Хабарламахат
2006 жылдың 25 тамызында жасалған келісімшарт бойынша Сіз қызыңыз Айман Қадырованың оқуы үшін жыл сайын әр семестр аяғына дейін 170 мың теңге төлеуге міндеттенген болатынсыз.
2006 – 2007 оқу жылындағы 3 семестрдің төлемақысы келісімде көрсетілген мерзімде төленбегендіктен, қызыңыз Айман Қадырова сессияға жіберілмейді.
1 ай мерзім ішінде оқу төлемақсы төленбесе, қызыңыз Айман Қадырованың оқудан шығарылатынын мәлімдейміз.
Абылай хан атындағы Қаз ХҚ және
ӘТУ – нің ректоры С.А. Қалиев
2006 ж., 20 ақпан
келісімшарт бойынша — по договору
міндеттену — обязываться, взять обязательство
зиян шегу — понести убыток
бас тарту — отказываться
9-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Хабарламахат кімге жіберілген ?
Келісімшарт қашан жасалған ?
Келісімшарт бойынша Б.Кеңесбаев қандай міндеттеме алған ?
Неліктен А.Кеңесбаева қысқы сессияға жіберілмейді ?
Университет ректоры Б.Кеңесбаевқа не туралы мәлімдейді ?
Хабарламахатты жіберуші кім ?
10 - жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз
Шикізат жеткізу, міндеттеме алу, келісімшарт бойынша, көрсетілген мерзім, келісімшарттан бас тарту, Оспанованың оқуы үшін, хабарламахат жіберу, сессияға жібермеу, оқудан шығару, хабарламахат алу, хабарламахат арқылы хабарлау.
Грамматикалық минимум
Себеп бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Неліктен ? Не себепті?
Етістіктің ған
бұйрық + (ген) + дықтан
райы (қан) (діктен)
(кен)
Мысалы: Бәрі жиналған + дықтан, жиналыс уақытында өтті.
Бәрі жиналмаған + дықтан, жиналыс уақытында өтпеді.
11-жаттығу. Жай сөйлемдерден себеп бағыныңқылы құрмалас сөйлемдер құрастырыңыз.
Үлгі: Кәсіпорын өкілі келмегендіктен, келісімшарт жасалмады.
1. Кәсіпорын өкілі келмеді. Сондықтан келісімшарт жасалмады.
2. Ол оқу төлемақысын төлемеді. Сондықтан оқудан шығарылды.
3. Сенімхат нотариалдық кеңседе куәландырылмады. Сондықтан ол өз күшін жояды.
4. Жұмысқа қабылдау туралы бұйрық шықпады. Сондықтан мен жұмысқа әлі кіріскен жоқпын.
5. Олар шикізатты уақытында жеткізбеді. Сондықтан біз келісімшарттан бас тартамыз.
6. Сіздің тарапыңыздан талапарыз түспеді. Сондықтан біз ешқандай шара қолдана алмаймыз.
7. Келісімшарт талаптары орындалмады. Сондықтан біз сотқа талапарыз жаздық.
12-жаттығу. Сәйкестендіріңіз.
Оның еңбекақысы жоғары — кездесу ұзаққа созылмады
болғандықтан.
Олар кездесуге уақытында — қазір осы мәселені көтеріп келгендіктен. отырмыз
Біз бұрын фирма басшысына — басқа қызметке ауыспады
өтініш білдіргендіктен
Кейбір қызметкерлер жұмыс — қала әкімі мәжіліске кешігіп келді
тәртібін ұдайы бұза бергендіктен
Ол келесі жылы зейнеткерлікке – оған үстемақы қоспады шығатындықтан
Қабылдауда адамдар көп – біріші рет ескертулер алды болғандықтан
13-жаттығу. Сөздерді ретімен орналастырыңыз.
Жүргізілуге тиіс, арқылы төлемақы, оқу үшін, "Бақыт" коммерциялық банкі.
Біз, міндеттенеміз, тауарды, уақытында, көрсетілген, жеткізуге.
Талаптар, сәйкес келеді, 1998 жылғы 18 наурызда, келісімшартка, қол койған.
Келісілген, төленбеген, сома, жағдайда, талапарыз, сотқа, мәжбүр, беруге, боламыз.
Грамматикалық минимум
Шартты бағыныңқылы сабақтас құрмалас сөйлем. Қайтсе ?
Етістіктің жіктік
бұйрық + са, се, + жалғауы
райы
Мысалы: Келісімшарт талаптарын толық орындасаңыз, біз келісімшарт мерзімін ұзартамыз.
14-жаттығу. Сөйлемдерді аударыңыз. Шартты бағыныңқылы құрмалас сөйлемнің жасалуына көңіл бөліңіз.
Сіздер шикізатты уақытында жеткізіп тұрсаңыздар, біз оның төлем-ақысын кешіктірмейміз.
Егер мен келісімшарт талаптарын орындамасам, онда мен кінәлі боламын.
Егер олар бізге ескертпесе, онда біз қайдан білеміз.
Екі күн ішінде сіздерден жауап алмасақ, біз сотқа арыз беруге мәжбүр боламыз.
15-жаттығу. Тиісті жіктік жалғауларын жалғап, сөйлемдерді жалғастырыңыз. Біз келісімшарт талаптарын орындаса ..., сендер шикізатты жеткізсе..., сен жылу төлемақысын төлемесе..., мен оған құттықтау жіберсе..., біз хабарламахат жазса..., сен сағат 3-те келсе..., сіздер келісімшарт жасаса..., сіз оған айтса....
16-жаттығу. Мазмұнына қарай екі қатарды сәйкестендіріп жазыңыз.
Студенттер оқу төлемақысын 1. Еңбек төлемақысы
төлемесе, қысқартылады
Келісімшарт бойынша жеткізі- 2. Екінші хабарламахат
лім мерзімі көрсетілсе, жібереміз
Құрылысшылар жұмысты 3. Біз шығынды өтеп
уақытында аяқтамаса, беруіміз керек
Олар біздің кінәмізден 4. Сол уақыттан
зиян шексе, кешіктірмеу керек
Бұл хабарламахат бармаса, 5. Олар оқудан шығарылады
17-жаттығу. Жағдаяттар бойынша хабарламахат жазыңыз.
1. «Мұнайгаз» фирмасының президенті Ж.Батыровтың атынан "Қуат" құрылыс фирмасының басшысы А.Исаевқа келісімшарт бойынша 2006 жылдың 15 наурызына дейін аяқталуға тиіс құрылыс жұмыстарының уақытында аяқталмағаны туралы және егер осы жұмыстар 2006 жылдың 25 наурызына дейін аяқталмаса, сотқа талапарыз беруге мәжбүр болатынды-ғыңыз туралы хабарламахат жазыңыз.
2. «Ардагер» азық-түлік дүкенінің меңгерушісі Ғ.Асанованың атынан сүт өнімдерін өндіретін «Қайсар» ЖШС-ның президенті Дәулет Болатұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (20.04.2006 ж.) «Қайсар» ЖШС сүт өнімдерін күнделікті жеткізіп тұруға міндеттеме ал-ған. Бүл міндеттеме орындалмады. Осыған орай «Ардагер» азық-түлік дүкені 50 мың теңге зиян шекті. Шығынды «Қайсар» ЖШС өтеу керек. Өтемесе, сотқа талапарыз береді.
7. «Қоңырқаз» ЖШС-ның президенті Құрмет Болатұлының атынан "Болашақ" ААҚ-ның президенті Әнуар Асқарбекұлына хабарламахат жазыңыз. Өзара жасалған келісімшарт бойынша (01.02.2006 ж) «Болашақ» ААҚ әр айдың бірінші күні құстарға арналған жем жеткізуге міндеттеме алған. Келісімшарт талаптары орындалмады. «Қоңырқаз» ЖШС келісімшарттан бас тартады.
ҰСЫНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
1. Л. Дүйсембекова. Іс қағаздарын қазақша жүргізу. – Алматы: “ Ана тілі” 2001ж.
2. М. Қасымбеков. Қ. Әлімқұлов. Екі тілде іс жүргізу – Алматы. 1994 ж.
3.М. Қасымбеков. Қоғамдық – саяси терминдер мен атаулардың қазақ тілінде іс қағаздарын жүргізудің және құжаттардың дұрыс толтырудың анықтама сөздігі. - Алматы . 2001ж.
4.С. Әбдіманапов. М. Жамбеков. Синхронное делопроизводство на казахском и русском языках. Атамұра – Қазақстан 1994 г.
5.Скала Б. В. Скала Н. В. Қазақстан Республикасында іс қағаздарын жүргізу (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері). Алматы. “ LEM ” 2001ж.
6. Ғ. Сапарғалиев. Заң терминдерінің түсіндірмелі сөздігі. Алматы “Жеті – жарғы”. 1995ж.
7. С. Шаталов. А. Шаталова. Правила оформления процессуальных документов. Москва. “ ИНФРА” 2001г.
8.А. Нұрмаханов. Т. Алпысбаев. Д. Қадыров. Ж. Рахимов. Терминологиялық жинақ. Алматы. 2002 ж.
9.Салагаев. В. Шалабай.Б. Іс қағаздарын жүргізу. (Составление деловых бумаг) . Алматы. «Раритет» .2003 г.
10. Ақанова.Д. Х. Алдашева. А. М. Ахметжанова. З. Қ. Қадашева. Қ. Қ. Сүлейменова. З. Д. Ресми – іскери қазақ тілі. (Грамматикалық түсінік). Алматы. «Арман». 2002 ж. І – ІІ кітап.
11. Ергазиева Н.И. «Формирование и развитие официально-деловой речи в казахском языке» автореф. Дисс. Канд. Филол.н.- Алматы, 1979г. 29 с.
12.Республика Казахстан. Закон о языках в Республике Казахстан от 11. 07.97.г. № 151-1.- Алматы: Жеті жарғы, 1997-48 с.
13.Президент РК. О расширении сферы употребления государственного языка в государственных органах. Указ №769 от 14.08.1998г.// САПП.-Алматы. 1998.- №28.- С. 60.
14.Қайдаров А.Т. Тіл тағдыры - ел тағдыры // Егемен Қазақстан.- 1998.-16 сәуір.
15.Алдашева А. Ахметжанова З. Қадашева Қ. Сүлейменова Э. Ресми іс қағаздары.- Астана. 2000. 216 б.
16.Касымбеков М. Словарь-справочник общественно - политических терминов и наименовании, ведения делопроизвоство и правильного заполнения документов на казахском языке. – Алма-Ата: Казахстан, 1992. 288 с.
17. Салагаев В. Шалабай Б. Іс қағаздарын жүргізу. Составление деловых бумаг: Учебное пособие.- Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 208с.
18.Сыздықова Р. Емле және тыныс белгілері. – Алматы, 1996.
19. Салагаев В. Культура делового общения. Деловая риторика. Деловые документы: Учебное пособие. – Алматы: Раритет; Республиканский издательский кабинет Казахской академии образования им. И. Алтынсарина, 2000. 200 с.
20.Печникова Т.В., Печникова А.В. Документационное обеспечение деятельности организации. Учебное пособие. – М.: Ассоциация авторов и издателей «Тандем». Издательство ЭКМОС, 1998. 208 с.
21. Кирсанов М.В., Аксенов Ю.М. курс делопроизводства: Документационное обеспечение управления: Учебное пособие. –2-е изд. – М.: ИНФРА-М; Новосибирск: НГАЭиУ, 1998. 272 с.
22.Андреева В.И. Делопроизводство. Требования к документообороту фирмы. – М. 1996.
23.Документы и делопроизводство: Справочное пособие. – М. Экономика, 1991.
24. Кузнецова Т.В., Илюшенко М.П. Основы документоведения: Учебное пособие. – М., МГИАИ, 1988.
25. Стенюков М.В. Документы. Делопроизводство. – М.: ПРИОР,1995.
26. Деловое досье фирмы. – М.: ИВЦ Маркетинг, 1993. – 85 с.
27. Кузнецова Т.В. Делопроизводство в бухгалтерии. Практическое пособие. М. ЗАО «Бухгалтерский бюллетень», 1998. – 224 с.
28. Басаков М.И. Основы делопроизводства в вопросах и ответах: Учебное пособие. Ростов-на-Дону: «Феникс», 1997.-192с.
29. Составление и оформление служебных документов. Практическое пособие для коммерческих фирм. Под. ред. проф. Т. В. Кузнецовой. - М: ЗАО «Бизнес школа» Интел-Синтез». 1998. 192с.
30.Фриш Г.Л. Номенклатурная документация общеобразовательного учреждения.-М: УЦ «Перспективы». 1999. 160с
31.Павлюк Л.В. КиселеваТ.И. Воробьев Н.И. Справочник по делопроизводству, архивному делу и основам работы на компьютере. - СПБ: Издательский Торговый Дом «Герда», 1999. 304с.
32. Кушнаренко Н.Н. Документоведение.-К.:О-во «Знания», КОО,2001.-460с.
II Нұсқа
1 - Тапсырма.
а) Келісім шарт оның түрлеріне анықтама беріңіз.
ә) Жеке тұлғаның жұмыс берушімен еңбек келісім шарты.
2 - тапсырма.
а) Құттықтау хат
ә) Хаттама оның жазылу ережесі.
3 - тапсырма.
а) Түсініктеме қандай жағдайда жазылады.
ә) Анықтама қалай жазылады. Анықтама не үшін қажет.
(Жоғарыда аталған құжаттардың үлгісін көрсетіңіз)
КЕЛІСІМШАРТ
Келісімшарт — тараптар арасында қандай да бір қатынастардың орнауы туралы келісімді белгілейтін және реттейтін құжат.
Мысалы: сату — сатып алу туралы, ауыстыру туралы, қарызға беру туралы немесе сыйға беру туралы және тағы басқа.
Қатысатын адамдар санына қарай келісімшарттар екіжақты немесе көпжақты болады. Келісімшарттың бас жағында келісім жасалған мекенжай және айы, күні, жылы сөзбен жазылады. Содан кейін тараптардың аты-жөні, мекенжайы, жеке куәліктерінің нөмірі және сол куәлікті берген мекеме атауы көрсетіледі. Сосын келісімшарт мәтіні жазылады. Мысалы, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшартта пәтерге қатысты бірнеше мәлімет беріледі, яғни пәтер кімнің жекеменшігі, ТИБ-те тіркелген нөмірі, ТИБ-тің анықтамасы бойынша пәтердің құны, пәтердің жалпы пайдалы аумағы және сол уақытқа дейін көрсетілген пәтердің ешкімге сатылмағаны, қарыз өтеуге берілмегені, дау-таласта, тыйым салуда болмағаны көрсетіледі.
Соңында келісімшарт нотариалдық кеңседе куәландырылады. Келісімшарт үш дана етіп жасалады. Оның бірі нотариалдық кеңседе сақталады. Қалған даналары қатысушы тараптарға беріледі.
1-жаттығу. Сұрақтарға жауап беріңіз.
Келісімшарт — қандай құжат?
Ол қандай жағдайларда жасалады?
Қатысатын адамдар санына қарай қандай келісімшарттар жасалады?
Келісімшарттар қайда куәландырылады?
Келісімшарт неше дана болып жасалады?
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшартта қандай мәліметтер беріледі ?
2-жаттығу. Келісімшарт үлгісімен танысыңыз
Пәтерді сату-сатып алу туралы келісімшарт
Көкшетау қаласы, Әуелбеков көшесі, 141, екі мың алтыншы
жылғы 24 тамыз
(келісімшарт жасалған мекенжай және дата сөзбен жазылады)
Біз, төменде қол қоюшылар, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде тұратын азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2005 жылғы 13 ақпанында берген жеке куәлігінің № 444312119, Көкшетау қаласы, Абылай хан даңғылы, 54-үй, 33-пәтерде тұратын азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы, Қазақстан Республикасының ІІМ 2002 жылы 10 мамырда берген жеке куәлігінің № 314625101, төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық:
Мен азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, 176-пәтерде саттым,
мен азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлы Көкшетау қаласы, Красная көшесі, 118-үй, мекенжайындағы 18-пәтерді сатып алдым. Көрсетілген пәтер 1995 жылы 5 наурызда жасалған сатусатып алу келісімшартының негізінде ТИБ-те тіркелген; жеке меншік құқығы бойынша азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі. Келісімшарт № 16 тізбеге тіркеліп, Көкшетау қаласының лицензия № 0011 "Әділ" нотариалдық кеңсесінде куәландырылған:
- пәтер жалпы пайдалы аумағы 57 шаршы метр 4 бөлмеден түрады;
- пәтердің инвентарлық кұны ТИБ-тің 1995 жылғы 5 наурыздағы № 17 бланкіде керсетілген анықтамасы бойынша жүз елу (150 000) мың теңге тұрады;
Мен, азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы, көрсетілген пәтерді азамат Сансызбаев Думан Әскербекұлына осы келісімшартқа қол қою кезінде төленетін үш жүз елу мың (350 000) теңгеге саттым.
Осы уақытқа дейін көрсетілген пәтер ешкімге сатылған жоқ, қарыз өтеуге берілген жоқ, дау-таласта олған жоқ, тұтқынға алынған жоқ.
Пәтерді пайдалануды Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заңында белгіленген, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес азамат Жақыпов Орал Санжарұлы жүргізеді.
Сатылған пәтерді азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлының беруі және оны азамат Сансызбаев Думан Әскербеұлы
қабылдап алуы екі тарап қол қоятын беру-алу актінің негізінде жүзеге асырылады.
Қолданылып жүрген заңның № ... - бабының мазмұны түсіндірілді.
