Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Е. Т. Орынбаев 2013 жылғы



жүктеу 5,01 Kb.
Pdf просмотр
бет8/30
Дата22.05.2018
өлшемі5,01 Kb.
#15886
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30

24
1.7.5. 5-жетістік – Медициналық  деректер елдің  кез келген жерінен және
пациент қызмет алатын кез келген медициналық ұйымнан қол жетімді
Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесі жалпы алғанда нақты ауруларды
емдеуден нақты адамның  денсаулығына жету және қолдауға ауысып, өз
бағдарын ауыстырған жағдайда электрондық денсаулық  сақтаудың  назарын
«пациентке бағытталған» етіп, фокусты қайта бағдарлау қажет. Электрондық
денсаулық  сақтаудың  жаңа парадигмасының  негізгі элементі статистикалық 
есептер мен талдау ақпараты емес, электрондық  медициналық  жазбалар және
Қазақстан Республикасы азаматының Электрондық денсаулық паспорты болуы
тиіс. Жаңа жүйенің  негізгі ерекшелігі ЭДП бір жерде орталықтандырып
сақталатындықтан, деректерді елдің  кез келген медициналық  ұйымынан алуға
болатындығы. Екінші маңызды ерекшелігі деректерді қолданыстағы заңнамаға
және кіру рұқсаты саясатына сәйкес берілген рұқсат арқылы алу мүмкіндігі
болып табылады. Осылайша, пациент өзі оның ЭДП деректерін кім, қашан және
қалай қарай алатындығын шеше алады.
ЭДП кез келген жерден және кез келген авторизацияланған ақпараттық 
жүйеден деректерді тез алу мүмкіндігін қамтамасыз етумен адамның  барлық 
өмірі ішінде денсаулығы жөніндегі барлық  маңызды деректерді сақтауға
мүмкіндік береді. Осы ЭДП танылған стандарттарға негізделуі тиіс.
1.7.6. 6-жетістік – Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі
өзекті
және
нақты
статистикалық 
деректердің 
негізінде
автоматтандырылған
түрде
есептелген
индикаторларға
негізделген
басқарушылық және саяси шешімдерді қабылдайды
Бұған деректердің талдау қоймасын енгізу арқылы қол жеткізуге болады.
Бұл ақпараттық  жүйелер, электрондық  қызметтер және статистикалық 
деректерді жинаудың мамандандырылған құралдары сияқты әртүрлі көздерден
жиналған барлық қажетті статистикалық деректерді интеграциялауға мүмкіндік
береді. Осы іс-шара жалпы алғанда нақты деректер негізінде қабылданған саяси
және басқарушылық  шешімдер негізінде қабылданатын, денсаулық  сақтаудың 
жетістігінің  индикаторларын нақты және уақытылы есептеуге мүмкіндік
беретін денсаулық  сақтаудың  ақпараттық  жүйесі құру есебінен денсаулық 
сақтау тиімділігін арттыруға әкеледі.
1.7.7. 7-жетістік – ҚР ЭД кеңістігі барлық  аспектілерде интероперабелді
және
е-денсаулық  сақтауға
қатысушыларға
сапалы
және
тиімді
медициналық қызметтерді көрсетуге мүмкіндік береді
Шұғыл назар аударуды талап ететін маңызды мәселе денсаулық 
сақтаудың  ақпараттық  жүйелерінің  интероперабельдігін, яғни семантикалық 
ауыспалықты сақтау арқылы клиникалық  және клиникалық  емес деректерді
алмастыру мүмкіндігін қамтамасыз ету болып табылады. Қазақстан денсаулық 
сақтаудың  ақпараттандыру нарығын дамытудың  бастапқы жолында болуына


25
қарамастан, Қазақстан Республикасы Денсаулық  сақтау министрлігінің
алдында бірнеше рет деректердің  мағыналық  құрамын жоғалтусыз жақтық 
ақпараттық  жүйелермен әрекеттесуді қамтамасыз ету мәселелері туындаған
болатын. Елдің  барлық  аумағында е-денсаулық  сақтау жүйелерінің  таралуына
қарай жеке меншік және ведомстволық  медициналық  және фармацевтикалық 
ұйымдардың,  басқа мемлекеттік органдардың  ақпараттық  жүйелерімен
әрекеттесу қажеттігінің  қарқыны арта береді. Орташа және ұзақ  мерзімді
перспективада электрондық денсаулық сақтау саласында сттандарттардың және
нақты нормативтік құқықтық  базаның  болмауы реттелмейтін ортада жоғары
технологиялық шешімдердің ретсіз дамуына әкеледі, және нәтижесінде ұлттық 
деңгейде ойдағыдай дамуына және тұрақтылығына кедергі келтіретін өте қиын
факторға айналады.
1.8. Е-денсаулық сақтауды енгізу қызметінің түпкілікті нәтижелері
ҚРЭД қаралған Жетістіктері (Outcomes) арқылы денсаулық  сақтау
жүйесіне әсер етуі қамтамасыз етілетін е-денсаулық  сақтау қызметінің  негізгі
түпкілікті нәтижелері:
1. Ұлттық деңгейде е-денсаулық сақтау саясатын қалыптастыру процесіне
мүдделі тараптарды қатыстыру қамтамасыз етілді:
 е-денсаулық сақтаудың сараптау кеңесі (комиссиясы);

е-денсаулық  сақтаудың  әртүрлі аспектілері бойынша жұмысшы
топтар және/немесе басқа институционалдық  құрылымдар (стандарттау және
интероперабелдік,
денсаулық  сақтаудың  есептілік
нысандарын
және
индикаторларын
жақсарту,
жобаларды
және
іске
асырылатын
функционалдықты басымды ету және т.б.).
2. Ашық  нарық  жағдайларында мүдделі тараптардың  е-денсаулық 
сақтауды дамытуға кеңінен қатыстыру үшін тетіктер мен нормативтік
құқықтық шеңберлер құрылды:

нормативтік құқықтық  база нарық  жағдайында е-денсаулық 
сақтаудың  барлық  меншік нысанының  мүдделі тараптарының  әрекеттесу
мүмкіндігін есепке ала отырып, өзгертілген (Қазақстан Республикасының 
бірыңғай денсаулық  сақтау кеңістігіне тараптық  әзірлеушілердің  ақпараттық 
жүйелерін қосу үшін құқықтық алаң және т.б. қамтамасыз етілді);

медициналық ұйымдарда электрондық денсаулық сақтау жүйелерін
дамытуды ынталандыру, медициналық  ұйымдар және/немесе жергілікті
басқару органдары үшін АКТ-шешімдерін таңдау құқығын және мүмкіндігін
қамтамасыз ету үшін құралдар пулы, қажетті тетіктер және нормативтік
құқықтық база құрылды;

е-денсаулық сақтаудың бәсекеге қабілетті ортасын қалыптастыруға
қатысатын шешімдердің  сапасын қамтамасыз ету мақсатында ақпараттық 
жүйелерді сертификаттау үшін тетіктер және нормативтік құқықтық  база


жүктеу 5,01 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   30




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау