы қалаларының білім басқармалары, аудандық, қалалық білім бөлімдері (бұдан әрі – уәкілетті орган) және республиканың білім беру ұйымдары көрсетеді.
2. Көрсетілетін мемлекеттік қызмет нысаны: автоматтандырылмаған.
3. Мемлекеттік қызмет «Білім туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 6-бабының 2-тармағының 11) тармақшасына, 3-тармағының 11) тармақшасына, 4-тармағының 11) тармақшасына сәйкес көрсетіледі.
4. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі туралы толық ақпарат білім беру ұйымдарындағы стендтерде, сондай-ақ, өңірлердегі білім бөлімдерінің ресми сайттарында және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
5. Көрсетілетін мемлекеттік қызметтің аяқталу нәтижесі осы стандартқа 2-қосымшаға сәйкес қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерге жолдама беру немесе қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.
6. Мемлекеттік қызмет білім беру ұйымдарындағы күн көрісі төмен отбасылардан шыққан білім алушылар мен тәрбиеленушілерге (бұдан әрі – мемлекеттік қызметті алушы) көрсетіледі.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
1) мемлекеттік қызметті алу үшін өтініш берген күннен бастап күнтізбелік 10 күнді құрайды;
2) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызметті алғанға дейін күтетін (тіркелу кезінде) барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.
3) өтініш иесінің мемлекеттік қызметті көрсету орнында өтінішті берген күні қызмет көрсететін барынша шекті уақыт – 30 минуттан аспайды.
8. Мемлекеттік қызмет жергілікті және республикалық бюджет есебінен тегін көрсетіледі.
9. Мемлекеттік қызмет алдын ала жазылусыз және қызметті жедел ресімдеусіз уәкілетті орган мен білім беру ұйымдарының бекітілген жұмыс кестесіне сәйкес жүргізіледі.
10. Мемлекеттік қызмет мемлекеттік қызметті алушыларға, оның ішінде дене мүмкіндігі шектеулі адамдарға қызмет көрсетуге жағдайлар қарастырылған уәкілетті органның және білім беру ұйымдарының ғимараттарында көрсетіледі.
2. Мемлекеттік қызметті көрсету тәртібі
11. Мемлекеттік қызметті алу үшін мемлекеттік қызметті алушы мынадай құжаттарды ұсынуы қажет:
1) ата-аналардан өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат;
3) өтініш иесінің (отбасының) жергілікті атқарушы органдар беретін мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алушылар қатарына жататынын растайтын анықтама;
4) денсаулығы жағдайы туралы анықтама (медициналық төлқұжат).
12. Мемлекеттік қызметті алу үшін қажетті құжаттар тізбесі білім беру ұйымының фойесінде, сондай-ақ, өңірлердің білім бөлімдерінің ресми сайттары мен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің www.edu.gov.kz сайтында орналастырылады.
13. Мемлекеттік қызметті алуға қажетті құжаттар тізбесі уәкілетті орган мен білім беру ұйымындағы мемлекеттік қызметті ұсынуға жауапты тұлғаға тапсырылады.
14. Уәкілетті орган және білім беру ұйымы барлық қажетті құжаттарды қабылдау кезінде мемлекеттік қызметті алушыға тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат береді, онда:
1) өтінішті қабылдау нөмірі мен күні;
2) сұратылған мемлекеттік қызмет түрі;
3) қоса тіркелген құжаттардың саны мен атаулары;
4) құжаттарды беру күні (уақыты) мен орыны;
5) құжаттарды ресімдеу үшін өтінішті қабылдаған орталық қызметкерінің тегі, аты, әкесінің аты;
6) мемлекеттік қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты, оның байланыс деректері.
15. Мемлекеттік қызметті мемлекеттік қызметті алушыға жеткізу мемлекеттік қызметті алушының (заңды өкілінің) өзі келген жағдайда жүзеге асырылады.
16. Мемлекеттік қызметті алушының осы стандарттың 11-тармағында көрсетілген құжаттар пакетін толық тапсырмауы, сондай-ақ, қызметті ұсыну үшін белгіленген тұлғалар санаттарына сай келмеуі мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тартуға нег3з болып табылады.
3. Жұмыс қағидаттары
17. Қызметті көрсетудің негізгі қағидалары:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) көрсетілетін мемлекеттік қызмет туралы толық ақпарат ұсыну; 3) мемлекеттік қызметті алушы белгіленген мерзімде алмаған құжаттардың сақталуын қамтамасыз ету;
4) мемлекеттік қызметті уақытылы ұсыну;
5) сыпайылық және әдептілік болып табылады.
4. Жұмыс нәтижелері
18. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижелері осы стандартқа 3-қосымшаға сәйкес сапа және қолжетімділік көрсеткіштерімен өлшенеді.
19. Мемлекеттік қызмет сапасы мен қолжетімділік көрсеткіштерінің мақсатты мәні қажеттілігіне қарай уәкілетті басшысының бұйрығымен бекітіледі.
5. Шағымдану тәртібі
20. Осы стандартқа 1-қосымшада мекенжайлары көрсетілген уәкілетті органдар уәкілетті лауазымды тұлғалардың әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібін түсіндіреді және шағымды дайындауға жәрдемдеседі.
21. Шағымдар пошта бойынша жазбаша түрде немесе қолданыстағы заңнамада қарастырылған жағдайларда электронды түрде немесе уәкілетті органның кеңселері арқылы қолма-қол қабылданады.
Уәкілетті орган басшыларының жұмыс және қабылдау кестесі белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес айқындалады.
22. Мемлекеттік қызмет сапа бойынша наразылық болса және дөрекі қызмет көрсетілген жағдайда шағым тиісті жергілікті атқарушы органның білім бөліміне беріледі.
23. Мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда мемлекеттік қызметті алушының заңнамада белгіленген тәртіппен сотқа шағымдануға құқығы бар.
24. Шағымда тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болған жағдайда), пошталық мекенжайы, күні көрсетіледі. Шағымға мемлекеттік қызметті алушы қол қоюы тиіс. Шағым беру кезінде субъектінің атауы немесе шағым берілген лауазымды тұлғалардың лауазымы, аты-жөні, сондай-ақ арыздың себептері мен талаптары көрсетіледі.
Қажет болған жағдайларда мемлекеттік қызметті алушы арызға уәкілетті орган ұсынған мемлекеттік қызметтің сапасыз екенін растайтын құжаттарды қоса береді.
25. Қабылданған шағымдар жоғары оқу орнының кіріс ақпараты журналына тіркеледі және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы заңында белгіленген мерзімде қарастырылады. Мемлекеттік қызметті алушыға қабылдау мерзімі мен уақыты көрсетілген, қабылдаған қызметкердің аты-жөні жазылған талон беріледі.
Шағымды қарастыру нәтижесі туралы мемлекеттік қызметті алушыға жазбаша түрде пошта арқылы хабарланады.
______________________________
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау»мемлекеттік қызмет стандартына
2-қосымша
Сауықтыру ұйымының атауы
№ ________ жолдама
Аты-жөні _____________________________
Туған күні: _____________________
Мекен-жайы____________________________
___________________________________
Мектебі :____________________________ м.п.
Сыныбы :_____________________________
Ата-анасының аты-жөні__________________
___________________________________
Жұмыс орны:______________________
|
Жолдамаға кері талон №_______
Аты-жөні____________________________
с « »____________________20 г.
20 жылдың « » _______________бастап
20 жылғы « »_______________дейін
_____________________________________
болды
Директор :_______________________
|
Жолдама денсаулығы туралы анықтама болғанда ғана жарамды.
Жолға шығар алдында бала жуындырылған және таза киімде болуы тиіс
Өзімен бірге:
1. Іш киім 2 дана
2. Шұлық 3 дана
3. Жеке гигиеналық заттар (тіс пастасы,
тіс щеткасы, сусабын, сабын, жуыну жөкесі, тарақ)
4.Футболка, шорты;
5. Шалбар (джинсы);
6. Күрте (жылы күрте немесе кеудеше) ;
7. Суға түскенде киетін киім;
8. Бас киім (кепка, панамка);
9. Спорттық костюм;
10. Спорттық аяқ киімдер;
11. Шәркей (сланцы);
12. Сүлгі – 2 дана (моншаға, бетке арналған) болуы тиіс
Құнды заттар үшін әкімшілікке жауапкершілік жүктелмейді!
|
Балалардың сауықтыру ұйымының атауы
№ ________ жолдама
Мекен-жайы:
|
«Аз қамтылған отбасы балаларының қала сыртындағы және мектеп жанындағы лагерьлерде демалуы үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік қызмет стандартына
3-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және
тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы
мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
1
|
2
|
3
|
4
|
1. Уақтылылығы
|
1.1. Құжатты тапсырған сәттен бастап белгіленген мерзімде қызметті ұсыну жағдайларының %-ы (үлесі)
|
|
|
|
2. Сапасы
|
2.1. Қызметті ұсыну үдерісінің сапасына қанағаттанған тұтынушылардың % (үлесі)
|
|
|
|
3. Қолжетімділік
|
3.1. Қызметті ұсынудың сапасына және оны ұсыну тәртібі туралы ақпаратқа қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
3.2. Ақпаратына электронды форматта қол жеткізуге болатын қызметтер %-ы (үлесі)
|
|
|
|
4. Шағымдану үдерісі
|
4.1. Шағымданудың қолданыстағы тәртібіне қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
5. Сыпайылық
|
5.1. Персоналдың сыпайылығына қанағаттанған тұтынушылардың %-ы (үлесі)
|
|
|
|
«Қорғаншылық және қамқоршылық
жөнінде анықтама беру»
мемлекеттік қызмет стандартына
4-қосымша
Кесте. Сапа және тиімділік көрсеткіштерінің мәні
Сапа және
тиімділік көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің нормативтік мәні
|
Көрсеткіштің келесі жылдағы нысаналы
мәні
|
Көрсеткіштің
есепті жылдағы ағымдағы мәні
|
Достарыңызбен бөлісу: |