12
ұйымдастыруды, қолдауды және дамытуды қамтамасыз етеді. ЖОО-ның немесе
құрылымына бөлім (орталық, зертхана) кіретін институттың басқа да білім беру
ұйымдарының ұқсас құрылымдарымен, сондай-ақ ІІО-ның практикалық
бөліністерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен өзара іс-қимыл
жасасуын қамтамасыз етеді.
Бөлімдегі (орталықтағы, зертханадағы) мемлекеттік мүліктің сақталуын,
оның тиімді және ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді. Берілген
өкілеттіктер шегінде бөлімді (орталықты, зертхананы) тиісінше материалдық-
техникалық қамтамасыз етуге, бөлімнің (орталықтың, зертхананың) қызметіне
инновацияларды енгізуге шаралар қабылдайды.
Берілген өкілеттіктер шегінде бөлімнің (орталықтың, зертхананың)
лауазымдарын білікті кадрлармен жасақтау, бөлім (орталық, зертхана)
қызметкерлерінің біліктілігін ұдайы арттыру бойынша шаралар қабылдайды.
Бөлім (орталық, зертхана) қызметкерлерінің салықтарды және бюджетке басқа
да міндетті төлемдерді уақтылы, толық және объективті декларациялауын
қамтамасыз етеді.
Бөлімде (орталықта, зертханада) жұмыс уақытының режимін, еңбек және
қауіпсіздік техникасы талаптарын сақтауды қамтамасыз етеді. Құпиялылық
режимін және оны бөлімде (орталықта, зертханада) сақтауды, сондай-ақ
қызметкерлердің қызметтік тәртіп пен заңдылықты сақтауын қамтамасыз етеді.
Бөлімде (орталықта, зертханада) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жасасу
жөніндегі жұмысты ұйымдастырып, жүргізеді.
Білім беру ұйымының басшылығына және ғылыми кеңесіне бөлімнің
(орталықтың, зертхананың) қызметі туралы есеп береді.
23. Мыналарды: Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің жұмыс істеу және даму
мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, оқу жоспарларын, оқу-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттарды жасау тәртібін, оқу және
ғылыми іс жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларын, оқу-әдістемелік және
ғылыми-зерттеу жұмысын ұйымдастыруды білуі қажет.
10-параграф. Бас ғылыми қызметкер
24.
Лауазымдық
міндеттері:
ғылыми-зерттеу
бөлінісі
қызмет
бағыттарының біріне жетекшілік етеді. ІІМ, білім беру ұйымының, ғылыми-
зерттеу бөлінісінің жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес ғылыми-зерттеу
қызметін жүзеге асырады. Стратегиялық, іргелі және қолданбалы ғылыми
зерттеулерді орындайды.
Ғылыми-зерттеу бөлінісі мен білім беру ұйымының даму стратегиясын
әзірлеуге және оны іске асыруға қатысады.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің бір жылға арналған жұмыс жоспарын,
ғылыми-зерттеу бөлінісі қызметінің есептерін, сондай-ақ ғылыми-зерттеу
13
бөлінісінің басқа да ұйымдастырушылық және есептік құжаттамасын жасауға
қатысады.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің мамандануы бойынша заң шығару қызметін
жүзеге асырады. Ғылыми дәрежесі және (немесе) ғылыми атағы мен ғылыми
аккредитациясы болған жағдайда қызметкердің ғылыми мамандануы немесе
ғылыми-зерттеу бөлінісінің мамандануы саласына жататын нормативтік
құқықтық актілердің жобаларын сараптамалық бағалауды жүзеге асырады.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің мамандануы саласына жататын нормативтік
құқықтық актілерді жетілдіру бойынша негізделген ұсыныстар енгізеді.
Оқулықтар, оқу құралдарын, монографиялар, басқа да оқу және ғылыми
әдебиетті дайындауға қатысады.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің, білім беру ұйымының ғылыми-практикалық,
ғылыми-теориялық конференцияларын, семинарларын, дөңгелек үстелдері мен
басқа да іс-шараларын ұйымдастыруға, өткізуге қатысады және үйлестіреді.
Аға ғылыми қызметкерлерге және ғылыми қызметкерлерге ғылыми-
зерттеу шеберлігі мен кәсіби дағдыларды меңгеруге әдістемелік көмек
көрсетеді.
Ғылыми-зерттеу бөлінісі мен білім беру ұйымының халықаралық
ынтымақтастығын ұйымдастыру, қолдау және дамыту жөніндегі жұмысқа
қатысады және үйлестіреді. Ғылыми-зерттеу бөлінісінің басқа да білім беру
ұйымдарының ұқсас құрылымдарымен, ғылыми ұйымдармен, сондай-ақ ІІО-
ның практикалық бөліністерімен және басқа да құқық қорғау органдарымен
өзара іс-қимыл жасасуы жөніндегі жұмысқа қатысады және үйлестіреді.
Берілген өкілеттіктер шегінде ғылыми-зерттеу бөлінісінің мемлекеттік
мүлігін сақтау, оны тиімді және ұтымды пайдалану бойынша шаралар
қабылдайды. Ғылыми-зерттеу бөлінісінің қызметіне инновациялар енгізуге
ықпал етеді.
Жұмыс уақытының режимін, еңбек және қауіпсіздік техникасын қорғау
талаптарын сақтайды. Құпиялылық режимін, қызметтік тәртіп пен заңдылықты
сақтайды. Ғылыми-зерттеу бөлінісінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл
жасасу жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар
енгізеді.
Ғылыми-зерттеу бөлінісінің басшылығына өз қызметінің нәтижелері
туралы есеп береді.
25. Мыналарды: Қазақстан Республикасының заңдарын, жоғары және
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру жүйелерінің жұмыс істеу және даму
мәселелерін регламенттейтін нормативтік құқықтық актілерді, білім берудің
мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын, оқу жоспарларын, оқу-
әдістемелік және ғылыми-әдістемелік құжаттарды жасау тәртібін, ғылыми іс
жөніндегі құжаттаманы жүргізу қағидаларын білуі қажет.