2. Функционалдық мүмкіндіктердің дамуына талдау жасау
Стратегиялық бағытты іске асыру жөніндегі жоспарланған іс-шаралар және мемлекеттік органның есепті жылдағы мақсаттары
|
Нақты орындалуы
(мемлекеттік органдар қызметінің нәтижелерін жақсартуға бағытталған есепті кезеңдегі іс-шаралар)
|
Орындалмау себептері
|
2
|
3
|
4
|
Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерін басқару үрдісін жетілдіруге арналған бағдарламалық өнімдерді ендіру
|
ҚРҰБ басшылығында өткен кеңестің хаттамалық шешімдерінің негізінде 2-ші фазаны енгізу жұмыстары тоқтатылды. Лицензиялық келісім және Қызметтерді беру туралы келісім аяқталу мерзімі біткеннен кейін ұзартылмайды.
«STAR» ААШЖ (Пилоттық жоба) функционалын дамыту жұмыстары жүргізілді. Жүйені өнеркәсіптік пайдалануға енгізу жөніндегі іс-шаралар жоспары әзірленіп, бекітілді. Жұмыстар 2015 жылы жалғасады.
|
|
Қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибесін және орталық банктердің тиімді қызметін зерделеу – Ұлттық Банк қызметкерлерінің семинарларды, тағылымдамаларды, шетелдік орталық банктердің және халықаралық қаржы ұйымдарының өкілдерімен жұмыс кездесулерін ұйымдастыруы мен қатысуы
|
ҚРҰБ оқыту жоспарына сәйкес орындалды (20 қызметкер)
|
|
Ақпарат жүйелерінің үздіксіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
1. Т24 БАЖ жұмыс істеу мүмкіндіктерін жетілдіру бөлігінде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Temenos Т24 (Т24 БАЖ) банктік ақпарат жүйесін дамыту жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
|
Есепті кезеңде:
1) Т 24 БАЖ пайдаланушыларына қолдау көрсетілді;
2) қарсы әріптестерді енгізу, Т24 БАЖ-да шоттарды ашу/жабу және өзгерту жүзеге асырылды;
3) пайдаланушылардың бизнес-процестерінің функционалын, қалыптастырылатын есептерді, сыртқы жүйелері бар интерфейстерді өзгерту бойынша Т24 БАЖ пысықтау орындалды;
4) шартқа сәйкес Temenos компаниясы Т 24 БАЖ бағдарламалық-техникалық архитектурасын функционалдық зерттеу бойынша жұмыстар орындалды;
5) пайдалану барысында туындайтын қателер бойынша Temenos компаниясының қолдау көрсету қызметімен талдау және өзара іс-қимыл, қолдау көрсету қызметі ұсынған түзету рәсімдері пен патчтарты тестілеу мен қолдану жүргізілді
|
|
2. Ұлттық Банктің әкімшілік-шаруашылық қызметін есепке алу үшін бағдарламалық пакетті таңдау және ендіру жөніндегі жұмыс жалғастырылады.
|
ӘШҚ жүйесін сатып алу мен енгізу бойынша шешім қабылдау мақсатында іс-шаралар жүргізілді. ҚРҰБ еншілес ұйымдарын автоматтандыру және қолма-қол ақша айналысын басқару мен есепке алу бойынша талаптарды енгізу бөлігінде Техникалық ерекше нұсқаманың жобасы пысықталды.ӘШҚ бойынша жұмыстардың ағымдағы жағдайы туралы ақпарат дайындалды. ӘШҚ бойынша Т24 БАЖ модульдерінде функционалдық мүмкіндіктерді іске асыру туралы Temenos компаниясынан ақпарат алғанға дейін жұмыстар тоқтатылды.
|
|
Мемлекеттік тілдің дамуын және қолданылуын қамтамасыз ету
|
1. Ұлттық Банк жүйесінде мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, оның ішінде іс қағаздарын мемлекеттік тілде жүргізу
|
ҚРҰБ-да мемлекеттік тілді дамыту және тіл саясатын насихаттау Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі ҚРҰБ-ның 2014-2016 жылдарға арналған Іс-шаралар жоспарына сәйкес іске асырылады. 2014 жылы ҚРҰБ ОА-ның 53 қызметкері және филиалдарының 174 қызметкері мемлекеттік тілді оқыту курстарының 3-кезеңін аяқтады. Ағымдағы жылы оқыту 11 топта жүргізілді (115 адам).
Белгіленген міндеттерді шешу, сондай-ақ банк жүйесінде қазақ тілін оқыту процесін жүйеге келтіру және мемлекеттік тілді оқыту сапасын жетілдіру үшін қазақ тіліне деңгейлік оқыту жөніндегі оқу бағдарламасы әзірленіп, бекітілді.
Аталған бағдарлама бойынша ҚРҰБ ОА мен филиалдарының қызметкерлері үшін деңгейлік оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, салалық тілдескіштерді дайындау жүзеге асырылуда.
Банк терминологиясы жөніндегі негізгі терминдерді біріздендіру мақсатында «Банк қызметкерлерінің ағылшынша-орысша-қазақша сөздігі» әзірленді. Есепті кезеңде барлығы 6 үлгі нысан бекітіліп, ендірілді.
А.ж. 26 қыркүйекте тіл саясатын насихаттау және Қазақстан халқы тілдерінің күнін мерекелеу мақсатында ҚРҰБ қызметкерлерінің қатысуымен «Мемлекеттік тіл – ел бірлігінің негізі» тақырыбында іс-шара өткізілді.
Ағымдағы жылғы 21-22 қазанда Алматы қаласында ҚРҰБ Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитетімен бірлесіп қаржы және банк жүйелерінде мемлекеттік тілді қолдану проблемалары мен терминдерді бірегейлендіру проблемаларына арналған дөңгелек үстел өткізді. Қазіргі уақытта банк қызметкерлері бекітілген үлгілерге сәйкес мемлекеттік тілде құжаттарды дербес дайындайды.
|
|
2. Қазақстан Республикасының мемлекеттік мерекелеріне, атаулы күндеріне және басқа да қоғамдық маңызды оқиғаларына арналған іс-шараларға дайындалу және оларды өткізу кезінде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының негізгі қағидаттарын пайдалануды қамтамасыз ету
|
ҚРҰБ-да Халықаралық әйелдер күніне, Наурыз мейрамына арналған іс-шараны дайындаған және өткізген кезде Қазақстанның ұлт бірлігі доктринасының қағидаттары ескерілді.
|
|
ҚРҰБ-да оқуға жалпыға бірдей қолжетімділікті қамтамасыз ету.
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қызметкерлерін оқыту жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
Ұлттық Банк жүйесінде үздіксіз білім беру жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету
|
2014 жыл бойы ҚРҰБ қызметкерлерін дәріскерлер ретінде тарта отырып 1 вебинар, 1 қашықтықтан семинар, 15 семинар, 5 семинар-тренинг және 35 тағылымдама ұйымдастырылды.
|
|
«Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасы арқылы Ұлттық Банктің мемлекеттік органдар мен қаржы ұйымдары үшін кадрлар даярлауға қатысуы
|
1. ҚРҰБ жоғары білікті қызметкерлерінің «Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті» АҚ жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасының оқу процесіне қатысуы
|
2013-2014 оқу жылы ішінде ҚРҰБ-тың жекелеген бөлімшелерінің білікті қызметкерлері Тұрар Рысқұлов атындағы Жаңа экономикалық университеті жанындағы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Магистратурасында оқыту процесіне тартылды.
|
|
2. Ұлттық Банкте магистранттардың практикасын ұйымдастыру
|
Оқу жоспарына сәйкес ҚРҰБ Магистратурасының 2-курсының 44 магистранты 2014 жылғы қаңтар-наурызда практикадан өтті. 2014 жылғы 18 қарашада Ұлттық Банк Магистратурасының 1-курсының магистранттары үшін танысу семинары өткізілді. 2014 жылғы 22 қарашада Ұлттық Банк Магистратурасының студенттері мен оқытушыларын шақырта отырып Ұлттық Банктің қызметкерлері үшін г.ғ.д., М.В. Ломоносов атындағы Мәскеу Мемлекеттік университеті географиялық факультетінің экономикалық және әлеуметтік география кафедрасының профессоры Н.В. Зубаревичтің қатысуымен «Даму және теңсіздік: кеңістікті ракурс. Қазақстан мен Ресейдің дамуындағы кеңістік факторы» тақырыбына дискуссиялық клуб ұйымдастырылды.
|
|
Ұлттық Банктің мемлекеттік қызметтерін дамыту
|
1. Ұлттық Банктің өз құзыретіне кіретін электрондық мемлекеттік қызметтерінің көрсетілуін қамтамасыз етуі.
|
2014 жылы Ұлттық Банк және Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі 2014 жылы автоматтандыруға жататын, Ұлттық Банктің 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметі мен 1 рәсімі бойынша Іс-шаралар жоспарларын бекітті.
Ұлттық Банк және «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ Ұлттық Банктің 6 мемлекеттік көрсетілетін қызметі мен 1 рәсімі бойынша «Е-лицензиялау» Мемлекеттік дерекқоры» ақпараттық жүйесінің пысықталған функционалы бөлігінде Тұрақты пайдалануға енгізу актілерін бекітті.
|
|
3. Ведомствоаралық өзара іс-қимылды талдау
Қол жеткізу үшін ведомствоаралық өзара іс-қимыл талап етілетін міндеттер көрсеткіштері
|
Ведомствоаралық іс-қимыл жүзеге асырылатын мемлекеттік орган
|
Міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар жүзеге асыратын жоспарланған шаралар
|
Есепті кезеңде міндеттер көрсеткіштеріне қол жеткізу бойынша мемлекеттік органдар нақты орындаған шаралар
|
Есепті кезеңде мақсаттарға, міндеттерге және көрсеткіштерге қол жеткізбеудің себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Стратегиялық бағыт
|
Мақсат
|
Мақсатты индикаторлар
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
ҚРҰБ-ның 2014-2018 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында осы бөлім көзделмеген
|
4. Тәуекелдерді басқаруды талдау
Ықтимал тәуекелдің атауы
|
Тәуекелдерді басқару бойынша шаралар қабылдамаған жағдайдағы ықтимал салдар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша жоспарланған іс-шаралар
|
Тәуекелдерді басқару бойынша іс-шаралардың нақты орындалуы
|
Орындамау себептері
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
Сыртқы тәуекелдер
|
Энергия тасымалдағыш-тардың әлемдік бағаларының құлдырауы
|
Экспорттық түсімдердің күрт төмендеуі, елдің сыртқы өтімділігіне және төлем жасау қабілеттігіне байланысты жағдайдың тұрақсыздануы
|
1. Ұлттық Банктің және Ұлттық қордың халықаралық резервтерінің қаражатын активтердің жоғары өтімділігін қамтамасыз ететіндей тиімді басқару
2. Дағдарысқа қарсы жедел ден қою шараларын және оларды қолдану тетіктерін әзірлеу
|
1. Есепті кезеңнің үшінші және төртінші тоқсандарының ішінде өтімділіктің жеткілікті деңгейін ұстап тұру үшін өтімділік портфелін қажетті толықтыру жүзеге асырылды.
2. Ықтимал алуды қамтамасыз ету мақсатында қысқамерзімді өтімділікті ұстап тұру үшін ҰҚ тұрақтандыру портфелінің жеткілікті жоғары деңгейі сақталып отыр.
|
|
Әлемдік қаржы дағдарысы
|
Қазақстанның қаржы жүйесінің тұрақсыздануы
|
Қаржы тұрақтылығына қауіп
|
Жүйелік дағдарыстың дамуы
|
1. ҚҚА-ның және Ұлттық Банктің 2008 жылғы 27 мамырдағы № 166/1 және № 202 бірлескен бұйрығымен бекітілген Жүйелік тәуекелдерге жедел ден қою жоспарының шараларын іске асыру
2. Қазақстанда макропруденциалдық реттеуді енгізу жөніндегі кешенді шараларды іске асыру
|
1. Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
2. 2014 жылы Қазақстан Республикасының қаржылық тұрақтылығы және қаржы нарығын дамыту жөніндегі кеңестің 7 отырысы өтті.
|
|
Кеден одағына қатысушы мемлекеттердегі макроэкономика-лық және саяси тұрақсыздық
|
Тұрақты жұмыс істеуінің бұзылуы салдарынан Кеден одағы ішінде капиталдың еркін қозғалысы үшін кедергілердің туындауы
|
«Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 32-бабында көзделген, оның ішінде валюталық операцияларға статистикалық мониторинг деректері негізінде қабылданатын жедел ден қою шаралары
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ).
|
|
Ислам әлеміндегі геосаяси тұрақсыздық және террорлық топтардың қызметі
|
Ислам қаржы жүйесінің ислам экстремизміне және террорлық ұйымдардың қызметін қаржыландыруға қатысы бар деген қалыптасқан пікірдің болуына байланысты исламды, оның ішінде исламдық қаржыландыруды теріс қабылдаудың күшеюі.
Бұл жағдай елдегі исламдық қаржыландыру секторының өсу қарқынының төмендеуіне әкеледі.
|
Исламдық қаржы туралы хабардар болуды одан әрі жылжытуға және арттыруға бағытталған ақпараттық-түсіндіру шараларын ұйымдастыру.
|
Есепті кезеңде исламдық қаржыландыру бойынша 10 оқыту семинары өткізілді және 5 материал шығарылымы жүзеге асырылды.
|
|
Ішкі тәуекелдер
|
Өтімділік тәуекелі: АВА өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемінен төмен болуы
|
Өтімділік дағдарысы болған кезде бос қаражаттың (АВА инвестициялық портфелінен активтерді аудару және оларды қолма-қол қаражатты босату үшін сатуға қажетті) түсуі 1 күнге кешіктірілуі мүмкін
|
Тоқсанына 1 рет тексеріледі (әр тоқсанның 10 жұмыс күні). Егер өтімділік портфелінің нарықтық құны осы өлшемдерге сәйкес келмесе, осындай сәйкессіздік анықталған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде инвестициялық портфельден активтердің бір бөлігін аудару арқылы өтімділік портфелін толықтыру жүргізіледі
|
Алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдер көлемін өтеу үшін өтімділік портфелінде қаражаттың жетіспеу тәуекелі болған жоқ. Сонымен бірге өтімділіктің жеткілікті деңгейін бақылау мен ұстап тұру жұмыстарының шеңберінде есепті кезеңде өтімділік портфелін қажетті толықтыру жүзеге асырылды.
|
|
Қолма-қол ақшаға сұраныс күрт өскен кезде қолма-қол ақшаның жетіспеу тәуекелі
|
Қолма-қол ақша айналысының жұмыс істеу тиімділігі төмендеуі немесе жекелеген аймақтарда қолма-қол ақшамен төлемдерді жүзеге асыруға мүмкіндіктің болмауы және соның салдарынан әлеуметтік шиеленістің туындауы
|
Дағдарыс болған жағдайда республиканың барлық аймағына қолма-қол ақшаны жеткізу жөніндегі шараларды әзірлеу.
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
Кадрлардың тұрақтамау тәуекелі
|
Ұлттық Банк қызметінің нәтижелігі төмендеуі
|
Қызметкерлерді басқару жүйесін жетілдіру
|
ҚРҰБ-ның кадрға қажеттілігін талдау және жоспарлау нәтижелері бойынша 2014 жылғы 12 қыркүйек – 10 қазан аралығында Ұлттық Банк қызметкерлерінің 32 бос жұмыс орнына конкурс өткізілді. Конкурсқа қатысу үшін 184 кандидат құжаттар ұсынды, олардың кейбіреуі бірнеше лауазымға өтініш берді. Құжаттарды өңдегеннен кейін 179 кандидат әңгімелесуге жіберілді.
Конкурстың қорытындылары: 24 қатысушы іріктелді, 12 адам Ұлттық Банктің кадр резервіне алынды, 8 лауазым бойынша конкурс өткен жоқ. Жеңімпаздар Ұлтық Банк қызметшілерінің лауазымдарына қойылатын талаптарға сәйкес келеді және конкурс кезеңдерінен, оның ішінде Ұлттық Банктің конкурстық комиссиясымен әңгімелесуден табысты өтті.
Кадрлар тұрақтамауын талдау үшін жұмыстан босатылған қызметкерлер (өз қалауы бойынша) бойынша сауалнамаларды өңдеу және деректер енгізу жұмысы жүргізілді, кадрлардың тұрақтамауы бойынша 2013 жылғы есеп дайындалды.
