Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының



жүктеу 1,06 Mb.
бет7/8
Дата27.12.2019
өлшемі1,06 Mb.
#25190
1   2   3   4   5   6   7   8

3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету

Ұлттық Банк 2013 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін одан әрі дамыту және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласында заңнамалық базаны жетілдіру жұмысын жалғастырды.

Бір жыл ішінде ақша төлемдері мен аударымдары, Ұлттық Банкте қызмет көрсетілетін заңды тұлғалардың төлем карточкалары, банк шоттарын ашу, жүргізу және жабу, төлем құжаттарын, чек кітапшаларын пайдалану, Ұлттық Банк төлем жүйелері бөлімшесінің жұмыс істеу мәселелері бойынша Ұлттық Банк Басқармасының 8 қаулысы және Ұлттық Банк Директорлар кеңесінің 8 қаулысы бекітілді.

Резервтік орталықты «әскери» режимде қолдау үшін тұрақты негізде төлем жүйелері жұмысына мониторинг және қызмет көрсету үшін Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару жұмысы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша пайдаланушыларға арналған төлем жүйелерінің үздіксіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.

Мақсатты индикатор: 2010 жылмен салыстырғанда 2013 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдер көлемінің кемінде 8%-ға өсуіне қол жеткізу.

2013 жылы қолма-қол ақшасыз төлемдердің көлемі елде 2010 жылмен салыстырғанда 11,6% (28,0 трлн. теңге) ұлғайып, 269,7 трлн. теңге (1 772,5 млрд. АҚШ долл.) болды. Оның ішінде, қолма-қол ақшасыз төлемдердің жалпы көлемінен ұлттық төлем жүйелері (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) 177,6 трлн. теңге, Авангард Plat бөлшек төлемдер жүйесі арқылы – 25,2 млрд. теңге өткізілді. Жеке және заңды тұлғалар халықаралық ақша аударымдары жүйелері арқылы 275,6 млрд. теңге өткізді. Қазақстандық банктерге және оның клиенттеріне Қазақстан банктері арасында теңгемен ашылған корреспонденттік шоттар арқылы елдің аумағына - 1,8 трлн. теңге, банктер арасында ашылған корреспонденттік шоттар арқылы шетелге – 89,0 трлн. теңге жіберілді. Төлем карточкаларын пайдалану арқылы тауар және қызмет көрсетуге 921,8 млрд. теңге сомаға қолма-қол ақшасыз төлемдер жүргізілді.


3.1.1-міндет. Операторы «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК болып табылатын ұлттық төлем жүйелерінің (Банкаралық ақша аудару жүйесі және Банкаралық клиринг жүйесі) тиімді, сенімді және үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті11, кемінде 90%

2013 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,934%, Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,979% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Қазақстанның төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару

2013 жылы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару:



  1. 2013 жылғы 15 наурызда сағат 07:43-те (резервтік орталықтың серверлеріне аудару 2013 жылғы 15 наурызда сағат 07:43-те, негізгі орталықтың серверлеріне кері аудару 2013 жылғы 15 наурызда сағат 19:04 жүзеге асырылды);

2) 2013 жылғы 21 қараша – 2013 жылғы 6 желтоқсан аралығында (резервтік орталықтың серверлеріне аудару 2013 жылғы 21 қарашада сағат 20:00 - 21:00 аралығында, негізгі орталықтың серверлеріне кері аудару 2013 жылғы 6 желтоқсанда сағат 19:59 жүзеге асырылды).
Іс-шара: ҚБЕО төлем жүйелерінің (БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі) үздіксіз жұмыс істеуінің мониторингі және бақылау, іркілістер мен тұрып қалу болған кезде жылдам ден қою және техникалық проблемаларды жою.

1. Төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеті коэффициентінің белгіленген кемінде 90% мәнге сәйкестігін қамтамасыз ету мақсатында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК тұрақты негізде төлем жүйелерінің бағдарламалық-техникалық кешенінің мониторингін, операциялық және техникалық тәуекелдерді басқаруды жүзеге асырды.

Төлем жүйелерінің жұмысында іркіліс болған кезде орын алған проблемаларды жою жөнінде шаралар қабылданды.

2013 жылы БААЖ және БКЖ-да мынадай іркілістер байқалды:

1) 2013 жылғы 12 ақпанда сағат 11:44 - 12:15 аралығында Куәландырушы орталықтың серверлік бөлігінің аппараттық қамтамасыз ету процестерінің бірінен соң бірінің тоқтап қалуынан «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК Куәландырушы орталығының аппараттық қамтамасыз етуінің жұмысы тоқтап қалды, жүйелер жұмысының жалпы тоқтап қалған уақыты 31 минутты құрады;

2) 2013 жылғы 1 тамызда сағат 9:05 - 10:23 аралығында «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК төлемдерді өңдеу сервері жұмысының апатты тоқтап қалуына байланысты төлемдерді есептеу тоқтап қалды, жүйелер жұмысының жалпы тоқтап қалған іркіліс уақыты 77 минутты (1 сағат 17 минутты) құрады.

2013 жылы БААЖ және БКЖ іркілісінің жалпы уақыты 108 минут болды, бұл БААЖ жалпы жұмыс уақытының 0,066% және БКЖ жалпы жұмыс уақытының 0,021% алады. Тиісті рәсімдер жүргізілгеннен кейін барлық іркіліс оқиғалары бойынша БААЖ мен БКЖ жұмысы уақтылы қалпына келтірілді.

2. Төлем жүйелерін қадағалауды (оверсайт) жүзеге асыру шеңберінде:

2.1) күн сайынғы негізде 108 Ережеге12 сәйкес БААЖ және Банкаралық клиринг жүйесі арқылы төлемдердің ағындары бойынша ақпаратты, ай сайынғы негізде 16 Ережеге13 сәйкес электрондық терминалдар және қашықтан кіру жүйесі арқылы жүзеге асырылған ақша төлемі мен аударымы жөніндегі мәліметтерді және 388 Ережеге14 сәйкес төлемдер мақсатының бірыңғай жіктеушінің кодтары бойынша төлемдер жөніндегі мәліметтерді жинау және өңдеу жүзеге асырылды;

2.2) күн сайынғы негізде БААЖ өтімділік және айналымдылық коэффициенттерін, БКЖ-нің айналымдылық коэффициентін есептеу жүргізілді;


1-сурет
БААЖ өтімділік коэффициентінің, БКЖ айналымдылық коэффициентінің орташа айлық мәндерінің



2013 жылғы өзгеру динамикасы

2.3) операциялық күн ішінде кезекте болған, пайдаланушы кері қайтарған, операциялық күн ішінде БААЖ-да орындалмаған төлемдер және олар болған кезде БКЖ жойылған төлем құжаттары бойынша ақпаратқа күн сайынғы негізде талдау жасалды.

2013 жылы БААЖ-де 14 төлем құжатын орындамау (кері қайтару) анықталды (есептелген төлемдердің жалпы санынан 0,0001%), БКЖ-де 213 төлем құжаты жойылды (есептелген төлемдердің жалпы санынан 0,001%). Барлық орындалмаған және кері қайтарылып алынған төлем құжаттары бойынша соңғы күндері олардың орындалуына мониторинг өткізілді.

3. 2013 жыл үшін «Банкаралық ақша аударымы жүйесіндегі және банкаралық клирингтегі айналымдар бойынша есептілік» MIS-12 Ұлттық Банк басшылығына ақпарат ұсынылды (2012 жылғы желтоқсан үшін - 10.01.2013ж. №29308/67Н хат, 2013 жылғы қаңтар үшін - 08.02.2013ж. №29308/416Н хат, 2013 жылғы ақпан үшін - 11.03.2013ж. №29308/739Н хат, 2013 жылғы наурыз үшін - 10.04.2013ж. 29308/1061Н хат, 2013 жылғы сәуір үшін - 08.05.2013ж. 29308/1319Н хат, 2013 жылғы мамыр үшін - 10.06.2013ж. 29308/1583Н хат, 2013 жылғы маусым үшін - 04.07.2013ж. 29308/1818Н хат, 2013 жылғы шілде үшін - 12.08.2013ж. 29308/2122Н хат, 2013 жылғы - 10.09.2013ж. № 29308/2381 хат, 2013 жылғы қыркүйек үшін - 10.10.2013ж. №29308/2600Н хат, 2013 жылғы қазан үшін - 07.11.2013ж. №29308/2798Н хат, 2013 жылғы қараша үшін - 09.12.2013ж. №29308/3007Н хат).

4. Ұлттық Банк нақты уақыт режиміндегі төлем жүйелерін пайдаланушылардың позицияларына тұрақты негізде мониторинг пен бақылау жүргізді. Тұтастай алғанда 2013 жылы БААЖ-да пайдаланушылардың өтімділігінің орташа күндік көлемі 924,7 млрд. теңге (пайдаланушылардың айналымдарының орташа күндік сомасы кезінде = 702,3 млрд. теңге) болды, бұл жүйені пайдаланушылардың төлемдер жүргізу үшін өтімділікпен жеткілікті түрде қамтамасыз етуді сипаттайды.

2-сурет


БААЖ-дағы пайдаланушылар өтімділігінің 2013 жылғы өзгеру динамикасы

5. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын бақылау мен қадағалау комитетінің тексерушілер тобының құрамында 2013 жылы «ҚБЕО» РМК төлем жүйелеріне енуді ұйымдастыру бөлігінде 9 банкке тексеру жүргізілді:

1) «Қазақстандағы «Пәкістан Ұлттық Банкі» АБ» АҚ 2013 жылғы қаңтар-ақпанда (Тексеру жүргізуге арналған 18.01.2013 жылғы № 665/101/04 тапсырма негізінде, 16.04.2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

2) «Сбербанк России» ЕБ АҚ 2013 жылғы қаңтар-ақпанда (тексеру жүргізуге арналған 18.01.2013 жылғы № 665/201/05 тапсырма негізінде, 23.04.2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

3) «Еуразиялық банк» АҚ 2013 жылғы мамыр-маусымда (тексеру жүргізуге арналған 26.04.2013 жылғы №66-6-2-01/27 тапсырма негізінде, 12.08. 2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

4) «Ситибанк Казахстан» АҚ 2013 жылғы шілдеде (тексеру жүргізуге арналған 28.05.2013 жылғы №66-6-1-01/32 тапсырма негізінде, 21.08.2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

5) «НSBC Банк Казахстан» АҚ 2013 жылғы шілдеде (тексеру жүргізуге арналған 29.05.2013 жылғы №66-6-1-01/34 тапсырма негізінде, 22.08.2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

6) «RBS Банк Казахстан» ЕБ АҚ 2013 жылғы тамызда (тексеру жүргізуге арналған 18.07.2013 жылғы №66-6-1-01/53 тапсырма негізінде, Тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды 10.10.2013ж.);

7) «Қазкоммерцбанк» АҚ 2013 жылғы қазанда (тексеру жүргізуге арналған 04.09.2013 жылғы №66-6-1-01/65 тапсырма негізінде, 20.01.2014ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

8) «КЗИ Банк» ЕБ АҚ 2013 жылғы қазанда (тексеру жүргізуге арналған 20.09.2013 жылғы №66-6-1-01/69 тапсырма негізінде, 25.12.2013ж. тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

9) «Нұрбанк» АҚ 2013 жылғы желтоқсанда (Тексеру жүргізуге арналған 29.11.2013 жылғы №66-6-2-01/99 тапсырма негізінде).

Сонымен қатар, 2013 жылы Ұлттық Банктің тексеруші тобы Екінші деңгейдегі банктердің «ҚБЕО» РМК төлем жүйелерін пайдаланушының жұмыс орнына қойылатын талаптарды сақтау мәселелері бойынша 2013 жылғы 2-жартыжылдыққа арналған тексеру жүргізу жоспары негізінде 5 пайдаланушыға тексеру жүргізді:

- «Бағалы қағаздардың орталық депозитарийі» АҚ 2013 жылғы 21 - 31 қазан аралығындағы кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 11.10.2013 жылғы № 1 ПС акт негізінде, 31.10.2013 жылы тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

- ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық Комитеті 2013 жылғы 18 - 22 қараша аралығындағы кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 08.11.2013 жылғы №2 ПС акт негізінде, 22.11.2013 жылы тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

- «Казпочта» АҚ 2013 жылғы 18 - 22 қараша аралығындағы кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 08.11.2013 жылғы №3 ПС акт негізінде, 22.11.2013 жылы тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды;

- «Альянс Банк» АҚ 2013 жылғы 3 желтоқсан - 2013 жылғы 10 желтоқсан аралығындағы кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 26.11.2013 жылғы №4 ПС акт негізінде, 09.01.2014 жылы тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды);

- «Эксимбанк Казахстан» АҚ 2013 жылғы 23 желтоқсан - 2013 жылғы 30 қараша аралығындағы кезеңде (Тексеру тағайындау туралы 11.12.2013 жылғы №5 ПС акт негізінде, 30.01.2014 жылы тексеру нәтижелері туралы акт тапсырылды).

Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу.

Ұлттық Банк Төлем жүйелерінің жұмыс істеу мүмкіншіліктері коэффициенттерінің мәні ай сайын есептеді (3-суретті қараңыз). 2012 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,934%, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,979% болды.


3-сурет


Төлем жүйелерінің 2013 жылғы жұмыс істеу қабілеті коэффициенттерінің өзгеру динамикасы

Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу

Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жұмысы:

1) 2013 жылғы 15 наурыз (резервтік орталықтың серверіне көшіру 2013 жылғы 15 наурызда сағат 07:43 жүзеге асырылды, негізгі орталықтың серверлеріне кері көшіру 2013 жылғы 15 наурызда 19:04 жүргізілді). Бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтар жұмысында көшу кезінде проблемалар байқалған жоқ.;

2) 2013 жылғы 21 қараша - 2013 жылғы 6 желтоқсан аралығы (резервтік орталықтың серверіне аудару 2013 жылғы 21 қарашада 20:00 сағаттан - 21:00 сағатқа дейін, негізгі орталықтың серверіне кері аудару 2013 жылғы 6 желтоқсанда 19:59 сағатта жүзеге асырылды). Көшіру кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтау жұмысында проблемалар болған жоқ. Резервтік серверлерден негізгі серверлерге кері көшіруді жүзеге асыру 2013 жылғы 28 қарашада жоспарланған болатын. Алайда, 2013 жылғы 27 қарашада Авангард Плат жүйесінің жұмысын резервтік орталықтан негізгі орталыққа жоспарлы түрде көшіру кезінде көрсетілген жүйенің деректерін сақтау массивіне қосуда техникалық іркіліс туындады. Төлем жүйелерін резервтік орталықтан негізгіге көшіру кезіндегі ықтимал тәуекелдерді ескере отырып, БААЖ және БКЖ төлем жүйелерін негізгі серверлерге 2013 жылғы 6 желтоқсанда көшіру туралы шешім қабылданды.

Көшіру кезінде бағдарламалық қамтамасыз ету мен жабдықтау жұмысында проблемалар болған жоқ.

Осылайша, 2013 жылы тұрақты негізде 2013 жылдың қорытындылары бойынша «2010 жылмен салыстырғанда елдегі қолма-қол жасалмайтын төлемдер көлемінің өсуіне қол жеткізу» қойылған мақсатты индикаторға қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету бойынша жұмыс жүргізілді. Бұл ретте мақсатты индикатордың нақты мәні 11,6%, жоспарлы мән кезінде – кемінде 8% болды.

Тұтастай алғанда, 2013 жылы тікелей нәтиженің қойылған көрсеткіштерін орындау байқалады. Мәселен, БААЖ-да жұмысқа қабілеттілігінің коэффициенті 99,934%, кемінде 90% қойылған жоспарлы мәні кезінде жұмыс қабілеттілігінің коэффициенті – 99,979% болды, жыл бойы төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне және керісінше негізгі серверге аудару жұмыстарын екі рет (2013 жылғы 15 наурыз және 2013 жылғы 21 қараша - 2013 жылғы 6 желтоқсан аралығы) жүргізілді.

Қойылған міндеттер шегінде тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу, оның ішінде ҚБЕО төлем жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуіне тұрақты мониторинг және бақылау, төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы негізде есептеу бойынша іс-шаралар жүргізілді.

2014 жылы қойылған мақсатты индикаторға және тікелей нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу мақсатында төлем жүйелерінің тиімді және сенімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету, қазіргі заманғы технологияларды қолдану негізінде бөлшек қолма-қол жасалмайтын төлемдерді дамытуға ықпал ететін тәуекелдерді барынша азайту жұмыстарын жалғастыратын болады.

4-стратегиялық бағыт.

Қаржы жүйесінің тұрақтылығын қамтамасыз етуге жәрдемдесу
4.1-мақсат. Қаржы жүйесінің тұрақтылығын арттыру
Мақсатты индикатор: Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші

Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) жарияланған ақпаратына сәйкес 2012-2014 жылдары Қазақстан «Банктердің сенімділігі» көрсеткіші бойынша дүние жүзінде 20 позицияға көтеріліп, 100 орынды (мақсат – 127) иеленді. Осылайша, мақсатты индикаторға толық қол жеткізілді.


4.1.1-міндет. Қаржылық делдалдық деңгейінің мониторингі және салымшылардың банк жүйесіне деген сенімділігін қолдау

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Кредит нарығының параметрлерін зерделеуді жариялау

Банктердің «Кредиттік нарық өлшемдерінің жай-күйі және болжамы» зерттеу банктер ұсынған ақпаратты талқылай отырып, сауалнама және банктің жауапты қызметкерлерінен сұхбат алу нысанында өткізілді. 2013 жылдың қорытындылары бойынша 4 зерттеу жүргізілді, олардың нәтижелері Ұлттық Банктің интернет-ресурсында жарияланды (қаңтар, сәуір, шілде, қазан).

Банктердің кредит нарығының сапалы өлшемдері туралы тексеруге сәйкес 2013 жыл ішінде корпоративтік сектор мен жеке тұлғалардың тарапынан кредит ресурстарына деген сұраныс жоғары деңгейде сақталды. Бұл ретте жеке тұлғалар тарапынан кредит саясатын жұмсартудың барынша көрсетілген динамикасы байқалды, ол банктердің кредиттік өнімдеріне жоғары сұранысты көрсетеді. Оған қоса, несие портфелінің сапасы бұрынғысынша банктердің оны жақсарту жөнінде қабылдаған шараларына қарамастан төмен деңгейде қалып отыр.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Қаржылық тұрақтылық туралы есепті жариялау

Қаржылық тұрақтылық туралы есеп ресми жариялатын құжат болып табылады, онда Қазақстан қаржы жүйесінің барлық тәуекелдері (әлеуметті және сол сияқты басталған), сондай-ақ мемлекеттің елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралары толық көлемде ашылған. Есепті жариялау Қазақстан экономикасы мен қаржы жағдайы туралы ақпаратқа еркін кіруді болжайды, бұл қоғамның (оның ішінде халықаралық) Қазақстанның қаржы өкіметінің қызметіне деген сенімін арттыруға жәрдемдеседі.

2013 жылғы Қаржылық тұрақтылық туралы есепті ҚРҰБ-нің интернет- ресурсында жариялауды кешіктіру ақпаратты жария ету және қаржылық тұрақтылықтың тәуекелдерін бағалау бойынша қосымша жұмыстарды жүргізуге байланысты.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жүйе құраушы қаржы институттарының саны – 0

2013 жылы жүйе құраушы қаржы институттары сыртқы және ішкі міндеттемелер бойынша дефолтқа жол берген жоқ.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банк секторына стресс-тест жүргізу – кемінде жылына 1 рет

2013 жылы Ұлттық Банк 2 стресс тестілеу жүргізді.

2013 жылғы сәуір-мамыр аралығына жүйе құраушы банктерді стресс-тестілеу Bottom-Up15 форматында жүргізілді. Бұл рәсім ҚР ҰБ Басқармасының 2013 жылғы 25 ақпандағы № 73 қаулысымен бекітілген Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидалары шеңберінде өткізілді. Жұмыстың қорытындысы бойынша ҚРҰБ, ҚҚК басшылығына жиынтық талдамалық ақпарат дайындалды, сондай-ақ стресс-тест жүргізген кезде банктер жіберген әдістемелік қателіктерді көрсете отырып, банктерге жауап хаттар және осы бағыттағы жұмыс бойынша ұсынымдар жіберілді.

2013 жылғы қазан-қараша аралығында ҚРҰБ банк секторына top-down форматында стресс тестілеу жүргізді. Осы тәсіл стресс-тестілеуді ҚРҰБ қызметкерлерімен, екінші деңгейдегі банктерді қатыстырмастан қолда бар деректер негізінде жүргізуді көздейді. Осы жұмыс банк жүйесінің макроэкономикалық ауыспалы мәндерінің жағымсыз өзгеруіне қатысты орнықтылығын бағалау қажеттілігіне қарай жыл сайын жүргізіледі. Макроэкономикалық ауыспалы мәндердің бағалау үшін мұнай бағасының төмендеуі негізгі соққы болып табылады. Өткізілген стресс-тестілеудің нәтижелері Қазақстанның қаржылық тұрақтылығы туралы есепте жарияланады.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Аймақтар бөлігін қоса алғанда, елдің кредит нарығының жай-күйі туралы мынадай бағыттар бойынша статистикалық ақпарат жариялау:

- кредиттеу объектілері

- қызмет түрлері

- халыққа ипотекалық кредит беру

- тұтынушылық кредиттеу

- шағын бизнес

( 2013 жылдың қорытындылары бойынша 24 жарияланым)

Ақпарат «Ұлттық Банктің статистикалық бюллетенінде» жарияланды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: ҚРПӘ-ге екінші деңгейдегі банктердің стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымға өткізген проблемалық активтерінің көлемі туралы ақпарат беру (ПКҚ және КАБҰ)

Екінші деңгейдегі банктердің активтері мен шартты міндеттемелері сапасының мониторингі
2013 жылғы 1 желтоқсандағы жағдай бойынша банк жүйесі бойынша «жұмыс істемейтін» қарыздардың (90 күннен аса мерзімі өткен қарыздар) үлесі 19,3% («БТА Банк» АҚ қоспағанда) болды, бұл ретте 2012 жылғы 1 желтоқсанмен салыстырғанда осы көрсеткіштің 0,8% (2012 ж. 1 желтоқсан – 20,1%, «БТА Банк» АҚ қоспағанда) төмендеуі байқалды.

Банктердің кредиттік портфельдің сапасын жақсартудың қолда бар механизмдерін (ПКҚ-ға сату, КАБҰ-ға тапсыру, үмітсіз берешекті кешіру) пайдалануын жандандыру мақсатында 2013 жылдың басында ҚРҰБ банктердің несиелік портфеліндегі «жұмыс істемейтін» активтері үшін лимиттер енгізді (несиелік портфельдің 2013 жылдан бастап – 20%, 2014 жылдан бастап – 15%), оларды бұзған жағдайда заңнамада банкке қатысты шаралар қолдануға, тіпті банк қызметіне шектеу қоюға және банктің басшы қызметкерлерін қызметінен шеттеуге дейін мүмкіндік береді. ҚРҰБ қосымша 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап «жұмыс істемейтін» қарыздар бойынша пруденциялық нормативін 10% деңгейінде енгізу туралы мәселені қарастыруда. Сонымен бірге, банктердің проблемалық кредиттермен жұмыс істеудің қолданыстағы механизмдерін жетілдіру мақсатында, сақтандыру және исламдық қаржыландыру жөніндегі заң жобасы шеңберінде ҚРҰБ түзетулер топтамасын дайындады, онда:

- проблемалық қарыз алушылар бойынша «банк құпиясын» үшінші тұлғаларға (тәуелсіз бағалаушыларға және активтерді басқаруға тартылатын басқа да мүдделі тұлғаларға) ашу мүмкіндігі;

- талаптарды басқа заңды тұлғаға қайта тіркеу, кепілі мүлікті қайта тіркеуге, тыйым салуға және соттарда мемлекеттік баждарды және мүлікке құқықты тіркеген кезде алымдарды төлеуден босатуға байланысты мәселелерді шешу көзделеді.

