12
7.
Ақпараттық жүйелердің өзара іс-қимылын қамтамасыз ету бойынша
міндеттердің жиынтығы (Объектілердің сервері, СО).
ДСБАЖ аталған компоненттері Қазақстанның үш өңірінде толықтай
енгізілді: Астана қаласы, Қарағанды және Ақмола облыстары. МҚСБЖ
компоненті
еліміздің
барлық
аумағында
жұмыс
істейді.
ДСБАЖ
компоненттерін енгізу қарқыны бастапқы жоспарларға сәйкес келмейді.
Медициналық ұйымдарда және ҚР ДСМ-нің қолданыстағы ақпараттық
жүйелерінің және қосымшаларының шолуы 1-суретте көрсетілген.
ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерінің даму және тарату процестерін қолдау
Дүниежүзілік банкі мен Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан
Республикасының денсаулық сақтау секторындағы технологияларды беру және
институционалдық реформа жүргізу» жобасының (бұдан әрі – ДБ жобасы)
шеңберінде іске асырылады. ДБ жобасының қаражатынан Ақмола және
Қарағанды облыстарын ДСБАЖ АТ-инфрақұрылымымен жарақтау, сондай-ақ
Астана қаласы бойынша толық жарақтандыру іске асырылды. ДБ жобасын іске
асыру шеңберінде электрондық денсаулық сақтау бағдарламаларын негізгі
орындаушыларының
бірі
болып
табылатын
Денсаулық
сақтауды
ақпараттандыру орталығы құрылды.
Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесінің міндеттерін іске асыру
шеңберінде 2010 жылдан бастап 2013 жылға дейінгі мерзімде Қазақстан
Республикасының барлық аумағында мынадай веб-базаланған ақпараттық
жүйелер (веб-қосымшалар) әзірленіп, енгізілді және қызмет етеді:
1. Емдеуге жатқызу бюросы (ЕЖБ);
2. Тіркелген халықтың тіркелімі (ТХТ);
3. Стационарлық науқастардың электрондық тіркелімі (СНЭТ);
4. Онкологиялық науқастардың электрондық тіркелімі (ОНЭТ);
5. Диспансерлік науқастардың электрондық тіркелімі (ДНЭТ);
6. Дәрілік қамтамасыз етудің ақпараттық жүйесі (ДҚАЖ);
7. Жан басына шаққандағы нормативтің ынталандыру компоненті
(ЖНЫК).
13
ЕИСЗ
ЕИСЗ
МСС Поликлиника
МСС Стационар
СУЛО
СМСЭС
СУР
Веб порталы
Сервер объектов
СУФ
РПН
БГ
ЭРСБ
СУКМУ
СКПН
БСК
БГ/РСБ
РПН
ГБДФЛ
СУКМУ
СКПН/ДКПН
АИС Поликлиника
Старые приложения
МСС Скорая
АИС Стационар
ЛАБ
Рентген
АИС Почка
АИС СахД
АИС Онко
Онко
АИС Млад/Мат.см
АИС Кадры
АИС ТБ
АИС Гепатит
УБЭЛЛО полик
УБЭЛЛО аптека
ИСЛО
1-сурет. МҰ және ҚР ДСМ қазіргі уақытта жұмыс істейтін ақпараттық жүйелер
Емхана МСЖ
Стационар МСЖ
Жедел МСЖ
РБЖ
ТХТ
ЕЖБ
ДСБАЖ
Веб-
порталдар
СНЭТ
Емхана ААЖ
Кадрлар
ААЖ
Гепатит ААЖ
МҚСБЖ
ЖНЫК
Стационар ААЖ
Онко ААЖ
Бүйрек
ААЖ
ҚантД
ААЖ
ТБ ААЖ
ҚБЖ
ЗЕРТ
ҚЖА
ДСБАЖ
Объектілердің
сервері
ТХТ
ЕЖБ/СНТ
МҚСБЖ
ЖНЫК/ЖНҚК
ЖТМДБ
СЭАМЖ
ДҚАЖ
Нәресте/Ана ААЖ
ДҚБЖ
Емхана ТЖДЗЕ
Дәріхана
ТЖДЗЕ
Ескі қосымшалар
14
1.2.2. Денсаулық сақтау жүйесінің АТ-инфрақұрылымы
Медициналық ұйымдарды компьютерлік жабдықтармен жарақтау бүгінгі
таңда медициналық ақпараттық жүйелерді ел масштабында енгізуге мүмкіндік
бермейді. Астана қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарынан басқа
көптеген өңірлерде медициналық персоналдың жұмыс орындары дербес
компьютерлермен жарақталмаған, құрылымдалған кабельдік жүйе және
серверлік жабдық жоқ.
Ақпараттық-техникалық инфрақұрылым ДСБАЖ енгізу мақсатында үш
өңірде орталықтандырылып қалыптасқан: Астана қаласы, Ақмола және
Қарағанды облыстары. Жарақтау ДБ жобасын іске асыру шеңберінде жүзеге
асырылды.
Техникалық
инфрақұрылым
ДСБАЖ
компоненттерінің
архитектурасына сәйкес құрылған. Деректерді өңдеудің негізгі (республикалық)
орталығы жарақталды, аталған өңірлердің әрқайсысында өңірлік ДӨО
жабдықталды, әрбір медициналық ұйымда сервер орнатылған, жұмыс
станцияларының қажетті көлемі, принтерлер бар, сондай-ақ құрылымдалған
кабельдік жүйенің монтажы іске асырылды.
Аталған өңірлердің барлық медициналық ұйымдары ведомстволық VPN
қағидаты бойынша ұйымдастырылған деректермен алмасудың бірыңғай
желісіне қосылды. Байланыс арналарына кеткен шығысты қаржыландыру ДБ
жобасы құралдарынан іске асырылады.
1.2.3. Қолданыстағы ақпараттық жүйелердің сипаттамасы
2012 жылы ДБ жобасын іске асыру шеңберінде Швейцария қоғамдық
денсаулық сақтау институтының (Swiss Tropical and Public Health Institute)
халықаралық сарапшыларын жұмылдырумен ҚР ДСМ ақпараттық жүйелерінің
дизайнына және тиімділігіне бағалау жүргізілді. Бағалау нәтижелері бойынша
бірнеше қорытынды шығарылды, олар осы Тұжырымдамада есепке алынды.
Әсіресе осы құжатта кейбір әлсіз жақтарға назар аударылды:
1) Жүйелер «ынталандыру-реакция» қағидаты бойынша жүйесіз дамуда,
дамудың бірыңғай стратегиясы, тұжырымдамасы, архитектурасы жоқ;
стратегиялар мен архитектуралардың институционалдық құрастырғышы жоқ;
2)
ДСБАЖ-не қосымша ретінде веб-қосымшаларының пайда болуы
деректердің бірыңғай базасы, деректердің бірыңғай сөздігі қағидатының
бұзылуына әкелді және жүйелер арасында интероперабельділікті қамтамасыз
ету қажеттілігінің шұғыл өсуіне әкелді;
3) Регламенттердің болмауы жағдайды жақсарту үшін қолданылатын
күштің мүмкіндігіне және дамуына айтарлықтай кедергі келтіреді;
4) Білікті АТ-мамандарының, жобалау менеджерлерінің жетіспеушілігі,
жеткіліксіз оқу және кадр ағымы;
5)
Ескірген, стандарттарға негізделмеген ДСБАЖ архитектурасы
(бірыңғай бір ізге салынған архитектураның болмауы).
Достарыңызбен бөлісу: |