Қазақстан Республикасы тарихы кафедрасы 6М011400 – Тарих мамандығы бойынша кредиттік



жүктеу 0,69 Mb.
бет14/22
Дата29.01.2020
өлшемі0,69 Mb.
#27730
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22

Дәрістің мазмұны:


  1. Түсіндіру. Пікір. Салыстырмалы және жинақтаушы сипаттама. Өзекті мәселені мазмұндау.Ақыл-ой әрекетінің тәсілдері.

  2. Талдау және жинақтау. Салыстыру. Дәлелдеу тәсілі. Теориялық материалдарды оқып-үйрену әрекеті. Жай және күрделі жоспар.

Түсіндіру – басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Ұғым мен себеп – салдарлы байланыстардың мәнін түсіндірудің көмегімен ашады.

Пікір себеп – салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы.

Тұтас ұғымды ойша бөлшектеу тәсілі талдау деп аталады. Анализге қарама – қарсы жинақтау, жүйелеу, топтастырумен бірге іске асады. Жинақтау – жеке бөліктерді тұтас бірлікке ойша топтастыру.

Салыстыру – ортақ және әртүрлі белгілерді анықтау.

Дәлелдеу тәсілі ұғымның мәнін түсіндіруде қолданылады. Тезис түрінде айтылған әлдебір ережні дәлелдеу үшін дәйектерге жүгінеді. Олардың бәрі тезистің ақиқаттығын негіздеуі тиіс. Дәлелдеу барысында қорытынды пікірлер бір – бірінен дербес болады. Дәлелдеудің негізгі материалы ретінде құжаттар, статистикалық мәліметтер пайдаланылуы мүмкін.

Әдебиеттер:


  1. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  2. Г. Назарбаева, Х.Әбжанов. Қазақстан : тарих, тұлға, теория. Алматы, 2004. 126-152 бб.
  3. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. Алматы, Мектеп, 1984. 87-96 бб.


  4. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  5. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері». Алматы, Кітап, 1990 ж.

  6. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  7. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  8. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  9. Ақназаров Б.З. Некоторые вопросы обучение истории Казакстана в школе. А.,1997г.

  10. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.

  11. Сарсекеев Д.С. «Задания для самостоятельной работы учащихся по истории Казахстана». А, 1991.

  12. Төлеубаева К.М. «Отаншылдық рухы әлсіремесін десек». Қазақ тарихы, А, №2, 1998.


9 дәріс

Тақырып: Оқу дағдылары және оқу жұмысының тәсілдері.

Дәрістің мазмұны:


  1. Іскерлік пен дағды. Оқу-ұйымдастыру дағдысы. Сөздік дағды. Оқу ақпараттық. Ақыл-ой, оқу дағдылары.
  2. Оқу жұмысының тәсілдері. Іскерлік пен дағдыны қалыптастыру әдістемесі. Оқу дағдыларын қалыптастыру кезеңдері.

Әдіскерлер мен дидактиктер арасында іскерлік пен дағды туралы түрлі көзқарастар орын алған. Олар мыналар: іскерлік-қандай да болмасын қызметтің тәсілін саналы түрде игеру. Демек, іскерлік бірте-бірте дағдыға ұласады. Мысалы, әуелі мәтінді оқу іскерлігі пайда болады, ол кейін жылдам оқу дағдысына айналады. Іскерлікті меңгеру үшін әрекеттің тәсілін біліп, үнемі жаттығу қажет болады.


Ендігі бір авторлар іскерлікті әрекеттің тәсілі туралы білім, дағды қалыптастырудың бастапқы сатысы деп есептейді. Іскерлікті саналы, тиянақты әрекетке дайындық немесе өзгермелі жағдайда мақсатқа саналы түрде жетуге қажеттілік дейтіндер де бар. Жалпы дағдыларды төрт топқа бөлуге болады:

Оқу-ұйымдастыру дағдысы (әрекетті жоспарластыру, тапсырманы тиімді орындау, өзін-өзі бағалау, күн тәртібін реттеу).

Сөздік дағдылар (ауызша және жазбаша), (сұраққа жауап беру, мәтінді баяндау, байланыстыра мазмұндау, сынап-талдау).

Оқу-ақпараттық дағдылар (кітаппен (оқулық, хрестоматия) анықтама, библиография, каталогпен жұмыс).

Оқу, ақыл-ой дағдылары (әрекетті дәлелдеу, ақпаратты қисындық тұрғыдан қорыту және мазмұндау, мәселені шешу, қабылдау және еске түсіру, өзін-өзі қадағалау).

Оқу жұмысының тәсілдері дегеніміз сипаты әртүрлі тарихи материалды игеру жолындағы әрекеттердің тізбесі. Тәсілдерді құрайтын әрекеттердің тізбесі жұмыстың орындалу тәртібін, оның жалпы бағыттарын айқындайды. Оқу жұмысының тәсілдері сөздік-жазулық немесе кескіндемелік әрекеттерде айқын танылады. Ол жағдайда қолданылған тәсілдерді көруге, естуге болады. Сол арнайы тәсілді қолданғанда студенттің жіберген қатесін түзетуге және соның көмегімен оқу материалын тиянақты игеруіне көмек жасалады.


Әдебиеттер:


  1. Г. Назарбаева, Х.Әбжанов. Қазақстан : тарих, тұлға, теория. Алматы, 2004. 126-152 бб.
  2. Тұрлығұлов Т. Тарих сабағын жетілдіру жолдары. Алматы, Мектеп, 1984. 87-96 бб.


  3. Омарбеков Т.О. ХХ ғасырдағы Қазақстан тарихының өзекті мәселелері. А.,2001.

  4. Шаймерденова К.Ш. «Қазіргі сабақ және өзекті мәселелері». Алматы, Кітап, 1990 ж.

  5. Ысқақов Ә. «Лекция сабақтарын өткізудің кейбір жолдары». Қазақстан мектебі, №8, 1985.

  6. Ысқақов Ә. «Пысықтауды ұйымдастыру». Қазақстан мектебі.Алматы, №1, 1987.

  7. Ақназаров Б.С. Методическая разработка к практическим и лабораторным занятиям по методики преподавания по истории Казахстана. Алматы, 1997 г.

  8. Ақназаров Б.З. Некоторые вопросы обучение истории Казакстана в школе. А.,1997г.

  9. Төлеубаева К.Т. Тарих факультетінің жоғары курс студенттерінің оқу-тәрбиелік практикасын өткізу және ұйымдастыру. Әдістемелік талқылама. Алматы, 1997.

  10. Сарсекеев Д.С. «Задания для самостоятельной работы учащихся по истории Казахстана». А, 1991.

  11. Төлеубаева К.М. «Отаншылдық рухы әлсіремесін десек». Қазақ тарихы, А, №2, 1998.


10 дәріс

Тақырып: Тарихты оқытудағы көрнекілік.

жүктеу 0,69 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   22




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау