3
I Экономиканың сыртқы және ішкі даму шарттары
1 Қазақстан Республикасының 2016 – 2017 жылдары әлеуметтік-
экономикалық дамудың негізгі үрдістері
2016 жылы сұраныс пен инвестициялық шығыстардың әлсіз
серпінімен, инфляцияның төмен қарқынымен және жұмыссыздық деңгейінің
артуымен сипатталатын әлемдік экономиканың елеусіз өсу қарқыны әлемнің
көптеген экономикаларына кері әсерін тигізді.
2016 жыл Қазақстанның экономикасына да елеулі сын-қатерлер жылы
болды.
Бірінші кезекте, бұл сыртқы факторлардың әсері: 2016 жылғы
қаңтардағы мұнайдың әлемдік бағаларының 27,7 АҚШ долларына дейін
рекордтық төмен мәндеріне жеткен жоғары құбылмашылығы, әлемдік металл
бағаларының және экспорттық өнімдерге сұраныстың, ең алдымен, Ресей
және Қытай тарапынан сұраныстың төмендеуі. 2016 жылы Brent маркалы
мұнайының әлемдік бағасы бір жылда орташа есеппен бір баррельге
44,1 АҚШ долларын құрады.
Екінші жағынан, ішкі мәселелер: өнеркәсіп өндірісі көлемінің
төмендеуі, ішкі бағалардың өсуіне әкеп соқтырған ұлттық валютаның
айырбас бағамының 2015 жылғы тамызда түзетілуі.
2016 жылы экономиканың өсу серпіні тұрақты болған жоқ. 2016 жылғы
бес ай ішінде экономиканың өсу қарқынының құлдырауынан кейін
маусымнан бастап экономиканың оң өсімі байқалды. 2016 жылдың
қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің (бұдан әрі – ЖІӨ) өсуі 1,1 %
құрады, бұл экономиканың жаңа макроэкономикалық жағдайға біртіндеп
бейімделгенін айғақтап отыр.
Құрылыс секторы – 7,4 %, ауыл шаруашылығы – 5,4 %, көлік саласы –
3,5 % озық серпінін көрсетті.
2016 жылдың соңғы айларында жағдайдың жақсаруына қарамастан,
тау-кен өндіру өнеркәсібі өндірісінің 2,2 %-ға төмендеуі есебінен
өнеркәсіптік өндірістің көлемі 0,4 %-ға төмендеді. Өңдеу өнеркәсібі 1,8 %-ға
өсті.
Экономикада тауарлар өндірісінің үлесі – 36,6 %, қызмет көрсету
өндірісінің үлесі – 57,8 % құрады.
Экономиканың негізгі өсу факторларының бірі инвестициялық
белсенділікті арттыру болды. Негізгі капиталға инвестициялар көлемі 5,1 %-
ға 7,7 трлн. теңгеге дейін өсті. Бұл ретте инвестициялардың ең көп өсуі: ауыл
шаруашылығында – 46,7 %-ға, тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 14,8 %-ға және
саудада – 10,3 %-ға байқалады.
2016
жылы
елдің
экономикалық
дамуына
«Нұрлы
жол»
инфрақұрылымды дамытудың 2015 – 2019 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы (бұдан әрі – «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы) және
Қазақстан Республикасы Үкіметінің (бұдан әрі – Үкімет) және Қазақстан
Республикасы
Ұлттық
банкінің
(бұдан
әрі
–
Ұлттық
Банк)
2016 – 2018
жылдарға
арналған
экономикалық
және
әлеуметтік
4
тұрақтылықты қамтамасыз ету жөніндегі дағдарысқа қарсы іс-қимыл
жоспары шеңберінде қабылданған шаралар оң ықпал етті.
Елдің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз етудегі негізгі жетістік,
оның тапшылығын азайту. 2016 жылы оның ЖІӨ-ге қатысты мөлшері
1,6 %-ды құрады, 2015 жылмен салыстырғанда 171,0 млрд. теңгеге аз.
Мемлекеттік борыш ЖІӨ-нің 26,0 %-нан асқан жоқ, Қазақстан
Республикасының Ұлттық қорынан (бұдан әрі –Ұлттық қор) кепілдендірілген
трансферт 2110,0 млрд. теңгені құрады, бұл жоспарланған сомадан
369,7 млрд. теңгеге аз.
Жалпы, 2016 жылы макроэкономикалық көрсеткіштердің жақсаруы,
сондай-ақ, мұнайға экспорттық кеден бажының үдемелі мөлшерлемесін
енгізу республикалық бюджет табыстарының артығымен орындауына әсерін
тигізді, олардың көлемі 7662,2 млрд. теңгені құрады, бұл 2015 жылға
қарағанда 24,9 %-ға артық. Табыстар құрылымында салықтық түсімдер үлесі
2015 жылмен салыстырғанда 2,0 %-ға ұлғайды және 56,0 % құрады.
Шығыстар 2015 жылға қарағанда 1338,0 млрд. теңгеге артық
жұмсалған. Республикалық бюджеттің шығыс бөлігінің атқарылуы 98,2 %
құрады.
Сыртқы сауда серпінінде жақсару байқалды. Сыртқы сауда айналымы
2016 жылдың 1-жартыжылдығында 30,4 млрд. АҚШ долларына қарағанда
2016 жылы 62,0 млрд. АҚШ долларын құрады. Сыртқы сауда балансының оң
сальдосы 11,6 млрд. АҚШ долларын құрады.
2016 жылы экономиканы кредиттеудің тұрақсыз серпіні байқалады,
бірақ, сонымен қатар, бір жыл ішінде екінші деңгейдегі банктердің
экономика саласындағы кредиттері заңды тұлғаларға берілген кредиттердің
1,9 %-ға 8668,5 млрд. теңгеге дейін өсуінен 0,3 %-ға өсіп, 12708,3 млрд.
теңгені құрады.
Депозиттер 13,7 %-ға өсіп, 18163,8 млрд. теңгеге, оның ішінде жеке
тұлғалардың депозиттері – 15,4 %-ға 7837,1 млрд. теңгеге дейін
жетті.
Ұлттық валютадағы депозиттердің үлесі 31 %-дан 45,4 %-ға дейін өсті.
Елдің халықаралық резервтері 2017 жылғы 1 қаңтардағы жағдай
бойынша 90,7 млрд. АҚШ долл. құрады және бір жыл ішінде 0,6 %-ға
қысқарды, оның ішінде Қазақстан Республикасы Ұлттық қорының (бұдан әрі
– Ұлттық қор) шетел валютасындағы активтері 2016 жылдың басынан бері
3,4 %-ға 61,2 млрд. АҚШ долларына дейін төмендеді. Ұлттық Банктің алтын-
валюта активтері 29,5 млрд. АҚШ долларын құрап, 6,0%-ға өсті.
Жылдың қорытындысы бойынша инфляция 8,5 %-ды құрады, бұл
2015 жылдың қорытындыларынан 5,1 пайыздық тармаққа төмен. Инфляцияға
салынған негізгі үлес – 3,6 пайыздық тармақ азық-түлік тауарларының 9,7 %-
ға қымбаттауына алып келді. Азық-түлік емес тауарлардың бағалары 9,5 %-ға
(үлесі – 3,0 пайыздық тармақ), ақылы қызметтер – 6,1 %-ға (үлесі –
1,9 пайыздық тармақ) өсті. Жұмыссыздық деңгейі 5,0 %-ды құрады.
Орташа айлық номиналды жалақы 142,4 мың теңгені құрады және
номиналды мәнінде 13,6 %-ға ұлғайды, нақты мәнінде – 0,9 %-ға төмендеді.
Ағымдағы жылы сыртқы жағдайлардың жақсаруын ескере отырып,