Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан-2050 стратегиясы» қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының орындалуы туралы Есебі



жүктеу 71,5 Kb.
Дата20.11.2018
өлшемі71,5 Kb.
#21874

Қазақстан Республикасы Президенті «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» Жолдауының орындалуы туралы Есебі

Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Қазақстан-2050 стратегиясы» - қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауындағы белгіленген және «Нұр Отан» ХДП «Қазақстан. 2017 мақсаттары. Ұлттық іс –қимыл жоспары» іс-шараларды орындау мақсатында, халықты жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау үшін жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы мақсатты жұмыстарды жүргізеді.

Экономикалық потенциалдың өсуі, жаңа өнідірістерді ашу және жұмыс жасап тұрған өндірістерді кеңейту, шағын және орта бизнесті және жеке еңбек қызметтерді даму, жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы іске асыруы 2012 жылы 17031 жаңа жұмыс орындарын ашуға, 13062 жұмыссыз азаматты жұмысқа орналастыруға, 5389 адамды қоғамдық жұмыстарға бағыттауға мүмкіншілігін туғызды.

(№ 1 көрме)

Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру бойынша облыста белгіленген жұмыстар жүргізілуде, 2012 жылы осы Бағдарламаға қатысу үшін 5277 адам өтініш жасады.



Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасының бірінші бағыты «Өз бетінше жұмыспен айналысушыларды, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқыту және олардың жұмысқа орналасуына жәрдемдесу» 2400 адам әлеуметтік жұмыс орындарына жұмысқа орналасуға ықпал етті, Жастар іс-тәжірибесіне 1772 жұмыссыз-түлектер жіберілді, кәсіптік оқытуға, қайта даярлауға және біліктілігін арттыруға 682 адам бағытталды. (№ 2 көрме)

Бағдарламаның екінші бағыты «Ауылда кәсіпкерлікті дамытуға жәрдемдесу» бойынша 264,5 млн.теңге шағын несие «ШНҰ Актобе ауыл микрокредит» ЖШС-мен 145 қарыз алушыларға берілді; кәсіпкерлік негіздеріне 140 адам оқытылды; жетіспейтін инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды дамыту бойынша Бағдарламаға қатысушы 36 адаммен 60,8 млн. тг. көлемінде жұмыстар жүргізілуде. (№ 3 көрме)

Бағдарламаның үшінші бағыты «Еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» бойынша экономикалық әлеуеті төмен елді-мекендерден экономикалық даму орталықтарына 56 отбасыны көшіру жоспарланды (231 адам). Осы мақсатқа 380,2 млн. теңге қарастырылды, осы сома толық игерілді.

Бөлінген қаржылық қаражатты пайдалану арқылы Ақтөбе қаласының «Батыс-2» (71 пәтер) ықшам ауданында тоғыз қабатты екі подъезділік № 15 А кірпішті тұрғын үй құрылысы аяқталды. Экономикалық әлеуеті төмен елді мекендерден Ақтөбе қаласы Батыс-2 ықшам ауданына 71 отбасы (231 адам) қоныстандырылды. 6,459 млн.теңге сома көлемінде субсидия төленді. (№ 4 көрме)



Бағдарламаның төртінші бағыты «Ауылдық елді мекендерді дамыту» бойынша барлық жоспарланған 15 нысан бойынша күрделі жөндеу жұмыстары аяқталды, соның ішінде 11 білім беру нысандары (10 мектеп және 1 бала-бақша) және 4 денсаулық сақтау нысандары (аудандық, ауылдық емханалар). Ашылған 561 жұмыс орындарына 561 адам жұмысқа. (№ 5 көрме)

Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыруға республикалық бюджеттен бөлінген 2151,8 млн.теңге толық игерілді.

Халықты белсенді жұмыспен қамтамасыз етуге қабылданған шаралардың нәтижесінде облыстын жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне тіркелген жұмыссыздардың саны 2013 жылдың 1 қаңтарына 980 адамды құрды.

2013 жылдың 1 қаңтарына тіркелген жұмыссыздық деңгейі экономикалық белсенді халықтың санынан 0,2 % құрайды, орташа республикалық көрсеткіш 0,4 %.

2012 жылдың қорытындысы бойынша жалпы жұмыссыздық деңгейі 5,0 % құрды, орташа республикалық көрсеткіш 5,3%.(№ 6 көрме)

Қазақстан Республикасы 2001 жылдың 23 қаңтарындағы «Халықты жұмыспен қамту туралы» №149 Заңның 8 бабына сәйкес, облыстың Ақтөбе қаласының және аудандардың жұмыспен қамту мәселелері бойынша уәкілетті органдар тұрақты түрде бос жұмыс орындар жөнінде жұмыс берушілерден және мүдделі мекемелерден мәліметтер жинайды, сонымен бірге орта және ұзақмерзімді кезеңге жұмыс күші нің қажеттілігі бойынша.

Ағымдағы жылы жұмыспен қамту органдары жұмысберушілердің жұмысшыларға және мамандарға болжамдық қажеттілік бойынша сұраныс жүргізді. Жұмысберушілердің берген мәліметтердің талдауын жүргізгенде, маманданған қажет екенін көрсетті.

2012 жылға сұраныс 1818 жұмысшыға, 2013 жылы – 1368, 2014 жылы – 1247, 2015 жылға – 1250 жұмысшыға қажет. (№ 7 көрме)

2013 жылы ең қажетті химия өндірістін аппаратшылары – 100 адамға дейін, жүргізушілер – 45 адамға дейін, автокөтергіш, грейдер, экскаватор, бульдозер, жол техникасының машинистері – 60 адам, КТҚ көрсету стансалардың жуушылары – 80 адам, селесарь – жөндеушілер, бөлшектеуші (сауда)- 50 адам, токарь – 15 адам, газжәне электрдәнекерлеуші, электромонтер, электрослесарь – 270 адам және басқалар.

Мамандарға сұраныс 2013 жылы – 570 адам құрайды, 2015 жылы -481 адам. Ең қажетті – инженер-механиктер, инженер-электриктер, техникалық пәедердің мүғалімдері, құрылысшылар, электронщиктер және басқалар.

Жергілікті атқарушы мен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар органдары аз қамтылған отбасыларды кедейшілік жағдайынан шығару жөнінде жұмыстарды жалғастыруда. Уәкілетті органдарға және ауылдық жерлердің әкімдеріне аз қамтылған отбасыларды анықтау және оларға атаулы әлеуметтік көмек көрсету үшін облыстың әрбір ауылдық округтарында 174 учаскелік комиссиялар құрылды.

Жыл бойы жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімдеріне құрамында 473 адамы бар 126 аз қамтылған отбасы өтініш жасады, ол 2011 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 59,8 және 63,1 пайызға төмен.

2013 жылдың 1 қаңтарына облыс халқының санынан аз қамтылған азаматтардың үлесі 0,04 % құрайды.

Кірістері ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен халықтын үлесі 2012 жылдың қорытындысы бойынша 2,4 % құрды, ал орташареспубликалық көрсеткіш 3,8 % құрды.

Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек 126 отбасында тұратын 469 аз қамтылған азаматқа 8650,6 мың. теңге көлемінде тағайындалды, 4135 отбасына облыс бойынша тұрғын үй көмегінің жалпы мөлшері 67,1 млн.теңге құрады, табыстары азық-түлік себетінің құнынан төмен 7979 отбасының құрамындағы 18 жасқа дейінгі 21401 балаға 286,1 млн. теңге көлемінде жәрдемақы тағайындалды. (№ 8 көрме)

Облыстың бөлек аудандарында және Ақтөбе қаласында аз қамтылған отбасыларына ақшалай және заттай түрінде кәсіпорындардың, ұйымдардың, діни бірлестіктердің және қайырымдылық қорлардың қаражаттарының есебінен барлығы 508,9 мың. теңге көлемінде 147 аз қамтылған азаматқа көмек көрсетілді.

Жалпы тағайындалған төлемдердің мөлшері негізгі заңнамаға және жергілікті атқарушы және уәкілетті органдардың шешімдеріне сәйкес 140301 азаматқа 2894,6 млн.теңге құрады.

2012-2018 жылдарға арналған Қазақстан Республикасында мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі ұзақ мерзімді перспективаға арналған Ұлттық жоспары 2 кезеңнен тұратын мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны ратификациялау мақсатында 2012 жылдың 16 қаңтарында № 64 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы қабылданды.

Ақтөбе облысы бойынша мүгедектердің құқықтарын қамтамасыз ету және өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі 2012-2013 жылдарға арналған Ұлттық жоспардың бірінші кезеңін жүзеге асыруы барысында іс-шаралар Жоспары бекітілді.

Мүгедектердің проблемаларына қоғамның оң көзқарасын қалыптастыруға бағытталған қоғамдық ағарту науқанын өткізу, бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланымдар мен баяндамалар дайындау жөніндегі медиа-жоспары әзірленді.

Облыста 18762 мүгедек бар, оның ішінде 2118 мүгедек-балалар. (Көрме № 9)

2010 жылдан 2012 жылға дейін мүгедектер саны 17176 -дан 18762 – ге дейін өсіп отыр (оның ішінде 1542-ден-2118-ге дейін мүгедек-балалар). (№ 10 көрме)

2010 жылдан 2012 жылға дейін Ақтөбе қаласында 711 ден- 1104-ке дейін, Байғанин ауданында 65-тен 86-ға дейін, Ырғыз ауданында 22-ден 45-ке дейін, Мұғалжар ауданында 134-тен 182-ге дейін, Темір ауданында 69-дан 87-ге дейін, Шалқар ауданында 90-нан 120-ға дейін мүгедек- балалардың саны өсіп отыр.

Мүгедектерге және мүгедек-балалары бар отбасыларға қолдау көрсету мақсатында жергілікті атқарушы органдардың шешімімен ай сайын 3,0 мың теңге көлемінде қосымша әлеуметтік көмек төленіп отыр, 2012 жылы 601,5 млн. теңге төленді.

Облыста 2 интернат-үйі бар: 310 орынға арналған қарттар мен мүгедектерге арналған интернат -үйі және 360 орынға арналған жүйке аурулар интернат-үйі. Осы екі интернатта облыс бойынша 659 қарттар мен мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетіледі. Екі интернатта тұрып жатқан қарттар мен мүгедектерге жағдай жасау үшін күрделі жөндеуден өтті. Интернат-үйлерінде қарттар мен мүгедектерге арналған 20 орындық қосымша арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге күндізгі бөлімше құрылды. (№ 11, 12 көрме)

Облыстық медициналық-әлеуметтік мекемелерде арнаулы әлеуметтік қызмет көрсетуге 2008 жылдан бастап 2012 жылға дейін бір күнге бір қамқоршыға 1945 теңгеден 4319 теңгеге дейін өскен.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне 2014 жылға Жол картасын жүзеге асыру шеңберінде Алға, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Хромтау аудандарында шағын интернат үйінің құрылысына 368 млн.тенгеге ұсыныс жолданған.

Республикалық балалар медициналық-әлеуметтік мекемелеріне жыл сайын 20 дан 25-ке дейін мүгедек-балалар жіберіліп отырады.

Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне Ақтөбе қаласында 100 орындық, құны 271 млн.тенгеге, облыста мүгедектерге арналған сауықтыру орталығының құрылысы бойынша инвестициялық жоба ұсынылды.

Ақтөбе облысы бойынша 2258 қарттар мен мүгедектерге және мүгедек-балаларға үйде қызмет көрсету жағдайында арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін 19 бөлімше жұмыс жасайды.

2008 жылдан бастап Мартөк ауданында мүгедек-балаларға арналған 10 орындық күндізгі бөлімше жұмыс жасайды.

(№ 13 көрме)

2013 жылға мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде республикалық бюджеттен үкіметтік емес секторларына мүгедек-балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету үшін 16,5 млн. тенге қаражат бөлінді.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасы Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігіне 2014 жылға республикалық бюджеттен 73,0 млн.тенгеге мүгедектер мен мүгедек-балаларға арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін жартылай стационарлық жағдайда бөлім ашу үшін өтінім жолданды.

2012 жылы үкіметтік емес ұйымдарына 1524 мүгедектерін қызмет орындарына және оқу орындарына жеткізілулері үшін қызмет көрсетулеріне 1,2 млн.тенге қаржы бөлінген.

Мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасына сәйкес 3756 мүгедекке санаторлы-курорттық емделуге, протездік-ортопедиялық құралдарға, мiндеттi гигиеналық құралдармен, техникалық көмекшi (орнын толтырушы) құралдармен қамтамасыз етуге 169,4 млн.теңге қаражат бөлінген. (оның ішінде 13,5 млн. тенге 300 мүгедек-алаларға), 2011 жылмен салыстырғанда қаржыландыру 31 млн.тенгеге өсті.

Денсаулық сақтау басқармасының жолдамасымен жол жүру төлемдеріне 570 Ұлы Отан соғысының қатысушыларына және мүгедектерге емделуге 7,8 млн.теңге бөлінген.

Облыс бойынша мүгедектердің санаторлы-курорттық емделуіне маңызды көңіл бөлінеді.

2012 жылы 900 мүгедекке қаржы бөлініп санаторлы-курорттық емделуден өтті, (ал 2011 жылы 480 мүгедек санаторлы-курорттық емделуден өтті ). 2011 жылмен салыстырғанда 2012 жылы 16,2 млн. теңгеге өсіп отыр. (№ 14 көрме)

Мүгедектерді техникалық құралдарымен және гигиеналық құралдарымен, санаторлық-курорттық емделуіне және протездік-ортопедиялық құралдарымен қамтамасыз ету нәтижесінің соңғы 3 жылда көрсетілген мониторингі бойынша мүгедекті оңалту жеке бағдарламасының орындалу көрсеткіші 4115 –тен 3756- ға төмендеген.

2013 жылға мүгедектерді техникалық құралдарға, санаторлы-курорттық емделуге және протездік-ортопедиялық көмектеріне 133,8 млн. теңге бөлінген, бірақ 146 нашар көретін мүгедекті қамтамасыз ету үшін (2010 жылы мүгедекті оңалтудың жеке бағдарламасының дайындалуына сәйкес) 102 компьютерлiк тифлокешендер және 44 Брайль жүйесi бойынша оқуға арналған құралдарына 267,9 млн. теңге қаржы қажет. (2010 жылға - 80,2 млн.теңге, 2011 жылға -82,2 млн.теңге, 2012 жылға-105,5 млн.теңге).

Нашар көретін мүгедектерді компьютерлiк тифлокешендер және Брайль жүйесi бойынша оқуға арналған құралдармен қамтамасыз етуіне кезеңмен қаражат бөлуін ұсынамыз.

Қазіргі уақытта нашар көретін мүгедектерді тифлоқұралдарымен қамтамасыз ету үшін экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасына бюджеттік өтінім ұсынылды.

Мүгедектер үшін қолжетімді ортаның сақталуы тұрғысынан әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін ғимарат, құрылыстар түгендеуіне (паспорттау) кезеңмен жүргізуіне облыстық ведомоствоаралық комиссия құрылған, 12 аудандар мен Актөбе қаласында түгендеу (паспорттау) жүргізуіне жұмыс топтары құрылған. (№ 15 көрме)

Жұмыс істейтін әлеуметтік объектілерінде түгендеу жүргізілген, көліктік және рекраециалық инфрақұрылым объектілер саны – 2558-ді құрайды, оның ішінде құрылыстар және ғимараттар – 1333-ті құрайды, ортақ пайдаланатын көліктердің саны – 540, жолаушы аялдамалардың саны -417, жол өту саны - 266, мүгедектерді арнайы көлікпен қамтамасыз ету -2.

Қол жетімдіктермен қамтамасыз етілген 765 объекті немесе 34 пайыз. Мемлекеттік әлеуметтік объектілер ішінде паспорттауға жататын инфрақұрылым әлеуметтік объектілер тізбесі белгіленіп, 1151 объектіні құрайды.

Өткен жылы 508 объект паспортталған оның ішінде жоспарланғаны 509 немесе 99,8 пайыз, ( 1 объектіде паспортталу жүргізілмеген. (Ырғыз ауданында) (№ 16көрме)

2012 жылдың 14 желтоқсандағы Елбасының Жолдауында жұмыс берушiлер халықтың әлеуметтiк жағдайы төмен топтарын жұмысқа белсене тартып, оларды еңбекақымен қамтамасыз ететiндей жағдай туғызу қажеттiгi маңызды. Ең алдымен, бұл мүмкiндiгi шектеулi адамдарға қатысты. Бiз олардың толық бағалы еңбек етуiне жағдай туғызуға тиiстіміз.

2013 жылдың 01 қаңтарына квота арқылы жұмысқа орналастырылған мүгедектер саны 673 адам, 1255 квотталған жұмыс орынының ішінен немесе 73,7 пайыз. (№ 17 көрме)

2013 жылы басқармамен, Ақтөбе және аудан әкімдерімен мүгедектерді 3 пайыз квота арқылы жұмысқа орналастыруы туралы, кәсіпорындар мен мекемелер арасында белгіленген квоталарының көрсетілуімен қаулылардың қабылданғаны туралы бақылау жұмыстары жүргізілді.

Мүгедектерді жұмысқа орналастыруына 967 мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы жасақталған, оның ішінде 526 МОЖ (мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы) орындалған немесе 54,3 пайыз.

Ішкі еңбек рыногын қорғау жөнінде шаралар қолданылуда. Өткен жылы облыс аумағында орналасқан компаниялардан 962 шетел мамандарды тартуға арыздар түсті, 962 шетел маманға еңбек қызметін жасау үшін рұқсат берілді.

2012 жылдың аяғына жұмыс жасайтын шетел мамандардың саны 747 адамды және қазақстандық азаматтардың саны 18452 адамды құрды.

Шетелдік жұмыс күшін тартатын компанияларында 2368 жаңа жұмыс орындары ашылды, 42 қазақстандық маман оқуға жіберілді (біліктілігін арттыруға жіберілгендерді қоса есептегенде), 30 шетел мамандар қазақстандық мамандармен ауыстырылды.

Облыста «Парыз» республикалық сайысқа кәсіпкерлердің қатысуы бойынша ұйымдастыру жұмыстар жүргізіледі, бұл сайыс халықтың жағдайын әрі жақсарту үшін жеке кәсіпкеліктің субъектілерінің қоғамның алдында корпоративтік әлеуметтік жауапкершілікті құрастыруға және жоғарылатуға бағытталған.

ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаев қолдаған сайыс 2008 жылдан бастап жүргізіледі.

Осы бағытта 2012 жылдада өз жалғасын тапты. Осы сайысқа 46 мекеме – кәсіпкерлік субъектілер қатысты. Сайыстын қорытындысы бойынша барлық мекемелер Қазақстан Республикасы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау Министрінің дипломдарымен және облыс әкімінің мақтау хаттарымен марапатталды.



2013 жылы:

- Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы іске асырылады;

- 12 мың жаңа жұмыс орындары ашылады;

- 10 мыңнан астам жұмыссыз азамат жұмысқа орналастырылады;

- табысы аз, еңбекке қабілетті азаматтарды Жұмыспен қамту 2020 бағдарламасына тарту жұмыстары жандандырылады;

- мүгедектерді оңалту жеке бағдарламасы бойынша жұмысқа орналастыру мәселелерге әрекетті шаралар қабылданып, мүгедектерге арналған 3 пайыз квота белгілеу туралы қабылданған қаулылардың орындалуына бақылау жүргізіледі;

- мүгедектерді үкіметтік емес ұйымдарды дамыту мақсатында, мүгедектерге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бойынша мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты орналастыру туралы шаралар қабылдау;

- «Парыз» бизнестін әлеуметтік жауапкершілігі Республикалық сайысқа қатысу үшін жұмыстар жалғастырылады.

2013 жылдың қаңтар – сәуір айларында 3560 жаңа жұмыс орындары ашылды, 2704 жұмыссыз азаматқа жұмысқа орналасуға ықпал жасалды.

Мақсатты топқа жататын жұмыссыздарды жұмысқа орналастыру үшін облыс аймақтарының мекемелері мен кәсіпорындарында 1299 әлеуметтік жұмыс орны ашылды, соның ішінде жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы бойынша – 941 жұмыс орны.

Жастар арасында жұмыссыздықты қысқарту үшін “Жастар тәжірибесіне” 691 адам жіберілді, соның ішінде жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасы бойынша – 444 адам.

51 Бағдарламаға қатысушыдан 125,7 млн. теңге көлемінде «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ сұраныстар қабылдады, соның ішінде 48 қатысушының 118,2 млн.теңгеге сұраныстары мақұлданды, сонымен бірге 43 қатысушының 103,2 млн.теңгеге құжаттары ХҚКО тіркеуде, 5 қатысушыға 15,0 млн.теңге көлемінде шағын несие берілді.

Байғанин және Қобда аудандарында жоспарланған 2 мәдени объектілерінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды, ашылған жұмыс орындарына жұмыспен қамту органдардың жолдамаларымен 22 адам жұмысқа орналасты немесе жұмысқа орналасқандардың санынан 50,0 %.

Облыс бойынша Жұмыспен қамту 2020 Бағдарламасын іске асыру үшін 2013 жылы 3029,8 млн.теңге қаралды, соның ішінде республикалық бюджеттен – 2865,8 млн.теңге.



2013 жылдың 1 сәуіріне 247,7 млн теңге игерілді, немесе қаржыландыру жоспарынан 100 %.
жүктеу 71,5 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау