11) осы Шартқа 2-қосымшаға сәйкес, Кепілгерге ай сайынғы негізінде
кәсіпкерлердің жобаларды іске асыру барысына ағымдағы мониторинг туралы
есепті жазбаша түрде және қосымша Кепілгермен белгіленген жауапты
орындаушының электрондық мекенжайына есепті айдан кейінгі 1-нен
кешіктермей ұсынуға міндетті.
17. МҚҰ/КС:
1) Қарыз алушы микрокредит беру туралы шарты бойынша негізгі
борышты төлеу бойынша өз міндеттемелерін орындамаған жағдайда (тиісінше
орындамаған) Кепілгерге осы Шартта белгіленген тәртіппен және мерзімде
талап қоюға;
2) Кепілгерден және Қарыз алушыдан осы Шартта көзделген өзге де
міндеттемелердің орындалуын талап етуге құқылы.
5. Кепілдікті орындау тәртібі
18. Қарыз
алушы негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша
міндеттемелерді үздіксіз орындамаған күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні
мерзімінен кешіктірмей МҚҰ/КС бұл туралы Қарыз алушының МҚҰ/КС
алдындағы берешегінің бар екендігі туралы анықтаманы және МҚҰ/КС-ның
Қарыз алушыға жіберген мерзімі өткен берешегін өтеу туралы жазбаша
талабының көшірмесін қоса бере отырып Кепілгерге жазбаша хабарлайды.
19. Қарыз алушы кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша
негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен
бастап күнтізбелік 180 (жүз сексен) күн ішінде МҚҰ/КС Қарыз алушыдан және
қамтамасыз етуді берген тұлғалардан мерзімі өткен берешекті алу мақсатында
қалыптасып отырған жағдайда барлық ақылға сыйымды және қолжетімді
шараларды қабылдауға құқылы (оның ішінде қамтамасыз етуден ақы өндіріп
алу, үшінші тұлғалардың, кепілдіктері/кепілгерліктері, Қарыз алушының
шоттарына төлем талап-тапсырмаларын қою және т.б. жолмен).
20. МҚҰ/КС Қарыз алушыдан берешекті өндіріп алу жөнінде
қабылдаған шараларының нәтижесінде алынған сома Кепілгерге талап
қойылғанға дейін МҚҰ/КС-ның ішкі құжаттарында және кредит/микрокредит
беру туралы шарттың тиісті шарттарында, Қазақстан Республикасының
қолданыстағы заңнама талаптарында кезекпен Қарыз алушының берешегін
өтеуге жіберіледі;
21. Егер Қарыз алушы кредит/микрокредит беру туралы шарт бойынша
негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді орындамаған күннен
бастап күнтізбелік 60 (алпыс) күн ішінде Қарыз алушы кредит/микрокредит
беру туралы шарт бойынша негізгі борыш сомасын өтеу ойынша
міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, Кепілгер осы Шарттың
талаптарын сақтау тұрғысынан мониторинг жүргізеді.
22. Егер Қарыз алушы кредит/микрокредит беру туралы шарты
бойынша негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша міндеттемелерді
орындамаған күннен бастап 180 (жүз сексен) күн ішінде кредит/микрокредит
беру туралы шарт бойынша негізгі борыштың сомасын өтеу бойынша
міндеттемелерді орындамаса/тиісінше орындамаса, МҚҰ/КС Кепілгерге талап
қоюға құқылы.
23. Талапта мыналар:
1) кепілдік шартының деректемелері;
2) кредит/микрокредит беру туралы шарттың деректемелері;
3) Қарыз алушының атауы;
4) Кепілгердің кепілдік бойынша төлем сомасының есептеулері;
5) ақшаны аударуға жататын МҚҰ/КС шотының деректемелері
көрсетілуі тиіс.
24. Талапқа:
1) Қарыз алушының жобасы бойынша МҚҰ/КС жазбаша хабарлама
жіберген күнге кредит/микрокредит беру туралы шарт шеңберінде Қарыз
алушының кепілдік мүлкінің тізбесі көрсетілген МҚҰ/КС алдындағы
берешегінің бар екендігі туралы анықтама;
2) Қарыз алушының кредитті/микрокредитті берген күннен бастап
Кепілгерге талап қойған күнге дейінгі кезендегі банктік шоттың көшірмесі;
3) Қарыз алушының кредит қаражатын алуын растайтын құжаттың
көшірмесі;
4) МҚҰ/КС-тің
Қарыз
алушыға
жолдаған
талабының
(наразылығының) көшірмесі;
5) Қарыз
алушының
МҚҰ/КС-тің
талабына
(наразылығына)
жауабының көшірмесі (бар болса);
6) МҚҰ/КС кредит/микрокредит беру туралы шарты бойынша
берешекті өндіріп алу бойынша қабылданған шаралары және растайтын
құжаттарды қоса бере отырып (бар болса), қабылданған шаралардың
нәтижесінде алынған сома туралы ақпарат;
7) берешекті өндіріп алу туралы сот шешімінің көшірмесі (бар болса);
8) орындау парақтарының көшірмесі (бар болса);
9) кредит/микрокредит беру туралы шартқа қосымша келісімдердің
көшірмесі (бар болса);
10) Қарыз алушының МҚҰ/КС алдындағы берешектерін және
берешекті өтеу бойынша МҚҰ/КС қабылдаған шараларды (бар болса)
растайтын өзге де құжаттардың көшірмелері қоса беріледі.
25. Талапта көрсетілген сома осы Шарттың талаптарына сәйкес болуы
тиіс, алайда кез келген жағдайда осы Шарттың 4-тармағында белгіленген
кепілдіктің шекті сомасынан аса алмайды.
26. МҚҰ/КС Талапты Кепілгерге осы Шартта көрсетілген мекенжай
бойынша тапсырысты хат жіберу немесе қолма-қол беру жолымен жібереді.
27. Талап Кепілгерге ағымдағы жұмыс күні Астана уақыты бойынша
сағат 16.00-ге дейін қойылуы мүмкін. Астана уақыты бойынша сағат 16.00-ден
кейін қойылған талап келесі жұмыс күні қойылған деп саналады.