ЖОО-мен және басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл бойынша жүргізілетін жұмыс шеңберінде жас және әлеуетті мамандарды тарту мақсатында бос орындар жәрмеңкелеріне қатысу жүзеге асырылды.
|
|
Мемлекеттік органдардың капиталды жұмылдыруға әсер ететін шаралар бөлігіндегі іс-әрекеттерінің үйлеспеуі
|
Салықтық және кедендік басқару, сондай-ақ қаржы ұйымдарын пруденциялық реттеу бойынша келісілмеген шараларды қабылдау нәтижесінде елден капиталды бақыланбайтын шығару тәуекелінің ұлғаюы
|
Нормативтік базаны әзірлеу кезінде ведомствоаралық үйлестіруді күшейту, капиталдың жұмылдырылуына ықпал ететін шаралар бойынша келісілген шешімдер қабылдау
|
Арнайы шаралар қажет болған жоқ (тәуекел басталған жоқ)
|
|
5. Бюджеттік бағдарламаларды талдау
Бюджеттік бағдарламалардың көрсеткіштері
|
Көрсеткіштің атауы
|
Өлш. бірлігі
|
Есепті кезең
|
Нәтижелерге қол жеткізбеу себептері/бюджеттік қаражатты игермеу
|
Жоспар
|
Факт
|
1
|
2
|
3
|
4
|
5
|
6
|
бюджеттік бағдарламаның атауы
|
|
сипаты
|
|
бюджеттік бағдарламаның түрі
|
мазмұнына байланысты
|
|
сату тәсіліне байланысты
|
|
ағымдағы/даму
|
|
бюджеттік бағдарлама көрсеткіштерінің атауы
|
|
|
|
|
|
тікелей нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
түпкілікті нәтиже көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
сапа көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
тиімділік көрсеткіштері
|
|
|
|
|
|
бюджеттік шығыс көлемі
|
бағдарлама бойынша барлығы
|
|
мың тг.
|
|
|
|
оның ішінде:
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
шағын бағдарлама бойынша
|
|
мың тг.
|
|
|
|
Осы бөлім Ұлттық Банк бюджеттік бағдарламалардың басқарушысы болып табылмайтынына, мемлекеттік бюджеттің қаражаты есебінен қаржыланбайтынына және өз қызметін Ұлттық Банктің Басқармасы бекітетін Ұлттық Банк бюджетінің (шығыстар сметасы) қаражаты есебінен жүзеге асыратындығына байланысты толтырылған жоқ
|
-
6. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014-2018 жылдарға
арналған стратегиялық жоспарының іске асырылуы туралы
2014 жылғы есепке талдамалық жазба
1-бөлім. Мақсаттарға, міндеттерге, мақсатты индикаторларға, іс-шараларға және нәтижелердің көрсеткіштеріне қол жеткізу
1-стратегиялық бағыт.
Мемлекеттің ақша-кредит саясатын әзірлеу және жүргізу
1.1- мақсат. Қазақстан Республикасында баға тұрақтылығын қамтамасыз ету
Мақсатты индикатор: Инфляция (6-8%)
Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің 2014 жылғы негізгі мақсаты баға тұрақтылығын қамтамасыз ету және инфляцияны 6-8% шегінде ұстап тұру болды. 2014 жылдың қорытындысы бойынша инфляция жылдың аяғында 7,4%-ды құрады (2013 жылы – 4,8%), бұл белгіленген мақсатты дәлізге сәйкес келеді.
1.1.1-міндет. Экономикадағы ақша ұсынысын реттеу
Тікелей нәтижелердің көрсеткіштері:
Ғаламдық бәсекеге қабілеттілік индексінің «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші (жоспар бойынша ҚР рейтингтегі орны – 37)
Дүниежүзілік экономикалық форумның (ДЭФ ҒБИ) 2014-2015 жылдар үшін жарияланған ақпаратына сәйкес Қазақстан «Ұлттық жинақтар деңгейі» көрсеткіші бойынша 2014 жылдың қорытындысы бойынша 37 орында болды, бұл жоспарда белгіленген мақсатты деңгейге сәйкес келеді.
Экономиканы монеталандыру деңгейі (30%-дан төмен емес)
ІЖӨ негізінде есептелген экономиканы монеталандыру деңгейі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің бағалауы бойынша 31,8%-ды құрады.
Банктердің экономикаға депозиттерінің көлемі (25%-дан төмен емес)
Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2014 жылы 11 694,0 млрд. теңгеге дейін 15,9%-ға көтерілді. Заңды тұлғалардың депозиттері 7 296,5 млрд. теңгеге дейін 18,1%, жеке тұлғалардың депозиттері 4 397,5 млрд. теңгеге дейін 12,6% өсті.
2014 жылы ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі 5 197,7 млрд. теңгеге дейін 17,7% төмендеді, шетел валютасындағы депозиттердің көлемі 6 496,3 млрд. теңгеге дейін 72,2% өсті. Теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсанмен салыстырғанда 2014 жылғы желтоқсанда 62,6%-дан 44,4%-ға дейін төмендеді.
Халықтың (резидент еместерді қоса алғанда) банктердегі салымдары 2013 жылғы қаңтар-желтоқсанда 4 438,1 млрд. теңгеге дейін 12,5%-ға көтерілді. Халықтың салымдары құрылымындағы теңгедегі депозиттер 1 442,9 млрд. теңгеге дейін 34,7%-ға төмендеді, шетел валютасындағы депозиттер 2 995,2 млрд. теңгеге дейін 72,4%-ға көтерілді. Нәтижесінде теңгедегі депозиттердің үлес салмағы 2013 жылғы желтоқсандағы 56,0%-дан 2014 жылғы желтоқсандағы 32,5%-ға дейін төмендеді.
2014 жылғы желтоқсанда банктік емес заңды тұлғалардың теңгедегі мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 8,8% (2013 жылғы желтоқсанда 5,7%), ал жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 8,1% (8,1%) құрады.
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері (15% көп емес)
Ең төменгі резервтік талаптардың нормативтері 2014 жылы өзгеріссіз қалды: ішкі қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%, ішкі ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 0%, сыртқы қысқамерзімді міндеттемелер бойынша – 6,0%, сыртқы ұзақмерзімді міндеттемелер бойынша – 2,5%. Ең төменгі резервтік талаптар нормативтерінің қолданылуы банктердің сыртқы қарыз алуын шектеуге бағытталған.
1.1.2-міндет. Инфляция бойынша мақсатқа қол жеткізуге ықпал ететін Ұлттық Банктің мөлшерлемелер дәлізінде нарықтық пайыздық мөлшерлемелерді ұстап тұру
Тікелей нәтижелердің көрсеткіші: Ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесі (6-8%)
Елдегі инфляцияның қалыпты қарқынының сақталуына, сондай-ақ қаржы нарығының жұмыс істеуінің қалыптасқан жағдайларына байланысты Ұлттық Банк ҚРҰБ Басқармасының 2013 жылғы 29 наурыздағы № 88 қаулысымен ресми қайта қаржыландыру мөлшерлемесін бұрынғы деңгейде сақтай отырып, 2013 жылғы 1 сәуірден бастап жылдық 5,5% деңгейде белгіледі.
1.2-мақсат. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін және сақталуын қамтамасыз ету, Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқаруды жүзеге асыру
Мақсатты индикатор: Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің көлемі (тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының кемінде 3 айы)
2014 жылғы 30 қыркүйектегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық резервтері Қазақстанның тауарлар мен қызмет көрсетулер импортының 5.8 айын қаржыландыруды қамтамасыз етеді.
1.2.1-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің өтімділігін қамтамасыз ету
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Өтімділік портфелі көлемінің алдағы 6 айда сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет көрсету бойынша төлемдердің көлеміне қатынасы (кемінде 1)
Тікелей нәтиже көрсеткішін тиісті деңгейде ұстап тұру үшін активтермен операциялар жасау жеткілікті көлемде жүргізілді.
Өтімділік портфелі ақша-кредиттік саясатты іске асыру, өтімділікті жоғарғы деңгейін ұстап тұру, валютаға қысқа мерзімді сұранысты қанағаттандыру және сыртқы мемлекеттік борышқа қызмет ету мақсатында операциялар жүргізуге арналған. Мақсатты көрсеткіш кем дегенде 1 болған кезде арақатынас шамамен 50,01 болды.
Есепті кезеңнің үшінші және төртінші тоқсандары ішінде өтімділік деңгейін жеткілікті деңгейде ұстап тұру үшін өтімділік портфелін қажетті толықтыру жүзеге асырылды.
1.2.2-міндет. Ұлттық Банктің алтынвалюта активтерінің сақталуын қамтамасыз ету
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Халықаралық резервтердің қысқа мерзімді (1 жылға дейін) сыртқы борыштың көлеміне деңгейі
Бұл көрсеткішке 2015 жылы қол жеткізу жоспарланды.
1.2.3-міндет. Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлікпен басқаруды жүзеге асыру
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Соңғы үш жылдың қорытындысы бойынша ҚР Ұлттық қоры активтерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінің АҚШ қазынашылығының алты айлық борыштық міндеттемелерінің кумулятивтік кірістілігі мөлшерінен асып кетуі
Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын сенімгерлік басқару нәтижесі бойынша, соңғы үш жылдың қорытындылары бойынша алдын ала деректерге сәйкес шамамен 5,53% мөлшеріндегі оң кірістілікке қол жеткізілді
Есепті кезеңде Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі ҚР Ұлттық қорының активтерін басқаруды одан әрі жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.
2014 жылғы 30 маусымда ҚР Үкіметінің «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорын орналастыру үшін материалдық емес активтерді қоспағанда, рұқсат етілген қаржы құралдарының тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 28 қаңтардағы № 66 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы» қаулысы қабылданды, ол ҚР Ұлттық қорының активтерін алтынға инвестициялауға мүмкіндік береді. ҚР Ұлттық Банкі Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының инвестициялық операцияларын жүзеге асыру ережесіне алтын портфелін қосу жөнінде өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргізді. Ұзақмерзімді перспективада кірістілікті арттыру мақсатында кредиттік рейтинг бойынша лимиттер бойынша шектеулер бөлігінде өзгерістер өзгерілетін қосымша атап өтіледі.
Сонымен қатар, есепті кезеңде ҚР Ұлттық Банкі ұзақмерзімді перспективада активтердің кірістілігін ұлғайту үшін Ұлттық қор активтерінің бір бөлігін инвестициялаудың орындылығын зерделеу бойынша жұмысты жалғастырды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: ҚР Ұлттық қорының сыртқы басқарушыларының ерекше жағдайларының саны (кемінде 1)
Есепті кезеңнің екінші тоқсанында ҰҚ активтерін уақытша басқарушы BNY Mellon Asset Management International Limited активтерді басқаруды осы бизнестің жабылуына байланысты тоқтатты. ҚРҰБ осы активтерді басқаруға жедел қабылдады және оларды сол мандат шеңберінде MSCI World акцияларының индексіне және ақша нарығының құралдарына инвестициялауды жүргізді. Ұлттық қордың сыртқы басқарушыларының өзге ерекшеліктері есепті кезеңде болған жоқ.
2-стратегиялық бағыт.
Тиімді валюталық реттеуді және валюталық бақылауды жүзеге асыру
2.1-мақсат. Республиканың әлемдік экономикаға одан әрі ықпалдасуына ықпал ететін және сыртқы экономикалық конъюнктура және елдің валюта нарығындағы жағдай күрт өзгерген жағдайда барабар шешімдер қабылдау және шұғыл ден қою үшін валюталық операциялар мониторингінің тиімді жүйесін қамтамасыз ететін ырықтандырылған валюталық режим
Мақсатты индикатор: Қазақстан Республикасындағы халықаралық сауда үшін бөгет жасайтын және капитал қозғалысы операцияларын жүргізуге кедергі келтіретін валюталық шектеулердің саны (0)
Осы мақсатты индикатор бойынша саны – 0.
2.1.1-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағыны бойынша ақпараттық базаны қамтамасыз ету.
2.1.1.1-тікелей нәтиже көрсеткіші: Сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мән, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа есептік тіркеу талабы қолданылады (50 мың АҚШ долл.).
Алдына қойылған міндетке қол жеткізу мақсатында Ұлттық Банк сыртқы сауда келісімшартының сомасына қатысты шекті мәнді, ол асып кеткен жағдайда осындай келісімшартқа қолданылатын есептік тіркеу талабын Стратегиялық жоспардың тікелей нәтижелерінің тиісті көрсеткіштерінде белгіленгендей, баламасы 50 мың АҚШ долларынан төмен емес деңгейде сақтауды қамтамасыз етті.
2.1.2-міндет. Валюталық операциялар және капитал ағындары бойынша толық және дәйекті ақпарат алу мақсатында валюталық бақылау рәсімдерін жетілдіру.
2.1.2.1-тікелей нәтиже көрсеткіші: Инспекциялаумен қамтылған уәкілетті ұйымдардың саны (тексеру объектілерінің жалпы санының кемінде 30%-ы).
Ырықтандырылған валюталық режим жағдайында валюталық реттеудің негізгі міндеттерінің бірі резиденттердің валюталық операцияларына жүргізілетін мониторинг жүйесін жетілдіру болып табылады, ал валюталық бақылаудың негізгі мақсаты валюталық операциялар бойынша барабар және уақтылы ақпаратты қамтамасыз ету болып табылады. Осы тұрғыдан алғанда резиденттердің валюталық заңнама талаптарын сақтауы мақсатында бақылау рәсімдерінің тиімділігін арттыру, сондай-ақ оны сақтамағаны үшін жауапкершілікті көздейтін нормалардың іске асырылуын күшейту қажет. Ұлттық Банк міндеттерінің бірі валюталар айырбастаудың ұйымдасқан нарығын реттеуді жетілдіру және уәкілетті банктер мен уәкілетті ұйымдардың қызметіне жоспарлы тексеру жүргізу арқылы тиімді бақылау мен қадағалауды қамтамасыз ету болып табылады.
Көрсетілген міндеттерге қол жеткізу шеңберінде ҚРҰБ ҚР аумағындағы уәкілетті ұйымдардың жалпы санының 40%-ын (тікелей нәтиже көрсеткіші – кемінде 30%) қамтыды.
3-стратегиялық бағыт.
Төлем жүйелерінің жұмыс істеуін ұйымдастыру
3.1-мақсат. Төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің тиімділігін және қауіпсіздігін қамтамасыз ету
Ұлттық Банк 2014 жылы Қазақстанның төлем жүйелерін одан әрі дамыту және ақша төлемі мен аударымын жүзеге асыру саласында нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру бойынша жұмысты жалғастырды.
Төлем жүйелерінің жұмысына мониторинг жүргізу және қызмет көрсету тұрақты негізде жүзеге асырылды, резервтік орталықты «әскери» режимде ұстап тұру үшін төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне аудару жұмысы жүзеге асырылды. Жүргізілген жұмыстардың қорытындылары бойынша пайдаланушыларға арналған төлем жүйелерінің үздіксіздігі мен қолжетімділігінің жоғары деңгейі қамтамасыз етілді.
Мақсатты индикатор: Төлем жүйелерінің бір жылдағы жұмыс қабілеттілігінің коэффиценті ( кемінде 95%).
2014 жылы Банкаралық ақша аудару жүйесі (БААЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,949%, Банкаралық клиринг жүйесі (БКЖ) жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,979% болды, бұл Қазақстанның төлем жүйелерінің жұмыс істеуінің жоғары тиімділігін сипаттайды.
Тікелей нәтиже көрсеткіші: Төтенше жағдайлар туындаған кезде төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру уақыты (бір төтенше жағдай бойынша 24 сағаттан аспайды)
2014 жылы төлем жүйелерінің жұмысын резервтік орталықтың серверіне көшіру талап етілетін төтенше жағдайлар байқалған жоқ.
Іс-шара: Төлем жүйелерінің жұмыс қабілеттілігінің коэффициенттерін ай сайынғы, жыл сайынғы негізде есептеу коэффициенттері
Ұлттық Банк төлем жүйелерінің жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің мәнін ай сайын есептеді (1-суретті қараңыз). 2014 жылы БААЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті 99,949%-ды, БКЖ жұмыс істеу қабілетінің коэффициенті – 99,997%-ды құрады.
1-сурет
Төлем жүйелерінің 2014 жылғы жұмыс істеу қабілеттілігі коэффициенттерінің өзгеру серпіні
Іс-шара. «ҚРҰБ ҚБЕО» РМК-мен бірлесіп төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру бойынша іс-шаралар жүргізу
Төлем жүйелерін резервтік орталықтың бағдарламалық-техникалық кешеніне көшіру жұмысы:
1) 2014 жылғы 16 мамырдан бастап 2014 жылғы 23 мамыр аралығында жүзеге асырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтар жұмысында көшу кезінде проблемалар байқалған жоқ;
2) 2014 жылғы 17 қазаннан бастап 2014 жылғы 24 қазан аралығында жүзеге асырылды. Бағдарламалық қамтамасыз ету және жабдықтар жұмысында көшу кезінде проблемалар байқалған жоқ.
Достарыңызбен бөлісу: |