Келісімшартты ресімдеуге байланысты шығынды азамат Амантаев Арлан Аяпбергенұлы төлейді.
Келісімшарт үш дана етіп жасалған, бір данасы нотариалдық кеңсенің ісінде, екінші данасы сатушыда, үшінші данасы сатып алушыда сақталады.
Тараптардың қолы сатушы/
сатып алушы/
Осы келісімшартты 2006 жылғы 25 тамызда мен, Исабеков Аслан Сағиұлы, Көкшетау қаласындағы лицензия № 3464 "Сенім" нотариалдық кеңсесінің нотариусы куәландырдым. Осы келісімшартқа менің қатысуым кезінде Тараптар қол қойды. Тараптардың жеке басы анықталды, құқықтық іс әрекетке қабілеттілігі және сатылатын пәтердің сатушыға тиесілі екендігі тексерілді. Келісімшарт техникалық инвентаризация бюросында тіркелді. Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды. № 112 тізбеге тіркелді.
Тариф бойынша 500 теңге мемлекеттік салық алынды.
Нотариус (қолы)
жекеменшік құқығы бойынша - по праву собственности
сатушыға тиесілі - принадлежащий продавцу
жалпы пайдалы аумағы - общая полезная площадь
ешкімге сатылған жоқ - никому не продан
қарыз өтеу - уплата долгов
менің қатысуым кезінде - в моем присутствии
пәтердің инвентарлық құны — инвентаризациоиная стоимость квартиры
тұтқынға алынған жоқ — под арестом не состоит
беру-алу актісі — передаточный акт
«Тұрғын үй қарым-қатынастары туралы» заң — закон «О жилищных отношениях»
3-жаттығу. Сұрақтардың жауаптарын жазыңыз.
Пәтерді сатушы кім ? ..........................
Сатушының мекенжайы қандай ? ............
Сатушының жеке куәлігінің нөмірі қандай ?........
Пәтерді сатып алушы кім ?........................
Сатып алушының мекенжайы қандай ? ...........
Оның жеке куәлігінің нөмірі қандай? ..................
Екі тарап қандай келісімшарт жасасқан? .........
Сатылатын пәтер неше бөлмелі?
Пәтер не бойынша Амантаев Арлан Аяпбергенұлына тиесілі ?
Пәтердің инвентарлық құны қанша ?
Пәтер неше теңгеге сатылған ?
1996 жылғы жиырма бесінші тамызда а) .........
жасалған келісімшарт бойынша ә)
пәтер туралы қандай мәліметтер б)
көрсетілген ? в)
13. Жақыпов Орал пәтерді пайдалануды неге сәйкес жүргізеді?
14. Осы уақытқа дейін пәтер қандай а)
іс-әрекетте болған жоқ? ә)
б)
в)
15. Пәтерді беру және қабылдап алу қандай акт негізінде жүзеге асырылады ? 16. Қандай заңның бабы түсіндірілді ?
17. Келісімшартты рәсімдеуге байланысты
шығынды кім төлейді ?
Келісімшарт неше дана етіп жасалды ?
Келісімшарт қайда куәландырылады ?
Онда тараптар туралы қандай а)
мәліметтер тексеріледі ? ә)
б)
4-жаттығу. Сөз тіркестерін аударыңыз.
Келісімшарт жасау, мәміле барысында, пәтерді сату — сатып алу туралы келісімшарт, осы уақытқа дейін, тараптардың қолы, жүзеге асырылады, төмендегілер туралы, тұрғын үйді пайдалану ережелеріне сәйкес, пәтерді сатып алдым, құқықтық іс-әрекетке қабілеттілігі, келісімшартты рәсімдеу, дау-таласта болған жоқ, жекеменшік құқығы бойынша, жалпы пайдалы аумағы.
5-жаттығу. Екі тілде берілген сөз тіркестерін сәйкестендіріңіз.
Тұтқынға алынған жоқ.
1. дееспособность сторон
Төмендегілер туралы осы келісімшартты жасадық.
2. указанная квартира принадлежит мне
Көрсетілген пәтер маған тиесілі
3. нижеподписавшиеся
4. Ешкімге сатылған жоқ
4. текст договора прочитан вслух
5.Тараптардың құқықтық іс- әрекетке қабілеттілігі.
5. Заключили настоящий договор о нижеследующем.
Келісімшарт мәтіні дауыстап оқылды.
6. никому не продан.
7. Төмеңде қол қоюшылар
7. под арестом не состоит
6-жаттығу. Үлгімен танысыңыз.
Достарыңызбен бөлісу: |