Банктердің үмітсіз берешекті кешірген кезде салықтық жеңілдіктердің қолдану мерзімін 2015 жылдың аяғына дейін ұзарту бойынша қосымша ұсыныстар енгізілді, сондай-ақ үмітсіз берешекті кешірген және банктің КАБҰ құруына ҚРҰБ рұқсатын алу кезіндегі рәсімдерді жеңілдету мәселелері қаралуда.

Күмәнді және үмітсіз активтерді сатып алу бойынша ПКҚ мүмкіндіктерін кеңейту мақсатында заңнамаға банктерден проблемалық кредиттерді сатып алу мерзімі бойынша шектеулерді алып тастауды көздейтін түзетулер жобасы дайындалды. Оның үстіне, проблемалық кредиттермен жұмысы бойынша инфрақұрылымдағы ПКҚ стратегиясы мен ролін айқындау мәселелері пысықталуда.



Стресс активтерді басқару жөніндегі ұйымдарға (ПКҚ және КАБҰ) екінші деңгейдегі банктердің проблемалық активтерін берудің мониторингі

ПКҚ өз қызметі кезеңінде 19,2 млрд. теңге жалпы сомасына банктердің талап құқықтарына бағалау жүргізді. Іс жүзінде қарызды сатып алу жөніндегі уағдаластыққа бір банкпен ғана 0,5 млрд. теңге сомасына қол жеткізілді. 2013 мамырда ПКҚ банктерге сатып алудың әртүрлі түрлі механизмдерін пайдалану, ПКҚ қызметінің ауқымын кеңейту мақсатында тәуекелдерді бірлесіп басқару және бөлу жөніндегі ұсыныстар жіберілді, қазіргі кезде оларға банк секторы тарапынан жауап жоқ. Банктердің ПКҚ-мен ынтымақтасудағы белсенділігінің төмен болуы проблемалық қарызды тәуелсіз бағалау компаниясы белгілеген құны бойынша құқығын бергісі келмейтініне, сондай-ақ, бірқатар объективтік себептерге, оның ішінде банк заңнамасындағы банк құпиясы бойынша шектеулерге байланысты болды.

2013 жылғы 1 қазанда ҚҚК банктерге КАБҰ құруға 7 рұқсат берді. Банктер ұсынған деректерге сәйкес КАБҰ құруға рұқсат алған банктер КАБҰ-ға проблемалық қарыздар бойынша 199,8 млрд. теңге сомасына талап ету құқығын беруді жоспарлап отыр. Бұл ретте 2013 жылғы 1 қазандағы жағдай бойынша іс-жүзінде талап ету құқықтары 25,9 млрд. теңге сомасына берілді.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ-ның жарғылық капиталын ұлғайту (2012 жылдың қорытындысы бойынша 10%)

«Қазақстанның депозиттерге кепілдік беру қоры» АҚ жарғылық капиталы ҚРҰБ Басқармасының 2013 ж. 11.11.№ 265 қаулысына сәйкес 10%-ға ұлғайтылды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілді өтемақының мөлшері (5 миллион теңге)

Жеке тұлғалардың депозиттері бойынша кепілді өтемақының мөлшері 5 миллион теңге деңгейінде сақталды.


4.1.2-міндет. Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарын қаржы ұйымдарында қолдану тиімділігін қамтамасыз ету
4.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік және қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру бойынша әзірленген нормативтік құқықтық актілердің саны

1-іс-шара. Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік жөніндегі, сондай-ақ қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есеп жүргізуін автоматтандыру жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында 2013 жылы ҚРҰБ Басқармасының мынадай:

1) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне екінші деңгейдегі банктердің және «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының бухгалтерлік есепті жүргізуі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 63;

2) «Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64;

3) «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65;

4) «Қаржы құралдарын Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы» 2013 жылғы 29 наурыздағы № 87;

5) «Қаржы ұйымдарының, арнайы қаржы компанияларының, исламдық арнайы қаржы компанияларының, микроқаржы ұйымдарының, «Қазақстанның Даму Банкі» акционерлік қоғамының және инвестициялық қорлардың қаржылық есептілігінің нысандары, тізбесі, ұсыну мерзімдері мен тәртібі туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы
№ 130;

6) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Қазақстан Республикасы қаржы нарығының жекелеген субъектілеріне арналған бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы» 2008 жылғы 22 қыркүйектегі № 79 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 131;

7) «Жалпы сақтандыру» және «өмірді сақтандыру» салаларындағы сақтандыру және қайта сақтандыру операцияларының бухгалтерлік есебін жүргізу жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 149;

8) «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының бухгалтерлік есебі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 ж. 26.07. № 194;

9) «Зейнетақы активтері бойынша операциялар туралы ақпаратты есепке алу және жария ету» қаржылық есептілік стандартын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 195;

10) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 250;

11) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Кепілдің және басқа қамтамасыз етудің құнын айқындау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 64 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 288;

12) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Халықаралық қаржылық есептілік стандарттарына және Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік туралы заңнамасының талаптарына сәйкес провизиялар (резервтер) құру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 65 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 289 қаулылары қабылданды.

Осылайша, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тікелей нәтиженің көрсеткіші асыра орындалды (12 НҚА бекітілді), бұл Ұлттық Банк Басқармасының «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне салық салу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №61-V Қазақстан Республикасының Заңын, сондай-ақ «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында жекелеген заңға тәуелді нормативтік құқықтық актілерді әзірлеп, бекітумен байланысты.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Қаржы ұйымдарына бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуына жүзеге асырылған тексерулер саны

Іс-шара. Қаржы ұйымдарын бухгалтерлік есеп жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптардың сақталуын бақылауды жүзеге асыру, оның ішінде ҚҚК қызметкерлерін тарта отырып тексеру арқылы жүзеге асыру

Осы көрсеткішті іске асыру шеңберінде 2013 жылы 17 тексеру жүргізілді:

1) «Интертич» Қазақ Денсаулық және Медициналық Сақтандыру Корпорациясы» АҚ;

2) «Коммеск-Өмiр» сақтандыру компаниясы» АҚ;

3) «Қазкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ;

4) «Қазақстан Халық Банкінің «Халык-Life» өмірді сақтандыру еншілес компаниясы» АҚ;

5) «Ситибанк Қазақстан» АҚ;

6) «HSBC Банк Қазақстан» АҚ ЕБ;

7) «БТА Банк» АҚ ЕҰ «Лондон-Алматы» СК» АҚ;

8) «Zurich Invest Management» АҚ;

9) «STANDARD» сақтандыру компаниясы» АҚ;

10) «ҚазЭкспортКепілдік» экспорттық-кредиттік сақтандыру корпорациясы» АҚ;

11) «Kompetenz» сақтандыру компаниясы» АҚ;

12) «Қазкоммерц-Life» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ («Қазкоммерцбанк» АҚ ЕҰ);

13) «Алматы қаласындағы Қытайдың Сауда-өнеркәсіптік Банкі» АҚ;

14) «НОМАД Иншуранс» сақтандыру компаниясы» АҚ;

15) «КАЗАХСТАН-ЗИРААТ ИНТЕРНЕШНЛ БАНК» ЕНШІЛЕС БАНКІ» АҚ;

16) «Нұрбанк» АҚ ЕҰ «Нұрполис» СК» АҚ;

17) «НОМАД LIFE» өмірді сақтандыру компаниясы» АҚ (бұрынғы атауы «Астана-Финанс» ӨСК АҚ).

Осылайша, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тікелей нәтиженің көрсеткіші асыра орындалды, бұл қаржы ұйымдарының бухгалтерлік есепті жүргізуді автоматтандыратын жүйелерге қойылатын талаптарды сақтауына қатысты жүргізілген тексерулердің жоспардан тыс сипатының болуымен байланысты. Қаржы ұйымдарының бұрын жүргізілген тексерулердің нәтижелері бойынша қолданған ықпал ету шараларын орындауын бақылау тексерулердің мақсаты болып табылады.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және ЖОО студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру бойынша өткізілген семинарлар саны

Іс-шара. Қаржы ұйымдарының, ҚҚК қызметкерлерін және жоғары оқу орындарының студенттерін ХҚЕС бойынша оқыту және біліктілігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүргізу

2013 жылы 5 оқыту семинарлары жүргізілді:

1) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасында «Сақтандыру ұйымдарындағы бухгалтерлік есеп және есептілік» пәні бойынша оқыту (29 сағат);

2) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасында «Салық салу» пәні бойынша оқыту (29 сағат);

3) Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасында «Қаржылық есеп» пәні бойынша оқыту (182 сағат).

4) Қазақстан Республикасының микроқаржы ұйымдары туралы заңнамасының ережелерін түсіндіру, атап айтқанда микроқаржы ұйымдарының бухгалтерлік есебі мен қаржылық есептілігі мәселелері бойынша семинар;

5) Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі филиалдарының, акционерлік қоғамдарының, республикалық мемлекеттік кәсіпорындарының қызметкерлері үшін «ХҚЕС сәйкес бухгалтерлік есеп және ХҚЕС-ке соңғы өзгерістер» тақырыбы бойынша семинар.

Осылайша, 2013 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша тікелей нәтиженің көрсеткішіне қол жеткізілді.


4.1.3-міндет. Банк жүйесінің өтімділігін қолдау
Тікелей нәтиже көрсеткіші. Банктердің қайта қаржыландыру операциялары және берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдында өтелмеген міндеттемелерінің көлемі

Банктердің қайта қаржыландыру операциялары мен берілген кепілдіктер бойынша Ұлттық Банктің алдындағы өтелмеген міндеттемелерінің көлемі мақсатты деңгей 50%-ден аспаған кезде банктердің меншікті капиталының 28,16%ын құрады, оның ішінде Еуропалық қайта құру және даму банкі - 0,69%.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері:

- ішкі міндеттемелер бойынша (2013 жылдың соңында 6% көп емес);

- өзге міндеттемелер бойынша (2013 жылдың соңында 8% көп емес);

2013 жылы банк секторында тұрақтылықтың сақталуына байланысты ЕРТ нормативтері өзгертілген жоқ.


4.1.4-міндет. Қаржы ұйымдары қызметінің жағдайын жақсарту
4.1.4.1-тікелей нәтиже көрсеткіші. Қадағаланатын субъектілерді жоспарлы тексеру санын қысқарту - тексерілетін субъектілердің үлесі (11%)

2013 жылы ҚҚК желтоқсанда 37 қаржы ұйымдарын жоспарлы тексеруді жүргізді немесе қадағаланатын субъектілердің жалпы санының 1,5%-ын құрайды.



Анықтамалық: 2011-2015 жылдарға арналған ҚРҰБ-тың Стратегиялық жоспарына және 2013 жылға арналған ҚРҰБ-тың Операциялық жоспарына сәйкес 2013 жылдың қорытындысы бойынша жүзеге асырылған жоспарлы тексерулердің үлесі қадағалатын субъектілердің жалпы санының 11%-нан астам еместі құрауы тиіс (ағымдағы жылғы 12 айда факті бойынша – 1,5%, яғни 2011-2015 жылдарға арналған ҚРҰБ Стратегиялық жоспарында ағымдағы жылға белгіленген мақсатты көрсеткіш шегінде болуда). Бұл ретте бұл көрсеткіш жоспарлы тексерулердің жалпы санының қаржы ұйымдарының (қадағаланатын субъектілердің) жалпы санына арақатынасы ретінде есептеледі.

5-стратегиялық бағыт.

Банк секторының қаржылық тұрақтылығын және бәсекеге қабілеттігін арттыру, реттеу және қадағалау жүйесін жалпы әлемдік қадағалау

стандарттарына жақындату
5.1-мақсат. Банк секторын реттеудің банктердің қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделген, тәуекелдерді бағалауға негізделген, дағдарыс жағдайларының алдын алуға мүмкіндік жасайтын жүйесін жетілдіру
Мақсатты индикаторлар:

Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша қаржылық тұрақтылықтың біріктірілген мәні – 2,8-дан артық емес

Бұл мақсатты индикатордың банк жүйесі бойынша мәні 2014 жылғы 1 қаңтарда 2,2 (қанағаттанарлық, тәуекелдердің өсу үрдісімен) құрады.



Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша Херфиндаль-Хиршман индексінің мәні (нарықтың шоғырлану дәрежесі) – 1 400-ден артық емес

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банк секторы бойынша осы индекстің мәні 853,5 (шоғырландырылмаған).



Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қарыздарды/кредиттерді алудың жеңілдігі/қиындығы» көрсеткіші (ҚР рейтингідегі орны -118)

Дүниежүзілік экономикалық форумның 2013-2014 жылдарға арналған ғаламдық бәсекеге қабілеттілігінің жыл сайынғы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 2013 жылы 118-шы орынға көтерілді



«Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингісіндегі «Кредиттерді алу» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы (ҚР рейтингідегі орны – 77)

«Doing Business» Дүниежүзілік Банк рейтингісіндегі «Кредиттерді алу» индикаторы бойынша Қазақстан 2013 жылы 86 орын алды, бұл 2013 жылғы арналған Стратегиялық жоспарда айқындалған жоспарланған мақсатты индикаторға сәйкес келмейді. Жоспарлы мәндерге қол жеткізбеу Ұлттық Банкке байланысты емес факторларға және төмендегі себептерге байланысты:

1) рейтингідегі елдер санының ұлғаюы, сондай-ақ рейтингіні беру әдістемесін өзгерту;

2) Қазақстан Республикасының заңнамасында кепілді кредиторлардың абсолютті басымдығын және оңалту кезінде және борышкер банкроттыққа ұшыраған кезде олардың талаптарын автоматты тоқтатып қоюдан босатуды көздейтін нормалардың жоқ болуы. Бұл ретте Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңдарын әзірледі, олардың шеңберінде кепілді кредиторлар құқықтарының басымдығын белгілейтін нормалар көзделеді.

Оған қоса, Дүниежүзілік Банктің ұсынымдарына сәйкес төмендегі мәселелер заңнамалық деңгейде шешуді талап етеді:


  1. егер борышкер шетелдік тұлға болса, Қазақстандағы жылжымайтын мүлікке кепілді тіркеу қағидаларын нақтылау;

  2. тізілімнің IT-инфрақұрылымын жетілдіруді жалғастыру, атап айтқанда кредитор (немесе оның агенті) жылжымайтын мүлікке барлық құқықтарын жаза алатын және барлығы іздестіру жүргізе алатын бірыңғай, сенімді және қолжетімді онлайн-тізілімді құру;

  3. кредитордың кепіл ретінде ұсынылған жылжымайтын мүлікке иелік ету құқығын іске асыруымен байланысты тетіктерді жетілдіру;

  4. кепіл мүлігінің құндылығын сақтау мақсатында бағалау қағидаларын жетілдіру және активтерді бағалау үшін базаны жетілдіру жолымен тыйым салынған активтерді нақты нарықтық құны бойынша сату.


5.1.1-міндет. Банк секторындағы тәуекелдерді шектеу, ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Банктердің сыртқы міндеттемелерінің олардың міндеттемелерінің жиынтық мөлшеріндегі үлесі (30% көп емес)

ҚҚК деректеріне сәйкес 2013ж.01.12. жағдай бойынша екінші деңгейдегі банктердің ҚР резидент еместері алдындағы міндеттемелерінің үлесі жиынтық міндеттемелердің 10,8 %-ын құрады, бұл көрсеткіштің белгіленген мақсаттарына сәйкес келеді.



Тікелей нәтиже көрсеткіші: ЕДБ пруденциялық, оның ішінде өтімділікті, кредит және нарық тәуекелін реттеу, ЕДБ капиталдануын арттыру бөлігінде реттеу

Іс-шара: ЕДБ және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу мақсатында есепті кезеңде Ұлттық Банк Басқармасы мынадай:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Заңды тұлғалардың банктер, банктің немесе банк холдингінің еншілес ұйымдары сатып алатын акцияларға (жарғылық капиталға қатысу үлестеріне) қойылатын талаптарды, сондай-ақ банктің жарғылық капиталға қатысу үлестерінің не заңды тұлғалар акцияларының жиынтық құнын белгілеу туралы» 2012 жылғы 24 ақпандағы № 84 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 25 қаңтардағы № 6;

2) «Екінші деңгейдегі банктердің олармен ерекше қатынастар арқылы байланысты тұлғаларға және заңды тұлғаларға (Қазақстан Республикасының резиденттеріне және резиденті еместерге) банктік қарыздарды және банк кепілдіктерін беруі жөніндегі талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 72;

3) «Бiрiктiрiлген көрсеткiшті, есептік көрсеткіш пен оның мөлшерін, кредит (қарыз) бойынша үмiтсiз берешектi кешiру негіздері мен тәртібін айқындау қағидаларын бекіту және кредиттер (қарыздар) бойынша кешiрiлген үмiтсiз берешектiң жалпы сомасының бiрiктiрiлген көрсеткiшке ең жоғары арақатынас мөлшерiн белгілеу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 68;

4) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге екінші деңгейдегі банктердің бағалы қағаздар нарығындағы қызметінің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 69;

5) «Ертерек ден қою шараларын және екінші деңгейдегі банктің қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 73;

6) Ұлттық Банк Басқармасы 2013 жылғы 29 наурызда «Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің кейбір нормативтік құқықтық актілеріне шектеулі ықпал ету шараларын қолдану мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» № 79 қаулыны қабылдады;

7) «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137;

8) «Рейтингілік агенттіктерді және банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингіні белгілеу туралы» 2013 жылғы 28 маусымдағы № 141;

9) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Екінші деңгейдегі банктердің динамикалық резервті қалыптастыру қағидаларын бекіту және динамикалық резервтің ең аз мөлшерін, күтілетін шығындардың мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 137 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 293 қаулыларды әзірлеп, қабылдады.

Іс-шара: ЕДБ пруденциялық реттеуді, оның ішінде өтімділік тәуекелін, кредит және нарық тәуекелін реттеу, ЕДБ капиталдандыруды арттыру бөлігінде жетілдіру

Ұлттық Банк Басқармасы осы іс-шараны іске асыру мақсатында мынадай:

1) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банк қызметін реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 74 қаулыны, екінші деңгейдегі банктердің пруденциялық нормативтерін есептеу әдістемесіне өзгерістер енгізу көзделіп отыр;

2) «Кейбір нормативтік құқықтық актілерге банктік қызметті реттеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы


№ 294 қаулыны қабылдады.

6-стратегиялық бағыт.

Қаржылық тұрақтылықты арттыру және сақтандыру нарығын

одан әрі дамыту үшін қажетті жағдайлар жасау
6.1-мақсат. Сақтандыру ұйымдарының қызметін реттеуді жетілдіру және сақтандыру нарығының инфрақұрылымын одан әрі дамыту
Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасының сақтандыру секторы бойынша біріктірілген қаржылық тұрақтылық индексінің мәні – 2,4 артық емес.

Сақтандыру секторы бойынша осы индикатордың мәні 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша– 1,71 (нормаға сәйкес, тәуекелінің деңгейі қалыпты) құрады.


6.1.1-міндет. Міндетті сақтандыру жүйесінің тиімділігін арттыру және өмірді сақтандыру нарығын одан әрі дамыту
Тікелей нәтиже көрсеткіші. Міндетті сақтандыру жүйесі, оның ішінде сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесін оңтайландыру мәселесін қарау

Іс-шара: Сақтандыру ұйымдарының және сақтандыру нарығына өзге де қатысушылардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру

Алға қойылған міндеттерге қол жеткізу шеңберінде 2013 жылы тиісті іс-шаралар жүргізілді және Ұлттық Банк Басқармасының мынадай:

1) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 78;

2) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы аннуитеті шарттары негізінде жинақталған зейнетақы қаражаты есебінен Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдарынан зейнетақымен қамсыздандыру ережесін бекіту туралы» 2003 жылғы 25 шілдедегі № 249 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2013 жылғы 27 мамырдағы № 138;

3) «Ертерек ден қою шараларын қолдану қағидаларын және сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының (сақтандыру тобының) қаржылық жағдайының нашарлауына ықпал ететін факторларды айқындау әдістемесін бекіту туралы)» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 233;

4) «Сақтандыру ұйымы не тәуелсіз сарапшы зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша жүзеге асыратын сақтандыру сыйлықақысын және сақтандыру төлемін есептеу әдістемесін, жасалатын зейнетақы аннуитеті шарттары бойынша істі жүргізуге жұмсалатын сақтандыру ұйымы шығыстарының жол берілетін деңгейін, зейнетақы аннуитеті үлгі шартын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 242 қаулылары қабылданды.



Іс-шара: Міндетті сақтандыру жүйесін жетілдіру, оның ішінде сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесін оңтайландыру мәселесін қарау

Қызметкерді жазатайым оқиғалардан міндетті сақтандыру (ЖОМС) жөніндегі заңнамаға өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы К.Қ.Мәсімовтың 2013 жылғы 20 наурыздағы №727-2 тапсырмасына сәйкес құрылған Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Ведомствоаралық жұмыс тобының шеңберінде Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Қызметкер еңбек (қызметтiк) мiндеттерiн атқарған кезде оны жазатайым оқиғалардан мiндеттi сақтандыру жүйесіне өндірістегі жазатайым оқиғаға немесе кәсiптiк ауруларға байланысты айырылған жалақысын өтеу бойынша төлемдерді қатар жүргізуге және оңтайландыруға бағытталған параметрлік өзгерістер енгізу бойынша ұсыныстар әзірледі.

Осы мәселе Қазақстан Республикасы Үкіметі жанындағы экономикалық саясат жөніндегі кеңестің 2013 жылғы 22 қарашадағы отырысында қаралды, оның нәтижесі бойынша Ұлттық Банкке, Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне және «Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы» ЗТБ-ға ЖОМС мәселелері бойынша келісілген редакцияны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі әзірлеген
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сақтандыру және исламдық қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасында ескеру тапсырылды.

ЖОМС мәселелері бойынша түзетулердің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен келісілген редакциясын Жұмыс тобы аталған Заң жобасы шеңберінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына жібереді.



Сақтандырудың міндетті түрлерінің тізбесін оңтайландыру мәселесі бойынша

Қолданыстағы міндетті сақтандыру сыныптарын оңтайландыру мақсатында ҚРҰБ-да 2013 жылғы мамырда сақтандыру ұйымдарының қатысуымен Жұмыс тобы құрылды. Жұмыс тобының құрамына сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарының, Қазақстан қаржыгерлері қауымдастығының, Қазақстан сақтандырушылары қауымдастығының, «Сақтандыру төлемдеріне кепілдік беру қоры» АҚ-ның өкілдері, сақтандыру омбудсманы, Ұлттық Банктің орталық аппаратының және комитеттерінің қызметкерлері кірді.

Жұмыс тобының қызметі шеңберінде міндетті сақтандырудың проблемалық мәселелері қаралды және сақтандыру сыныптарын міндетті сақтандыруға жатқызу критерийлері айқындалды, бұл ретте сақтандыру сыныбы, ол барлық белгіленген критерийлерге сай болған кезде, міндетті деп танылуы мүмкін.

7-стратегиялық бағыт.

Бағалы қағаздар нарығының одан әрі дамуы үшін қажетті жағдайлар жасау
7.1-мақсат. Тиімді жұмыс істейтін қор нарығын құру
Мақсатты индикаторлар:

Акциялар мен облигациялар нарығының ЖІӨ-ге қатысты капиталдануы – 59 % (жыл қорытындысы бойынша).

2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша акциялар мен облигациялардың жалпы капиталдануы 9 779,8 млрд. теңге құрады. ЖІӨ-нің жоспарлы көрсеткіші (ҚР Экономикалық даму және сауда министрлігінің болжамдық көрсеткіштері бойынша) – 34 443,4 млрд. теңге құрады. 2014 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша акциялар мен облигациялар нарығының ЖІӨ-ге қатысты капиталдануы 28,4% болды.

«Акциялар және облигациялар нарығының капиталдануы» көрсеткіші мәнінің төмендеуі Қазақстан Республикасының қор нарығында айналыстағы ірі қазақстандық эмитенттердің акциялары құнының төмендеуіне байланысты болды. ЖІӨ-нің өсу қарқынының акциялар мен облигациялар нарығы капиталдануының өсу қарқынына қарағанда, айтарлықтай озатынын атап көрсеткен жөн, осыған байланысты акциялар мен облигациялар нарығының капиталдануы оң динамикасын көрсеткен жағдайда, мақсатты индикатордың төмендеуі байқалады.

Қоғамның Директорлар кеңесі мүшелерінің құрамындағы тәуелсіз директорлардың үлесі – 30%-дан кем емес.

Қаржы ұйымдары 2013 жылы Қазақстан Республикасы заңнамасының қоғамның директорлар кеңесінің құрамында кем дегенде 30% тәуелсіз директорлар болуы жөніндегі талаптарын бұзған жоқ.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Бағалы қағаздар рыногын реттеу» көрсеткіші – рейтингіде ҚР 111-орны

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 90-орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 21 позицияға жоғары.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Корпоративтік басқарудың тиімділігі» көрсеткіші рейтингіде ҚР 65-орны

2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 53-орынды иеленді.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің болуы» көрсеткіші - рейтингіде ҚР 90-орны

2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есепке сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 60-орынды иеленді.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Қаржылық қызметтердің қол жетімділігі» көрсеткіші - рейтингіде ҚР 102-орны

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 60-орынды иеленді.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Жергілікті қор биржалары арқылы қаржыландыру» көрсеткіші рейтингіде ҚР 105-орны

Дүниежүзілік Экономикалық Форумның 2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 100-орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 5 позицияға жоғары.



Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Заңды құқықтар индексі» көрсеткіші - рейтингіде ҚР 87-орны

Дүениежүзілік Экономикалық Форумның жылсайынғы 2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 101-орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 14 позиция төмен.

Жоспарлы мәндерге қол жеткізбеу Ұлттық Банкке қатысты емес факторларға байланысты болды.

«Заңды құқықтар индексі» (заңды құқықтарын қолданылу индексі) кепілдік қамтамасыз ету және төлеуге қабілетсіздік (банкроттық) туралы заңнаманың қарыз алушылар мен кредиторлардың құқықтарын қандай деңгейде қорғайтынын өлшейді және сонымен кредит беруге ықпал етеді. Көрсетілген рейтинг «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің «Кредиттер алу» индикаторымен өзара байланысы бар, сондықтан осы индикатор бойынша рейтингінің төмен болу себебі мыналар болып табылады:



  1. Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасының нормаларында кепілге қойылған мүліктің жан-жақты ерекше сипатталуы көзделеді, ал Дүниежүзілік банктің ұсынысы бойынша кепіл шартында белгілі сома емес, ал ең жоғары соманы көрсету арқылы міндеттемелерді жалпы сипаттау мүмкіндігін, сондай-ақ меншікке келешекте келіп түсетін мүлікке кепілдік құқықтарын беру мүкіндігін қарастыру қажет; кепілдің барлық түрлері бойынша бірыңғай дерекқорының болуы/жұмыс істеуі талап етіледі;

  2. Қазақстан Республикасының заңнамасында кепілді кредиторлардың абсолютті артықшылығын және борышкердің оңалту және банкроттығы кезінде олардың талаптарын автоматты түрде тоқтата тұрудан босатуды көздейтін нормалардың жоқтығы.

Сонымен бірге, Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі «Оңалту және банкроттық туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне банкроттық мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңдарының жобаларын әзірледі, осы жобаның шеңберінде кепілді кредиторлар құқықтарының басымдығын белгілейтін нормалар көзделеді. Осы заң жобалары Ұлттық Банкпен келісілді және қазіргі кезде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілді.

Жаһандық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ең аз акциялар пакеті бар акционерлердің құқықтарын қорғау» көрсеткіші

Дүениежүзілік Экономикалық Форумның жылсайынғы 2013-2014 жылдардағы кезеңге арналған Жаһандық бәсекеге қабілеттілік туралы есебіне сәйкес осы көрсеткіш бойынша 2013 жылы Қазақстан 74 орынды иеленді, бұл жоспарланған деңгейден 38 позиция жоғары.


7.1.1-міндет. Бағалы қағаздар нарығының инфрақұрылымын одан әрі жетілдіру және қор нарығының өтімділігін арттыру, қаржы нарығында инвесторлардың белсенділігін және инвесторлардың құқықтары мен мүдделерін қорғауды қамтамасыз ететін тетіктерді ендіру, сондай-ақ бағалы қағаздар нарығындағы қызметті жүзеге асырудың айқындылығы мен әділеттілігін қамтамасыз ету.

Қор нарығындағы тәуекелдерді шектеу және бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің тәуекел-менеджменті рәсімдерін жетілдіру

Тікелей нәтиже көрсеткіші: «Doing Business» Дүниежүзілік Банкінің рейтингісінде «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша Қазақстан Республикасының позициясы

«Инвесторларды қорғау» индикаторы 4 құрамдас бөліктен тұрады:

1) Мәміле туралы ақпаратты ашу индексі;

2) Директорлардың жауапкершілігі индексі;

3) Акционерлердің талап-арызды беру мүмкіндігі индексі;

4) Инвесторларды қорғау индексі.

Дүниежүзілік Банктің бағалау әдістемесінің «Инвесторларды қорғау» индикаторына 4 құрамдас бөлігін енгізуді көздейтін өзгеруіне, сондай-ақ бағаланатын елдер санының ұлғаюына байланысты, осы индикатор бойынша Қазақстан Республикасының позициясы бір позицияға төмендеп, ол 22 орынды иеленді.

Бұл ретте Дүниежүзілік Банктің ақпараты бойынша бағалау әдістемесінің дұрыс болмауына байланысты «Инвесторларды қорғау» индикаторы бойынша бұрын тағайындалған рейтингі де дұрыс болмады және 2012 жылдың қорытындысы бойынша Қазақстан 21 орынды иеленді (алдыңғы кезеңдердегі ресми есептерде 10 орын көрсетілді).

Жоспарланған мәндерге қол жеткізбеу Ұлттық Банкке қатысты емес факторларға байланысты болды.

Тікелей нәтиже көрсеткіші: Бағалы қағаздар нарығы субъектілерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесі

Осы іс-шараны іске асыру мақсатында Ұлттық Банктің Басқармасы «Бағалы қағаздар нарығында брокерлік және дилерлік қызметті, инвестициялық портфельді басқару жөніндегі қызметті жүзеге асыратын ұйымдар үшін тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 214 қаулысын қабылдады.




8-стратегиялық бағыт.

Қаржы тұрақтылығын арттыру және жинақтаушы

зейнетақы жүйесін одан әрі дамытуға жағдай жасау
8.1-мақсат. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етуге, дағдарыс ахуалдарының алдын алуға және салымшылардың (алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге мүмкіндік тудыратын тәуекелдерді бағалауға негізделген жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық тұрақтылығының мазмұнды мониторингіне негізделетін жинақтаушы зейнетақы жүйесін реттеу жүйелерін жетілдіру
Мақсатты индикаторлар:

Қазақстан Республикасының жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша қаржылық тұрақтылығының біріктірілген индексінің мәні – 2,5 артық емес.

2014 жылғы 1 қаңтарда жинақтаушы зейнетақы жүйесі бойынша осы индикатордың мәні – 1,96 құрады (нормаға сәйкес, тәуекел деңгейі қалыпты).



Жинақтаушы зейнетақы қорларының портфельдеріндегі мемлекеттік бағалы қағаздардың үлесі – 20%-дан төмен емес.

2014 жылғы 1 қаңтарда «кері Репо» операцияларының мәні болып табылатын Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарын қоса алғанда, Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына зейнетақы активтері есебінен инвестициялардың жалпы көлемі зейнетақы активтерінің жалпы көлемінің 49,48% құрады.


8.1.1-міндет. Жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қаржылық тұрақтылығын арттыруға және жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің тиімділігін көтеруге, сондай-ақ зейнетақы қызметтерін тұтынушылардың (салымшылардың, алушылардың) құқықтарын сақтауды қамтамасыз етуге жағдайлар жасау үшін іс-шаралар кешенін әзірлеу

Жинақтаушы зейнетақы жүйесіндегі тәуекелдерді шектеу және жинақтаушы зейнетақы қорларындағы тәуекел-менеджмент рәсімдерін жетілдіру

1-іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерге тұрақты мониторинг жүргізу және жетілдіру

2013 жылғы 21 маусымда барлық жинақтаушы зейнетақы қорларының бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірігуін көздейтін «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының № 105-V Заңы қабылданды. Көрсетілген Заңды іске асыру мақсатында 2013 жылғы 26 шілдеде Ұлттық Банктің Басқармасы мынадай нормативтік құқықтық актілері қабылдады:

1) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына шектеулі ықпал ету шараларын қолдану қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 182 қаулы;

2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының комиссиялық сыйақыны өндіріп алу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 185 қаулы;

3) «Зейнетақы активтерін есепке алуды және бағалауды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 186 қаулы;

4) «Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерін бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 187 қаулы;

5) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерінің есебінен инвестициялық портфелінің құрылымы туралы мәліметтерді бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 199 қаулы;

6) «Салымшылардың (алушылардың) жеке зейнетақы шоттарындағы міндетті зейнетақы жарналарының, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарының және ерікті зейнетақы жарналарының есебінен зейнетақы жинақтарының есебін жүргізу қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 201 қаулы;

7) «Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру және сақтандыру қызметі мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 202 қаулы;

8) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларында сақталуға жататын негізгі құжаттардың тізбесін және оларды сақтау мерзімдерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 203 қаулы;

9) «Қызмет көрсету және мәдениет статистикасы бойынша жалпымемлекеттік статистикалық байқаулардың статистикалық нысандары мен оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы» 2013 жылғы 26 шілдедегі № 205 қаулы;

10) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының ерікті зейнетақы жарналарын тарту қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 213 қаулы;

11) «Ерікті зейнетақы жарналарын тарту, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын ерікті және мәжбүрлеп таратуын жүргізу, сондай-ақ ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттар бойынша зейнетақы активтері мен міндеттемелерді беру құқығымен инвестициялық портфельді басқаруға берілген лицензияны ерікті қайтару қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулы;

12) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорын қайта ұйымдастыруды жүргізуге рұқсат беру және қосылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін қайта ұйымдастырылатын ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына беру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 217 қаулы;

13) «Зейнетақы активтері мен жинақтарын есепке алуға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйелерге қойылатын талаптарды бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 218 қаулы;

14) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры есептілігінің тізбесін, нысандарын, ұсыну мерзімдері мен қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 227 қаулы;

15) «Ерікті зейнетақы жарналары есебінен зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарт жасау қағидаларын және үлгі нысанын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 235 қаулы;

16) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының және (немесе) ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 237 қаулы;

17) «Зейнетақы жинақтарын бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан сақтандыру ұйымына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, ерікті жинақтаушы зейнетақы қорынан басқа ерікті жинақтаушы зейнетақы қорына, бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына немесе сақтандыру ұйымына аудару қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 238 қаулы;

18) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» акционерлік қоғамының 2013 жылға комиссиялық сыйақысының мөлшерін белгілеу туралы» 2013 жылғы 23 қыркүйектегі № 245 қаулы;

19) «Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының «Зейнетақы активтерінің есебінен иемденуге рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту және жинақтаушы зейнетақы қорларының қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін нормаларды белгілеу туралы» 2013 жылғы 25 ақпандағы № 70 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» 2013 жылғы 25 желтоқсандағы № 290 қаулы.



Іс-шара. Жинақтаушы зейнетақы қорларының инвестициялық қызметін пруденциалдық реттеу, зейнетақы активтерінің құрамына кіретін қаржы құралдарын бағалау мәселелері жөніндегі заңнаманы жетілдіру

Көрсетілген іс-шараны іске асыру мақсатында Ұлттық Банк Басқармасы мынадай қаулыларды қабылдады:

1) «Ерікті жинақтаушы зейнетақы қорлары үшін пруденциялық нормативтердің тізбесін, олардың нормативтік мәндерін және есептеу әдістемесін, сондай-ақ есептілік нысандары мен ұсыну мерзімдерін бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 236;

2) «Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларына арналған тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау жүйесін қалыптастыру қағидаларын бекіту туралы» 2013 жылғы 27 тамыздағы № 240.



9-стратегиялық бағыт.

АӨҚО-ны исламдық қаржыландыру жөніндегі

өңірлік орталық ретінде ұсыну және құру
9.1-мақсат. Исламдық қаржыландыруды дамыту
Мақсатты индикатор: Исламдық қаржы құралдарының, банктік және сақтандыру өнімдерінің саны.

2013 жылдың қорытындысы бойынша исламдық қаржы құралдарының, банктік, сақтандыру өнімдерінің саны 11 бірлікті құрайды, сондықтан мақсатты индикатор асыра орындалды.


9.1.1-міндет. Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамытудың негізгі параметрлері
9.1.1.2-тікелей нәтиже көрсеткіші Исламдық қаржыландыру бойынша оқыту семинарларын ұйымдастыру

2013 жылы исламдық қаржыландыру бойынша 4 семинар ұйымдастырылды, оның ішінде ҚРҰБ Магистратурасының студенттеріне арналған «Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамытудың перспективалары» тақырыбына 2013 жылғы 19 сәуірде мастер-класс өткізілді. Сонымен бірге, 2013 жылғы 29-31-қазан аралығында ұйымдастырылған, мемлекеттік қызметшілерге арналған «Туынды қаржы құралдары. Исламдық қаржыландыру» семинарында «Қазақстан Республикасында исламдық қаржыландыруды дамытудағы Ұлттық Банктің рөлі» тақырыбына лекция өткізілді. Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы Астана қаласында Халықаралық бизнес университетінің және Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің профессорлық-оқытушы құрамы мен студенттеріне арналған «Қазақстандағы исламдық қаржыландыру» тақырыбына 2 семинар өткізілді.

2013 жылдың қорытындысы бойынша исламдық қаржыландыру жөніндегі оқыту семинарларын ұйымдастыру бойынша жоспарланған көрсеткіштерге қол жеткізді.

Тікелей нәтиже көрсеткіші. Исламдық қаржыландыру бойынша материалдар шығару

2013 жылы исламдық қаржыландыру бойынша мынадай материалдардың 5 шығарылымы жүзеге асырылды: «Казахстансқая правда» және «Егемен Қазақстан» басылымдарында «Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді» деген арнайы беттерінде 2013 жылғы 13,14 тамызда қазақ және орыс тілдерінде жарияланған Қазақстанда исламдық қаржыландыруды дамыту туралы «Шайы мүмкіндіктер мен перспективалар» мақаласы және «Деловая неделя» басылымында 2013 жылғы 23 тамызда жарияланған «Халықаралық исламдық қаржы ұйымдары: рөлі мен орны» мақаласы. Сонымен бірге, Ұлттық Банктің қолдауымен «Redmoney Group» компаниясының талдаушысы Сейид Сиддик Ахмед (Syed Siddiq Ahmed) 2013 жылғы 2 қазанда «Islamic Finance News» журналында «Kazakhstan: The golden ticket to Islamic finance in central Asia» мақаласын жариялады. Сондай-ақ, 2013 жылғы қарашада және желтоқсанда Ұлттық Банктің қызметкерлері «Халық сарапшысы» телехабардың 2 түсіріліміне қатысты, онда исламдық сақтандырудың, исламдық банкинг негіздері, сондай-ақ оны Қазақстан Республикасында дамыту мәселелері түсіндірілді. Телевизиялық бағдарламалар «Хабар» телеарнасында 2013 жылғы 23 қарашада және 14 желтоқсанда эфирге шықты.

2013 жылдың қорытындысы бойынша исламдық қаржыландыру жөніндегі материалдарды шығару бойынша жоспарланған көрсеткіштер исламдық қаржыландырудың негізгі қағидаттарын түсіндіру қажеттілігіне байланысты асыра орындалды.


жүктеу 1,06 Mb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау