«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің



жүктеу 172,77 Kb.
Дата20.05.2018
өлшемі172,77 Kb.
#14944
түріКонкурс


«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың

қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы

бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің

«Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға

мемлекеттік қызметкерлердің арасында ішкі конкурс өткізу туралы

хабарландыру

Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-О-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі бір жарым жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе В-5, С-5, C-O-5, C-R-3, D-5, D-O-5, Е-4, E-R-3 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі екі жарым жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық немесе қалалық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жарым жылдан кем емес;  жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

С-О-5 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-O-6, C-R-4, D-O-6, Е-5, E-R-4, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың кіші басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес; жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

С-R-1 санаты үшін: жоғары білім;мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, стратегиялық ойлау, көшбасшылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі үш жылдан немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес; мемлекеттік қызмет өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың орта басшы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес; осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде басшылық лауазымдарда бір жылдан кем емес; жоғары оқу орындарынан кейінгі оқу бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.

С-R-4 санаты үшін: жоғары білім; мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік; жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс: мемлекеттік қызмет өтілі мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе C-R-5, E-R-5, E-G-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда немесе «А» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарында не саяси лауазымдарда бір жылдан кем емес;  мемлекеттік қызмет өтілі орталық, облыстық, қалалық немесе аудандық деңгейдегі құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдардың қатардағы құрамындағы лауазымдарда екі жылдан кем емес;  осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда жұмыс өтілі екі жылдан кем емес;  жоғары немесе жоғары оқу орындарынан кейінгі білім бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарында мемлекеттік тапсырыс негізінде немесе шетелдің жоғары оқу орындарында Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссия бекітетін басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтауы.





"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 30 желтоқсанында № 12639 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы



Санат

Еңбек сіңірген жылдарына байланысты

min

max

C-О-4

109932

148242

С-О-5

83282

112431

C-R-1

109548

192382

C-R-4

73288

99106


«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» ММ, Тараз қаласы, Абай көшесі 143, анықтама үшін телефон: 8(7262) 999137, 999135 электрондық мекенжай 726-0203@sud.kz, 726-0201@sud.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.

Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі:


  1. Ақпараттық қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, (С-О-4 санаты, 1 бірлік)

Функционалдық міндеттері: Бұқаралық ақпарат құралдарында (бұдан әрі - БАҚ) соттардың қызметін жарыққа шығару мәселелері бойынша мемлекеттік органдармен байланыс орнатуға және ынтымақтастықты дамытуға; Өз құзыреті шегінде БАҚ-пен және журналистердің қоғамдық бірлестіктерімен ынтымақтастықты дамытуға, соттардың қызметін жарыққа шығару бойынша БАҚ қызметкерлерінің тәжірибесін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге; Шығарылған сот шешімдеріне және сот жүйесінің қызметіне қатысты БАҚ-тан сауалдар келіп түскен кезде «БАҚ туралы» Қазақстан Республикасы Заңының талаптарына сәйкес жауаптар дайындауды қамтамасыз етуге; Сот қызметін ақпараттық сүйемелдеу жөніндегі медиа-жоспарды әзірлеуді және оның орындалуын тиісінше бақылауды қамтамасыз етуге; Сот процестерінде және сот өткізетін іс-шараларда БАҚ өкілдерін аккредиттеуді қамтамасыз етуге; Баспасөз конференцияларын, брифингтерді ұйымдастыруды, БАҚ-қа ақпараттық хабарламалардың баспасөз релиздерін дайындауды және таратуды қамтамасыз етуге; Облыстық соттың веб-сайтының уақытында және сапалы ақпаратпен толығуын және жаңартылуын, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Интернет-ресурсында өңірдегі жергілікті соттардың қызметі жөніндегі жаңалық ақпараттар мен бейнесюжеттердің орналастырылуын қамтамасыз етуге; Республикалық және өңірлік БАҚ, сондай-ақ Интернет-ресурстар материалдарына күн сайын мониторинг жүргізуді.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:



Білімі: құқық саласындағы немесе гуманитарлық ғылымдар немесе әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес салаларындағы жоғары.

«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Қаржы бөлімінің бас маманы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: штаттық кесте бойынша қызметкерлердің жалақысын аудару, № 2,3,5,6,7 мемориалды ордерлерді жүргізу, бас кітапты тарату негізгі кұралдар мен құндылығы төмен заттардың жолдамалық қағаздардың есебін жүргізу, материалдық құндылықтар бойынша қойма кітабын жүргізуге бақылау жасау, кассалық кітапты жүргізу, несиелік және дебиторлық қарыз туралы есептерді уақытылы ұсыну, сондай-ақ зейнетақылық салымдар және табыс салығы бойынша есептерді дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: әлеуметтік ғылымдар, экономика және бизнес саласындағы жоғары білім.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
3. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман – сот мәжілісінің хатшысы, (С-О-5 санаты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: апелляциялық сот алқасына келіп түскен қылмыстық істер, басқа материалдар және ҚР ҚЖК-нің 106, 107 баптары тәртібімен келіп түскен іс-құжаттары бойынша дайындық жұмыстарын ұйымдастырады (істі сот талқылауына дайындайды, тағайындайды, шақырту қағаздарын, кейінге қалдыру қағаздарын дайындайды (SMS арқылы хабарлама жолдайды), апелляциялық сот алқасының отырыстарына шақырылған азаматтардың келгенін тексереді және т.б.); апелляциялық сот алқаларында қаралып болған қылмыстық істер және басқада іс-құжаттар (материалдар) бойынша рәсімделген сот актілерін, жолдама хатпен апелляциялық сот алқасына қатысушыларға жолдайды, аудандық және оған теңестірілген соттарға істерді қайтаруды уақытылы және тиісті түрде жүргізеді; апелляциялық сот алқасы отырыстарының хаттамаларын мезгілінде және сапалы дайындап, қатысушылармен мезгілінде таныстырып, "Төрелік" АЖ-не тиісті түрде және уақытылы енгізеді; апелляциялық сот алқасы отырыстарын бейне және дыбыс жабдықтарын қолдану арқылы жүргізілуін қамтамасыз етеді; апелляциялық алқада қаралып болған қылмыстық істердің, іс-құжаттарын нәтижелерін апелляциялық сот алқасының жауапты қызметкерлеріне дер кезінде баяндалуына және нәтижелердің дұрыс берілуіне жауапты.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы жоғары білім.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
4. Құжаттамалық қамтамасыз ету басқармасының бас маман – мемлекеттік тілді дамыту бойынша, (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: мемлекеттік тілді дамыту бойынша іс шараларды ұйымдастырады және тиісті жұмыстарды атқарады; нормативтік-құқықтық актілерді және әдістемелік материалдарды жүйелейді; «Төрел»к» АЖ бағдарламасындағы КЖГЭҚ кітапханасын жүргізеді, заң әдебиеттерін есепке алады және облыс судьялары мен кеңсе қызметкерлерінің газет пен журналдағы жарияланымдарының электрондық нарядтарын жүргізеді; заңнамалар базасын жүргізеді және жергілікті соттарда «Заң» мәліметтері базасының мезгілінде жаңартылып отырылуын ұйымдастырады; бақылау кодекстері мен заңдарға өзгертулер мен толықтыруларды мезгілінде енгізеді; Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотының және Комитеттің кодификацияға қатысты бақылау тапсырмаларын мезгілінде орындалуына жауапты; сотта өткізілетін мәжілістерге, кеңестерге және басқа да іс-шараларға қатысады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Құқық саласындағы жоғары білім.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы: осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
5. Ақпараттық технологиялар және ақпараттық ресурстарды қорғау бөлімінің бас маман-ақпараттық технологиялар бойынша, (С-О-5 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: «Төрелік» ақпараттық сервисі бойынша жұмыстарды ұйымдастырады, өз құзыреті шегінде аудандық және оған теңестірілген соттардың мамандарына кеңестерді беру; сот саласында барлық жаңа ақпараттық технологияларды қолданысқа алу жұмыстарды ұйымдастыруды; өз құзыреті шегінде жаңа технологиялар бойынша қызметкерлерінің тәжірибесін көтеру жөнінде іс-шаралар өткізуге; соттарда орнатылған бейне және дыбыс жазба қондырғыларын қолдану бойынша атқарылған жұмыстарды талдауды, тексеруді, істен шыққан жағдайда, қызмет көрсететін жауапты мамандарға ақауларды жою бойынша шараларды қабылдау; «Төрелік» ақпараттық сервисі бойынша жетілдіру мақсатында тиісті өзгерістерді енгізу, өз құзыреті шегінде кеңестерді беру; «Төрелік» ақпараттық сервисі бойынша жетілдіру мақсатында тиісті өзгерістерді енгізу, өз құзыреті шегінде кеңестерді беру; облыс соттарында орнатылған техникалық қондырғылардың тиімді пайдалануына бақылау жүргізеді; облыстық соттың құрылымдық бөлімшелерінде «Төрелік» ақпараттық сервисі тиісті түрде қызмет істеуін қамтамасыз етеді; судьялардың және кеңсе қызметкерлерінің компьютерлерінің ақауларын мезгілінде жояды.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:

Білімі: Техникалық ғылымдар және технологиялар немесе құқық саласындағы жоғары.

«Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:

6. Тараз қалалық № 2 соты кеңсесінің кеңсе меңгерушісі, (С-R-1 санаты, 1 бірлік).

Функционалдық міндеттері: Аудандық соттың кеңсе қызметкерлері арасындағы жұмысты және міндеттерді бөлу және олардың өз міндеттерін орындауын бақылау; істерді, материалдарды, өтініштер мен шағымдарды автоматты түрде бөлу; азаматтық істер, материалдар, азаматтардың өтініштері және т.б. бойынша ақпараттық есеп құжаттарын жүргізудің бақылауын жүзеге асырады, мемлекеттік статистикалық есепті дұрыс және уақтылы жасау, іс қағаздарын ұйымдастыруға және дұрыс жүргізуге жауапты, кеңсе жұмысын ұйымдастырады және жүргізеді, сот мұрағаты мен хатшылық құрам жұмысын басқарады, сотқа келіп түскен хат-хабарларды қабылдауды жүзеге асырады және олардың дұрыс жеткізілуін тексереді, соттың барлық хат-хабарларының жедел өтуін және біркелкілігін қамтамасыз етеді, бақылау тапсырмаларын орындауды жүзеге асырады. семинар сабақтарының жоспарын жасайды, статистикалық есепті дұрыс және уақтылы жасауға жауапты, шығындалған пошта белгілері бойынша ай сайын аванстық есеп жасайды. Кіріс және шығыс хат-хабарларының дұрыс рәсімделуін бақылауды жүзеге асырады.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
7. Жуалы аудандық соты кеңсесінің бас маманы, (С-R-4 санаты, 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне),

Функционалдық міндеттері: сот кеңсесіне түсетін, арыздарды, шағымдарды есепке алу мен тіркеу және оларды қарау мерзімдерінің сақталуын бақылау; аудандық сот төрағасымен жүзеге асырылатын азаматтарды қабылдауын тіркеу және есепке алу; қолданыстағы заңнамадағы және сот практикасындағы өзгерістер және толықтырулармен сот кеңсесінің қызметкерлерін таныстыру; БАҚ-пен өзара әрекеттестік жұмыстарын ұйымдастыру; республиканың басқа соттарынан және халықаралық келісімдерге сәйкес шет мемлекеттерінен түскен сот тапсырмаларын есепке алуды жүргізу; сот істері мен материалдары бойынша статистикалық есепті әзірлеу;

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
8. Бас маман-сот мәжілісінің хатшысы (С-R-4 санаты, 6 бірлік): Мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты кеңсесіне – 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, Тараз қалалық соты кеңсесіне -1 бірлік, Тараз қалалық № 2 соты кеңсесіне -1 бірлік, Мойынқұм аудандық соты кеңсесіне – 1 бірлік, Қордай аудандық соты кеңсесіне – 2 бірлік (онын ішінде 1 бірлік негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне).

Функционалдық міндеттері: сот мәжілісін ұйымдастыру (процеске қатысушыларды және куәлерді шақыру), сот мәжілісінде қаралатын істердің қаралу тізімін жасау, сот мәжілісінің хаттамасын жүргізу, қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істерді қараудан кейін рәсімдеу, сот актілерін орындауға жолдауға қатысты құжаттарды даярлау және орындауға жолдау, сот істерін мұрағатқа тапсыруға дайындау.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: Құқық саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
9. Қордай аудандық соты кеңсесінің аға сот приставы, (С-R-4, 1 орын).

Функционалдық міндеттері: сот процесінің кеңесу бөлмелерін, соттың басқа да үй – жайлары мен ғимараттарын күзетуді қамтамасыз ету; сот отырысы залында және соттың ғимаратында құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу; судьяның сот талқылауын жүргізу тәртібін сақтауға байланысты өкімдерін орындау; сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келуді жүзеге асыру; сот приставының жұмысы туралы есепті әзірлеу.

Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар: құқық саласындағы жоғары білім. «Қазақстан-2050» Стратегиясы, осы санаттағы нақты лауазымның мамандануына сәйкес салалардағы қатынастарды реттейтін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: 1) "Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысандағы өтініш; 2) тиісті персоналды басқару қызметімен расталған қызметтік тізім. Құжаттар, конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен бастап 5 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің сайты: www.kyzmet.gov.kz.

Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде ішкі конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін бір сағат бұрын кешіктірмей береді. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап бес жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Абая көшесі, 143 (1-қабат) мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінде әңгімелесуден өтеді.

Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.

Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, уәкілетті органның қызметкерлері қатыса алады.

Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.

Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.






жүктеу 172,77 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау