Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігі
Т. Қ. Жүргенов ат. Қазақ Ұлттық өнер академиясы
6М041400 – «Графика» мамандығы
«Графикалық дизайн» мамандануы
бойынша магистратураға қабылдау емтиханының
БАҒДАРЛАМАСЫ
Алматы, 2017
1. Дайындаған:
PhD докторы, Нурпеис М. Е. «____»__________ 2017 ж.,
2. Талқыланды:
Дизайн кафедрасының мәжілісінде талқыланды және ұсынылды.
Хаттама № ____ «____» _______________ 2017 ж.
3. Келісілді:
Ғылыми-әдістемелік қызмет басшысы ________ Г. Б. Гизатова «___»
___________ 2017 ж. Хаттама №___
ЖОО КББ ҒПО-мен ұсынылған. «____» _________ 2017 ж.
ЖОО КББ ҒПО басшысы: Есенбекова Г. Ж. _____________
4. Бекітілді:
Ғылыми жұмыстар бойынша
проректор _________ К. З. Халықов «____» _____ 2017 ж.
Магистратураның
арнайы
пәні
бойынша қабылдау
емтиханының
бағдарламасы жоғарғы білімнің алдыңғы деңгейінің (бакалавриаттың)
бағдарламасы көлемінде дайындалған.
Магистратураның 6М041400 – «Графика» мамандығы «Графикалық дизайн»
мамандануы бойынша мамандар дайындау деңгейіне қойылатын талаптар:
I.
Магистратураға түсушінің мыналар туралы түсінігі болуы
қажет:
Магистрант тұғырлық кәсіби дайындықты, заманауи ақпараттық
технологияларды меңгерген, заманауи практикалық проблемаларды
тұжырымдайтын және шешетін шамалы болуы қажет.
білуі:
- Жинақталған бір немесе бірнеше тарихи мәліметтерді салыстыра және
дизайн бойынша таңдалған тақырыптың ерекшеліктерін көрсете;
- Дизайн саласының негізгі тенденцияларын;
- Компьютерлік графика бағдарламаларын мінсіз және кәсіби деңгейде.
жасай білуі:
- дизайн тарихы мен теориясы бойынша арнайы әдебиетті қолдана;
- стилдің құрамдас бөліктерін анықтап, олармен жұмыс істей;
- дәуірлерді, оларға тән дизайн тәсілдерін анықтай.
машықты болуы:
- графикалық дизайнның жобалау кешенінің түсініктері;
- дизайнның графикалық тәсілдері және оқыту құралдары, арнайы пәндерді
ұйымдастыру амалдары, шығармашылық түсінігі мен принциптері;
- арнайы пәндерге арналған тапсырмаларды жобалаудың өзіндік машықтары,
визуалдық коммуникацияның әртүрлі тәсілдерін қолдану;
- графикалық дизайндағы композиция талаптарын шығармашылық деңгейде
шешімдеу;
- креативтік ойламды болу;
- кәсіби шеберлік және кең көзқарасты меңгерген.
білікті болу:
Ғылыми зерттеуді талдау машығы. Автордың өз позициясын қорғай білуі.
Қабылдау емтиханы «Дизайн» кафедрасының магистратура және PhD
докторантурасы мамандықтары бойынша қабылдау емтихандарын жүргізу
Жағдайына сәйкес ауызша өткізіледі.
II.
Пәндер атаулары және олардың негізгі бөлімдері
1. «Дизайн теориясы мен тарихы» пәні
«Дизайн теориясы және тарихы» – бұл пән дизайнның даму тарихы
мәселелерін теориялық бағамдау болып табылады. Пән дизайн дамуының
тарихы мен теориясына негізделген. Болашақ магистрант дизайн дамуының
тарихын білуі және дизайнер қызметін жалпылап түсінуі қажет.
Магистратураға түсуші білуі қажет:
- заманауи дизайнның тарихи дамуы кезеңдері мен перспективалық
бағыттарын;
- дизайн дамуының теориялық концепцияларын;
- белгілі шеберлер шығармашылығын;
- дизайнерлік жобалаудың теориясы мен әдістерін; дизайн объектілерін
жобалау процесінде қолданылатын заңдылықтарды, жобалау кезеңдері
мәселелерін шешу бірізділігін;
- дизайн-жобалау түрлері, дизайнның тоқталу тарихы, оның перспективалық
бағыттары туралы түсінікті болуы және қабылданған білімді тиімді қолдана
білуі қажет.
жасай білуі:
-
қазіргі жағдайда дизайндағы стилдік бағыттардың көп түрінде бағыт ала
білу;
- әртүрлі заманауи бағыттағы дизайнның ең сипаттық ерекшеліктерін аша
білу;
- заманауи теориялық материалды өз бетімен талдай білу;
- ғылыми зерттеудің өзектілігін тұжырымдай білу;
- дизайн тарихы мен теориясы бойынша арнайы әдебиетті қолдана білу;
- стилдің құрамдас бөліктерін анықтап, олармен жұмыс істей білу.
білу:
зерттелер материалдың, ғылыми зерттеулердің тақырыбын өз бетімен
құрастыра білу, дизайн дамуының дизайнерлік қызметтердің, жобалық
шешімнің және визуализация түрлерінің заманауи нарығы талаптарымен
өзара байланысын қолдана білу, аннотация немесе зерттелер тақырып
бойынша реферат түрінде теориялық материал құрастыра білу.
«Дизайн теориясы және тарихы» пәні бойынша емтихан сұрақтары:
1. Дизайн және оның қазіргі қоғамдағы рөлі. Заманауи дизайнның түрлері
мен бағыттары.
2. Дизайнның тоқталу тарихы мен эволюциясы (дүниежүзілік және
отандық тәжірибе).
3. Белгілі Қазақстандық графиктер және олардың жұмыстары.
4. Дизайн және жарнама. Жарнама тарихы.
5.
XIX ғасыр аяғы: афишалар және жариялар, негізгі жарнама
тасушылар, плакат жарнамалық қызметтің жаңа түрі есебінде.
6. Графикалық дизайн туындысының өнер туындысынан айырмашылығы.
7. 40-60 жылдарғы КСРО-дағы графикалық дизайн.
8. Әлеуметтік
плакатқа қойылатын негізгі талаптар. Әлеуметтік
жарнаманың қазіргі қоғамдағы рөлі мен орыны.
9. Визуалдық коммуникациялар.
10. Графикалық фирмалық стиль. Бренд.
11. Дизайн мен жарнаманың өзара байланысы.
12. Жарнама тарихы және өндірістік графика.
13. Фирмалық стиль түсінігі. Шрифт.
14. Графикалық дизайн құралдары.
15. Әлеуметтік плакат.
16. Графикалық дизайн жобалық мәдениет бөлігі түрінде. «Графикалық
дизайн» түсінігінің анықтамасы.
17. Заманауи дизайн-графиканың түрлері мен жанрлары (функциональдық
ерекшеліктері визуалдық коммуникация құралы түріндегі қолданыс
жағдайы және тиімділігі).
18. Графикалық дизайнның міндеттері мен негізгі көркем құралдары
(графика, типографика, фотографика).
19. Шрифт типографиканың негізі есебінде (классификация, шрифтілерге
қойылатын талаптар).
20. Тауарлық белгі дизайн-жобаның объектісі және корпоративтік
идентификация негізі түрінде.
21. ХIХ ғ.екінші жпартысы – ХХ ғ. басындағы Батыс Еуропадағы сауда-
өндірістік жарнаманың даму жағдайы. Франциядағы плакат шеберлері.
22. ХIХ ғ. Еуропадағы халықаралық өндірістік көрмелер – жалпы
сипаттама.
23. Баухауз – индустриалдық сәулет пен бұйымдарды өнеркәсіптік
өндіруге бағытталған мамандарды дайындайтын мектеп.
24. ВХУТЕМАС (ВХУТЕИН) мектебінің құрылуы және онда мамандар
дайындау ісі.
25. Заманауи баспа түрлері, оларды жарнамада қолдану. Жарнамалық
өнімдерді дайындауға арналған заманауи баспа технологиялары.
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Глазычев В.Л. Дизайн как он есть. – М., Европа, 2006.
2. Дайксель А., К. Брандмейер, Э. Глинтерник. Товарный знак в Европе и
в России. Вопросы теории и истории. – CПб.: Славия. – 2002.- 128 б.
3. Лаврентьев А. История дизайна. Учебное пособие по истории. М.:
2006. – 303 б.
4. Назаров Ю. В. Постсоветский дизайн (1987 – 2002). – М., 2002. - 416 б.
5. Папанек В. Дизайн для реального мира /Пер. с англ.– М., Издатель
Д.Аронов. - 2008. – 416 б.;
6. Хрестоматия по дизайну. Тюмень: Институт дизайна, 2005. – 1056 б.
Энциклопедические и справочные издания
7. Азрикан Д.А., Антонов Р.О. и др. Основные термины дизайна.
Краткий словарь- справочник. – М.,1989.
8. Капр А. Эстетика искусства шрифта. Тезисы и маргиналии.– М.:1979.–
108 б.
9. Книжное искусство СССР. Т. I – Иллюстраторы книги. – М.:1983; Т. II.
– Оформление, конструирование, шрифт. – М.:1990.
10. Кричевский В. Г. Типографика в терминах и образах. Т.1-2.- М.: 2000.
- Т.1-144 с.; Т.2 - 158 б.
11. Ляхов В. Н. Советский рекламный плакат и рекламная графика.1933–
1973.– М.:1977.– 183 б.
12. Шпикерман Э. О шрифте. Пер. с англ. – М., ПараТайп, 2005. – 192 б.
Журналы
13. Greatis: графикалық дизайн мен жарнама бойынша халықаралық
журнал - М., 1992.
14. Мир дизайна. – СПб. - 1995 – 2000.
15. Просто design. Графикалық дизайнға байланысты журнал. - СПб.,
2001 (шығарылым жалғасуда)
16. Identity. Брендинг және дизайн туралы журнал. – М., 2004.-
(шығарылым жалғасуда)
2. «Жобалау» пәні
«Жобалау қызметін ұйымдастыру» дизайнның негізгі түсініктерін,
оның заманауи бұқаралық ақпараттар кешеніндегі орыны мен рөлін
зерттеуде маңызды пәндердің бірі болып табылады.
Болашақ магистрант көркем жобалау негіздерін білуі, дизайн
объектілерін қабылдау психологиясының негіздерін түсінетін болуы, дизайн
функционалдық кешені элементтерінің өзара қатынасын түсінетін болуы
қажет. Маман дизайн-жобаның нақты мәселелерін шешетін шамалы болуы
керек, бұл үшін ол стильдерді жақсы білуі тиіс. Графикалық дизайн
саласының маманына дизайнның кез келген объектілерін берілген
параметрлер бойынша талдау, дамудың өзекті тенденцияларын анықтап,
дизайндағы өзгерістерді болжай білу машықтары қажет.
Бағдарлама келесі принциптерге негізделіп жасалған:
- теориялық материалды оптимальды түрде пайдалану;
-
дизайн
және
коммуникация
құралдары
саласының
заманауи
тенденцияларына сәйкестік;
- дизайн, оның әдістері мен концепциялары, даму ерекшеліктері мен әртүрлі
жағдайларда қызмет етуі туралы түсінік; жаңа ақпараттық технологиялар
мүмкіндіктері және оларды дизайнда қолдану жолдары туралы түсінік.
Магистратураға түсуші мыналарды білуі және жасай білуі керек;
- әр түрлі дизайн объектілерін жасауда құралдарды таңдай білу;
- қабылданған білімді практикалық қызметте қолдану.
Дизайн, оның әдістері мен концепциялары, даму ерекшеліктері мен әртүрлі
жағдайларда қызмет етуі, жаңа ақпараттық технологиялар мүмкіндіктері
және оларды дизайнда қолдану жолдары туралы түсінікті болуы қажет.
«Жобалау» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1. Пиктограмманың қалалық ортадағы қызметі
2. «Пиктограмма» жасаудың ерекшеліктері мен әдістемесі
3. Фирмалық белгілер түрлері және оларды жасаудың тәсілдері
4. Корпоративтік стилдің құрылымдық элементтері
5. Жарнамалық плакаттың негізгі сипаттамалары
6. Графикалық кешендерді жасау ерекшеліктері
7. Жарнама классификациясы және объектілері
8. Жарнамалық қондырғылар өндіру технологиясы
9. Жарнамалық концепция жасау ерекшеліктері
10. Ақпараттық-графикалық кешен элементтері құрылымы
11. Фирмалық белгіге қойылатын функционалдық-эстетикалық талаптар
12. Фирмалық стиль құрылымдық элементтері
13. Логотип және оның фирмалық стиль жасаудағы рөлі
14. Жарнамалық конструкциялар жобалаудың ерекшеліктері
15. Әлеуметтік жарнама жасау ерекшелігі
16. Сыртқы жарнама элементтері және олардың технологиялық
сипаттамалары
17. «Иконикалық белгілер» жасаудың ерекшеліктері
18. Жарнамалық графикадағы жаңа технологиялар
19. Фирмалық стиль элементтерінің құрылымы мен классификациясы
20. Жарнамалық буклет жасау технологиясы
21. Жарнама түрлері және оны қолдану саласы
22. Фирмалық белгіге қойылатын негізгі талаптар
23. Пиктограмма жасау ерекшеліктері
24. Жарнамалық плакат элементтері құрылымы және классификациясы
25. «Дизайн-концепция» түсінігі, қалыптастыру тәсілдері, заманауи
технологиялар әсері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Лакшми Бхаскаран. Дизайн и время, пер. с англ. И.Д.Голыбиной. – М.:
АРТ-РОДНИК, 2006
2. Кларк П. Дизайн, пер. с англ. А. Броновицкой. – М.: АСТ: Астрель,
2003
3. Розенсон И.А. Основы теории дизайна. - СПб.: Питер, 2006.
