|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 ақпандағы №78 қаулысы
|
бет | 2/6 | Дата | 04.12.2017 | өлшемі | 468,69 Kb. | | #3142 |
| «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау),
пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы
химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану
жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта
ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» мемлекеттiк
көрсетілетін қызмет стандарты 1. Жалпы ережелер
1. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет – «Пестицидтердi (улы химикаттарды) өндiру (формуляциялау), пестицидтердi (улы химикаттарды) өткiзу, пестицидтердi (улы химикаттарды) аэрозольдiк және фумигациялық тәсiлдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия беру, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасын беру» (бұдан әрі – мемлекеттік көрсетілетін қызмет).
2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) әзірледі.
3. Мемлекеттiк көрсетілетін қызметті облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергiлiктi атқарушы органдары (бұдан әрi – көрсетілетін қызметті беруші) көрсетеді, оның ішінде «электрондық үкіметтің» www.e.gov.kz веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы көрсетіледі.
2. Мемлекеттiк қызметтi көрсету тәртiбi
4. Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімдері:
1) көрсетілетін қызметті берушіге құжаттардың топтамасын тапсыру сәтінен бастап:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 15 (он бес) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күн;
құжаттардың топтамасын тапсыру үшін күтудің рұқсат етілетін ең ұзақ уақыты – 30 (отыз) минут;
қызмет көрсетудің ең ұзақ жол берілетін уақыты – 30 (отыз) минут.
2) порталға жүгінген сәттен бастап:
лицензияны және лицензияға қосымшаны беру үшін – 10 (он) жұмыс күні;
лицензияны қайта ресімдеу үшін – 7 (жеті) жұмыс күні;
лицензияның телнұсқасын беру үшін – 2 (екі) жұмыс күні.
Көрсетілетін қызметті беруші көрсетілетін қызметті алушы қажетті құжаттарды тапсырған сәттен бастап екі жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексередi. Ұсынылған құжаттардың толық болмауы фактілері анықталған жағдайда, көрсетілетін қызметті беруші көрсетілген мерзімде өтінішті одан әрі қараудан жазбаша дәлелді түрде бас тартады.
5. Мемлекеттiк қызметтi көрсету нысаны: электрондық (ішінара автоматтандырылған) және (немесе) қағаз түрінде.
6. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі – пестицидтерді (улы химикаттарды) өндіру (формуляциялау), пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізу, пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметті жүзеге асыруға лицензия, қайта ресімдеу, лицензияның телнұсқасы не осы мемлекеттiк көрсетілетін қызмет стандартының 10-тармағында көзделген жағдайларда және негіздер бойынша көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті лауазымды адамының электрондық цифрлық қолтаңбасымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылған электрондық құжат нысанындағы мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауабы.
Лицензияны қағаз жеткізгіште алуға көрсетілетін қызметті берушіге жүгінген жағдайда лицензия электрондық форматта ресімделеді, басып шығарылады, мөр басылады және оған көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қол қояды.
7. Мемлекеттік қызметті көрсету ақылы негізде жүзеге асырылады. Мемлекеттік қызмет көрсетілген кезде бюджетке жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін лицензиялық алым төленеді.
1) осы қызмет түрімен айналысу құқығына лицензия беру кезінде лицензиялық алым 40 айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі – AЕК) құрайды;
2) лицензияларды қайта ресімдегені үшін лицензиялық алым лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 10 пайызын құрайды, бірақ 4 АЕК-тен аспайды;
3) лицензияның телнұсқасын бергені үшін лицензиялық алым - лицензия беру кезіндегі мөлшерлемесінің 100 пайызы.
Лицензиялық алымды төлеу бюджеттік жіктеуіш коды – 105402, төлемді тағайындау коды – 911 деректемелері бойынша екінші деңгейдегі банктер және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдар арқылы жүзеге асырылады.
Портал арқылы лицензия алуға электрондық сұрау салу берілген жағдайда төлем «электрондық үкіметтің» төлем шлюзі (бұдан әрі – ЭҮТШ) арқылы жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті алушының порталдағы «жеке кабинетіне» лицензиялық алымның төленгені туралы электрондық чек жіберіледі. Төлем туралы ақпарат көрсетілетін қызметтерге төлем жасау тарихында сақталады.
8. Жұмыс кестесі:
1) көрсетілетін қызметті берушіде – Министрліктің www.minagri.gov.kz интернет-ресурсында көрсетілген жұмыс кестесіне сәйкес пошта немесе көрсетілетін қызметті берушінің мекенжайлары бойынша құжаттарды қабылдау. Қабылдау алдын ала жазылусыз және жеделдетілген қызмет көрсетусіз кезек тәртібімен жүзеге асырылады;
2) порталда – тәулік бойы (жөндеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты техникалық үзілістерді қоспағанда).
