Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің әскери, арнаулы оқу орындарында, азаматтық қызметшілердің лауазымдарын қоспағанда, педагог жұмыскерлер мен оларға теңестірілген адамдар лауазымдарының біліктілік сипаттамалары



жүктеу 263,95 Kb.
Pdf просмотр
бет3/12
Дата19.11.2018
өлшемі263,95 Kb.
#21524
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

 

ЖОО  басшылығына  және  ғылыми  кеңесіне  институттың  және  оның 



құрылымдық бөліністерінің қызметі туралы есеп береді.  

11.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйесінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  басқа  да  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім 

беру  жүйелерін  басқару  теориясы  мен  әдістерін,  оқу  жоспарларын  жасау 

тәртібін,  оқу  және  ғылыми  жұмыс  бойынша  құжаттама  жүргізу  қағидаларын, 

педагогиканы,  физиологияны,  психологияны,  кәсіби  оқыту  әдістемесін,  білім 

алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі заманғы нысандары мен әдістерін, 

экономика  негіздерін,  еңбек  туралы  заңнаманы,  қауіпсіздік  және  өртке  қарсы 

қорғау техникасын білуі қажет. 

 

 

4-параграф. ЖОО институты бастығының орынбасары 



 

12.  Лауазымдық  міндеттері:  ЖОО  институты  қызметінің  жекелеген 

бағытына  (жекеленген  бағыттарына)  жалпы  басшылықты  жүзеге  асырады. 

Институттың  даму  стратегиясын  әзірлеуге  және  оны  іске  асыруға  қатысады. 

Жетекшілік 

ететін 


бағыт 

(бағыттар) 

бойынша 

институт 

қызметін 

ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады.  

Берілген  өкілеттіктер  шегінде  жетекшілік  ететін  бағыт  (бағыттар) 

бойынша институттың бағдарламаларын, жоспарларын және басқа құжаттарын 

дайындауды  және  олардың  орындалуын  қамтамасыз  етеді.  Жетекшілік  ететін 

бағыт  (бағыттар)  бойынша  институттың  және  оның  құрылымдық  бөліністері 

қызметінің  сапасын,  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  Жетекшілік  ететін  бағыт 

бойынша институт қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізеді. 

ЖОО  институтының  халықаралық  ынтымақтастығын  ұйымдастыруды, 

қолдауды  және  дамытуды  қамтамасыз  етеді.  ЖОО  институтының  басқа  білім 

беру ұйымдарымен, ғылыми ұйымдармен, ІІО-ның практикалық бөліністерімен 

және  басқа  да  құқық  қорғау  органдарымен  өзара  іс-қимыл  жасасуын 

қамтамасыз етеді. 

ЖОО  институтының  бастығымен  бірлесіп,  институттағы  мемлекеттік 

мүліктің сақталуын, оның тиімді және ұтымды пайдаланылуын  қамтамасыз ету 

бойынша, тиісінше материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша, сондай-

ақ институт  қызметіне инновацияларды енгізу бойынша шаралар қабылдайды. 

Өз  құзыреті  шеңберінде  ЖОО  кәсіби  бағдар  беру  жұмысын 

ұйымдастыруға қатысады. 

Құпиялылық режимін және оның ЖОО институтында сақталуын, сондай-

ақ  қызметкерлердің  қызметтік  тәртіп  пен  заңдылықты  сақтауын  қамтамасыз 

етеді. 


ЖОО  институтында  сыбайлас  жемқорлыққа  қарсы  іс-қимыл  жасау 

жөніндегі жұмысты ұйымдастыруға және жүзеге асыруға қатысады.  

Бастық  болмаған  кезде  ЖОО  институты  бастығының  міндеттерін 

орындайды. 




 

ЖОО  институтының  бастығына  жетекшілік  ететін  бағыт  бойынша  ЖОО 



институтының  және  оның  құрылымдық  бөліністерінің  қызметі  туралы  есеп 

береді.  

13.  Мыналарды:  Қазақстан  Республикасының заңдарын,  жоғары  және 

жоғары  оқу  орнынан  кейінгі  білім  беру  жүйелерінің  жұмыс  істеу  және  даму 

мәселелерін  регламенттейтін  нормативтік  құқықтық  актілерді,  білім  беру 

жүйелерін

 

басқарудың  теориясы  мен  әдістерін,  оқу  жоспарларын  жасау 



тәртібін,  оқу  және  ғылыми  жұмыс  бойынша  құжаттама  жүргізу  қағидаларын, 

кәсіби  оқыту  әдістемесін,  білім  алушыларды  оқыту  мен  тәрбиелеудің  қазіргі 

заманғы  нысандары  мен  әдістерін,  экономика  негіздерін,  еңбек  туралы 

заңнаманы, қауіпсіздік және өртке қарсы қорғау техникасын білуі қажет. 

 

 

5-параграф. Факультет бастығы 



 

14.  Лауазымдық  міндеттері:  факультетке  тікелей  басшылықты  жүзеге 

асырады.  Факультеттің  даму  стратегиясын  әзірлеуді  және  оны  іске  асыруды 

қамтамасыз  етеді.  Факультеттің  және  оның  құрылымдық  бөліністерінің 

қызметін ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асырады. Өзара 

және  факультет  бастығының  орынбасарымен  (орынбасарларымен)  міндеттерді 

бөліседі.  

 

Факультеттің және оның құрылымдық бөліністерінің  қызметін ағымдағы 



және  перспективалық  жоспарлауды  ұйымдастырады.  Берілген  өкілеттіктер 

шегінде факультеттің және оның құрылымдық бөліністерінің бағдарламаларын, 

жоспарларын және басқа да құжаттарын дайындауды және оларды орындауды 

қамтамасыз етеді. Факультеттің және оның құрылымдық бөліністері қызметінің 

сапасы  мен  тиімділігін  қамтамасыз  етеді.  Факультеттің  қызметін  жетілдіру 

бойынша ұсыныстар енгізеді.  

 

Факультеттегі  оқу,  тәрбие  және  ғылыми  жұмысты  басқарады.  Кәсіби 



білім  беру  бағдарламаларын,  оқу  жоспарларын,  оқу  курстарының 

бағдарламаларын  әзірлеу  және  практикада  іске  асыру  жөніндегі  жұмысты 

басқарады.  Оқу-тәрбие  процесін  ғылыми-әдістемелік  және  оқу-әдістемелік 

қамтамасыз ету жұмысын ұйымдастырады. 

Оқу  процесін,  оқу  практикумдары  мен  кәсіби  практикаларды 

ұйымдастыруды бақылайды және реттейді.  

 

Білім  алушылардың  өзіндік  жұмысын,  оның  ішінде  білім  алушылардың 



оқытушының 

басшылығымен 

жүргізілетін 

өзіндік 


жұмысын, 

білім 


алушылардың  жеке  оқу  жоспарларын  орындауын  бақылауды  ұйымдастырады.  

 

Бітірушілерді қорытынды аттестаттау бойынша факультеттің мемлекеттік 



аттестаттау комиссиясының, сондай-ақ факультеттің қабылдау комиссиясының 

құрамына кіреді.  

 

Факультетті 



бітірушілермен 

байланысты; 

факультетті 

бітіруші 

мамандарды даярлау сапасын зерделеуді ұйымдастырады.  

Факультетті бітірушілерді жұмысқа орналастыру жұмысын басқарады.  




жүктеу 263,95 Kb.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©g.engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет
рсетілетін қызмет
халықаралық қаржы
Астана халықаралық
қызмет регламенті
бекіту туралы
туралы ережені
орталығы туралы
субсидиялау мемлекеттік
кеңес туралы
ніндегі кеңес
орталығын басқару
қаржы орталығын
қаржы орталығы
құрамын бекіту
неркәсіптік кешен
міндетті құпия
болуына ерікті
тексерілу мемлекеттік
медициналық тексерілу
құпия медициналық
ерікті анонимді
Бастауыш тәлім
қатысуға жолдамалар
қызметшілері арасындағы
академиялық демалыс
алушыларға академиялық
білім алушыларға
ұйымдарында білім
туралы хабарландыру
конкурс туралы
мемлекеттік қызметшілері
мемлекеттік әкімшілік
органдардың мемлекеттік
мемлекеттік органдардың
барлық мемлекеттік
арналған барлық
орналасуға арналған
лауазымына орналасуға
әкімшілік лауазымына
инфекцияның болуына
жәрдемдесудің белсенді
шараларына қатысуға
саласындағы дайындаушы
ленген қосылған
шегінде бюджетке
салығы шегінде
есептелген қосылған
ұйымдарға есептелген
дайындаушы ұйымдарға
кешен саласындағы
сомасын субсидиялау