4. Ковешникова Н.А. Дизайн: история и теория. - М.: Изд-во Омега-Л,
2006
5. Бове Аренс. Современная реклама. М. 2000.
6. Ильин Р. Изобразительные ресурсы экрана. - М.: Искусство, 1973
7. Мейлах Б.С. Проблемы творчества и художественное восприятие. - М.:
Искусство, 1966
8. Нечай О.Ф. Ракурсы. О телевизионной коммуникации и эстетике. - М.:
Искусство, 1990
9. Самохин В.Н. Эстетическое восприятие. Вопросы методологии и
критики. - М.: Мысль, 1985
10. Арнхейм Р. Искусство и визуальное восприятие, пер. с англ., - М.:
Прогресс, 1974
11. Батра Р., Майерс Д., Аакер Д. Рекламный менеджмент. - М. – 2000
12. Викентьев И. Л. Приемы рекламы и паблик рилейшнз. СПб., 2001
3. «Компьютерлік графика» пәні
«Компьютерлік графика» тұлғаның кәсіби қызметтегі қажеттілігін,
қоғамның білікті мамандардағы, және сонымен қатар ғылым, техника әрі
мәдениеттің барлық салаларында ғылыми зерттеулер жүргізу және оқыту
жолымен білімнің, ғылымның және мәдениеттің дамуындағы қажеттіліктерін
етуге бағытталған практикалық пән болып табылады.
Болашақ магистрант білуі қажет: компьютерлік графика негіздерін,
компьютерлік графиканың бағдарламалық құралдарын, түс көрсету
негіздерін, графикалық форматтарды және олардың құрылымын, графикалық
ақпаратты енгізу/шығару құрылғысын, олардың сипаттамалары мен
реттелуін, растрлау әдістерін, растрлық бейнелерді түрлендіру әдістерін;
компьютерлік дизайн, бейнелерді тұрғызу және талдау негіздерін;
композиция, пропорция және перспектива негіздерін; растрлық және
векторлық графикамен жұмыс істеу, бейнелерді өңдеу және түзеу әдістерін;
графикалық дизайн техникаларын елестетуді, графикалық жобаларды
дайындауды, компьютерлік шрифтілер дайындау негіздерін, фирмалық стиль
жасау әдістерін.
Жасай білуі: күрделі графикалық бейнелерді талдау, растрлық,
векторлық бейнелер мен шрифтілер сапасын бағалау, компьютерлік
графиканың бағдарламалық құралдарын графикалық дизайн элементтерін
жасауда және растрлық әрі векторлық бейнелерді өңдеуде қолдану,
графикалық жобалар мен фирмалық стиль элементтерін жасау.
Машықты болуы: графикалық ақпаратты өңдеудің; растрлық
бейнелерді түзеудің, жөндеудің; Adobe Photoshop және Adobe Illustrator-да
құралдар панелімен, каналдармен, қабаттармен, палитрамен және негізгі
фильтрлермен
жұмыс
істеудің;
күрделі
графикалық
бейнелердің
композициялық талдауының, бейнелердің баспа алдындағы дайындығының,
графикалық ақпаратты енгізу/шығарудың, түс реттеудің.
Түсінігі болуы керек: дизайн мен компьютерлік графиканың заманауи
концепциялары туралы, дизайн, шрифтінің даму тарихы мен олармен жұмыс
істеудің техникалық және бағдарламалық құралдары туралы.
«Компьютерлік графика» пәні бойынша емтихан сұрақтары
1. Векторлық және растрлық графикалардың негізгі айырмашылықтары
2. Corel Draw бағдарламасының ерекшеліктері және қолдану саласы
3. Adobe Photoshop бағдарламасының ерекшеліктері және қолдану саласы
4. 3D-анимация, объектілерді 3D-моделдеу және 3D-визуализация
бағдарламаларының жұмыс істеу принциптері
5. Растрлық графика форматтары
6. Adobe Photoshop растрлық редакторының интерфейсі
7. Компьютерлік графикадағы түстік моделдер
8. Векторлық графикамен жұмыс істеу құралдары. Adobe Illustrator
векторлық редакторы
9. Растрлық және векторлық графиканың негізгі түсініктері. Бейнені
көрсету әртүрлі тәсілдерінің артықшылықтары мен кемшіліктері
10. Растрлық бейнелердің параметрлері. Шамасы. Түстің тереңдігі. Реңдік
диапазон
11. Графиканы өңдеуді қамтамасыз ететін заманауи бағдарламалар
классификациясы
12. Графикалық файлдар форматтары
13. Негізгі түстік моделдер
14. Компьютерлік графиканың аппараттық құралдары
15. Corel Draw графикалық редакторында көркем эффектілер жасау.
Эффектілер түрлері және оларды жасаудың құралдары
16. Corel Draw графикалық редакторында объектілерді өзгерту және
манипуляциялау. Түрлендіру түрлері.
17. Adobe Photoshop графикалық редакторында мәтінмен жұмыс істеу.
Мәтін қалыптастыру құралдары және оларды реттеудің негізгі түрлері
18. Фильтрлер. Фильтрлер топтары және олардың сипаттамалары. Adobe
Photoshop графикалық редакторында фильтрлермен жұмыс істеу.
19. Қабаттар.
Қабаттар палитрасы. Adobe Photoshop графикалық
редакторында қабаттармен жұмыс істейтін операциялар.
20. Corel Draw редакторында графикалық примитивтер жасау тәсілдері.
Графикалық объектілер жасау құралдарымен жұмыс істеу ерекшеліктері
және олардың негізгі қасиеттері
21. Adobe Photoshop растрлық редакторында дұрыс геометриялық
пішіндер, еркін пішіндер және түске негізделген пішіндер аумағын
ерекшелеу тәсілдері
22. Adobe Photoshop графикалық редакторындағы маскалар мен каналдар.
Маскалар жасау тәсілдері
23. Adobe Photoshop редакторында маскаларды редакторлау операциялары
24. Corel Draw графикалық редакторында контурлар жасау тәсілдері
25. Графикалық редакторларда түспен жұмыс істеу. Бояу түрлері
Ұсынылатын әдебиеттер:
1. Порев В.Н. Компьютерная графика. –СПБ.: БХВ-Петербург, 2002.
2. Боресков А.В., Шикин А.В., Шикина Г.Е. Компьютерная графика:
первое знакомство М.: Финансы и статистика.. 1996. –176 б.
3. Корриган Дж. Компьютерная графика: секреты и решения: Пер с англ. –
М.: Энтроп, 1995. -352 б.
4. Хирн Д., Бейкер М. Микрокомпьютерная графика: Пер с англ. – М.:
Мир, 1987. -352 б.
5. Тихомиров Ю. Программирование трехмерной графики. - СПб.: БХВ –
Санкт-Петербург, 1999. – 256 б.
6. Шикин А.В., Боресков А.В. Компьютерная графика. Полигональные
модели. – М.:Диалог-МИФИ. 2001. –464б.
7. Иванов В.П., Батраков А.С. Трехмерная компьютерная графика. М.:
Радио исвязь, 1995. - 224 б.
8. Корриган Дж. Компьютерная графика. Секреты и решения. -М., 1995.
9. Мак Клелланд Д. PhotoShop. Библия пользователя. -М., 2000.
10. Николь Н., Альбрехт Р. Графический редактор CorelDraw. -М., 1994.
11. Петров М. Эффективная работа в PhotoShop CS. -М., 2003.
12. Потапкин А.В.,КучвальскийД.Ф. 3D Studio MAX: Практическое
пособие. – М.:Эком, 1997. – 480б.
13. Соловьева В.В. Компьютерная графика для художников и дизайнеров.
Первое знакомство, -Нальчик, 1997. -19 б.
14. Соловьева В.В., Черкез Г.Б. Компьютерная графика для художников и
дизайнеров. История компьютергной графики. -Нальчик, 1999. - 24 б.
15. Соловьева В.В. Компьютерная графика для художников и дизайнеров.
Введение в компьютерную графику. -Нальчик, 2004. -16 б.
Достарыңызбен бөлісу: |