9. Мемлекеттік қызметті көрсету үшін көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) жүгінген кезде ұсынатын қажетті құжаттардың тізбесі:
көрсетілетін қызметті берушіге:
1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
көрсетілетін қызметті алушының өкілі жүгінген кезде – сәйкестендіру үшін көрсетілетін қызмет алушының уәкілетті өкілінің жеке басын куәландыратын құжат және өкілдік етуге өкілеттілікті куәландыратын құжат;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны.
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариат куәландырған көшірмесі);
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
Лицензияны және (немесе) лицензияға қосымша жоғалған, бүлінген кезде көрсетілетін қызметті алушы лицензия туралы мәліметтерді порталдағы тиісті ақпараттық жүйелерден алу мүмкіндігі болмаған жағдайда ғана лицензияның телнұсқасын алу үшін мынадай құжаттарды ұсына отырып, көрсетілетін қызметті берушіге жүгінеді:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтініш;
жекелеген қызмет түрлерімен айналысу құқығы үшін бюджетке лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың көшірмесі (салыстырып тексеру үшiн түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда нотариат куәландырған көшірмесі).
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі лицензияның мәліметтерін көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
Мемлекеттік ақпараттық жүйелердегі көрсетілетін қызметті алушының жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін, дара кәсiпкерді мемлекеттiк тiркеу, заңды тұлғаны мемлекеттiк тiркеу (қайта тіркеу) туралы мәліметтерді, ЭҮТШ арқылы бюджетке лицензиялық алымның төленгені туралы ақпаратты көрсетілетін қызметті беруші портал арқылы уәкілетті лауазымды адамның ЭЦҚ-сымен куәландырылған электронды құжат нысанында алады.
«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне заңды тұлғаларды мемлекеттік тіркеу және филиалдар мен өкілдіктерді есептік тіркеу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2012 жылғы 24 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы қолданысқа енгізілгенге дейін берілген заңды тұлғаны (филиалдар мен өкілдіктерді) мемлекеттік (есептік) тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлік заңды тұлғаның қызметі тоқтатылғанға дейін жарамды болып табылады.
Егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, көрсетілетін қызмет беруші заңмен қорғалатын құпияны құрайтын, ақпараттық жүйелердегі мәліметтерді мемлекеттік қызметті көрсету кезінде пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алуға міндетті.
Көрсетілетін қызметті алушыға:
құжаттарды қабылдау нөмірі мен күні;
сұратылатын мемлекеттік көрсетілетін қызмет түрі;
қоса берілген құжаттардың саны мен атаулары;
мемлекеттік көрсетілетін қызметті алатын күні (уақыты) және құжаттар беру орны;
көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдаған жауапты лауазымды адамының тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген, тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат беріледі.
Порталда:
1) лицензияны және лицензияға қосымшаны алу үшiн:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
2) лицензиясы бар қызмет түрi шеңберiнде лицензияға қосымшаны алу үшiн:
көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 2-қосымшаға сәйкес мәліметтер нысаны;
3) лицензияны және (немесе) лицензияға қосымшаны қайта ресiмдеу үшiн:
көрсетілген қызметті алушының ЭЦҚ-сымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электрондық көшірмесі;
4) лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқасын алу үшін:
көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-сы мен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
ЭҮТШ арқылы төленген жағдайларды қоспағанда, лицензиялық алымның төленгенін растайтын құжаттың электронды көшірмесі.
Портал арқылы жүгінген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетінде» мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін алу мерзімі көрсетілген, мемлекеттік қызмет көрсетілуі үшін сұрау салудың қабылданғаны туралы мәртебе көрсетіледі.
10. Мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
1) осы субъектiлер санаты үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында тыйым салынған қызмет түрiмен айналысу;
2) көрсетілетін қызмет түрiне лицензия беруге өтiнiш берiлген жағдайда, жеке қызмет түрiмен айналысу құқығы үшiн лицензиялық алымның төленбеуi;
3) көрсетілетін қызметті алушының бiлiктiлiк талаптарына сәйкес болмауы;
4) көрсетілетін қызметті алушыға лицензияны берудің келісуші мемлекеттiк органмен келiсiлмеуi;
5) көрсетілетін қызметті алушыға қатысты оған жеке қызмет түрлерiмен айналысуға тыйым салатын заңды күшiне енген сот үкiмiнiң болуы;
6) сот орындаушысы ұсынысының негiзiнде соттың көрсетілетін қызметті алушыға лицензия алуға тыйым салуы.
Достарыңызбен бөлісу: |
|
|