Хабарландырудың мәтініне персоналды
басқару (кадр қызметі) бөлімі жауапты.
Жарияланған күні: 04.06.2019 ж.
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету Департаментінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» республикалық мемлекеттік мекемесінің «Б» корпусының бос әкімшілік мемлекеттік лауазымдарына орналасуға жалпы конкурс өткізу туралы хабарландыру.
Барлық конкурсқа қатысушыларға қойылатын жалпы біліктілік талаптары:
С-R-4 санаты үшін: жоғары, мемлекеттік қызмет өтілі бір жылдан кем емес немесе осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағытына сәйкес салаларда екі жылдан кем емес жұмыс өтілі бар болған жағдайда орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білімі барларға рұқсат етіледі.
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жоғары білім болған жағдайда жұмыс тәжірибесі талап етілмейді.
С-R-5 санаты үшін: жоғары немесе орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: бастамалық, адамдармен тіл табысуы, аналитикалық, ұйымдастырушылық, әдептілік, сапаға бағдарлану, тұтынушыға бағдарлану, сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілік;
жұмыс өтілі қажет етілмейді.
"Б" корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 13 желтоқсандағы № 85 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017 жылы 12 мамырда № 15121 болып тіркелді.
Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымдық жалақысы
Санат
|
Еңбек сіңірген жылдарына байланысты
|
min
|
max
|
С-R-4
|
73266
|
99103
|
C-R-5
|
64948
|
88308
|
«Қазақстан Республикасы Жоғарғы Соты жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаментінің Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі» ММ, Тараз қаласы, Абай көшесі 143, анықтама үшін телефон: 8(7262) 999133, 999135 электрондық мекенжай 726-0200@sud.kz, 726-0201@sud.kz бос мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға орналасуға осы мемлекеттік органның мемлекеттік қызметшілері арасында ішкі конкурс жариялайды.
Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселері бойынша:
1. Тараз қалалық соты кеңсесінің бас маман-сот мәжілісінің хатшысы лауазымына (С-R-4 санаты, 1 бірлік, НС-4-7-26).
Функционалдық міндеттері: Cудьялардың азаматтарды қабылдауында тиісті жұмыстар атқарады (сұраныстар, хаттар, сотқа шақыру қағазынан көшірме дайындау), процеске қатысушыларды және куәгерлерді шақырады; сот отырысында қарауға белгіленген істердің тізімін жасайды және іледі; сот отырысына шақырылған тұлғалардың келуін тексереді және сотқа шақыру қағаздарына сотта болғаны және уақыты жөнінде белгі қояды; сот отырыстарының хаттамаларын жүргізеді; азаматтық және қылмыстық істерді, сонымен қатар әкімшілік материалдарды қараудан кейін рәсімдейді, оларды мұрағатқа тапсыруға дайындайды; қарау нәтижесі туралы сот отырысында қарауға белгіленген істер есебінің журналында белгі жасайды, төрағаның, судьяның және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бойынша басқа да жұмыстарды орындайды. Сот үкімін, шешімін, анықтамасын, қаулысын орындау жөнінде құжаттар дайындайды және оларды жібереді; сот шешімін тез орындауға жататын істердің шешімдері бойынша атқару құжаттарын жазып береді.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар:
Білімі : Құқық саласындағы жоғары немесе құқық саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: құқықтану немесе халықаларық құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Облыстық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы», «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
2. Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселерінің жетекші маманы (С-R-5, 5 бірлік): Тараз қалалық №2 соты кеңсесіне - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, НС-5-8-5), Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты кеңсесіне - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, НС-16-8), Шу аудандық соты кеңсесіне - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, НС-12-8-2), Сарысу аудандық соты кеңсесіне - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, НС-11-8-2), Жамбыл аудандық соты кеңсесіне - 1 бірлік (негізгі қызметкердің бала күтіміне байланысты демалыста болу мерзіміне, НС-11-8-3).
Функционалдық міндеттері: Қылмыстық және азаматтық істерді, әкімшілік материалдарды, жүктелімдерді және журналдарды қабылдайды, есепке алады және олардың сақталуын қамтамасыз етеді; материалдарды тіркеу, есепке алу, уақытылы қаралуын бақылау және статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу және құжаттар арасында бумалар жүргізу, есептік құжаттардың дұрыстылығы мен анықтылығына жауапты болады; қызметтік хат алмасуды жүргізу; ағымдағы құжаттаманы рәсімдеу; сот актілерін орындауға байланысты материалдарды тіркеу және уақтылы қаралуын бақылау, материалдар бойынша статистикалық есеп жүргізу, сот актілерін «Төрелік» бағдарламасына енгізу, материалдарды мұрағатқа уақтылы өткізуді бақылау; материалдарды автоматты түрде бөлу; апелляциялық шағымдармен және наразылықтармен бipгe істерді жоғарғы тұрған сотқа жіберуді бақылауды жүзеге асыру, апелляциялық қарауға сотқа түскен қылмыстық және азаматтық істерге «Төрелік» бағдарламасында есептік тіркеу карточкаларын тиісті түрде уақтылы толтыру, бірінші сатылы сот инстанциясының сот актілерін сканерден өткізу, есептік тіркеу карточкаларына енгізу және оларды сайтқа орналастыру; келіп түскен хат-хабарлардың сәйкес орындаушыға келесі күннен кешікпей журналға сенімхат жазумен жіберілуін қамтамасыз етеді; іс қағаздарының талабы есебімен кіріс және шығыс хат-хабарларын тіркеуді және олардың жедел түрде өтуін қамтамасыз етеді, барлық шығыс хат-хабарларының уақтылы жіберілуіне жауапты, пошта белгілерінің сақталуын және мақсатты шығындалуын қамтамасыз етеді; мұрағатқа келіп түскен барлық сұраныстарды уақтылы орындайды, төрағаның және кеңсе меңгерушісінің тапсырмалары бойынша басқа да кеңсе жұмыстарын орындайды; сот істерін жіберу жөнінде хат алмасудың бақылауын жүзеге асырады; соттың материалдық-техникалық арсеналының сақталуын қамтамасыз етеді; сот қызметкерлерін кеңсе заттарымен, бланкілермен және т.б. қамтамасыз етеді; сантехниктің, электриктің қызметін ұйымдастырады және бақылайды; құрал-жабдықтардың, кеңсе заттарының қажеттілігін анықтайды; Материалдық құндылықтардың сақталуын бақылайды, ол жөнінде есеп береді.
Білімі : Құқық саласындағы жоғары немесе құқық саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Облыстық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы», «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесісін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
3. Аудандық және оған теңестірілген соттардың кеңселерінің сот приставы (С-R-5, 1 бірлік): Тараз қалалық соты кеңсесіне - 1 бірлік, НС-4-10-3.
Функционалдық міндеттері: Судьяларды және сот npoцесіне катысатын өзге де тұлғаларды, сондай-ақ атқару әрекеттерін жасау кезінде осындай ic әpeкеттepгe қатысатын тұлғаларды күзетуді жүзеге асыру; кеңесу бөлмелерін, соттың басқа да үй-жайлары мен ғимаратын күзетуді қамтамасыз ету; атқарушылық ic жүргізу туралы заңдарға сәйкес атқару ic-әрекеттерін жасауға қатысу; сот отырысы залында және соттың ғимаратында, сондай-ақ, атқарушылық іс-әрекеттерді жасау кезінде құқық бұзушылықтардың алдын алу және жолын кесу; судьяның тапсырмасы бойынша қылмыстық ic пен заттай дәлелдемелерді жеткізуді және сот талқылауын соттың тұрақты орналасқан жерінен тыс жерде жүргізуі кезінде олардың,сақталуын қамтамасыз ету; судьяның сот талқылауын жүргізу тәртібін сақтауға байланысты өкімдерін орындау; сотқа келуден жалтарған адамдарды күштеп алып келуді жүзеге асыру; қамауға алынған адамдарды қорғау және олардың кауіпсіздігі мәселелері бойынша қарауыл (конвой) қызметі қызметкерлерімен өзара әрекет жасау;
Білімі : Құқық саласындағы жоғары немесе құқық саласындағы орта білімнен кейінгі немесе техникалық және кәсіптік білім.
Мамандығы: құқықтану немесе халықаралық құқық.
«Қазақстан – 2050» Стратегиясын, «Азаматтардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Облыстық және оған теңестірілген сотта ic қағаздарын жүргізу қағидасы», «Аудандық және оған теңестірілген сотта іс қағаздарын жүргізу ережесісін», функционалдық міндеттеріне сәйкес салалардағы басқа да Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін білуі.
Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар: Қазақтан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2017 жылғы 21 ақпанындағы №40 бұйрығымен бекітілген «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының (бұдан әрі – Қағида) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысандағы өтініш; 3х4 үлгідегі түрлі түсті суретпен осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысанда толтырылған «Б» корпусының әкімшілік мемлекеттік лауазымына кандидаттың қызметтiк тiзiмі; бiлiмi туралы құжаттар мен олардың көшірмелерінің нотариалдық куәландырылған көшiрмелерi;«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленуші, сондай-ақ өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттарды қоспағанда, Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарының көшiрмелерiне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды нострификациялау немесе тану куәліктерінің көшірмелері қоса беріледі.«Болашақ» халықаралық стипендиясын иеленушілерге берілген бiлiмi туралы құжаттарға «Халықааралық бағдарламалар орталығы» Акционерлік қоғамы берген Қазақстан Республикасы Президентінің «Болашақ» халықаралық стипендиясы бойынша оқуды аяқтау туралы анықтаманың көшірмесі қоса беріледі.Өзара тану және баламалылығы туралы халықаралық шарттардың қолдану аясына жататын бiлiмi туралы құжаттардың көшірмелеріне білім беру саласындағы уәкілетті орган берген аталған бiлiмi туралы құжаттарды тану туралы анықтаманың көшірмелері қоса беріледі;еңбек қызметін растайтын құжаттың нотариалдық куәландырылған немесе жұмыс орнынан кадр қызметімен куәландырылған көшiрмесi; Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарына сәйкес құжат тапсырғанға дейін алты айдан аспайтын уақытта берілген 086/е нысандағы денсаулығы туралы медициналық анықтама (дәрігерлік кәсіби-консультациялық қорытынды) (немесе нотариалдық куәландырылған көшірмесі); Қазақстан Республикасы азаматының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;құжаттарды тапсыру сәтінде заңнаманы білуіне тестілеуден өткені туралы шекті мәннен төмен емес нәтижелері бар қолданыстағы сертификат (немесе сертификаттың нотариалдық куәландырылған көшірмесі);конкурсқа қатысу үшін құжаттарды тапсыру сәтінде уәкілетті органда жеке қасиеттерін бағалауды өту туралы қолданыстағы қорытынды (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Психоневрологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген психоневрологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі); Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 272 бұйрығымен (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 11 маусымда № 11304 тіркелді) бекітілген «Наркологиялық ұйымнан анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің стандартына сәйкес нысан бойынша құжат тапсырғанға дейін бір жылдан аспайтын уақытта берілген наркологиялық ұйымнан анықтама (немесе қорытындының нотариалдық куәландырылған көшірмесі).
Құжаттар, жалпы конкурс өткiзу туралы хабарландыру соңғы жарияланған күнінен кейін 7 жұмыс күні ішінде тапсырылуы тиіс.
Конкурс комиссиясының қарауына құжаттарды қабылдау мерзімінде жалпы конкурсқа қатысуға ниет білдірген азаматтардың өздері қолма-қол тәртіпте немесе почта арқылы (қоса тіркелген құжаттардың тізбесі көрсетілген құжат тігілетін папкада орналастырылған) не хабарландыруда көрсетілген электрондық почта мекен-жайына электронды түрде не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы тапсырған құжаттары қабылданады.
Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды электронды түрде электрондық почта не «Е-gov» электронды Үкімет порталы арқылы берілген жағдайда азаматтар құжаттардың түпнұсқасын әңгімелесу басталғанға дейін, бір жұмыс күніне дейін кешіктірмей беріледі. Оларды бермеген жағдайда тұлға конкурс комиссиясымен әңгімелесуден өтуге жіберілмейді.
Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, құжаттарды қарау қорытындысы бойынша әңгімелесуге жіберілген кандидаттар әңгімелесуге жіберілгені туралы хабардар ету күнінен бастап үш жұмыс күн ішінде Жамбыл облысы Тараз қаласы Абая көшесі, 143 (1-қабат) мекен-жайда орналасқан Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісінде әңгімелесуден өтеді.
Конкурс комиссиясы жұмысының ашықтылығы мен объективтілігін қамтамасыз ету үшін оның отырысына байқаушылар шақырылады.
Конкурс комиссиясының отырысына байқаушылар ретінде Қазақстан Республикасы Парламентінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының, Қазақстан Республикасы заңнамасында белгіленген тәртіпте аккредиттелген бұқаралық ақпарат құралдарының, басқа мемлекеттік органдардың, қоғамдық бірлестіктердің (үкіметтік емес ұйымдардың), коммерциялық ұйымдардың және саяси партиялардың өкілдері, мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметкерлері қатыса алады.
Сарапшы ретінде конкурс жариялаған мемлекеттік органның қызметкері болып табылмайтын, бос лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес облыстарда жұмыс тәжірибесі бар тұлғалар, сондай-ақ персоналды іріктеу және жоғарылату бойынша мамандар, басқа мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілері, Қазақстан Республикасының Парламент және мәслихат депутаттары қатыса алады.
Азаматтар конкурсқа қатысу шығындарын (әңгімелесу өтетiн жерге келу және қайту, тұрғын жай жалдау, тұру, байланыс қызметiнiң барлық түрлерiн пайдалану) өздерiнiң жеке қаражаттары есебiнен жүргiзедi.
Конкурсқа қатысушылар мен кандидаттар конкурс комиссиясы шешiмiмен келіспеген жағдайда шешім қабылданған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде уәкiлеттi органға немесе Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сот тәртiбiнде шағымдана алады.
«Б» корпусының мемлекеттік
әкімшілік лауазымына
орналасуға конкурс өткізу
қағидаларының 3-қосымшасы
Нысан
«Б» КОРПУСЫНЫҢ ӘКІМШІЛІК МЕМЛЕКЕТТІК
ЛАУАЗЫМЫНА КАНДИДАТТЫҢ ҚЫЗМЕТТIК ТIЗIМІ
ПОСЛУЖНОЙ СПИСОК
КАНДИДАТА НА АДМИНИСТРАТИВНУЮ ГОСУДАРСТВЕННУЮ ДОЛЖНОСТЬ КОРПУСА «Б»
|
_____________________________________________
тегі, аты және әкесінің аты (болған жағдайда) /
фамилия, имя, отчество (при наличии)
|
ФОТО
(түрлі түсті/ цветное,
3х4)
|
|
|
_____________________________________________
лауазымы/должность, санаты/категория
(болған жағдайда/при наличии)
|
|
ЖЕКЕ МӘЛІМЕТТЕР / ЛИЧНЫЕ ДАННЫЕ
|
1.
|
Туған күні және жері/
Дата и место рождения
|
|
2.
|
Ұлты (қалауы бойынша)/
Национальность (по желанию)
|
|
3.
|
Оқу орнын бітірген жылы және оныңатауы/
Год окончания и наименование учебного заведения
|
|
4.
|
Мамандығы бойынша біліктілігі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы (болған жағдайда) /
Квалификация по специальности, ученая степень, ученое звание (при наличии)
|
|
5.
|
Шетел тілдерін білуі/
Владение иностранными языками
|
|
6.
|
Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары (болған жағдайда) /
Государственные награды, почетные звания (при наличии)
|
|
7.
|
Дипломатиялық дәрежесі, әскери, арнайы атақтары, сыныптық шені (болған жағдайда) /
Дипломатический ранг, воинское, специальное звание, классный чин (при наличии)
|
|
8.
|
Жаза түрі, оны тағайындау күні мен негізі (болған жағдайда) /Вид взыскания, дата и основания его наложения (при наличии)
|
|
9.
|
Соңғы үш жылдағы қызметінің тиімділігін жыл сайынғы бағалау күні мен нәтижесі, егер үш жылдан кем жұмыс істеген жағдайда, нақты жұмыс істеген кезеңіндегі бағасы көрсетіледі (мемлекеттік әкімшілік қызметшілер толтырады)/
Дата и результаты ежегодной оценки эффективности деятельности за последние три года, в случае, если проработал менее трех лет, указываются оценки за фактически отработанный период (заполняется государственными служащими)
|
|
ЕҢБЕК ЖОЛЫ/ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ
|
Күні/Дата
|
қызметі, жұмыс орны, мекеменің орналасқан жері/должность, место работы, местонахождение организации
|
қабылданған/
приема
|
босатылған/
увольнения
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
_____________________
Кандидаттың қолы/
Подпись кандидата
|
_______________
күні/дата
|
2-қосымша
Жамбыл облысы бойынша Соттар әкімшісі
(мемлекеттiк орган)
Өтініш
Мені___________________________________________________________________________________________________________________________
___________________________________________________________________________________________________________________________________
_______________________ бос мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасу конкурсына қатысуға жіберуіңізді сұраймын.
«Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасуға конкурс өткізу қағидаларының негізгі талаптарымен таныстым, олармен келісемін және орындауға міндеттеме аламын.
Ұсынылып отырған құжаттарымның дәйектілігіне жауап беремін.
Қоса берілген құжаттар:
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________________________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мекен жайы және байланыс телефоны__________________________________________________________
__________________________________________________________________
________ ___________________________________
(қолы) (Тегі, аты, әкесінің аты (болған
жағдайда))
«___»_______________ 20 __ ж.
Достарыңызбен бөлісу: |