Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №78 қаулысы



жүктеу 468,69 Kb.
бет3/6
Дата04.12.2017
өлшемі468,69 Kb.
#3142
1   2   3   4   5   6
    Навигация по данной странице:
  • Өтiнiш

3. Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың,
облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы
органдарының, сондай-ақ көрсетілетін қызметті берушілердің және
(немесе) олардың лауазымды адамдарының мемлекеттік қызмет
көрсету мәселелері бойынша әрекеттеріне (әрекетсіздіктеріне),
шешімдеріне шағымдану тәртібі


      11. Көрсетілетін қызметті берушінің лауазымды адамдарының әрекеттерiне (әрекетсiздiгiне) шағымдану тәртiбiн түсіндіруді, сондай-ақ шағымды дайындауға жәрдем көрсетуді көрсетілетін қызметті берушінің заң қызметiнiң мамандары жүзеге асырады.
      Шағымдану тәртібі туралы ақпаратты мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы алуға болады.
      Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген немесе дұрыс қызмет көрсетілмеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының таңдауы бойынша шағым тиісті әкімінің атына:
      1) жұмыс кестесіне сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне;
      2) тиісті көрсетілетін қызметті берушінің интернет-ресурсында орналасқан әкімнің блогына жүгіну арқылы беріледі.
      Шағым онда көтерілген мәселелерді шешу құзыретіне кіретін лауазымды адамның атына беріледі.
      Шағымда көрсетілетін қызметті алушының тегі, аты, әкесінің аты (жеке басын куәландыратын құжатта бар болса), пошталық мекенжайы, шағым берген күні және көрсетілетін қызметті алушының қолы көрсетіледі.
      Шағым берген кезде әрекетіне немесе әрекетсіздігіне шағым берілетін лауазымды адамдардың лауазымы, тегі мен аты-жөні, өтініш білдіру себептері және талаптары көрсетіледі.
      Шағым көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіне берілген кезде көрсетілетін қызметті алушыға күнi мен уақыты, шағымды қабылдаған лауазымды адамның тегi мен аты-жөнi көрсетiлген талонды беру – шағымның қабылданғанын растау болып табылады. Шағымның қаралу барысы туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесіндегі лауазымды адамдардан алуға болады.
      Шағымды портал арқылы жіберген кезде оның қаралу барысы (жеткізілгені, тіркелгені, орындалуы, қаралу нәтижесі туралы белгі) туралы ақпарат көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» қолжетімді болады.
      Тиісті әкімінің немесе көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      Көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағымдануына болады.
      Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы оны тіркеген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде қаралуға тиіс.
      12. Көрсетiлген мемлекеттiк қызмет нәтижелерiмен келiспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушының Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен сотқа жүгiнуге құқығы бар.

4. Мемлекеттік қызмет көрсетудің, оның ішінде электрондық нысан
арқылы көрсетілетін қызметтің ерекшеліктерін ескере отырып,
қойылатын өзге талаптар


      13. Мемлекеттік қызметті көрсету орнының мекенжайы Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында орналасқан.
      14. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы болған жағдайда, мемлекеттік көрсетілетін қызметті портал арқылы электрондық нысанда алу мүмкіндігі бар.
      15. Көрсетілетін қызметті алушының порталдың «жеке кабинеті», сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі және мәртебесі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
      16. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет туралы ақпарат мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығының 1414 телефоны арқылы ұсынылуы мүмкін.

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру     
(формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) 
өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды)      
аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану 
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына    
1-қосымша                    

_____________________________________________________________________
(лицензиардың толық атауы)
_____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның толық атауы немесе жеке тұлғаның тегі, аты, әкесiнiң
аты
_____________________________________________________________________
(болған кезде))
_____________________________________________________________________
(бизнес сәйкестендіру нөмірі/жеке сәйкестендіру нөмірі)

Өтiнiш


_____________________________________________________________________
         (қызметтiң түрi және (немесе) кiшi түрi көрсетiлсiн)
_____________________________________________________________________
_____________________________________ бойынша қызметті жүзеге асыруға

арналған лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша беруді,
лицензияны қайта және (немесе) лицензияға қосымша ресімдеуді,
лицензияның телнұсқасын және (немесе) лицензияға қосымшаны беруді
сұраймын (қажетінің астын сызу керек)
      Мекенжайы _____________________________________________________
                 (индексi, қала, аудан, облыс, телефон, факс, е-mail)
_____________________________________________________________________

      Банк шоты _____________________________________________________
                   (шот нөмiрi, банктiң атауы және орналасқан жерi,
                                телефон, факс, е-mail)

      Филиалдары (өкiлдiктерi, объектiлерi, пункттерi, учаскелерi)
_____________________________________________________________________
                  (орналасқан жерi және деректемелерi)

      Қоса берiлетін құжаттар: ______________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________

Басшы __________   __________________________________________________
        (қолы)                           (Т.А.Ә.)

Мөр орны 20__ жылғы _____________________________________

Өтiнiш   20__ жылғы __________________ қарауға қабылданды

_____________________________________________________________________
                  (жауапты адамның қолы, Т.А.Ә.)

«Пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру     
(формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) 
өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды)      
аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану 
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензияны беру,
қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру»   
мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына    
2-қосымша                    

жүктеу 468,69 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау